Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 15:17, реферат
Азаматтардың өздерiнiң жеке қаражаты, ұйымдардың қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен медициналық жәрдемнiң кепiлдiк берiлген көлемiнен артық қосымша медициналық қызметтi пайдалануға құқығы бар. Бұл құқық ақылы медициналық көмек алу, ерiктi медициналық сақтандыру арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң ұйымдарында ақылы медициналық қызмет көрсетудiң шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Азаматтардың медициналық көмек алу құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен тегiн медициналық көмектi кепiлдiк берiлген көлемде алуға құқығы бар.
2. Азаматтардың өздерiнiң жеке қаражаты, ұйымдардың қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен медициналық жәрдемнiң кепiлдiк берiлген көлемiнен артық қосымша медициналық қызметтi пайдалануға құқығы бар. Бұл құқық ақылы медициналық көмек алу, ерiктi медициналық сақтандыру арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң ұйымдарында ақылы медициналық қызмет көрсетудiң шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
3. Азаматтардың медициналық ұйымды еркiн таңдап алуға, сондай-ақ дәрiгердi еркiн таңдап алуға құқығы бар.
4. Азаматтар ведомстволық бағыныштылығы мен меншiк нысанына қарамастан, ең жақын жердегi кез келген емдеу-профилактикалық ұйымының шұғыл және кiдiртуге болмайтын медициналық көмегiмен қамтамасыз етiледi.
45-бап. Азаматтардың емделуден және медициналық араласудан бас тарту құқығы:
1. Азаматтың немесе оның заңды өкiлiнiң осы Заңның 46-бабында көзделген жағдайлардан басқа кезде тексерiлуден, емделуден және медициналық араласудан кез келген кезеңде бас тартуға құқығы бар.
2. Тексерiлуден, емделуден және медициналық араласудан бас тартқан кезде азаматқа немесе оның заңды өкiлiне оған қолайлы нысанда мұның ықтимал зардаптары түсiндiрiлуге тиiс.
3. Тексерiлуден, емделуден және медициналық араласудан бас тарту оның ықтимал зардаптары көрсетiлiп, медициналық құжаттамада жазбаша ресiмделедi және оған азамат не оның заңды өкiлi, сондай-ақ медицина қызметкерi қол қояды.
4. 16 жасқа толмаған адамның ата-анасы немесе өзге заңды өкiлдерi, не заңда белгiленген тәртiппен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамның заңды өкiлдерi аталған адамдардың өмiрiн сақтап қалу үшiн қажеттi медициналық көмектен бас тартқан кезде медицина ұйымының, сондай-ақ медицина қызметкерiнiң осы адамдардың мүдделерiн қорғау үшiн сотқа жүгiнуге құқығы бар.
46-бап. Азаматтардың келiсiмiнсiз тексеру, емдеу және медициналық араласу:
1. Азаматтың немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiнсiз:
өз еркiн бiлдiруге мүмкiндiк бермейтiн есеңгiреген, ес-түссiз жағдайдағы;
айналасындағы адамдарға қауiп төндiретiн аурулардан зардап шегушi;
психикасы бұзылуының асқынуынан зардап шегушi; психикасының бұзылуынан зардап шегушi және қоғамға қауiптi iс-әрекет жасаған адамдарды тексеруге, емдеуге және медициналық араласуға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жол берiледi.
2. Азаматтардың келiсiмiнсiз тексеру, емдеу және медициналық араласу осы бапта көзделген негiздер жойылғанға дейiн немесе соттың шешiмi бойынша жалғастырылады.
47-бап. Азаматтардың экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылық пен радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi құқығы:
1. Азаматтардың экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылық пен радиациялық қауiпсiздiкке құқығы бар.
2. Мемлекет қазiргi және келешек ұрпақтың денсаулық жағдайына терiс әсер етпейтiн қоршаған қолайлы ортаны сақтауды қамтамасыз етедi.
48-бап. Азаматтардың дәрi-дәрмектiк, протездiк-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етілу құқығы.
1. Азаматтардың дәрi-дәрмектiк, ортопедиялық және протездiк көмекпен қамтамасыз етiлуге құқығы бар.
2. Дәрi-дәрмектiк препараттармен, ортопедиялық және протездiк, дұрыс көру бұйымдарымен, есту аппараттарымен, емдiк дене шынықтыру құралдарымен және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен жеңiлдiкпен қамтамасыз етiлуге жататын адамдар санаты, сондай-ақ олармен қамтамасыз ету және оларды пайдалану шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
49-бап. Некеге тұратын азаматтардың медициналық-генетикалық тексеруден өту құқығы.
Қазақстан Республикасының аумағында некеге тұратын азаматтардың жұбайлар мен олардың ұрпақтарының денсаулығын сақтау мақсатында өздерiнiң қалауы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және медициналық-генетикалық тексерiлуден өтуге құқығы бар.
50-бап. Азаматтардың санаторий-курорттық емделу, сауықтыру бағытындағы мекемелердi пайдалану құқығы.
Азаматтардың санаторий-курорттық ұйымдарды, демалыс үйлерiн, профилакторийлердi, пансионаттарды, туристiк базаларды, спорт ғимараттарын және сауықтыру бағытындағы басқа да ұйымдарды пайдалануға құқығы бар.
51-бап. Азаматтардың өздерiнiң денсаулығының жай-күйi және денсаулыққа әсер ететiн факторлар туралы ақпарат алу құқығы.
1. Азаматтардың өздерiнiң денсаулығының және өздерiнiң балалары денсаулығының жай-күйi туралы қажеттi ақпарат алуға құқығы бар.
2. Азаматтардың, егер заңмен өзгеше белгiленбесе, жұбайы (зайыбы) мен ата-аналары денсаулығының жай-күйi туралы ақпарат алуға құқығы бар.
3. Азаматтардың профилактика және емдеу әдiстерi туралы, халықтың науқастану деңгейi туралы, олардың денсаулығына әсер ететiн факторлар туралы, соның iшiнде қоршаған орта жайы, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайлары туралы денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарынан және жұмыс берушiлерден ақпарат алуға құқығы бар.
4. Азаматтардың дәрiханалық, профилактикалық-емдеу, санитариялық-эпидемиологиялық ұйымдардан белгiленетiн, сатылатын дәрi-дәрмектiк өнiмдердiң сапасы, қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгi туралы толық ақпарат алуға құқығы бар.
5. Азаматтардың денсаулық жағдайы туралы ақпарат тексеру мен емдеудi жүргiзетiн дәрiгер бередi.
52-бап. Азаматтардың өздерiнiң денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру құқығы.
Азаматтардың өздерiнiң денсаулығына мемлекет, жұмыс берушiлер немесе өзге де адамдар келтiрген моральдық және материалдық нұқсандардың орнын толтыруға құқығы бар. Денсаулыққа келтiрiлген зиянның орнын толтырудың негiздемесi мен тәртiбi Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленедi.
53-бап. Азаматтардың шетелдiк медициналық және басқа да ұйымдарда медициналық, фармацевтикалық, протездiк-ортопедиялық көмек алу құқығы.
Азаматтардың шетелдiк медициналық және басқа да ұйымдарда медициналық, фармацевтикалық, протездiк-ортопедиялық көмек алу қажеттiгi туралы мамандандырылған медицина мекемелерiнiң қорытындысы болған жағдайда осындай көмек алуға құқығы бар. Мемлекеттiк органдар оны алуға жәрдемдесуге мiндеттi.
54-бап. Ананың денсаулық сақтау құқығы
1. Әйелге ана болу туралы мәселенi өзi шешу құқығы берiледi. Денсаулық сақтау мақсатында әйелге оның келiсiмiмен өзi қаламаған жүктiлiктiң алдын алудың осы заманғы әдiстерi қолданылуы мүмкiн, хирургиялық жолмен дәрiлеп тазалау медициналық айғақтар болған жағдайда тек әйелдiң келiсiмiмен және жеке тiлек бiлдiру бойынша ғана жүргiзiледi, медициналық айғақтар тiзбесiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы органы белгiлейдi.
2. Қазақстан Республикасында ананы мемлекет қорғайды және көтермелейдi.
3. Ананы қорғау:
арнайы медицина ұйымдарының кең желiсiн ұйымдастыру;
бала тууына байланысты әйелге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген тәртiппен және мөлшерде жәрдемақы төлеу;
жүктi әйелдерге медициналық нұсқамаларды орындауға мүмкiндiк туғызып, оларды жұмысқа ұтымды түрде орналастыру;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес баланы күтiп-бағуға жәрдемақы төлей отырып, жұмыс iстеп жүрген әйелдерге жүктiлiгi мен босануына байланысты демалыстар беру;
жеке жұмыс кестесiн және толық емес жұмыс уақыты режимiн белгiлеу арқылы қамтамасыз етiледi.
4. Заңдар арқылы басқа да жеңiлдiктер жасалуы мүмкiн.
55-бап. Балалалардың денсаулық сақтау құқығы
1. Мемлекет балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асырады, олардың дене бiтiмi, ақыл-ойы, рухани, адамгершiлiк және әлеуметтiк дамуы үшiн қажеттi тұрмыс жағдайларына құқықтарын қамтамасыз етедi.
2. Мемлекеттiк органдар, жұмыс берушiлер арнаулы медицина және балаларды сауықтыру ұйымдарының желiсiн дамытуды қамтамасыз етедi, олардың тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi жағдайлар жасауына жауапты болады.
3. Балалар мiндеттi мерзiмдi медициналық байқаулардан өтiп тұруға және тұрақты диспансерлiк бақылауда болуға тиiс.
4. 3 жасқа дейiнгi балаларды, сондай-ақ дәрiгерлердiң қорытындысы бойынша қосымша күтiп-бағуды қажет ететiн ауыр науқасты ересек жастағы балаларды стационарда емдеу кезiнде анасына (әкесiне) немесе баланы күтiп-бағуды тiкелей жүзеге асыратын өзге адамға ауырып қалған отбасы мүшесiн күтiп-бағуға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы төленіп, емдеу мекемесінде онымен бірге болу мүмкіндігі беріледі. Баланы кеудемен емізетін анаға бала бір жасқа жеткенге дейін медициналық ұйымда баланы бағумен стационарда болса тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
Мектеп жасындағы балалар стационарлық, емдеу, сауықтыру кезеңінде стационар, сауықтыру орталығы мен шипажайларда оқуларын жалғастыруға құқылы.
Мүмкіндіктері шектеулі, сонымен қатар ВИЧ, СПИД ауруымен ауыратындар, кәмілет жасқа толмағандар білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында тегін әлеуметтік және әдістемелік-педагогикалық коррекциялық қолдау алуға құқықтары бар.
ВИЧ жұқтырған балалар балалар үйінде және жалпыға арналған оқу-тәрбиелік ұйымдарда болуға құқықтары бар.
5. Дене бiтiмiнiң немесе психикасының жетiлуiнде кемiстiгi бар балалардың мамандандырылған балалар мекемелерiнде медициналық-әлеуметтiк жәрдем алуға құқығы бар. Аталған балаларды сәбилер үйiне және жалпы мақсаттағы оқу-тәрбие ұйымдарына орналастыруға кедергi келтiретiн медициналық айғақтар тiзбесiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы органы бекiтедi.
6. Отбасында балаларды күтiп-бағу және тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн орындаудан жалтару, олардың денсаулығына зиян келтiретiндей дәрежеде оларға қатал қарау Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген жауапкершiлiк жүктейдi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 29 бабымен анықталған адам құқықтары негізінің бірі адамдардың денсаулығын сақтау құқы болып табылады, ал мемлекет саясаттың нәтижелілігі халық денсаулығын жақсартуға бағыттылған іс шараларымен анықталады.
Азаматтардың денсаулық сақтауға конституциялық құқықтары Қазақстан Республикасының 12 –і бірдей заңымен анықталады: олардың ішіне негізгілері болып мыналар: денсаулық қорғау туралы, денсаулық сақтау жүйесі туралы, санитарлық-эпидемиологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, дәрі –дәрмек құралдары туралы заңдар. Бұл заңдарды қолданудың негізгі бағыты азамттар мен сырқат адамдардың емделу құқықтары мен мүдделерін қорғау болып саналады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі екі жылда бір рет ақысыз кепілдендірілген медициналық көмек көрсету көлемін қарайды. 2008–2009 жылдарға бекітілген Тізім былтырғы жылға қарағанда едәуір кеңейтілді және өз құрамына халыққа бастапқы дәрігерлік – санитарлық, консультатциялық– диагностикалық, жедел және шұғыл көмек көрсету, стационарлық көмек көрсету түрлерін қамтиды, оның ішінде адам ағзасына қарсы профилактикалық емдер мен салауатты өмір салтын қалыптастыру іс шаралары енгізілді.
Информация о работе Азаматтардың медициналық көмек алу құқығы