Азаматтардың медициналық көмек алу құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 15:17, реферат

Описание

Азаматтардың өздерiнiң жеке қаражаты, ұйымдардың қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен медициналық жәрдемнiң кепiлдiк берiлген көлемiнен артық қосымша медициналық қызметтi пайдалануға құқығы бар. Бұл құқық ақылы медициналық көмек алу, ерiктi медициналық сақтандыру арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң ұйымдарында ақылы медициналық қызмет көрсетудiң шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Работа состоит из  1 файл

Балалардың денсаулық сақтау құқығы.doc

— 127.00 Кб (Скачать документ)

Адамдардың  қылықтық аурулар  деңгейі де өте жоғары: шылым шегу:22,8%, дененің артық салмағы:36,9%, арақ ішімділігі:18,1%.

Осыған  байланысты сектораралық және ведомствоаралық  бірлескен іс әрекеттер  қажеттігін көрсетеді.

Сонымен стртегиялық жоспарында Министрлік мемлекттік органдармен бірлесіп әлеуметтік қауіпті ауруларды төмендету, ішімдікке, нашақорлыққа, шылым шегуге қарсы күресу бірлескен іс-қимылдары ескерілген, сондай–ақ, дене шынықтыру мен спортты дамыту, балалардың денсаулығын жақсарту, мектептерде ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру, салауаттық өмір салтын кеңінен насихаттау, жол қауіпсіздігін насихаттау сияқты жұмыстар белгіленді.

Қоғамның  денсаулығын жақсарту мақсатында биылғы жылдан бастап 2008–2010 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» атты Бағдарламаны жүзеге асыру іске асырылады, бағдарлама шеңберінде салауатты өмір салты шараларын қалыптастыру іс шараларына қаржыландыру денсаулық бюджетінің жалпы 1 процетінен 3 процентіне дейін өсетін болады.

Екінші - ана мен бала денсаулығының мәселелері әлеуметтік саясат басымдылқтарының бірі.

Тууға көмектесетін ұйымдардың тәжірибесіне қазіргі  кездегі тиімді тууға  көмектесетін технологиялар  енгізілген, туу алды диагностиканың скринингі  және балалардың іштен  және тұқым қуалау ауруларын алдын  алу жүргізіледі. БДС ұсынған аман туудың жаңа критерилеріне көшу қызметтің бұл түрінде жаңа сапалы жұмыстарға көшуге мүмкіндік берді.

Былтырғы  жылдан бастап республикада бірінші рет дыбыс  есту нашар балаларға  кохлеарлық имплантация  бойынша 28 ерекше опреция  жасалды. Бұрын 2007 жылға дейін елімізде мұндай әдістер мүмкін емес болатын. 2008 жылы бұндай операциялардың 150-ін өткізу жоспарлануда.

Балалардың  өмірінің алғашқы  екі жылында ауруға және өлімге ұшырау деңгейін төмендету  үшін осы жылдың екінші жартсынан бастап елімізде гемофильдік инфекциядан балаларды қорғау үшін вакцинация енгізілді.

Үшінші  – Республикада әкімішілік реформалар шеңберінде денсаулық сақтауды басқару жүйесін  жетілдіру болып  табылады.

Қазіргі кезде осы бағыт  бойынша саланың  тиімсіз инфрақұрылымы  және денсаулық сақтауды басқарудың тиімділігінің жеткіліксіздігі болып отыр.

Министрліктің стратегиялық жоспарында ауруханаларды нормалау мен типтендіру жолымен  ауруханалық секторды реструктуризациялау  ескерліген. Ел Президентінің 100 денсаулық объектісі  бағдарламасына сәйкес жаңа объектілерді енгізу ескі құрал-жабдықтарды қысқарту жолымен бірге жүретін болады. Болашақта көп профилдік ауруханалар моделі орын алатын болады, онда пациенттер диагностикалық қызметтің барлық түрлері мен жан–жақты емделетін болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Астана қаласында Ұлттық медициналық Холдинг құрылды, ол жоғары мамандандырылған көмек көрсететін ғылыми, практикалық база, медиицналық кадрларды дайындау мен қайта даярлау орталығы болуы тиіс. Халыққа үш республикалық орталық жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп отыр: Ана мен баланы қорғау орталығы, балалардың реабилитациялық орталығы және Нейрохирургия ғылыми орталығы.

Биылғы  жылы Холдингтің тағы екі объектісі  іске қосылмақшы : ол Республикалық консултативтік – диагностикалық орталық және Шұғыл көмек көрсету ғылыми-зерттеу институты. 2010 жылы Ұлттық кардиохирургия орталығының құрылысын аяқтау жоспарланды. Холдингтің жалпы қуаттылығы 1380 арнаулы емдеу төсектерін құрамақшы, онда жыл сайын 20 мың ауруға тұрақты көмек көрсетілетін болады және 500 мың пациент жоғары технологиялық диагностикалық қызмет алатын болады.

Бастапқы  звеноны күшейту  жалғастырылмақшы,ол «Нұр Отан» партиясының  саяси тұғырнамасы  негізінде 300 типтік дәрігерлік амбулаторияның құрылысы енгізілмекші, жалпы тәжірибелі дәрігердерді дайындау, 2010 жылға БМСК –ға шығыны үлесін 40 процентке дейін көтеру, бұның барлығы олардың жабдықталуын нормативтік негіздерге дейін жеткізбекші. Жедел медициналық көмекті жаңғырту пациенттердің мекені бойынша қызмет етуге және медиициналық ұйымдардың шұғыл көмекті қажет ететіндерге бағытталуы тиіс. Санитарлық аваиация қайтадан құрылады.

Денсаулық сақтау жүйесінің  Бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу жүргізілуде. Телемедициналық қызмет түрі бүгінгі күннің өзінде 8 облыстың 69 ауданында жұмыс істейді, 2010 жылға бұл мүмкіндіктер қосымша басқа да облыстардың 59 ауданында енгізу қолға алынбақшы. Сонымен 2010 жылы телемедицинанмен Қазақстанның барлық аймақтары қамтылмақшы.

2009 жылы медициналық  ұйымдардың мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштері енгізілетін болады, бұл өз кезегінде әрбір медиицналық қызметкердің жұмыс қорытындысын бағалауға мүмкіндік береді.

Санитарлық-эпидемиологиялық жүйенің тікелей  жүйесін қайта  құрудың құрылымдық өзгерістері ескерілді, ол елімізде эпидемиологиялық тыныштықты тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермекші.

Заңнамалық  актілер деңгейінде тәуелсіз сараптама  ролін арттыруға, аурухананың ішкі басқару менеджмент жүйесін дамытуға, медициналық ұйымдарды  аккредитациялауға, тәуелсіз кәсіби бірлестіктер мен ассоциациялардың тартылуымен сараптамалар жүргізуге медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау моделі бекітлмекші.

Төртінші  – халықты дәрі–дәрмекпен қамтамсыз етуге басты назар аударылатын болады.

Біз елімізге алып келінетін  медиициналық дәрі- дәрмектердің сапасы мен бағасына қатал бақылау орнатамыз. Өзіміздің фармацевтік өндірісімізді құру үшін инвестициялар тартамыз.

Осыған  байланысты Денсаулық  министрлігі мемлекеттік медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа моделі жасалды және Үкіметтен қолдау тапты.

Жаңа  моделдің негізгі  жолы адам өміріне  маңызды дәрі-дәрмектерді  тұрақты емдеумен шұғылданатын мемлекеттік  денсаулық ұйымдарына ұзақ мерзімді мемлекеттік  сатып алуды жоспралау  болып отыр.

Бесінші – кадрлық ресурстар  жүйесін дамыту

Медициналық кадрлардың жетіспеушілігі, олардың кәсіби дайындық деңгейі мен үздіксіз білімін кәсіби жетілдіру  жүйесінің жоқтығы  халыққа медициналық  қызмет көрсету сапасына едуір әсерін тигізіп  отыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметі 2006 жылы медициналық және фармацевтикалық білімді реформалау Тұжырымдамасын бекітті. Медициналық жоғары оқу орындары түлектерінің клиникалық дайындығын көтеру үшін 2009 жылдан бастап еліміздің медициналық ЖОО университеттік клиникаларының құрылысы басталады, қазіргі кезеңде оқу - лабораториялық жабдықтармен қамтамасыз ету жалғасуда.

Денсаулық сақтау министрлігі  жұмыс нәтижесі бойынша  жалақы төлеу жүйесін  жасау үстінде. 2010 жылдан бастап емдеу  төсегінің жұмысы, оны ұстауға жұмсалған  қаражатпен емес, оның емдеу нәтижесі, нақты сырқаттың емделуімен, оған жасалған операциялар және т.б өлшенетін болды.

Біз бәрімізде әлеуметтік саланың тиімді қызметі, әсіресе халықтың денсаулығын сақтауды ұйымдастыру заңнамалық базаларын жетілдірусіз мүмкін еместігін  жақсы білеміз. Барлық денсаулық сақтау туралы заңдарды бірыңғай құжатқа бірктіріп кодификациялау қажет, денсаулық сақтаудағы халықаралық тәжірибе осыны дәлелдейді.

Мемлекет  басшысының тапсырмасына сәйкес министрлік «Халықтың  денсаулығы және денсаулық  сақтау жүйесі туралы » Кодекс жобасын жасады.

Кодекс  міндеті - денсаулық сақтау саласында азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыру бағытында болып жатқан реформаларды құқылық жағынан қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі кезде Кодекс жобасы Ел Парламентінің  қарауында. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Азаматтардың медициналық көмек алу құқығы