Азаматтардың медициналық көмек алу құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 15:17, реферат

Описание

Азаматтардың өздерiнiң жеке қаражаты, ұйымдардың қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен медициналық жәрдемнiң кепiлдiк берiлген көлемiнен артық қосымша медициналық қызметтi пайдалануға құқығы бар. Бұл құқық ақылы медициналық көмек алу, ерiктi медициналық сақтандыру арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң ұйымдарында ақылы медициналық қызмет көрсетудiң шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Работа состоит из  1 файл

Балалардың денсаулық сақтау құқығы.doc

— 127.00 Кб (Скачать документ)

Ақысыз  кепілдендірлген  медициналық көмек  деңгейі өмірлік  маңызды дәрі –дәрмекті  негізгі тізім  деңгейінде ақысыз қамтамасыз ету, халықтың барлық топтары үшін шұғыл жағдайда пайдалану, іш құрылысы ауруларында, асқыну, бақытсыздық жағдайларда, жарақат алғанда, уланғанда, сондай-ақ жүкті және бала туу кезінде тегін қамтамасыз ету ескерілген.

Денсаулық сақтау саласында  азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыру үшін республикада 1000 аурухана мен 4000 амбулаториялық – емханалық мемлекеттік ұйымдар қызмет етеді, ол ұйымдарда 184 мың медициналық қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 57 мыңы дәрігерлер болып келеді.

Барлығы республика бойынша 119 мыңнан астам аурухана төсектері бар, сондай-ақ халыққа 143 ауруханалық және 1 мың жеке нысандағы амбулаторлық– емхана объектілері қызмет көрсетеді.

Жыл сайын Қазақстанда 2,5 млн адам тұрақты емдеу қабылдайды, 100 млн адам амбулаториялық– емханалық мекемелерде қаралып тіркеледі, 5 млн адам жедел медициналық көмек шақыртулармен қамтамасыз етіледі.

Былтырғы  жылы 27 республикалық  клиникада 46 мың сырқат жоғары кәсіби медициналық  көмек алды, үш жылдың ішінде шетелдерде 250 ден астам азамат емделді.

Бұл көрсеткіштер Қазақстан халқы үшін денсаулық сақтаудағы конституциялық құқықтар іске асырылатыны көрсетеді.

Мемлект басшысы Н.Ә.Назарбаев  денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше назар аударады және соңғы жылдардың  басты оқиғаларының бірі 2005–2010 жылдарға арналған денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы болды. Мемлекеттік бағдарлама денсаулық сақтау саласын жаңартуға жаңа бағыттар ашты, келешекте бірінші кезекті мақсаттар мен міндеттерді анықтады.

Мемлкеттік  бағдарламаның бірінші сатысы салаға кең көлемді инвестициялар енгізуге бағытталды: техникалық модернизациялауды жүргізу, денсаулық сақтау инфрақұрылымының құрылысы мен дамыту, бастапқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсетуді нығайту шешілді, медициналық қызмет көрсету түрлері сапасын көтеру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері қаралды.

Бүгінгі таңда Мемлекеттік  бағдарламаның бірінші  үш жылдағы міндеттері негізінен орындалды.

Халықтың  әл ауқаты нашар топтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі  Мемлекеттік іс шараларынегізгі  медициналық – демографиялық көрсеткіштердің жақсаруына алып келді: бала туу өсімі жоғарлады, жалпы адам өлімі төмендеді, халықтың табиғи өсімі пайда болды. Ана мен бала өлімінің көрсеткіші төмендеді, әлеуметтік қауіпті аурулардың қатары тұрақты төмендеуі: туберкулез, қатерлі ісіктің қайта пайда болуы, инфекциялық патологиялардың, психикалық қозу, жарақаттану төмендеуі байқалады.

Ана мен бала денсаулығын  сақтау мәселелеріне басты назар аударыла бастады. Тұрақты  түрде бала мен  аналарды медициналық  қарау жүргізіледі, әйелдердің 70 проценті сәйкес ем алып жазылды.

Жалпы білім беру мектептерінде  медициналық пункт  орындарын қалпына  келтіру сатылап  жүргізілуде.

Халықтың  кейбір топтары мен  ауруларды тегін  және жеңілдіктер  арқылы дәрі-дәрмекпен  қамтамасыз ету енгізілді.

Мемлекет  бюджет есебінен дәрі – дәрмек үшін экономикалық мүмкіндіктер туғызу үшін тұрақты емделушілерге және ауруларға, сондай-ақ амбулаториялық емделу түрлері бойынша дәрі тегін жіберледі.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Үкімет 2007 жылы аналар мен сәбилердің өлімін төмендетуге бағытталған, сондай-ақ әлеуметтік қауіпті аурулардың түрлері: қан айналымы жүйесінің аурулары, туберкулез және АИЖВ/ИЖТС ауруларын, қан қауіпсіздігі, салауатты өмір салтын қалыптастыру салалық бағдарламалары бекітілді және іске асырылуда.

Медициналық қызмет көрсету сапасын  көтеру үшін үш жыл  ішінде материалдық-техникалық база едәуір жақсартылды: 3200 денсаулық сақтау ұйымдары күрделі жөндеуден өтті, 173 жаңа объект іске қосылды.

Бастапқы  медициналық– санитарлық көмек көрсету ұйымдары қажетті медициналық құрал-жабдықтармен және қажетті санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген.

Қазақстан дәрігерлерін шетелдерде оқыту тәжірибесі жалғасуда. Соңғы  жылдарда 2,5 мың дәрігер  қызметкерлер шет  елдердің медициналық  орталықтарында, оның ішінде АҚШ, Германия, Дания, Израиль, Ресей, Словакия және басқа да елдерде оқудан және қайта даярлаудан өтті.

Медициналық кадрлар жетіспеушілігін  ескере отырып жылсайын ЖОО студенттерді қабылдау өсуде, бүгінгі  күні жылына 4,5 мың  студентті құрайды, ал 2000 жылы -1050 студент  болатын.

Аймақтарда  бюджеттерді біріктіру  қорытындысында екі  жыл ішінде облыс  деңгейінде адам басына шаққандағы шығындардың айырмашылығы едәуір қысқарды. Соңғы жылдарда республиканың бір тұрғыны есебінің шығындары 2004 жылы 8740 теңгеден 2007 жылы 20196 теңгеге өсті. Бұл жұмыста жалғаса бермекші.

Сонымен бірге оң даму динамикасында  бірінші жетістіктер медициналық– демографиялық міндеттер- адам өмірін ұзарту және халықтың өлімін төмендету үшін әлі де болса жеткіліксіз.

Республикада  медициналық қызмет көрсету сапасы әлі  де жеткіліксіз. Бұл  туралы халықтың көптеген арыз шағымдары көрсетеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі Комитеттің мәліметтері бойынша жылсайын арыз шағымдардың 70 процентінің негізі бар.

Комитет тексерістерінің  қорытындысы бойынша 3259 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде осы жылдың бірінші жарты жылдығында 1196 әкімшілік іс қозғалды. Құқық қорғау және сот органдарына 455 материал жіберілді.

Халықтың  медициналық қызмет көрсету сапасына жасалған сұратулар  қорытындысы медициналық  қызмет көрсету деңгейінің төмендігі мен  емделу мүмкіндігі жеткіліксіз екендігі анықталды. Халықтың үштен бірі ғана амбулаториялық –емханалық және стационарлық көмек көрсету сапасы жақсы деп бағалады. Сұрату жасалған респонденттердің жартсының көбі соңғы жылдарда медициналық көмек көрсетудің жақсара бастағанын айтты.

Азаматтардың  медициналық көмек  көрсету сапасына құқықтарын іске асыру  үшін 2006 жылдан бастап медициналық қызмет көрсету саласын  реттейтін заңдарға өзгерістер енгізілді, медициналық қызметкерлердің  сапасыз медициналық  қызмет көрсетуі мен  заңсыз медициналық қызмет көрсеткендігі үшін әкімшілік құқықтар бойынша Қазақстан Рсепубликасының Әкімшілік Кодексіне өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ, азаматтардың арыз шағымдарын дұрыс қарау, сондай-ақ Денсаулық министрлігі көрсететін қызметтердің сапасын көтеру мақсатында Денсаулық министрлігі тәуелсіз сараптама институтын дамытуға, медициналық қызмет жабдықтаушыларды аккредитациялау біліктілік бағасы жүйесін жетілдіру мақсатында нормативтік актілер жасалды. Алғашқы рет медициналық ұйымдарды аккредитациялау стандарттары, осы стандарттар мен ережелерді сынау жүргізілді. Денсаулық сақтау саласында біліктілік процедураларын жетілдір, бұл қызметтерді үкіметтік емес ұйымдарға беру мақсатында үнемі жетілдіру үстінде. Республикада диагностиканы және көп таралған ауру түрлерін емдеу хаттамасының тәжірибесі енгізілді.

Осы мәселелерді шешу үшін Денсаулық министрлігі  саланы үш жыл мерзімінде дамыту жөніндегі  Стартегиялық жоспар жасады және оны Үкімет қолдады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты  халық үшін медициналық  қызметтердің сапасы мен қаралу мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады, медициналық ұйымдар қызметін бағалау жұмыс нәтижесі бойынша бағаланатын болады.

Бірінші – біз өз қызметімізде халықтың өлімі мен  мүгедектікке ұшырауының негізгі себептеріне  басты назар аударамыз.

Қан айналымы жүйесінің  ауруларынан өлімнің  болуын төмендету  мақсатында Қазақстан  Рсепубликасында  кардиологиялық қызметті дамыту Бағдарламасы жүзег асырылуда.

Биылғы  жылдан бастап Астана, Алматы және Павлодар қалаларында қазіргі  кезеңдегі кардиологиялық орталықтарды жобалау мен құрылысын жүргізу басталады.

Биылғы  жылы Қарағанды, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан  облыстарында қолқа  қан тамырын кеңейту  бойынша операциялар  басталды. Осындай  оперциялардың саны өсіп келеді, егер де 2005 жылы Қазақстанда  жүрекке 800 оперция жасалса, 2008 жылы хирургиялық жолмен жүрекке араласу арқылы 3,5 мың операция жасалмақшы деп жоспарлануда.

2008 жылы тағы да 4 аймақта /Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Атырау облыстарында/ кардиохирургиялық бөлімдер ашылатын болады, ал 2009 жылы Қызылорда, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында ашылады.

2010 жылы Қазақстанның  барлық аймақтарында  кардиохирургиялық  көмек көрсетілетін  болады және жүрек  ауруларының клиенттеріне жергілікті мекені бойынша көмек көрсетілетін болады.

Артериалдық гипертания және жүрек қысымымен ауратындарға амбулаториялық жағдайда дәрі-дәрмекпен тегін қаматамсыз ету жалғаса береді. 2009 жылдан бастап аталған топ азаматтарын тегін дәрілермен қаматамсыз ету 100 процентке жеткізу мақсатқа қойылды.

Онкологиялық патология ауруларынан ауру мен өлу деңгейі басты проблемалардың бірі болып қалып отыр, ол аурулар олардың басында анықтау және толық медициналық емдеуге тікелей байланысты. Сондықтанда денсаулық сақтау жүйесінің күші алдын алу диагностикасына, қазіргі тиімді көмек көрстеу мен реабилитацияға байланысты.

Басты назар дер кезінде  онкологиялық патология  ауруларының визуалдық  жоюға бағытталады, ол көп шығында  қажет етпейді, бірақ  жоғары тиімділігімен  ерекшеленеді. Аймақтар рак безі ауруы  диагностикасының қазіргі кездегі маммографтарымен жабдықталатын болады.

Қазақстан мемлекет есебінен онкологиялық ауруларды химиялық аппараттармен толық  қамтамасыз ететін ТМД  елдер арасындағы бірден – бір мемлекет.

Келесі  жылы біздерге онкогемотологиялық патология пациентеріне ми сүйегін трансплантация жасау орталықтарын ашу қажет, осы ауру топтарын қажетті химиялық перапарттармен қамту қажет. Бірінші рет гемофилимен ауратындар мемлекет тарапынан қанды ұйытатын дәрілермен қамтамсыз етіледі.

Былтырғы  жылдан бастап Жаһандану  қоры және Денсаулық министрлігі арсындағы келісімдермен түберкүлезбен ауратындарға көмек көрсету бойынша іс шаралар жүзеге асырылуда, бұл мақсаттарға 9,8 млн АҚШ доллары жұмсалды.

Түберкүлез  ауруын алдын алу  және емдеу мәселелері бойынша бүгінгі  таңда мамандар дайындығы, ауруды сақтандыру және халықты әлеуметтік жұмылдыру болып табылады, негізінен қаржат осы бағыттарға жіберіледі.

Түберкүлезге  қарсы қызметтің  аудиті жүргізілді және түберкүлез диагностикасы  стандарттарын жасау, түберкүлезге қарсы  дәрі –дәрмектің сапасы талаптарына, түберкүлезге қарсы медициналық ұйымдарға госпиталдау, эпидемиологиялық бақылау шаралары, материалдық-техникалық жабдықтаку жөнінде кешенді шаралар жасалды.

Қазақстан Республикасында 2006–2010 жылдары СПИД эпидемиясына қарсы бағдарламаны орындау жөніндегі жұмыстар жалғасын таубда. Донорлық қан өткізу қауіпсіздігін қамтамсыз ету мақсатында, бұл бағдарлама елімізде қан қызметі технологиялық құрал-жабдықтарын жаңартуды ескерген, қанды өңдеу және қан препараттарынының өндірісі жөніндегі қазіргі заманға сәйкес завод құрылысы, аймақтарда 8 жаңа қан өткізу орталықтары мен қолда бар орталықтардың күрделі жөндеуі ескерілген. Азаматтардың ерікті түрде қан өткізуі дамымақшы, ішкі жәнен сыртқы бақылау жүйесі енгізілді, донорлардың Ұлттық регистрі жасалды.

Дер кезінде АИЖВ –  инфекциясын жұқтырғандарды бақылау үшін АИЖВ-ке қаралуға тиісті құрам  кеңейтілді. АИЖВ инфекциясын  және ИЖТС жұқтырғандар үшін вирусқа қарсы  терапия енгізілді.

Барлық  аймақтарда сенім  пунктттері ашылды, олар нашақорлыққа тәуелділерді үйретуді, хабарландыруды және кеңес беруді жүзеге асырады, сондай-ақ, егу шприцтері мен инелерді ауыстырумен шұғылданады.

Мектеп  оқушылары, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері арасында АИЖВ/ИЖТС алдын алу жұмыстары бойынша ақпараттық– оқыту жұмыстары жүргізіледі.

Келесі  мәселе – жарақат  алу. Елімізде жылсайын 600 мың адам жарақат  алады, 2007 жылы ғана ЖКО 5 мың адам қаза тапты, өндірісте  жарақат алушылардың  да саны жоғары, жарақат  алушылардың саны 20 жастан 40 жасқа дейінгілер.

Информация о работе Азаматтардың медициналық көмек алу құқығы