Азаматтық неке

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 17:07, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыс мақсатты Азаматтық некенің жағымды және жағымсыз жақтарын зерттеу
Курстық жұмыс міндетті
1. Азаматтық некенің психологиялық мәселелері анықтау
2. Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы құқықтарының ерекшеліктерін талдау

Содержание

Кіріспе 4
1. Азаматтық некенің психологиялық мәселелері 6
1.1 Әйелдермен еркектердің азаматтық некеге қатнасы 6
1.2 Азаматтық некенің жағымды жақтары 10
1.3 Азаматтық некенің жағымсыз жақтары 12
2. Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы құқықтары 16
2.1 Азаматтық неке жөнінде занды қөзқарас 16
2.2 Азаматтық некедегі отбасылық қатынстар 19
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25

Работа состоит из  1 файл

азаматтык неке.docx

— 75.65 Кб (Скачать документ)

   Мазмұны 
 

Кіріспе                                                                                                                       4

1. Азаматтық некенің психологиялық мәселелері                                                6

1.1  Әйелдермен  еркектердің азаматтық некеге  қатнасы                                    6

1.2  Азаматтық некенің  жағымды жақтары                                                        10

1.3 Азаматтық некенің  жағымсыз  жақтары                                                 12

2. Азаматтардың  неке-отбасы қатынастарындағы құқықтары                         16

2.1 Азаматтық   неке жөнінде занды қөзқарас                                                     16

2.2 Азаматтық некедегі отбасылық қатынстар                                                  19

Қорытынды                                                                                                            23

Қолданылған әдебиеттер тізімі                                                                            25 

 

   

     Кіріспе 
 

     Отбасы  қоғамда үлкен рөл ойнайды. Отбасы құқығы - отбасы мүшелерінің арасындағы жеке мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалар жүйесін  көрсететін, құқықтың бір саласы. Сонымен  қатар, заңда анықталған жағдайдайларда – басқа да туыстар арасындағы қатынастарды реттейді.

     Осыдан  шығатын қорытынды: отбасы құқығы –  неке қатынастарының пайда болуын, өзгертілуі мен тоқтатылуын реттейтін  теориялар жиынтығын зерттейтін ғылым. [2]

     Отбасы, ол – баспана әрі тұрақты мекен. Неке отбасын құру мақсатымен заңда  белгіленген тәртіппен ерікті және толық келісім жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ болып табылады. Неке ерлі–зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызады. Ерлі–зайыптылардың құқықтары  мен міндеттері АХАЖ органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген кезден бастап туындайды және де заңмен белгіленген  тәртіпте тіркелген неке ғана құқықтық салдарға әкеп соғады.

     Азаматтық неке дегеніміз – адамдықтан кеткісі  келген қоғамның көңілдестікті заңдастырып алған түрі. Ол азаматтарымызды, жастарымызды бүлдіріп, елімізді артқа сүйрейтін құбылыс. Сондықтан заңнамадағы мұндай келеңсіз бапты алып тастауды қолдар едім. Жалпы, бұл ұғымның атауы да дұрыс емес. Егер оны қазақтың жалпақ тіліне салсақ, бойсуыту деп атар едік. Біз «Батыстан үйрну керек» деген пікірді жиі айтамыз. Алайда солардың жақсы жақтарын емес, жаман жақтарын көшіріп алуға құмартып тұратынымызға таң қаламын. 

     Азаматтық неке дегеніміз – Батыс ойлап  тапқан ең зиянды бастамаларының бірі. Мұндай үрдістің кең етек жаюы қоғамның рухани азып-тозуына, біржынысты некенің  заңдасуына жақын қалғанын көрсетеді.  

     Азаматтық неке пайда болғаннан кейін байырғы  қазақ ерекше назарда ұстаған  жетім мен жесір мәселесі ушығады. Статистикаға салатын болсаң, азаматтық  некеге тұрғандардың арасындағы ажырасу  фактілері дәстүрлі некеден бірнеше  есеге көп. Осы мысалдың өзі азаматтық  некенің мемлекетке қалай әсер ететінін көрсетіп тұрған жоқ па? Азаматтық  некедегі жастар еш уақытта отбасын  құру деген мәселеге салмақты қарамайды. Адам табиғаты ер мен әйелдің жұптасуын  қалайды. Ал азаматтық неке осы дәстүрге қарсы шығып, түбінде адамдардың жұп құрау дәстүрін жоқ етеді. Айналып келгенде, азаматтық неке туралы заң ер мен әйелдің бей-берекет  жыныстық қатынасқа түсуіне жол  ашатын құжат болып шығады. 

     Қазір балалар үйі тастандыларға толып  тұр. Ертеңгі күні азаматтық неке үрдіске айналғанда, олардың саны еселеп өседі. Сонда жетімдердің  көз жасына кім жауап береді? Өзіміздің  ұлтымызға өзіміз ор қазып жатқандаймыз.

     Қазақстан Республикасының “Неке және Отбасы туралы” Заңының 3-шi бөлiмiнiң, 2-шi бабында да “мемлекеттiк АХАЖ мекемелерiнде тiркелген неке–азаматтық неке” болып саналатындығы жазылған. Әрине,120 ұлт пен ұлысты қанатының астына алған зайырлы мемлекетте азаматтардың некесiн тiркеудiң баршаға ортақ, ешқандай ұлттың этикалық ұстанымына қайшы келмейтiндей ең оңтайлы жолы осы болмақ. Ал егер үйленiп жатырған жас-жұбайлар некелерiн дiн өкiлдерiне барып қидырғысы келсе, оған да тиым жоқ.

     Курстық жұмыс мақсатты Азаматтық некенің жағымды және жағымсыз жақтарын зерттеу

     Курстық жұмыс міндетті

     1. Азаматтық некенің психологиялық мәселелері анықтау

     2. Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы құқықтарының ерекшеліктерін талдау

     Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлім мен  қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады 

 

     

  1. Азаматтық некенің психологиялық мәселелері

1.1  Әйелдермен  еркектердің азаматтық некеге  қатнасы 

     Психологтардың  пiкiрiнше, “азаматтық некедегi” нәзiк  жандылар көбiнесе күйеуiм бар деп  сенедi, ал ер адамдар оларға тек  көңiлдесiм деп қана қарайды. Осындай  қарым-қатынастағы ер мен әйелдi отбасы деп те атауға қалай ауыз барады? Әрине, “азаматтық неке” жағдайында балалы болып жататын жұптар бар. Бiрақ о баста Заңды менсiнбегендер  дәл осы кезде мықтап опық жейтiнi сөзсiз. Бiр жолдасым ағасының бел  баласынан қалай айырылып қалғанын айтып бердi. Ағасы бiр әйелмен  көңiл қосып, некелерiн заңдастырмастан  тұра бередi. Ал сәбилерi дүниеге келiп, оны кiмнiң тегiне жазуымыз керек  деген мәселеге келiп тiрелгенде, әйел аяқасты айнып, “әкесi емессiң” деп маңына жуытпайды. Қолдан келер  амал жоқ. Өйткенi заң бойынша сәбидiң  әкесiнiң кiм екендiгiн тек анасы  ғана шеше алады. Кейде оқиға керiсiнше  өрбiп жатады.

     Азаматтық неке” кезiнде дүниеге келген баланың әкесi екенiн мойындаудан  ер адамдардың өздерi бас тартады. Осындай  келеңсiз жағдайлардың кесiрiнен  қаншама сәбидiң тағдырына “некесiз  туылған” деген жаман атақ жамалады, қаншама сәби жарық дүние көрместен  жатыр iшiнде тұншығып өледi.

     “Азаматтық неке” деген шарасыздықтан қойылған шартты атауы ғана. Оны Дiн мүлдем неке деп санамайды, Аллаһтың алдында куәлiк келтiрмей, жұртқа жария етiлмей ерлi-зайыптылардың бiр шаңырақтың астында тұруын зинақорлыққа ғана балайды. Аллаһ тағаланың Хақ дiнi–Исламды жеткiзушi Мұхаммед (с.ә.с) Пайғамбарымыз заңды некесiз қосылып, зина жасағандарды:“Пенде зина жасағанда иманы шығып, бас жағында көлеңке сияқты үйiрiлiп тұрады” деп сипаттаған. Әлбетте, “азаматтық некемен” тұратын ерлi-зайыптылардың да өздерiнiң санасына сiңiрiп алған пәлсапасы бар. Олардың пiкiрiнше, бiр шаңырақтың астында тұрамыз деп шешкен жандарға неке куәлiгiн алып, әуреленудiң қажетi жоқ. Мөрдiң қойылғаны, қойылмағаны не? Ең бастысы, тату-тәттi болып, жарасып кету, жараспасақ ың-шыңсыз өз жөнiмiзге кете барамыз дейдi. Өздерiне шаң жуытқысы жоқ. Заңды түрде ерлi-зайыпты болып танылмағаннан кейiн “азаматтық некедегi” ерлер мен әйелдер бiр-бiрiнiң алдында жауапкершiлiк алмайды. Тiптi “Азаматтық некеге” үйiрсек келетiндердiң көпшiлiгi қарақан басын күйiттеуден әрi аса алмайды, әрi одақтарының тұрақты болуы да неғайбыл, қашан айырылысып кетемiз деген қауiппен жүредi, сол себептi олар перзент сүйiп, ата-ана борышын өтеуге де құлықсыздау болады.[10]

     Кейінгі жылдары «азаматтық неке» мәселесі күн тәртібіне қойыла бастады. Оны  жақтаушылар да баршылық. Заңдастырып  алмақ ойлары да бар. Тіпті ел арасында «еркін махаббат» немесе «іс жүзіндегі  неке» деп те атап жүр. Бұл сөздердің  астарынан «ашыналық» ұғымын көру қиы н емес. Бұл  жаһандастыру толқынымен «жабайы батыстан» келген құбылыс.

     Бұл некенің өзгешелігі мемлекеттiк  органның тiркеуiнен де өтпейдi, Қазақстан  Республикасының “Неке және отбасы туралы” Заңында ол туралы ешқандай түсiнiктеме берiлмеген. Сол себепті  заң өкiлдерi мұны әзірге “бейресми  некелесу” деп  қабылдап отыр.

     Бүгінгі қоғамның, жалпы, қазақ ұлтының арасында етек алып отырған сұмдықтың бірі — азаматтық неке. Тереңірек қаузасақ,қазақ  жұртшылығының арасында «азаматтық неке» деген түсініктің қалыптасқаны соншалық, «бір-бірімізді дұрысырақ  тану үшін азаматтық некені қаладық» деген пікірлерге ләм-мим деместен бас шұлғып отыра беруге әдеттеніп  алдық. «Онда тұрған дәнеме жоқ, ең бастысы, екі адам бір-бірімен түсінісіп  бірге тұрса болды» деген тоқтамға да жетіп қалғандаймыз. Естір құлағымызға  да үйреншікті некенің бұл түрін  орыстар «сожитель» немесе «гражданский брак» демеуші ме еді.

     Біз осы сөзді тұп-тура сол мағынасында  аударып алдық та, «азаматтық неке»  деп сөздік қолданысымызға енгізіп, тіпті, бұл атау кірігіп кетті  десек те болады. (Бұл тіркестің  этимологиясы мен оның дұрыс қолданылу-қолданылмауын  тіл мамандарының үлесіне қалдырғанымыз  жөн шығар). Бұл ұғым «азаматтық»  дегеннен гөрі «зинақорлық» немесе «нәпсіқұмарлық»  деген түсінікке жақындау келетін  сықылды. Себебі, сөздің астарында, қазақи түсінікте айтқанда, ашыналық жатқандығына ешкім дау айта алмасы анық.

     Бүгінде елімізде қаптап кеткен діни секталардың  түр-түрі сықылды некенің бұл  түрі де шет елден келген ағым іспеттес. Айталық, Еуропада немесе алпауыт Америкада  азаматтық некені әйелдер қауымы «менің «бойфрендім» бар» деп, ал, еркектер «менің «гиелфрендім» бар» десіп, күнделікті қолданыста ашықтан-ашық айтатын көрінеді. Мұның қазақша ұғымындағы аудармасына  келсек, «әйел досым» немесе «еркек досым бар» деген мағынаны береді екен. Міне, бүгінгі қаймана қазақтың құлағына түрпідей тиіп отырған азаматтық  неке, осыдан кеп шыққандығына еш дауыңыз  болмас. Дәл осы сөзді өзіме  жақын адамның бірінен естігенімде  қатты шошынып та едім-ау. Иә, ұлттық арнаның білдей журналисі, атақ-абыройы  бір басына жетерлік жігіт ағасы  сөз арасында «азаматтық некені»  жүз пайыз қолдайтынын, оның қазаққа  еш сөкеттігі жоқтығын айтып, құрғақ ақылдарымен біраз басымды қатырғаны  бар еді. Сөйтсем, ағамыздың сондай «әйел досы» бар екендігін  көзіммен көргенде, әлгі «ақылының» мәнін  соңынан түсінгендей болғанмын. Яғни, эфирден көпшілікке «қазақи» боп танылған ағамыз жеке басы үшін ғана осындай пікірге тоқтап, «ақылын» айтып адасса, өзгеге не жорық?

     Жалпы, «азаматтық неке» ұғымының тарихына тереңірек үңілсек, белең алуы 1580 жылы Нидерландия елінде бастау алып, келе-келе 1791 жылы Францияға, 1836 жылы Англияға, 1875 жылы Германияға, 1917 жылы Ресейге  жеткен. Кеңестік кезеңнің белден басып  тұрған дәуірінде байқала қоймаған некенің бұл түрі тәуелсіздіктің таңы атқанда тіптен өрши түскенін өз маңайымыздан аңғару қиынға соқпай қалды. Осы арада қазақтығымызға жат некені жиренбей, әдеттегі «әдеп» деп қабылдауымызға қоғамның өзі  де итермелеп отырған сыңайлы. Тап осы қоғамда адамның жан-дүниесіне кереғар көріністер жетерлік. Демек, азаматтық некеге мәжбүрліктен, жеке бастың қамы үшін барып жатқандары да сондықтан шығар. Психологтардың пікірінше, «азаматтық некедегі» нәзік жандылар көбінесе «күйеуім» бар деп сенеді, ал, ер адамдар оларға тек көңілдесім деп қана қарайды екен. Осындай қарым-қатынастағы ер мен әйелді ендеше, отбасы деп қалай атауға ауыз барады? Әйтсе де, қазақы неке дегеннің ұлтымыз үшін орны ерек екендігін жүрек-иманы бар адам өзі-ақ түсінері сөзсіз.[1]

     Атам  қазақ қазақы некенің, яғни, отбасының  бүтіндігін бәрінен жоғары қойған. Тіпті, некелесудегі жас мөлшерін де қатаң бақылап отырған. Мәселен, ертеректе хан Тәукенің тұсында  еркек 15, әйел 16 жасында некелесуге ерікті екен. Әйелдің тұрмысқа жасы жетіп шығуын ел ағалары текке  көздемесе керек, үйдің ішкі, сыртқы тіршілігінің бар тауқыметін тартатын әйел затының еркектен гөрі естірек, төзімдірек болуы өмірдің қажеттілігі  еді. Бертін келе бұл заң күшін  жойып, қазақтардың некелесуіне  жас жағынан шек қойылмайтын  болды. Осы некеге қатысты ежелден  келе жатқан, қазір де сақталатын бір  шарттың барын айта кеткен жөн. Ол — жеті атадан қосылатын туыстардың некелесуіне тыйым салынуы. Яғни, қазақтың байырғы шежірелік дәстүрі  бойынша жеті атадан тараған ұрпақ  бір ата, он үш атадан асқанда бір  ру есептелген. Сондықтан, жеті атаның ішіндегі ұрпақ туыс саналады.

     Өгей  шешеге, асыранды қызға, келінге, енеге  үйленуге болмаған. Сондай-ақ, әйелінің көзі тірісінде еркек балдызына, қайынбикесіне, қайнағасының қызына үйлене алмайды. Бөле, немере ағайындардың некелесуіне  тыйым жоқ. Неке ісіндегі барлық мәселені ата-ана мен ру басылары шешіп  отырған. Мұны мен сол заманды  көксеп айтып отыр екен деген пікірде  емес, тек қазақы некедегі ұлттығымызға ғана тән жөн-жоралғының сапырылысып, түсініксіз, еліктеушілік әдеттерге  бой ұрып бара жатқанымызды ғана тілге  тиек еттім. Сол еліктеушілігіміз азаматтық  некеге де жеткізді.

     Атауы айтып тұрғандай-ақ, (азаматтық неке) бұл некенің ерекшелігі мемлекеттік  органның тіркеуінен өтуді қаламайды. Қажет те етпейді. Тіптен бір қайнауы  жетпей тұрған Қазақстан Республикасының  «Неке және отбасы туралы» Заңында  ол туралы ешқандай түсініктеме де берілмеген. Сондықтан болар, заң  өкілдері мұны әзірге «бейресми некелесу»  деп қабылдауда. Яғни, азаматтық  неке мен заңды некенің ара-жігін  ажырату, ер-азаматтың шаңырақтағы  жауапкершілікті сезінуі шым-шытырық  оқиғаға айналып отыр. Ал, Ислам  шариғаты бұл некеге мүлдем қарсы. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Неке менің сүннетім, кім  менің сүннетімнен бет бұрса, ол менің үмметім емес», — деген. Яғни, Ислам шариғатында некесіз  отбасы, отбасынсыз неке болмайды. Аллаһ  алдында адал, ақ некені қиғызу дініміздің шарты болса, АХАЖ бөліміне тіркеліп, неке куәлігін алу заңымыздың шарты  болып табылмақ.

Информация о работе Азаматтық неке