Азаматтық неке

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 17:07, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыс мақсатты Азаматтық некенің жағымды және жағымсыз жақтарын зерттеу
Курстық жұмыс міндетті
1. Азаматтық некенің психологиялық мәселелері анықтау
2. Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы құқықтарының ерекшеліктерін талдау

Содержание

Кіріспе 4
1. Азаматтық некенің психологиялық мәселелері 6
1.1 Әйелдермен еркектердің азаматтық некеге қатнасы 6
1.2 Азаматтық некенің жағымды жақтары 10
1.3 Азаматтық некенің жағымсыз жақтары 12
2. Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы құқықтары 16
2.1 Азаматтық неке жөнінде занды қөзқарас 16
2.2 Азаматтық некедегі отбасылық қатынстар 19
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25

Работа состоит из  1 файл

азаматтык неке.docx

— 75.65 Кб (Скачать документ)

     Белгілі ақын, дінтанушы Мұхамеджан Тазабеков  азаматтық некенің шариғатта  харам етілгенін, некенің бұл  түрін қоғамның да мойындамайтынын  айта келіп: «Некенің бұл түрі қай  тұрғыдан алсақ да адам баласына зиян. Қазақты ірітіп-шіріткісі келетін, демократияны желеулетіп жүргендердің іс амалы. Бұның алдын алу үшін ұрпағымызды бесігінен бастап имандылыққа  ұйытып, тазалыққа қарай тәрбиелеу  қажет. Жүрегіне иман ұялаған, жолын  кіршіксіз таза ұстауды үйренген ұрпақтың өзі-ақ болашақта некенің  бұл түрінен жиренеді. Азаматтық  неке ешуақытта ешкімге жақсылық әкелмейді» дейді.

     Бiрқатар батыс елдерiндегi шiркеу мен мемлекет арасындағы ушыққан дүрдараздық нәтижесiнде халық екiге жарылып, азаматтық некеге тұрушылар пайда болды. Олардың некесiн ендi дiн өкiлi қиған жоқ, мемлекеттiк орган тiркедi” деп жазылған. Ал Ресей жерiндегi православиелiк христиан дiнiн ұстанатын халықтардың арасында азаматтық неке ХХ ғасырдың бас кезiнде пайда болған. 1917 жылғы революциядан кейiн билiк тiзгiнiн ұстаған большевиктер ескiлiкке қарсы көзсiз күрес жүргiзе бастады. Соның iшiнде Дiнге де қарсы атейстiк атой салынды. Православ дiндарларының таратуынша, бұрыннан қалыптасқан заңды бұзып, “бүйректен сирақ шығарып” ең алғаш азаматтық некеге отырған– әйел комиссар Александр Колонтай болған. Рас, жұртты шошытқан сол жолғы неке өте сәтсiз аяқталған көрiнедi.[15]

     Бiрақ 70 жыл бойғы Коммунистiк партияның үстемдiгi кезiнде күштеп жүргiзiлген атейстiк iлiмнiң пәрменiмен адамдардың көбi ендi некесiн шiркеуде емес, азаматтық хал актiлерiн жазатын мемлекеттiк мекемеде тiркетуге мәжбүр болды. Сөйтiп, бiр кездерi дiн өкiлдерi күнә деп таныған азаматтық неке уақыт өте келе зайырлы қоғамның да заңынан жаттық көрмей, сiңiстi болды.

     Осы арада күні кеше ғана өмірден өткен, марқұм белгілі этнограф-шежіреші Жағда  Бабалықұлмен бір әңгіме үстінде  азаматтық неке туралы пікірін білдіргенін  оқырманға ұсынуды жөн көрдім. «Қыз баласының оң жақтан өз орнына кеткеніне дейін атам қазақ ерекше тәрбиеге, бақылауға алғаны тарихтан белгілі. Тәрбиесі мен тәртібі өз алдына, әсіресе, болашақ ана болуға қатты дайындаған. Тап қазіргідей қол ұстасып, біз бас қостық деген  емес. Бүгінде қазақтың арасында «азаматтық неке» деген пайда болды. Анықтап  айтқанда, көшеден бас құрап, адамгершіліктің  заңынан аттап өтіп, уақытша немесе анда-санда көңіл жарастырып жүргендер. Қаласа тұрады, қаламаса кете барады. Шет  елге еліктеген сыңайлары. Мұсылмандар  неке суын ішпей некелеспеген. Азаматтық некедегілердің арасында баланың болуы да, болмауы да шарт емес. Осындай тұрмыс құрумен мәселен, Америкада 38 пайыз ұрпақ некесіз дүниеге келеді екен. Бұл көрсеткіш ағылшындарда 36 пайыз болса, француздарда 33 пайыз, немістерде 35 пайыз бала азаматтық неке арқылы туылатын көрінеді. Иә, көшеден алып келесің де бірге тұра бересің. Көз алдыңа келтіріп көрші… Біз неке заңы жөніндегі мәселені көтеруіміз керек. Бір ауыз сөзбен айтқанда, салт-санамыздағы әр әрекеттің өзіндік жазылмаған қағидасы бар екендігін ұмытпауымыз керек. Осы жазылмай қалған өзіндік заңдарымызды қайта қолға алсақ, салт-санамыздың жандануына көмектескен болар едік-ау. Бірақ, бұл мен үшін арман ғана…», — деп еді көпті көрген дана қарт.

     Расында да, абыз Жағда айтамыз айтқандай, қазақтың заңға жазылмаған салттық  дәстүрлері жетерлік. Айталық, «Қыз Жібек» фильмін алып қараңызшы. Фильмде  ұлтымыздың әдеп-ғұрпы барынша қамтылған. Әсіресе, некесі қиылмаған Жібек  пен Төлегенді ақ шымылдыққа енгізгенде, екеуінің ортасына жеңгелерінің белдік қоятын ешқандай ұлтта жоқ, болмайтын  да кереметтей ғұрыпты дәріптеген эпизод есіңізде шығар. Бұл белдік нені аңғартады? Әрине, Жібектің аппақ арына қорған болған, Төлегеннің төзімділігіне сын  болған дәстүрді осы белдік арқылы режиссер көрсете білді. Ақ некенің  сырын ұлттық салт негізінде танытты. «Қызжібек» қылышынан қаны тамып  тұрған солақайшыл билік тұсында  түсірілсе де, «күзеу-түзеуден» өтіп барып өз көрерменіне жетсе де, қазақ некесінің қас көрінісін  дөп басып көрсете білді. Ал, мынау  өз ауламызға өзіміз ие болған ғасырда, бүгінде екі жастың бір-біріне деген  қадірін арттыратын осындай фильмдер жоқтың қасы. Фильмнің ықпалы бүгінгі  жастардың санасына зор әсер ететіні  белгілі. Солай бола тұра «Келін»  секілді ар-ұятты аяқ асты ететін көріністегі фильмдерді түсірудеміз. Міне, біздің «қазақтығымыз». Ар-ұяттан жұрдай болғандығымызды фильм арқылы көрсетуге дейін жетіппіз. 
 
 

    1. Азаматтық некенің  жағымды жақтары
 

     Кейінгі жылдары қоғам ішінде қызу пікірталасқа түсіп жүрген «азаматтық неке» мәселесін  жақтаушылардың асығы алшысынан  түсіп тұрғаны рас.  Заң жүзінде  мүлдем қарастырылмаған азаматтық  некені халық арасында «еркін махаббат»  немесе «іс жүзіндегі неке» деп  те атайды. Бұл сөздердің астарынан  «ойнастық», «ашыналық» ұғымдарын көру қиын емес. Ислам да, өзге діндер де тыйым салған бұл құбылыс жер  қайысқан жаһандастыру толқынымен «жабайы  батыстан» келген еді.

     Әлеуметтанушылар  жастардың арасында зерттеулер жүргізіп, мынадай қорытынды жасапты: азаматтық  некені қолдаушылардың көбі – жігіттер. Олардың ұғымында : мұндай некенің  ең бір тиімділігі – басың азат, «өмірлік жарыңнан» тәуелсіз боласың. Сауық-сайран, той думанға есеп бермей-ақ кете бересің, ал бұған қосағың көнсе, көнеді, көнбесе, «өкшеңді көрсету» түк  те емес. Сауалнамаға қатысқан жігіттердің  көпшілігі «отбасын асырау керек» деп  бас ауыртпайтындығымен де азаматтық  некенің «абыройы» артып тұрғанын баса айтыпты.

     Жігіттер  азаматтық некеге заңның күші жетпейтініне де дән риза көрінеді. Дегенмен, оларды қынжылтып жүрген, бір жайт, қайда  барсаң да «Қорқыттың көрі» секілді – қандай некеге тұрсаң да алимент төлеу алдыңнан шығатыны. Міне, бұл көріністер де біздің ұлттық менталитетімізге қайшы.

     Қазіргі таңда  жастардың некелік қарым-қатынасынан  дүние есігін ашып сәби келеді. Өмірдің аздаған қиын белестерінен өтуге жас  жұбайлардың жаны  шыдамай ақыр аяғы екі жас ажырасып тынады, қиналатын бұл жерде – тек бейкүнә сәби. Өзінің кіндік қанынан жаралған баласына  алатын табыс мөлшерін аз көрсетіп я болмаса алимент төлеуден жалтарып жүрген ер-азаматтарымыз қаншама? Алимент төлемек түгілі ара-тұра болса да баласының хал-жағдайын сұрауға шамасы жоқ әкелер әке атына лайық па?

     Қазақ азаматы қай уақытта да өз баласы түгіл, туған туысқанының баласын  басқа руға асырауға, жетім қалса  бағуға да бермеген, не де болса сол  рудың ішінде, ағайын арасында өсірген. Басқа руға кетсе жат болып  кетеді деп «әмеңгерлік» институтын да ойлап тапқан.[5]

     Некелескен  ерлі-зайыптыларға көптеген жауапкершіліктер жүктеледі. Ер азаматқа отбасын адал табыспен асырап-бағу, оларға қамқор болу секілді міндеттер жүктелсе, ұл-қыздың тәрбиесіне көңіл бөліп, үй шаруашылығымен айналысу әйелдің еншісінде. Олар қалай  болғанда да өздерінің ерлі-зайыпты  екенін сезінулері керек. Ал, «азаматтық некеде» мұндай жауапкершіліктер атымен жоқ. Олар бір-бірін сынау мақсатымен бір шаңырақтың астында есеппен  өмір сүреді. Сосын дәм-тұзы жарасып  жатса, асықпай үйлену тойының қамына кіріседі. Ал, бір-бірінің ойынан шықпай жатса, «біз бір-бірімізге сай емес екенбіз, мен іздеген адам басқа  екен» деп күнделікті теледидардан көретін батыс киноларындағы  көріністі қайталайды.

     Ең  бастысы, тату-тәтті жарасып кету. Егер мінезіміз үйлеспей жатса, өз жөнімізге  кете береміз" деп ойлайды кейбір жастар. Негізі заңды түрде ерлі-зайыпты  болып танылмағаннан кейін, азаматтық  некедегі ерлер мен әйелдер бір-бірінің  алдында жауапкершілік алмайды.

     Тіпті азаматтық некеге үйірсек келетіндердің  көпшілігі қарақан басының қамын  күйттеуден әріге аса алмайды. Әрі  олардың одақтарының тұрақты  болуы да неғайбыл. Қашан айырылысып кетеді екенбіз деген үреймен  жүреді. Сол себепті олар перзент  сүйіп, ата-ана борышын өтеуге де құлықсыз болады.

   Егер  мінезіміз үйлеспей жатса, өз жөнімізге  кете береміз" деп ойлайды кейбір жастар

     Психологтардың  пайымынша, азаматтық некені жөн  көрген ер адам: "Ол маған ұнайды. Бірақ мен оған ештеңе уәде ете  алмаймын. Алдын ала ескерттім, мен  басы бос, еркін адаммын. Ренжіскен  күннің өзінде кете саламын. Әйел деген  жетіп артылады емес пе?". Ал, әйел болса: "Оны қолға түсірдім ғой, қайда кетер дейсің" деген үміт жетегінде жүреді екен.

     Азаматтық некені өн бойына сіңіріп алған Батыс  елдерінде әйелдер қауымы менің "бойфрендім" (boyfriend) бар десе, жігіттер менің "гёлфрендім" (Girlfriend) дейді. Оның тікелей мағынасы – "әйел досым", "еркек досым" деген сөз. Бүгінде қазақ жастарының да санасын жаулап жатқан азаматтық неке олардың отбасылық өмірге жауапкершілігін шектеп, жеңіл жүріске жетектеуде. Сорақысы студенттер арасында да белең алған заңсыз ерлі-зайыптылық өмірден ата-анасы бейхабар. "Қызым үйде, қылығы түзде" деген осы болар.

     Бүгінгі таңда демограф ғалымдар отбасы институтының келешегіне алаңдаулы. Өйткені келешекте  жер бетінде азаматтық некемен  жұптасқандар жұбы көбеймек.

     Ағылшын ерлерінің тең жартысы бойдақ болса, ал оң жақта отырған салт басты әйелдер саны 28 пайыздан 49 пайызға дейін өспек. Нәтижесінде, некеде тұрмаған, бірақ жұптасып өмір сүретіндер қатары екі есеге артып, 3,8 млн. адамға жетпек. Қазақстанда да бұл үрдіс үзілмей, жалғаса берсе, жоғарыда көрсетілген жорамалдың бізде де орын алуы ғажап емес.

     Әңгімемізге арқау болған “азаматтық неке”  – дiни некенi мойындамайды, мемлекеттiк  органның тiркеуiнен де өтпейдi, әрi Қазақстан  Республикасының “Неке және Отбасы туралы” Заңында ол туралы ешқандай түсiнiктеме берiлмеген, сондықтан  заң өкiлдерi мұны “бейресми некелесу”  деп қана атайды.

     Қазақтың  дініне де, дініне де жат «азаматтық неке» жағдайында қаншама қандас бауырларымыздың өмір сүріп жатқанын дөп басып айту мүмкін емес шығар. Оның бәрін ресми санаған ешкім  жоқ. Дегенмен, жастар арасында «азаматтық некеге» деген «оң» көзқарастың  туындап келе жатқаны айдан анық. Мұның сыры болмысымызға тән жылтырағанға қызығушылықта жатыр деп топшылауға болады. Қазақ қоғамында батысқа  деген елеңдеушілік, «дамыған» өркениетке талпынушылық бар. Ал тіпті еркек  пен еркектің қосылуына, әйел мен  әйелдің заңды неке құруына «жасыл шам» жағып отырған «жабайы батыс» үшін азаматтық неке дегенің не болыпты? Бүгінде соның әсерінен бе Ресей  телеарналарының көбі бұл некені тек жақсы етіп қана насихаттауға құмар-ақ. 
 
 

     1.3 Азаматтық некенің  жағымсыз  жақтары 

     «Азаматтық  неке» құбылысының қоғамға демографиялық, рухани және басқа да  зардаптары жайында еліміздегі белгілі тұлғалар аузынан айтылып, бірқатар жетекші басылымдар тарапынан жазылып та келеді. Мамандардың есептеуінше, азаматтық некемен өмір сүрген жастардың 80 пайызы кейін бір-бірінмен жараспай, айырылысады екен. Тек бестен бірінің ғана дәм-тұзы жарасып, ерлі-зайыпты атанатын көрінеді. Еліміздегі Дағдарыс орталықтары одағының мәліметіне сүйенсек, онда жыл сайын «азаматтық некеге» тұрып, алданып қалған 15-20 әйел көмек сұрап келеді екен. Оның үстіне, бүгінгі таңда кәмелетке толмаған балалардың 22 пайызы некесіз туған деген дерек бар. Мұның бәрі еліміздің демографиялық жағдайына оразан зор кесірін тигізері айдан анық.

     Бір-бірімен  тек ашыналық қатынаста болуды көздеген немесе жұмыс карьерасын ғана ойлап, бала табуды кейінге ысырған жастар көбіне «азаматтық некеге» тұруды құп  көреді. Өйткені, бұл кез келген уақытта  қосылып, кез келген сәтте айырыла  салатын ең «оңай» неке екені рас.

     Рухани  тұрғыдан қарар болсақ, некеге тұрмай тән қарым-қатынасында болу –  адамды ар-абырой кемістігіне шалдырады. Психологтардың пiкiрiнше,  “азаматтық некедегi” нәзiк жандылар көбiнесе күйеуiм бар деп сенедi, ал ер адамдар оларға тек көңiлдесiм деп қана қарайды екен.

     “Азаматтық  неке” кезiнде дүниеге келген баланың әкесi екенiн мойындаудан  ер адамдар бас тартса, яки керісінше  бойжеткендер өз ішінен шыққан шаранасынан  үркіп, ат тонын ала қашады. Осындай  келеңсiз жағдайлардың кесiрiнен  қаншама сәбидiң тағдырына “некесiз  туылған” деген жаман атақ жамалса, ал қаншама сәби жарық дүниені  көрместен жатыр iшiнде тұншығып өледi. Мұның обалы кімге? Бұл үшін сол қоғамдағы әрбір азамат жауапты.

     «Малым  арымның садақасы, арым жанымның  садақа» деп санаған қазақ халқы үшін ар-намысы қашанда жоғары тұрған. Ар-намыстың бір бөлігі пәктік. Иә, бұл қыз пәктігі мен тазалығы. Әңгімені төтесінен тартып, Жеренше шешен тілімен айтсақ, «қыздай алмай, қатын болмас». Жалпы медицина мамандарының пікіріне жүгінсек, Сөз реті келгенде айта кетейік, мұсылман әйел өзге дін өкіліне тұрмысқа шығуына қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ шетелден келген өзге ұлт өкілдерімен тұрмыс құрып жатқан қыздарымыз қаншама? Әрине дініміз тілі басқа мұсылман баласына үйленуге тиым салмайды. Бірақ, сол елімізге түрлі қызмет бабымен келген шетел азаматтарының басым бөлігінің өз елдерінде отбасылары бар. Жоқ болған күннің өзінде олар бұл некеге немқұрайлы қарап, кез келген уақытта тастап кете барады. Сондай-ақ тілі басқа, салт-дәстүрі бөлек кісімен тілтабысып, бірін-бірі түсінісіп кетуі де аса қиын. «Айран ішкен құтылар, жалағаны тұтылар» демекші, екі ортада мұның зардабын қаракөз қарындастарымыз тартып, аты қазақ, заты метис жиендерді өсіріп-бағып келеді. Мұндай жағдайлардың куәсі болып та жүрміз. Мұны біздің неке мәселесінде опық жеп отырған тұсымыздың бірі деуге болады.[7]

     “Азаматтық неке” – дiни некенi мойындамайды, мемлекеттiк органның тiркеуiнен де өтпейдi, әрi Қазақстан Республикасының “Неке және Отбасы туралы” Заңында ол туралы ешқандай түсiнiктеме берiлмеген, сондықтан заң өкiлдерi мұны “бейресми некелесу” деп атайды немесе “азаматтық неке” деген тiркестi тырнақшаның iшiнде жазуды ұсынады. Сiрә, сөз сыңайын ұққан адамға дiннен бөлектенген некенiң екi түрiнiң де әу бастағы сипаты бiр болғанын аңғаруға болады. Тек жiк iшiнен жiк пайда болып, ендi тiптi мемлекеттiк неке куәлiгiн де керек қылмайтын, “еркiн махаббатты ” қолдаушылар қалыптасты. Сiрә, “еркiн махаббат” деген ұғым асу астында қалған жүз жылдықтың бел ортасындағы оқиғалардан хабары бар адамды емiксiте қоюы екi талай. АҚШ пен Батыс Еуропадағы 60- жылдары еркiндiкке бой ұру тым жүгенсiз кетiп, тұтас бiр ұрпақты “сексуальдық төңкерiс” деп аталатын азғындықтың билеп алғаны көзi қарақты адамның есiнде. Бүгiн Қазақстанда кәмелеттiк жасқа толмаған балалардың 22%–некесiз туылғандар. Дағдарыс орталықтары Одағының төрағасы, заңгер Зүлфия Байсакова: “Жыл сайын кем дегенде “азаматтық некеге” тұрып, алданып қалған 10-15 әйел көмек сұрап келедi. Қазiр ер адамдар өздерiнiң заңды балаларына алимент төлеуден қашқақтайды, ал “азаматтық некеде” дүниеге келген балаға алимент төлету мүлде мүмкiн емес. Ер адамды шынымен баланың әкесi екенiн анықтайтын бiр ғана жол бар, ол – ДНК арқылы дәлелдеу. Бiрақ бұл өте қиын, әрi қаржыны қажет етедi. Ал сот көп жағдайда мұндай iстердi қарауға тәуекел етпейдi.

Информация о работе Азаматтық неке