Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 17:07, курсовая работа
Курстық жұмыс мақсатты Азаматтық некенің жағымды және жағымсыз жақтарын зерттеу
Курстық жұмыс міндетті
1. Азаматтық некенің психологиялық мәселелері анықтау
2. Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы құқықтарының ерекшеліктерін талдау
Кіріспе 4
1. Азаматтық некенің психологиялық мәселелері 6
1.1 Әйелдермен еркектердің азаматтық некеге қатнасы 6
1.2 Азаматтық некенің жағымды жақтары 10
1.3 Азаматтық некенің жағымсыз жақтары 12
2. Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы құқықтары 16
2.1 Азаматтық неке жөнінде занды қөзқарас 16
2.2 Азаматтық некедегі отбасылық қатынстар 19
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25
2.1
Азаматтық некедегі отбасылық қатынстар.
Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы – неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы болып абылады.[2]
Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.
Азаматтық некеде, неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата – анасыз бірге тұрып, бір – біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы.
Адамдар
арасында некеден, туыстықтан, бала асырап
алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала
алудан туындайын қатынастар отбасылық
қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы
қатынастардың бәрі бірдей құқық
жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы
қатынастар, негізінен, адамгершілік,
ізгілік - өнегелік нормалары негізінде
реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік,
қамқорлық және имандылық қолдаудың
көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе
ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға
сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын
қамтамасыз ету оның басшысы ретінде
толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды
қадірлеп, құрметтеу).
Осы күнде азаматтық неке мен заңды некенің ара-жігін ажырату, ер азаматтың шаңырақтағы жауапкершілікті сезінуі шым-шытырық оқиғаға айналған. Бұған дәстүрдің озығы, я, тозығы қосылып жағдайды ушықтырмаса, жақсартқаны шамалы Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселе кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларға араласу отбасылық қатынастар бұзылғанда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей – тегжейлі реттелеі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылық құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылық – некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.
Алдымен
азаматтық некенің қоғамға
Қазір жастардың кейбірі баспаналары болмағандықтан, жүгі жеңіл болсын деп, бірлесіп, пәтер жалдап тұра береді. Бірақ осылайша заң органдарына барып, неке куәлігін алмаса да, олар дінімізге де жат құбылысты тудырып отыр. Яғни, «азаматтық некені» ислам діні де мойындамайды. Әрбір мұсылман баласының шариғат бойынша неке қидырғаны дұрыс. Сол жағдайда ғана екі жастың арасында таза махаббат, бір-бірінің алдында шынайы жауапкершілік пайда болып, қазірде ұзын саны 25 %-ға жуықтап отырған «некесіз туылған» жасөспірімдердің саны азаяр еді.
«Азаматтық
некенің» тағы бір тығырыққа тірейтін
жағы ол алданып қалған жас аналардың
алимент төлете алмай, бар ауыртпашылықты
өз мойындарына алатындығы. Жас қыздарымыздың
көпшілігі психологиялық
Қазақстанда 5 млн. отбасы бар, соңғы жылдары жалпы отбасы азайып барады. Оның iшiнде 2,3,4 адамнан тұратын отбасылар – 70 пайыз, бес адамнан артық отбасылар – 26 пайыз, он адамнан артық отбасылар бiр пайызды құрайды.
Оның бiр себебi АХАЖ -да тiркелмейтiн азаматтық неке немесе көңiлдестiк деген бiздiң есiтiп көрмеген бiр пәле шықса, ең негiзгiсi жаңадан қосылған отбасыларының үштен бiрiнiң ажырауы.
Қазақ тарихында ажырасу деген өте сирек, жетiм, жесiр деген болмаған. Дана қазақ дала заңыменен барлық Орта Азия халықтары сияқты некелескен қыздың ары таза болмай ұятты болып шықса, оны бүкiл ел алдында масқаралап, бетiне күйе жағып, өгiзге терiс отырғызып, қолына тесiк қазан мен шүмегi сынған шәугiм ұстатып, елiне апарып тастап, қалың малын қайтарып алатын болған. 40 боз биенiң сүтiне кiнәлi қызды шомылдырып, күйеуiне қайта қосқан жағдайлар да болған.
Мұхамедтiң (с.ғ.с.) хадистерiнде: «Некелесiп тұрмыс құрғандар, өсiп-өнiңдер, мен қиямет күнiнде өз үмбеттерiмнiң басқаларға қарағанда көп болғанын көрiп қуанамын.
Некесiз iшкен, жеген тамағыңыз арам. Сондықтан отбасын құру – арамнан сақтайды, абыройыңды қорғайды. Көп туатын әйелдерге үйленiңдер, өйткенi мен басқаларға сендердiң көбейгендерiңдi мақтанышпен айтамын. Көп бала тапқан әйел басқалардан әлдеқайда артық. Ол Алла тағаланың алдында да сүйкiмдi» деген. Өзiн мұсылман қауымына қосатындар үшiн осыдан асқан Қазақстанда 364 мың ерсiз жас әйелдер, 120 мыңның үстiнде кәрi қыздар бар екен. Некеге тұратын қыздардың орта жасы – 23 жас, жiгiттерiнiкi – 26 жас, 30-34 жастағы тақиялы перiштелер – 14%, қыздар – 10 %. 1999 жылы ЗАГС босағасын аттамаған жiгiттер – 29%, қыздар – 22%, жесiрлер – 15%.
Атам қазақ мың өлiп, мың тiрiлiп жүрiп, қазаны оттан түспей, өзi аттан түспей, елiн, жерiн қорғап 400 жылдай жоңғармен, қалмақпен, қытаймен, өзбекпен, орыспен соғысып жүрiп, бiр заманда атқа мiнер азаматтарымыздың саны қауiптi, қатерлi дәрежеге дейiн азаяды. Сонда дана бабаларымыз, осы демографиялық апатты, өткiр, тағдырлы мәселенi, он үште отау иесi, әмеңгерлiк, көп әйел алу, белден, бесiктен құда болу деген даланың жазылмаған данышпандық заңымен сәттi шешiп отырған.
Ол заманда ауа, су, тамақ таза, жастар ерте жетiлетiн болған. Жан алып, жан берiскен соғыстарда жауынгер балам жетiм қалады, әйелiм жесiр қалады деп алаңдамай, өлiмнен қорықпай айқасуы үшiн қазақ өмiрiне әмеңгерлiк заңын енгiзген.
Сондықтан қазақ тарихында, қазақ дәстүрiнде, екi әйел алу мәселесi ерiккеннiң ермегi, көлденең көк аттының келемежi, сайқымазағы, қазаны бөлек, қайғысы бөлектердiң мазағы, отбасы, ошақ қасы төңiрегiнде ойланатын, тон пiшетiн қандастарымыздың жеңiл желпi, қате түсiнiгi емес.
Ол қазақ халқының тарихы, кешегi, бүгiнгi, ертеңгi тағдырына байланысты, оның жер бетiнде, күн астында болу болмауына байланысты ешқандай талас тудырмауға тиiстi, талқылануға жатпайтын ұлттың өмiрлiк, өзектi, ерекше мәселесi.
Қанша егемендi, тәуелсiз ел болдық десек те, сапамыз жақсармай, санымыз көбеймей өсiп, өркендеуiмiз, көктеп көгеруiмiз iргелi, тұғырлы, түбiрi, өзегi мықты мемлекет болуымыз неғайбыл.
Келешекте жер бетiнде қазақ халқы болуы үшiн, қазақтың қазақ болып қалуы үшiн бұл мәселенi өзiмiз де, өзгелер де жете, тереңнен түсiну керек. «Азаматтық неке», міне, осындай опық жейтін оқиғаларға әкеліп жатады. Оған кінәліні біржақты емес, жан-жақты іздеу керек шығар. «Ақпа құлаққа айт-саң ағып кетеді, құйма құлаққа айтсаң, құйып алады» демекші, тілге тиек етіп отырған бұл тақырып әлі де өзекті, әлі де өз шешімін тауып, елге түсінікті бола қоймаған сияқты.
Жаһанданудың жағымсыз
Қорытынды
«Азаматтық неке» алғаш Батыста пайда болған. Бұрынырақта жастар отбасын құру үшін діни жолмен неке қиған. Кейіннен қарсылыққа қарамастан, мемлекеттік органдарға тіркеліп, некелерін қидыратын жас отбасылар пайда болды. Соны “азаматтық неке” деп атайды. «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 2-бабында мемлекеттік АХАЖ мекемелерінде тіркелген неке азаматтық неке болып саналатыны жазылған. Яғни бұл - заңды неке. Бұған қоса жастар өз қалауымен Алланың жердегі үйі - мешітке барып, неке қидырамыз десе, еш қарсылық жоқ. Ал қазір қоғамда белең алған “азаматтық неке” діни некені де мойындамайды, мемлекеттік органның тіркеуінен де өтпейді. Бұл неке туралы жоғарыда аталған заңда ешқандай түсінік берілмеген. Екі жастың келісімімен жасалатын неке десе де болады. Неке деуге де келмес. Себебі мұнда екі жасқа жүктелген жауапкершілік бо Сонымен, отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы.
Отбасының заңдық белгілеріне мыналар жатады: адамдардың неке немесе туыстық негізде бірігуі; өзара имандылық және материалдық қолдау;
бала туу және оларды тәрбиелеу; өзара жекебасындық және мүліктік құқықтар.
Бір негізден немесе ортақ атадан тарайтын адамдардың қандастық – кіндіктестік байланысы, туыстық деп түсініледі. Туыстықтың екі тармағы бар: тікелей және жанама.
Ерлі – зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын, отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіп бойынша тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасаған ері мен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты неке деп түсінуіміз керек. Қазақстанда тек мемлекеттік АХАЖ органдарында жасалған адамдардың одағы ғана неке деп танылады. Болашақ ерлі – зайыптылардың өзара келісімі және олардың неке жасы 18 – ге толуы неке қиюдың басты шарты болып табылады.
Ерлі – зайыптылар арасындағы қатынастар құқықтары мен мінднттерінің теңдік қағидаларына негізделеді.
Азаматтық некеден туған балалар, тіркелген некеден туған балалар сияқты заңмен қорғалады. Алайда мұндай қатынастар әдетте тараптар үшін заңдық салдар туындатпайды.
Мемлекет аналар мен балалары қолдайды, отбасын қорғауға алады.
Ерлі – зайыптылардың жеке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуы некенің тоқтатылуы деп түсініледі. Неке заңда айқындалған оқиғалардың туындауы салдарынан не ерлі – зайыптылардың бірінің немесе екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.
Әлеуметтанушылар
жастардың арасында зерттеулер жүргізіп,
мынадай қорытынды жасапты: азаматтық
некені қолдаушылардың көбі – жігіттер.
Олардың ұғымында : мұндай некенің
ең бір тиімділігі – басың азат,
«өмірлік жарыңнан» тәуелсіз боласың.
Сауық-сайран, той думанға есеп бермей-ақ
кете бересің, ал бұған қосағың көнсе,
көнеді, көнбесе, «өкшеңді көрсету» түк
те емес. Сауалнамаға қатысқан жігіттердің
көпшілігі «отбасын асырау керек» деп
бас ауыртпайтындығымен де азаматтық
некенің «абыройы» артып
Жігіттер азаматтық некеге заңның күші жетпейтініне де дән риза көрінеді. Дегенмен, оларды қынжылтып жүрген, бір жайт, қайда барсаң да «Қорқыттың көрі» секілді – қандай некеге тұрсаң да алимент төлеу алдыңнан шығатыны. Міне, бұл көріністер де біздің ұлттық менталитетімізге қайшы.
Қазақ азаматы қай уақытта да өз баласы түгіл, туған туысқанының баласын басқа руға асырауға, жетім қалса бағуға да бермеген, не де болса сол рудың ішінде, ағайын арасында өсірген. Басқа руға кетсе жат болып кетеді деп «әмеңгерлік» институтын да ойлап тапқан.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ