Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 14:52, курсовая работа
Азаматтық құқық дегеніміз – бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген, тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы. Азаматтық Заңдар және олардың жүйесі.
КІРІСПЕ ...................................................................................................................... 3
I. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ ........................................ 6
1.1 Азаматтық құқықтың пәні ................................................................................. 6
1.2 Азаматтық құқықтың әдістемесі ....................................................................... 8
1.3 Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен байланысы ........................ 9
II. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ .............................................. 13
2.1 Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі ................... 13
2.2 Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық қағидасы .......... 15
2.3 Шарт еркіндігі қағидасы ................................................................................. 16
2.4 Әркімнің жеке ісі мен өміріне араласуға жол берілмейтіндігі .............. 17
2.5 Азаматтық құқықтардың қорғалуы қағидасы..................................................18
III. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ .................................................................. 21
3.1. Азаматтық құқық жүйесіне жалпы сипаттама ............................................... 21
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................ 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................... 27
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ..............................
I. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
..............................
1.1 Азаматтық құқықтың пәні ..............................
1.2 Азаматтық құқықтың әдістемесі
..............................
1.3 Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен байланысы ........................ 9
II. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
..............................
2.1 Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі ................... 13
2.2 Меншікке және басқа заттық
құқыққа қол сұқпаушылық
2.3 Шарт еркіндігі қағидасы ..............................
2.4 Әркімнің жеке ісі мен өміріне араласуға жол берілмейтіндігі .............. 17
2.5 Азаматтық құқықтардың қорғалуы
қағидасы......................
III. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ
..............................
3.1. Азаматтық құқық
жүйесіне жалпы сипаттама ..............................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ..............................
КІРІСПЕ
Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі деп есептеуге болады. Өйткені, бұл саламен реттелетін құқық қатынастарының шеңбері кең.
Азаматтық құқығымен реттелетін қатынастарының түсінігі – реттеу пәні мен реттеу тәсілдері.
Азаматтық кодекстің 1-бабының, 1-тармағында көрсетілгендей, азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен реттеледі. Азаматтық құқықтармен реттелетін қоғамдық қатынастарының негізгісі – мүліктік қатынастар. Мүліктік қатынастарға қоғамдағы өндіріс құрал жабдықтарына, мүліктік игіліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.
Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүлікті емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екіге бөлінеді. Байланысы бар мүліктік жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Байланысы жоқ мүліктік қатынастарға азамат есімі, жеке өмір құпиялылығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, заңды тұлғалардың абыройына, қадір-қасиетіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады.
Азаматтық құқық реттеу тәсілдері.
Реттеу тәсілдері мына ережелерге байланысты анықталады:
Азаматтық құқық, көбінесе диспозитивтік нормаларға негізделген. Диспозитивтік норма дегеніміз – тараптар арларында туындайтын қатынастарды өздерінің қалауынша, егер заңда өзгеше көзделмесе, реттеу мүмкіндігі.
Азаматтық құқық дегеніміз – бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген, тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы. Азаматтық Заңдар және олардың жүйесі.
Ведомствалық азаматтық құқықтық нормативтік актілер алуан түрлі болады. Мысалы үшін, 1994-жылғы 10-қазанда ҚР Қаржы Министрінің Бұйрығымен бекітілген « Тәркіленген, иесіз мүлікті, қымбат металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды есепке алу, бағалау және сату тәртібі туралы нұсқауды» атауға болады.
Азаматтық Заңның қолданылуы
Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы және оның ерекшеліктері
Азаматтық құқықпен реттелген мүліктік қатынастар, сондай-ақ қатысушылары бір-бірімен субьективті азаматтық құқықтармен және міндеттермен байланысатын салаларға қатысты жеке мүліктік қатынастар азаматтық құқық қатынастар деп аталады.
Ерекшеліктері
Азаматтық құқық қатынастарының субьектілері заң жүзінде тең құқылы бір-біріне тәуелсіз, сол арқылы олар басқа құқықтардан ажыратылады.
Азаматтық құқықтық қатынастар заңда көзделген негіздер бойынша да көзделмеген негіздер бойынша да туындауы мүмкін. Азаматтық құқықтың жағдайлары мен мазмұнын белгілегенде тапаптардың келісімі басым болады.
Азаматтық құқық қатынастарының мазмұны
Субьективті құқықтар мен міндеттер де азаматтық құқықтық қатынастарының мазмұны болып табылады. Субьективті құқық дегеніміз – құқық берілген тұлғаның ықтимл мінез-құлық шамасы. Азаматтық құқық қатынастарда тараптар құқық берілген және міндетті тараптар деп екіге бөлінеді.
Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар құрамының өзгеруі мүмкін, мұның өзі, атап айтқанда, құқықтық мирасқорлық себебінен орын алады. Құқықтық мирасқорлық деп – құқықтың бір тұлғадан құқықтық ізашардан екінші тұлғаға – құқықтық мирасқорға ауысуы түсіндіріледі; бұл ретте соңғысы құқық қатынастарында өзінің құқықтық ізіашарының орнын басады.
Азаматтық құқық қатынастарының түрлері
Азаматтық құқықтың
туындауына заңдық фактілер
Біздің осы тақырыпты таңдап алған себебіміз де, осы тақырыптың маңыздылығана байланысты болды. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның өзектілігі мен дәрежесіне тікелей байланысты туындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: осы азаматтық құқықтың Қазақстандық және халықаралық құқықтар арасындағы орны мен маңыздылығын және қоғамдағы орны мен ерекшелігі туралы толық мәлімет беру. Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз: ол азаматтық құқық ұғымы, оның әдістері , азаматтық құқық реттеу тәсілдері, азаматтық заңдарды және азаматтық құқықтың принциптерін анықтау және курстық жұмыстың құрылымды мазмұны мына бөлімдерден тұрады: кіріспе бөлімі, үш тарау, тоғыз параграф және қорытынды бөлімі, сондай-ақ жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі қамтылған.
I. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1 Азаматтық құқықтың пәні
« Азаматтық құқық » атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы – цивильді құқық деп атаған.
Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді. Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды цивилист деп жүр.
Римде құқықты жария және жеке деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария және жеке құқықтардың классикалық аражігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді: «жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді».
Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.
Сонымен қатар азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінің арасында белгілі бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан азаматтық құқықтық жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін тигізіп отыр. Бұл орайда « біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз... », ендеше осы бағытта әр түрлі өркениеттердің ең соңғы жетістіктерін пайдаланудың маңызы зор.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінеді. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. ҚР-нің азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Бір сөзбен айтқанда мүліктік қатынас дегеніміз – мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай « заттық қатынас », мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі « міндеттемелік қатынас », меншік иесінің қайтыс болуына байланысты болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.
Дейтұрғанмен бұдан азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей реттей береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені, олардың өзіәртүрлі сипатта кездеседі. Сайып келгенде, мүліктілік дегеніміз заңды белгі болып табылмайды, ол тек экономикалық түсінік. Сондықтан да азаматтық құқық пәнінің мазмұнын оны біріктіретін әрі мән-мағынасын ашатын тұсын бөліп қарауды қажет етеді. Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік қатынастардың мынандай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір экономикалық құндылыққа ие болумен байланысты материалдық обьектілер жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы, қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы.
Мүліктік құндылық қатынастарға ең алдымен қатысушылардың құн заңына сүйенетін мүліктік қатынастарының теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынастары және өзге де қатынастар жатады десек, нарықты экономика жағдайында тауар-ақша қатынасы азаматтық құқықты реттеудің негізгі өзегіне айналады. Мүліктік қатынас адамдар арасындағы қатынас болғандықтан ол мүліктік емес қатынастармен біте қайнасып, ұштасып жатады.
Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары мүліктік емес қатынастардың екі түрін, атап айтқанда, мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар мен мүліктік қатынастарды реттейді. Мүліктік емес жеке қатынастың бірінші тобына мүліктік қатынаспен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастар жатады. Бұл жердегі (байланыстылық) деген сөз жеке қатынастардың мүлікке бағыныштылығын көрсетпейді, қайта қоғамдық қатынастардың біртұтас бірлікке болуын айқындайды (мәселен, авторлық, өнертабыс және т.б. қатынастар). Мысалы, бір ұйымның басқа бір заңды тұлғаның тауарлық белгісін заңсыз қолданса онда ол әлгі тұлғаға зиянын тигізеді. Мүліктік емес қатынастан келіп мәселен, шығарманың авторы үшін мүліктік қатынастың мүліктілігі пайда болады. Сондықтан мүліктік қатынасқа байланысы мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық құқық нормаларымен реттеледі.
Информация о работе Азаматтық құқық пәні, қағидалары, жүйесі