Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 14:52, курсовая работа
Азаматтық құқық дегеніміз – бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген, тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы. Азаматтық Заңдар және олардың жүйесі.
КІРІСПЕ ...................................................................................................................... 3
I. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ ........................................ 6
1.1 Азаматтық құқықтың пәні ................................................................................. 6
1.2 Азаматтық құқықтың әдістемесі ....................................................................... 8
1.3 Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен байланысы ........................ 9
II. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ .............................................. 13
2.1 Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі ................... 13
2.2 Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық қағидасы .......... 15
2.3 Шарт еркіндігі қағидасы ................................................................................. 16
2.4 Әркімнің жеке ісі мен өміріне араласуға жол берілмейтіндігі .............. 17
2.5 Азаматтық құқықтардың қорғалуы қағидасы..................................................18
III. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ .................................................................. 21
3.1. Азаматтық құқық жүйесіне жалпы сипаттама ............................................... 21
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................ 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................... 27
Мүлік қатынасына байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың екінші түрі мүліктік қатынасқа қарағанда өзге фактілерге орай және басқа субьектілер арасында да туындайды. Ол жеке адамдар мен ұйымдарға ғана тән әрі олардан ажырамайтын игілік болып табылады, сондай-ақ онда мүлік мазмұны болмайды, ақшамен де бағалауға келмейді.
Мүліктік емес жеке қатынас Қазақстан Республикасы Конституциясымен реттеледі. Конституцияның 2-тарауы адам мен азаматтың ажырамайтын құқықтарына арналған. Сонымен азаматтық құқықтың реттеу пәніне мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың мейлінше кең ауқымы енеді. Қорыта айтқанда, азаматтық құқықты реттеудің пәні, міне, осындай. Енді әдістеме жөніндегі мәселеге тоқталайық.
1.2 Азаматтық құқықтың әдістемесі.
Құқықтың әрбір негізгі саласының өзіне тән құқықтық реттеу әдістемесі болады. Ал оның жеке қырлары субьектілердің құқықтық мәртебесінде, құқық қатынастарын қалыптастыру негіздерінде, олардың мазмұнын айқындау әдістерінде және заң санкцияларында топтастырыла көрсетілген.
Мүліктік және мүліктік емес қатынастардың азаматтық құқықтық реттеу әдістемесі бірқатар өзіндік белгілерге ие:
Осы айтылғандарға сүйене отырып, мынандай тұжырым жасауға болады: азаматтық құқық – құқықтың бір саласы, ол тауар-ақша қатынастары жіәне қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатыныстарға байланысты ( немесе байланысы жоқ ) мүліктік емес жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.
1.3 Азаматтық
құқықтың басқа құқық
Бұдан бұрын айтылған құқықтық реттеудің пәні мен әдістемесі азаматтық құқықтың орнымен шектес басқа салалардан бөліп қарауға мүмкіндік береді. Бірақ та азаматтық құқықты шектес салалардан оқшаулағанда төмендегідей жағдайларға көңіл аудару қажет: жаңа Азаматтық кодекс (1994-жылы) қабылданғанға дейін азаматтық құқық өзіне тән қатынастарды реттеді. Айталық, Қазақ КСР Азаматтық кодексі ( 1963-жылы қабылданған) бойынша отбасы, еңбек, жер қатынастары , сондай-ақ колхоздардағы өздерінің Жарғысынан бастау алатын қатынастар, суды пайдалану жөніндегі қатынастар тиісінше – отбасы, жер, колхоз және су жөніндегі заңдарымен реттеліп келді. Ендігі жерде Азаматтық кодекстің 1-бабы 3-тармағына сәйкес азаматтық құқық осы баптың 1-тармағында аталған белгілерге сай келетін отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға ( мәселен, мүліктік қатынастар және тараптардың заңдық теңдігіне негізделген болса), егер де тиісінше отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғпу туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда, сондай-ақ оларды реттеуде ағаттықтар кеткен кезде, қолданылады.
Азаматтық және еңбек қатынастарының ара жігін ашу белгілі бір жағдайда өзіндік қиындықтар да туғызады. Бұл орайда Азаматтық кодекстің кейбір нормаларының тікелей еңбек қатынастарын реттей алатындығына мән берген жөн. Атап айтар болсақ, Азаматтық кодекстің 19-бабының 3-тармағы жеке кәсіпкер мен азаматтардың арасындағы еңбек шартын, оның ішінде келісім-шартты жасасу мүмкіндігі жөнінде болып келген дауларға нүкте қояды. Жоғарыда атап өткеніміздей, еңбек қатынасына азаматтық құқықты қолдану мүмкіндігі Азаматтық Кодекстің 1-бабының 3-тармағында ап-анық көрсетілген. Осы тұжырымдаманы түсіндіру жөнінде 1995-жылы 22-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты өзінің Пленумында №10 қаулысын ( нормативтік сипаты бар ) қабылдады. Бұл қаулы « моральдық зиянды өндіртіп алу туралы заңды соттардың қолдануы туралы » деп аталды. Оның 5-тармағында былай делінген: « Еңбек туралы заңдарда рухани немесе дене зардабын шеккендерге өтем төлету жөнінде тікелей айтылмауына қарап, жәрірленуші зиянның орнын толтыруға құқығы жоқ деуге болмайды. Сот КСРО мен республикаларының азаматтық заң Негіздерінің 131-бабына сүйене отырып, жұмыскерді заңсыз жұмыстан шығарғаны не басқа жұмысқа ауыстырғаны үшін, оған еңбекақы төлемей, жұмыста мүгдектікке, кәәсіби ауруға ұшыратқаны үшін, сөйтіп, рухани және де дене зардабына жол бергеніне байланысты жұмыс берушіден өтем төлеуді міндеттеуге құқылы ».
Осы орайда еңбек құқығы пәнінің азаматтық құқықтан айырмашылығы -оның еңбек үрдісіндегі қатынасты реттеуінен көрінеді. Себебі онда еңбек нәтижесін алып беру жоқ. Жұмыс күші тауар болып табылмайды. Сол себепті де жекелеген жағдайда жалақы жұмыс күшінің құнын бағалаудың нысаны бола алмайды, жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу оның істеген ісінің саны мен сапасына қатысты келеді. Құқықтық реттеу әдістемесі тұрғысынан қарағанда, жұмыскер жұмыс берушімен шарт жасасып, сол арқылы тең құқықты әріптеске айналатынын байқау қиын емес, дейтұрғанмен жұмыскер ақыр аяғында еңбек тәртібіне бағынып, әкімшіліктің талабын, сондай-ақ оның еңбек ету міндетіне жататын басқа да міндеттерді орындайды.
Отбасы құқығы некеге және отбасына қатысты қатынастарды реттейді. Отбасы құқығы некеге тұру, некені бұзу және оны жарамсыз деп танудың жағдайы мен тәртібін реттейді, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында қалу тәртібі мен түрін, азаматтық хал актілерінің тіркеу тәртібін, сондай-ақ отбасы мүшелері арасындағы мүліктік емес жеке қатынастарды айқындайды. Қажет кезінде туыстар мен басқа адамдар арасындағы жағдайлар заңда көзделмеген ретте қаралады.
Отбасы құқығына реттеудің ерекше әдістемесі тән, ол ерікті түрде болады, ал жарлық ету түріндегісі – императивті, яғни бұйрықты сипатқа ие. Осы екі бастаудың өзі оның ерекшелігін білдіреді.
Отбасы құқығының дербестігіне қарамастан ол туралы заңмен реттеуге келмейтін отбасылық қатынастарға азаматтық заң қолданылады. Ал мұның өзі отбасы қатынастарына қайшы келе қоймайды. Мысалы, Азаматтық Кодекстің 223-бабына сәйкес: ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-зайыптылардың үлесті меншігі болатыны, не олардың әрқайсысына тиесілі немесе меншік құқығында тиісті бөліктерде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі екені олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың бірлескен меншігі болып табылады. Азаматтық кодекстің 223-бабындағы 2-тармаққа сәйкес, егер некеде тұрған кезде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен сол мүліктің құнын едәуір арттырған қаражат жұмсалғаны ( күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және т.б. ) анықталса, ерлі-зайыптылардың әрқайсысынын мүлкі олардың бірлескен меншігі деп таңылуы мүмкін. Осы мысалдың өзі-ақ азаматтық заңды отбасы қатынастарына қолданудың айқын бір көрінісі болып табылады.
Азаматтық құқық табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан былайша ерекшелінеді: а) табиғи объектілерді пайдалану мен қорғауда мүліктік сипаттың болмауымен, бірақ материалдық құндылық болып санала тұрса да толық түрде мүлік дәрежесіне ие бола алмайды. Сонымен, табиғи объектілер арнайы есеп жүиесі (көлем мөлшері және т.б.) кадастрмен есепке алынады; ә) әзірге табиғат пайдалану жүиесінде ( жерден басқасы ) толық дәрежедегі тауарлық қатынастарға түгел қосылған жоқ. Солай бола тұрса да заңда табиғатты пайдалану ақылы көрсетілген, бірақ заңға сәйкес табиғат пайдаланушыларға табиғи ресурстарды( жеке меншікке берілетін жерден басқасына) сатуына және сатып алуына руқсат етілмейді.
Экологиалық әдебиеттерде кездесетін осындай пікірлерге қарамастан азаматтық құқық ( бірнші кезекте Азаматтық кодекс) жерді меншіктену және жер участкелерін пайдалану қатынастардың мейлінше кең түрде реттейтінін айта кеткен жөн. Бұл орайда тұлғалардың құқықтарын да ( мысалы, ипотеканы, жер учаскесіне сервитутты , мұрагерлікке берілуді және т.б. ) қорғайды. Осыдан-ақ табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау заңымен реттеуге келмейтін қатынастарға азаматтық заңды пайдалану қажеттігі дау туғызбайтындығын көреміз.
Азаматтық кодекстің 1-бабының 4-тармағына сәйкес, заң құжаттарында көзделген реттерді қоспағанда, бір тараптың екіншісіне әкімшілік немесе өзге де билік жағынан бағынуына негізделген мүліктік қатынастарға , оның ішінде салық жөніндегі және басқа бюджеттік қатынастарға азаматтық заңдар қолданылмайды.
Жоғарыда аталған
ІІ. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
2.1 Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі
«Принцип» ( қағидат ) термині латынның сөзі – бастау, негіз дегенді білдіреді. Азаматтық принциптері ( қағидаттары ) – ол нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасы азаматтық заңының мейлінше маңызды тұстарын көрсетеді. Демек азаматтық заңды түсіну мен оны қолдану азаматтық құқықтың тек жалпы принциптері ( қағидаттары ) арқылы мүмкін болады./2.4., 86 бет./
Принциптер ( қағидаттар ) Азаматтық құқық жүйесінде әрқашанда бастапқы норма болып саналады. Сондықтан да басқа нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы сипат алады, демек принциптер өзгелерден басым түседі. Принциптер азаматтық құқықтық нормалардың барлық жүйесін қамтып, басшылықққа алынады. Азаматтық кодекстің 2-бабындағы азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісі беки түсуіне байланысты, енді принциптер нормативтік мәнге ие болды және оны қолдану міндеттілікке айналды. Бұрын-соңды азаматтық принциптер заң нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырымдама ретінде бекітілмеген еді, тек « азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты » деген жалпылама тұжырымдамамен шектелетін (Қазақ КСР АК-тің 4-бабы).
Профессор Ю.Г.Басин азаматтық құқық принциптерінің ролі мен маңызды туралы былай деп тұжырымдайды: « Біріншіден, ол тікелей әрекет ететін нормалар түрінде кездеседі. Екіншіден. Ол жаңа заңды жасау немесе бұрыңғы заң құжаттарын өзгерту кезінде ескеріледі. Үшіншіден, құқық ұқсастығын қолдану қажет болған жағдайда заң принциптері басшылыққа алынады. Төртіншіден, мұндай принциптер құқықтық нормалардың бастапқы мазмұнының немесе шарт талаптарының тиісті жағдайларының мазмұнының түсінілуі жүзеге асырылғанда назарға алынуға тиіс (мысалы, Азаматтық кодекстің 6, 392-баптарын қараңыз). Бесіншіден, заң принциптеріне сүйене отырып, заң нормалары арасындағы қарама-қайшылықты жоюдың жолдарын табуға болады, мұның өзі егер бұл аталған жағдай кездескенде ғана қолданылады . Осы мәселелерге орай оған екі жағдайды қосып айтуға болар еді: біріншіден, принциптер тек заң актілері жүйесінің сипатын көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ол заңгерлердің құқықтағы құқықтарын белгілейді.
Екіншіден, азаматтық құқық принциптер өзінің реттеу жүйесі арқылы бірқатар мемлекеттік құқықтық институттар мен нормаларды, яғни бірінші кезекте азаматтардың конституциялық құқығын азаматтық құқықтар арқылы өзіне тән тәсілдермен қорғауды нақтылай түседі.
Азаматтық құқықтың мынандай принциптері бар:
Міне, осы принциптердің бәрі де Азаматтық кодекстің « Азаматтық Заңдардың негізгі бастаулары » деп аталатын 2-бабында бекітілген. Яғни сол арқылы мемлекет пен қоғамның азаматтық заңдарының алдына қойған мақсаты мен міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялық және ізгілікті қасиеттері көрініс береді. Енді осы көрсетілген принциптерді талдасақ дейміз.
Азаматтық құқықтың басты қағидаларының бірі олардың қатысушыларының теңдігіне байланысты келеді. Азаматтық қатынастарға қатысушылардың теңдік принципі қоғамдық қатынастарды азаматтық- құқықтық реттеу әдістемесінің өзімен айқындалады. Яғни бұдан азаматтық құқықтық қатынастарда тараптарың жағдайы тәуелсіз тең дәрежеде болатындығын көреміз. Демек азаматтық қатынасқа қатысушының бірі екіншісіне тіптен бағынышты емес, ал тәуелділігі оның мінез құлқына, екіншісінің ерік-жігеріне қатысты болмау керек./2.4.,88 бет./ Азаматтық заңмен реттелетін мүліктік және мүліктікемес қатынастар жүйесінде субъектілер теңдігі төмендегідей жәйттерді білдіреді:
Информация о работе Азаматтық құқық пәні, қағидалары, жүйесі