Азаматтық құқық пәні, қағидалары, жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 14:52, курсовая работа

Описание

Азаматтық құқық дегеніміз – бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген, тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы. Азаматтық Заңдар және олардың жүйесі.

Содержание

КІРІСПЕ ...................................................................................................................... 3

I. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ ........................................ 6

1.1 Азаматтық құқықтың пәні ................................................................................. 6
1.2 Азаматтық құқықтың әдістемесі ....................................................................... 8
1.3 Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен байланысы ........................ 9

II. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ .............................................. 13

2.1 Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі ................... 13
2.2 Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық қағидасы .......... 15
2.3 Шарт еркіндігі қағидасы ................................................................................. 16
2.4 Әркімнің жеке ісі мен өміріне араласуға жол берілмейтіндігі .............. 17
2.5 Азаматтық құқықтардың қорғалуы қағидасы..................................................18

III. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ .................................................................. 21

3.1. Азаматтық құқық жүйесіне жалпы сипаттама ............................................... 21

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................ 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................... 27

Работа состоит из  1 файл

Азаматтык кукык.doc

— 235.00 Кб (Скачать документ)

Мүліктік игіліктер мен құқықтарға: заттар, ақша, шетел  валютасы, құнды  қағаздар, жұмыс т.с.с жатады.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Осы «Азаматтық  құқық  – құқық  саласы» тақырыбына  жазылған курстық  жұмысты  орындау  барысында, жұмыстың  мақсатына  сай  мынандай  қорытынды  жасауға  болады: «Азаматтық құқық» атауы ежелгі уақыттан бері  белгілі, оны римдік  заңгерлер Рим  азаматтарының құқығы-цивильді құқық деп  атаған.

Қазіргі  кезде азаматтық  құқықтың  римдік  атауы  сақталғанымен, оның  мазмұны  барынша өзгерді. Римде құқықты  жария  және жеке деп  екі салаға  бөлгенін  білеміз.Ал, Қазақстан Республикасының қазіргі құқық  жүйесі  жария  және  жеке  құқық деп  бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтыққұқық  тек  өзіне ғана тән  және белгілі бір  ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей  аламыз.

Азаматтық құқық  Қазақстан  Республикасының  құқық  салаларының  бірі  болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ  азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің  өзімен, оның  әкімшілік-аумақтық бөліністерімен  тығыз  байланысты. Азаматтық құқықты  зерттемес бұрын азаматтық құқық  пәнін және  азаматтық құқықтың әдістемесін анықтап  алуымыз керек.

Сонымен, азаматтық құқық  пәнін тауар-ақша  қатынастары  және қатысушылардың  теңдігіне  негізделген өзге де мүліктік  қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік  емес  жеке  қатынастар құрайды.

Құқықтың әрбір негізгі  саласының  өзіне  тән құқықтық  реттеу  әдістемес  болады. Ал  оның  жеке  қырлары субьектілерінің  құқықтық  мәртебесінде, құқық қатынастарын қалыптастыру негізіндерінде, олардың  мазмұнын  айқындау  әдістерінде жіне заң  санкцияларында топтастырыла  көрсетілген.

Осы курстық  жұмыстағы  басты  мақсатымыздың  бірі –  оның  басқа  құқық  салаларымен  байланысын  ашып  көрсету болатын. Сондықтан да азаматтық құқық – еңбек құқығымен, отбасы, қылмыстық, халықаралық, экологиялық, әкімшілік құқықтарыменн тығыз байланыста  болатынын ашып  көрсеттік.

Азаматтық құқықтың  принциптерін жазған кезде,  олардың  мынандай  түрлеріне тоқталдық:

    1. азаматтық құқықтық  қатынастарға қатысушылардың теңдігі принципі;
    2. меншікке және басқа  заттық  құқыққа қол  сұқпаушылық принципі;
    3. шарт  еркіндігі  принципі;
    4. әркімнің  жеке ісі мен  өміріне  араласуға  жол  берілмейтін принципі;
    5. азаматтық  құқықтардың қорғалу принципі.

     Курстық  жұмысты  орындау барысында,  азаматтық құқық жүйесіне  толық және  ерекше  мән беріле жазылды. Оның    жалпы және  ерекше бөлімдерден тұратыны көрсетілді.

    Азаматтық құқық ұғымы, пәні, әдістері, қағидаттары жіне де оның қоғамдағы орны мен ерекшелігі туралы түсініктер  кеңінен және  жан-жақты көрініс тапты.

      Осы  «Азаматтық құқық – құқық саласы» тақырыбына  жазылған курстық  жұмысты  қорытындылай келсек,

      Азаматтық құқық – құқықтың  бір саласы, ол  тауар-ақша қатынастары және  қатысушылардың  теңдігіне негізделген  өзге де мүліктік қатынастар,  сондай-ақ мүліктік  қатынастарға байланысты  (немесе  байланысы жоқ) мүліктік емес жеке  қатынастарын  реттейтін нормалардың жиынтығы болып  табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

Ι Нормативтік-құқықтық актілер:

  1.1 Қазақстан Республикасы  Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз, 1998 жылы 7 қазандағы № 284 І заңымен  енгізілген  өзгертулер мен тылықтырулар./ Алматы: «ЮРИСТ» Баспасы. – 2004, 31 бет.

  1.2 Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері) – Алматы: ЮРИСТ, 2006.- 309 б.

  1.3  Заңды  тұлғаларды  мемлекеттік тіркеу туралы жарлық  – Қазақстан  Республикасы  Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі  №2198 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік  тіркеу туралы» заң күші бар Жарлығы.

   1.4  «Азаматтар  мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік  қызмет еркіндігіндегі құқықтарын  қорғау туралы» .1998жылғы 27 сәуірдегі  Жарлығы, 

   1.5  «Заңды тұлғаларды  мемлекеттік тіркеу» 1995 жыл. 17 сәуір. 

   1.6  «Шаруашылық   серіктестіктер туралы» 1995 жыл. 2 мамыр.

  1.7 Ресей Федерациясының Азаматтық Кодексі, 1 бөлімі – РФ Мемлекеттік думасы 1994 ж. 21 желтоқсанда қабылдаған, 2 бөлімі – РФ Мемлекеттік думасы 1995 ж. 22 желтоқсанда қабылдаған.

ΙΙ  Арнаулы қолданылған  әдебиеттер

  2.1 Б.К.Абдыкадыров. Гражданское право.

  2.2 Гражданское  право. Учебник. Ч.1./Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К.Толстого.М.: «Проспект» , 1997, 113-бет.

   2.3  ГК РК (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Книга 1. Алматы, «Жеті Жарғы », 1998, 100-бет.

   2.4 Гражданское право, Сборник статей. Общая часть. Учебное пособие.- Алматы,2003.- 458 с.

   2.5 З.Жайлин Ғ.А. ҚР Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім.-1 том.- Алматы: Заң әдебиеті, 2004.-264 бет.

    2.6 Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы. Алматы: Дәнекер, 2003жыл.

    2.7    Мемлекет және құқық негіздері: Оқулық – Алматы: Жеті Жарғы, 2001. Құрастырған Е. Баянов.

   2.8  М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. Азаматтық құқық. 1 том. 2 басылымы.- Алматы,2003.- 736 бет.

    2.9 Кулагин М.И. Предпринимательство и право: Опыт Запада. М.: Дело. 1992.С.

   3. Төлеуғалиев. Азаматтық құқық. Жалпы және Ерекше бөлім. Алматы: Жеті Жарғы .-2003. 426бет.




Информация о работе Азаматтық құқық пәні, қағидалары, жүйесі