Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 21:55, курсовая работа
Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі деп есептеуге болады. Өйткені, бұл саламен реттелетін құқық қатынастарының шеңбері кең.
Кіріспе.....................................................................................................................3
І Бөлім Азаматтық құқықтың жалпы ережелері
1.1 Азаматтық құқықтың пәні...................................................................6
1.2 Азаматтық құқықтың әдістемесі.......................................................8
II Бөлім Азаматтық құқықтың түсінігі мен қағидалары
2.1 Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі....10
2.2 Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық қағидасы..............................................................................................................12
2.3 Шарт еркіндігі қағидасы..................................................................13
2.4 Әркімнің жеке ісі мен өміріне араласуға жол берілмейтіндігі.14
2.5 Азаматтық құқықтардың қорғалуы қағидасы.................................15
III Бөлім Азаматтық құқық жүйесі
3.1. Азаматтық құқық жүйесіне жалпы сипаттама..............................18
Қорытынды..........................................................................................................23
Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан
Республикасының Ғылым және
Білім Министрлігі
Азаматтық құқық пәні бойынша
Курстық
жұмыс
Тақырыбы:
«Азаматтық
құқықтың негізгі қағидалары»
Орындаған: Курманова Г.С
Тексерген:
Кумарова Ұ.Қ
Орал
2011ж
ЖОСПАР
Кіріспе...................
І Бөлім Азаматтық құқықтың жалпы ережелері
1.1
Азаматтық құқықтың пәні.......
1.2 Азаматтық құқықтың әдістемесі.
II Бөлім Азаматтық құқықтың түсінігі мен
қағидалары
2.1 Азаматтық құқықтық қатынастарға
қатысушылардың теңдігі....10
2.2 Меншікке және басқа заттық құқыққа
қол сұқпаушылық қағидасы......................
2.3
Шарт еркіндігі қағидасы............
2.4 Әркімнің жеке ісі мен өміріне араласуға жол берілмейтіндігі.14
2.5
Азаматтық құқықтардың
III
Бөлім Азаматтық құқық жүйесі
3.1.
Азаматтық құқық жүйесіне
Қорытынды.................
Қолданылған
әдебиеттер
КІРІСПЕ
Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі деп есептеуге болады. Өйткені, бұл саламен реттелетін құқық қатынастарының шеңбері кең.
Азаматтық құқығымен реттелетін қатынастарының түсінігі – реттеу пәні мен реттеу тәсілдері.
Азаматтық кодекстің 1-бабының, 1-тармағында көрсетілгендей, азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен реттеледі. Азаматтық құқықтармен реттелетін қоғамдық қатынастарының негізгісі – мүліктік қатынастар. Мүліктік қатынастарға қоғамдағы өндіріс құрал жабдықтарына, мүліктік игіліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.
Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүлікті емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екіге бөлінеді. Байланысы бар мүліктік жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Байланысы жоқ мүліктік қатынастарға азамат есімі, жеке өмір құпиялылығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, заңды тұлғалардың абыройына, қадір-қасиетіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады.
Азаматтық құқық реттеу тәсілдері.
Реттеу тәсілдері мына ережелерге байланысты анықталады:
Азаматтық құқық, көбінесе диспозитивтік нормаларға негізделген. Диспозитивтік норма дегеніміз – тараптар арларында туындайтын қатынастарды өздерінің қалауынша, егер заңда өзгеше көзделмесе, реттеу мүмкіндігі.
Азаматтық құқық дегеніміз – бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген, тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы./ 3., 6 бет./
Азаматтық Заңдар және олардың жүйесі.
Ведомствалық азаматтық құқықтық нормативтік актілер алуан түрлі болады. Мысалы үшін, 1994-жылғы 10-қазанда ҚР Қаржы Министрінің Бұйрығымен бекітілген « Тәркіленген, иесіз мүлікті, қымбат металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды есепке алу, бағалау және сату тәртібі туралы нұсқауды» атауға болады.
Азаматтық Заңның қолданылуы
Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы және оның ерекшеліктері
Азаматтық құқықпен реттелген мүліктік қатынастар, сондай-ақ қатысушылары бір-бірімен субьективті азаматтық құқықтармен және міндеттермен байланысатын салаларға қатысты жеке мүліктік қатынастар азаматтық құқық қатынастар деп аталады.
Азаматтық құқық қатынастарының мазмұны
Субьективті құқықтар мен міндеттер де азаматтық құқықтық қатынастарының мазмұны болып табылады. Субьективті құқық дегеніміз – құқық берілген тұлғаның ықтимл мінез-құлық шамасы. Азаматтық құқық қатынастарда тараптар құқық берілген және міндетті тараптар деп екіге бөлінеді.
Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар құрамының өзгеруі мүмкін, мұның өзі, атап айтқанда, құқықтық мирасқорлық себебінен орын алады. Құқықтық мирасқорлық деп – құқықтың бір тұлғадан құқықтық ізашардан екінші тұлғаға – құқықтық мирасқорға ауысуы түсіндіріледі; бұл ретте соңғысы құқық қатынастарында өзінің құқықтық ізіашарының орнын басады.
Азаматтық құқық қатынастарының түрлері
Азаматтық құқық қағидалары деп қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі бастауларын айтады. Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтиды, оның ең маңызды қасиеттерін сипаттайды.
Азаматтық құқықтың мынандай принциптері бар:
Осы тақырыпты таңдап алған себебім, осы тақырыптың маңыздылығана байланысты болды. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның өзектілігі мен дәрежесіне тікелей байланысты туындайды.
Курстық
жұмыстың мақсаты: осы азаматтық құқықтың
Қазақстандық және халықаралық құқықтар
арасындағы орны мен маңыздылығын
және қоғамдағы орны мен ерекшелігі туралы
толық мәлімет беру. Осы мақсатты
жүзеге асыруда алдымызға қойған ең
негізгі міндетіміз: ол азаматтық құқық
ұғымы, оның әдістері , азаматтық құқық
реттеу тәсілдері, азаматтық заңдарды
және азаматтық құқықтың принциптерін
анықтау және курстық жұмыстың құрылымды
мазмұны мына бөлімдерден тұрады: кіріспе
бөлімі, үш тарау, тоғыз параграф
және қорытынды бөлімі, сондай-ақ жұмыстың
соңында қолданылған әдебиеттер тізімі
қамтылған.
I
Бөлім АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1Азаматтық
құқықтың пәні
« Азаматтық құқық » атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы – цивильді құқық деп атаған.
Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді. Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды цивилист деп жүр.
Римде құқықты жария және жеке деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария және жеке құқықтардың классикалық аражігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді: «жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді».
Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.
Сонымен қатар азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінің арасында белгілі бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан азаматтық құқықтық жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін тигізіп отыр. Бұл орайда « біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз... », ендеше осы бағытта әр түрлі өркениеттердің ең соңғы жетістіктерін пайдаланудың маңызы зор.