Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 21:55, курсовая работа
Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі деп есептеуге болады. Өйткені, бұл саламен реттелетін құқық қатынастарының шеңбері кең.
Кіріспе.....................................................................................................................3
І Бөлім Азаматтық құқықтың жалпы ережелері
1.1 Азаматтық құқықтың пәні...................................................................6
1.2 Азаматтық құқықтың әдістемесі.......................................................8
II Бөлім Азаматтық құқықтың түсінігі мен қағидалары
2.1 Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі....10
2.2 Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық қағидасы..............................................................................................................12
2.3 Шарт еркіндігі қағидасы..................................................................13
2.4 Әркімнің жеке ісі мен өміріне араласуға жол берілмейтіндігі.14
2.5 Азаматтық құқықтардың қорғалуы қағидасы.................................15
III Бөлім Азаматтық құқық жүйесі
3.1. Азаматтық құқық жүйесіне жалпы сипаттама..............................18
Қорытынды..........................................................................................................23
Қолданылған әдебиеттер
Азаматтық құқықтық қатынастарда құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында қорғану құралдарын құқық бұзушылық жасалғанға дейін қолдануға жол беріледі. Бұл субьектінің құқығын басқа адам дауға салатын реттерде мүмкін болады.
Құқық бұзу қаупі төнгенде немесе оның бұзылу қаупін тудыратын жағдайларда құқық қорғау құралдарын қолдану туралы талаптар барған сайын табандылықпен ұсынылуда (АҚ –ның 9-бабының 1-тармағы).
Заңдар азаматтық құқықты қорғаудың абсолюттік сипатын ескере отырып, оны қорғаудың әмбебап құралдарын жасап шығарды, мұндай құралдар нақты құқық бұзушылық үшін заңдарда немесе шарттарда көзделгеніне немесе көзделмегеніне қарамастан, барлық құқық бұзылатын жағдайларда қолдануға жарамды болады. Ең алдымен келтірілген залалдың орнын толтыруды осындай құралдарға жатқызуға болады. Кейбір судьялардың мұндай құқық бұзушылық үшін заң немесе шарт арқылы залалдың орнын толтыру тікелей көзделмеген деген сылтаумен азаматтық құқықты бұзу жолымен келтірілген залалдарды өндіріп алудан бас тартуы - олардың заң тұрғысындағы сауатсыздығының куәсі. АҚ- ның 9-бабының 1-тармағында көзделген кейбір басқа да шараларды осындай әмбебап құралдарға жатқызуға болады. Мысалы, құқықты мойындату, құқықты бұзатын әрекеттерге тыйым слу және т.б.
Алайда азаматтық құқықтық заңның немесе шарттың тікелей ұйғарымы шығарылғанда ғана қолданылатын қорғау құралдары да бар. Мысалы, бұл тұраұсыздық айыппұлы , кепілпұл және басқалары.
Азаматтық
құқықтың негізгі тұжырымдамаларын
айқындайтын принциптері осындай.
III Бөлім АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ
Қазақстан Республикасының біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге белгілі. Сол салалардың бірі болып табылатын азаматтық құқық./ 2.7., 353 бет./
Енді «Азаматтық құқық салаларының жүйесі» ұғымын анықтайық. Оның буындары-бөлімдері (сала тармағы), институттары және нормалары жиынтығының іштей логикалық байланыста және тәуелділікте болуын осы саланың жүйесі деп түсіну керек.
Қазақстанның азаматтық құқығы пандектілік жүйе моделімен құрылған
(pandectnae – жан-жақты, ауқымды), оның негізін кезінде рим құқығы қалаған, ал бұл модель бұдан бірнеше ғасыр бұрын гермен құқығында барыгша кең таралған. Әлбетте, бұл модель өмірге келгеннен кейінгі көптеген жылдар ішінде оны қабылдаған әр түрлі мемлекеттерде мұндай жүйе белгілі бір дәрежеде өзінің бастапқы үлгісінен алшақтап кетті. Қазақстан Республикасында жүйенің бірінші буыны жалпы ережелер болып табылады, оның қағидалары азаматтық –құқықтық нормалар қамтитын қатынастар шеңберін, бұл нормалардың заңдық күші жөнінен арақатынасын, олардың уақыт ішінде, кеңістікте және адамдар жөнінде әрекет етуін, жарамдылық жағдайларын, түсіндірілуі мен жүзеге асырылуын анықтайды. Азаматтық құқықтардың барлық түрлері туралы, оларды қорғау туралы, азаматтық құқықтағы мерзімнің маңызы туралы нормалар да осы бөлімге енгізіледі. Бұл ережелер мен нормалардың күші кейінгі бөлімдер мен институттардың барлығына таралып, осы арқылы жалпы ережелерде қамтылған қағидаларды ҚР АҚ –ның айтарлықтай жеке заңдары мен жеке бөлімдеріне енгізбеуге мүмкіндік береді. Осымен бірге, азаматтық құқықтың әрбір бөлімінің өзіндік тар шеңберінде өзіндік жалпы ережелері болатынын ескеру керек. Жалпы ережелер «Азаматтық құқық субьектілері», «Меншік құқығы», «Міндеттемелі құқық» бөлімдерінде айқын бөліп көрсетілуі мүмкін.
Азаматтық құқықтың біртұтас жүйесінде жалпы ережелерден кейін азаматтық құқықтар мен міндеттердің субьектілері, олардың құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі , құқық субьектіліктің пайда болу, өзгеру және тоқталу негіщдері туралы бөлімдер келеді. Азаматтық құқықтар мен азаматтық міндеттер субьектілерінің ж түрлерінің , негізінен алғанда , заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесін анықтау, мұндай субьектілердің азаматтық-құқықтық қатынастар саласындағы өкілдігі туралы мәліметтер де осында келтіріледі.
Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар туралы заңдық нормаларды біріктіру келесі үлкен бөлім болып табылады. Бөлім заттық құқықтар субьектілерінің өкілеттігі, олардың пайда болу және тоқтатылу негіздері, заттық құқықтарды бұзушылықтан қорғаудың ерекше әдістері ұғымын қамтиды.
Нақты тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастарды реттейтін міндеттемелік құқық азаматтық құқықтың ең үлкен бөлімі болып табылады. Мұнда нақты тұлғалардың біреуі екіншісінен белгілі бір іс-әрекеттерді жасауды талап етсе, екіншісі – мұндай талапты орындауға міндетті болады.
Міндеттемелік құқық жалпы бөлімге және көптеген институттарға бөлінеді. Жалпы бөлімде міндетемелердің барлық түрлерін реттеу кезінде қолдануға тиісті ережелер болса, институттардың әрқайсысы міндеттемелердің жекелеген түрлерін ( сатып алу-сату, мердігерлік, банктердің клиенттермен қатынасы, тасымалдау және басқалары ) реттейді.
Азаматтық құқықтың келесі бөлімі шарттан тыс міндеттемелер (деликт) деп аталатын міндеттемелерді қамтиды, олар азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа азаматтар мен заңды тұлғаларға олармен шарттан тыс қатынастары арқылы зиян келтіретін әрекеттерінен туындайды.
Бізде қабылданған жүйе бойынша деликтіден к ейін интеллектуалдық қызметті қалыптастыруға және пайдалануға, яғни интеллектуалдық меншік құқығының пайда болуына және жүзеге асырылуына байланысты қатынастарды реттейтін көлемді бөлім орналасады. Заңдар мен қолданыстағы практика бұл бөлімді екі бөлімшеге – авторлық құқыққа және патенттік құқыққа бөледі. Авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын жасау және пайдалану қатынастарын реттесе, патенттік құқық - өнеркәсіп пен өндірісте шығармашылық қызметтің нәтижелерін пайдалануды қамтиды. Бұл бөлімше көбіне өнеркәсіптік құқық деп аталады. Азаматтық айналымның қатысушыларын дараландыру құралдары туралы нормалар деп осыған қосылады./2.5., 4-5 бб./
Азаматтық қайтыс болуына және қайтыс болған адам мүлкінің оның мұрагерлеріне өтуіне байланысты мұрагерлік қатынастарды реттейтін мұрагерлік құқық азаматтық құқық жүйесінің қорытынды бөлімі болады./ 2.5.,4 бет./
Шетелдік элементтермен күрделеніп кеткен, яғни халықаралық жеке құқық деп атауға болатын бөлімді – азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық түрлеріне жататын бөлімді арнайы бөліп көрсету керек. Бұл бөлім қазақстандық азаматтармен және заңды тұлғалармен алуан түрлі азаматтық-құқықтың қатынастарға түсетін шетелдік азаматтар мен шетелдік заң тұлғалардың заң жүзіндегі мәртебесін, сондай-ақ осы құқықтық қатынастарға таралатын және олардың ережелері бойынша қатысушылардың арасындағы даулар шешілуге тиісті құқықты таңдау өлшемін анықтайды.
Дәстүр бойынша азаматтық құқықтың барлық саласын заң шығаратын және зерттелетін материалының құрылымы бойынша екі бөлікке бөлу қабылданған: жоғарыда баяндалған схема бойынша (міндеттемелік құқықтың жалпы бөлімін қоса) орналастырылған құқық нормаларын қамтитын жалпы бөлім және ерекше бөлім (жеке міндеттемелік құқықтық институттардан халықаралық жеке құқыққа дейін қоса).
Сондықтан да, Азаматтық құқық жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Оның өздері алты бөлімшеден тұрады:
Енді осыларға жеке-жеке тоқталсақ:
Азаматтық құқықтың жүйесінің бірінші буыны – жалпы ережелер болып аталады. Онда азаматтық –құқық қатынастар, азаматтық заңдардың негізгі бастаулары, ҚР азаматтық заңдары, олардың уақыт ішінде, кеңістікте және адамдар жөнінде әрекет етуін, жарамдылық жағдайларын, азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болу негіздері, оларды жүзеге асырылуы, қорғауды анықталады.
Азаматтық құқықтың екінші бөлімі – Меншік құқығы.
Меншік құқығы дегеніміз - субьектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Меншік құқығы мәміле жаслған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі.
Меншік құқығы жеке меншік және мемлекеттік меншік құқығы болып табылады.
Үшінші бөлімі – Міндеттемелік құқық болып табылады. Мұнда міндеттеме ұғымына тоқталсақ, міндеттемеге сәйкес бір адам басқа адамның пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті , ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы.
Азаматтық құқықтың төртінші бөлімі – Инттеллектуалдық меншік құқығы. Оған мыналар кіреді:
Біріншісіне ғылым, әдебиет,
өнертабыс, селекциялық
Бесінші бөлімі – Мұрагерлік құқық.
Мұрагерлік – қайтыс болған азамат мүлкінің басқа адамға – мұрагерге ауысуы.
Мұрагерліктің негіздері:
Азаматтық құқық жүйесінің ең қорытынды бөлімі - халықаралық жеке құқық болып табылады.
Шетелдік азаматтардың немесе заңды тұлғалардың қатысуымен нем өзге де шетелдік элемент шиеленістірген азаматтық-құқықтық қатынастарға қолдануға тиісті құқық ҚР Қылмыстық Кодекстің, өзге де заң актілерінің , ҚР бекіткен халықаралық шарттардың және танылған халықаралық ғұрыптардың негізінде анықталады.
Бірақ та, жоғарыда айтып кеткендей, азаматтық құқық жүйесі әдістемелік жағынан жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.
Азаматтық құқықтардың
Жеке тұлға ұғымы.
ҚР азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады./1.2., 8 бет./
Азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті барлық азаматтарға бірдей деп танылады.
Және де осы бөлімде азаматтардың әрекет қабілеттігі, азаматтардың кәсіпкерлік қыщметі, мүліктік жауапкершілігі, азаматтарды өлді деп жариялау, хабар-ошарсыз кетті деп тану тағы басқа мәселелер оқытылады.
Заңды тұлға ұғымы
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бере алатын ұйым заңды тұлға болып табылады./ 1.2., 14 бет./