Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 21:55, курсовая работа
Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі деп есептеуге болады. Өйткені, бұл саламен реттелетін құқық қатынастарының шеңбері кең.
Кіріспе.....................................................................................................................3
І Бөлім Азаматтық құқықтың жалпы ережелері
1.1 Азаматтық құқықтың пәні...................................................................6
1.2 Азаматтық құқықтың әдістемесі.......................................................8
II Бөлім Азаматтық құқықтың түсінігі мен қағидалары
2.1 Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі....10
2.2 Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық қағидасы..............................................................................................................12
2.3 Шарт еркіндігі қағидасы..................................................................13
2.4 Әркімнің жеке ісі мен өміріне араласуға жол берілмейтіндігі.14
2.5 Азаматтық құқықтардың қорғалуы қағидасы.................................15
III Бөлім Азаматтық құқық жүйесі
3.1. Азаматтық құқық жүйесіне жалпы сипаттама..............................18
Қорытынды..........................................................................................................23
Қолданылған әдебиеттер
Азаматтық
құқық Қазақстан
Азаматтық
құқықты зерттемес бұрын
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінеді. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. ҚР-нің азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Бір сөзбен айтқанда мүліктік қатынас дегеніміз – мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай « заттық қатынас », мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі « міндеттемелік қатынас », меншік иесінің қайтыс болуына байланысты болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.
Дейтұрғанмен бұдан азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей реттей береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені, олардың өзіәртүрлі сипатта кездеседі. Сайып келгенде, мүліктілік дегеніміз заңды белгі болып табылмайды, ол тек экономикалық түсінік. Сондықтан да азаматтық құқық пәнінің мазмұнын оны біріктіретін әрі мән-мағынасын ашатын тұсын бөліп қарауды қажет етеді. Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік қатынастардың мынандай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір экономикалық құндылыққа ие болумен байланысты материалдық обьектілер жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы, қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы.
Мүліктік құндылық қатынастарға ең алдымен қатысушылардың құн заңына сүйенетін мүліктік қатынастарының теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынастары және өзге де қатынастар жатады десек, нарықты экономика жағдайында тауар-ақша қатынасы азаматтық құқықты реттеудің негізгі өзегіне айналады. Мүліктік қатынас адамдар арасындағы қатынас болғандықтан ол мүліктік емес қатынастармен біте қайнасып, ұштасып жатады.
Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары мүліктік емес қатынастардың екі түрін, атап айтқанда, мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар мен мүліктік қатынастарды реттейді. Мүліктік емес жеке қатынастың бірінші тобына мүліктік қатынаспен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастар жатады. Бұл жердегі (байланыстылық) деген сөз жеке қатынастардың мүлікке бағыныштылығын көрсетпейді, қайта қоғамдық қатынастардың біртұтас бірлікке болуын айқындайды (мәселен, авторлық, өнертабыс және т.б. қатынастар). Мысалы, бір ұйымның басқа бір заңды тұлғаның тауарлық белгісін заңсыз қолданса онда ол әлгі тұлғаға зиянын тигізеді. Мүліктік емес қатынастан келіп мәселен, шығарманың авторы үшін мүліктік қатынастың мүліктілігі пайда болады. Сондықтан мүліктік қатынасқа байланысы мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық құқық нормаларымен реттеледі.
Мүлік қатынасына байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың екінші түрі мүліктік қатынасқа қарағанда өзге фактілерге орай және басқа субьектілер арасында да туындайды. Ол жеке адамдар мен ұйымдарға ғана тән әрі олардан ажырамайтын игілік болып табылады, сондай-ақ онда мүлік мазмұны болмайды, ақшамен де бағалауға келмейді.
Мүліктік
емес жеке қатынас Қазақстан
Республикасы Конституциясымен реттеледі.
Конституцияның 2-тарауы адам мен
азаматтың ажырамайтын құқықтарына
арналған. Сонымен азаматтық құқықтың
реттеу пәніне мүліктік қатынастарға
байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың
мейлінше кең ауқымы енеді. Қорыта айтқанда,
азаматтық құқықты реттеудің
пәні, міне, осындай. Енді әдістеме
жөніндегі мәселеге тоқталайық.
1.2
Азаматтық құқықтың әдістемесі.
Құқықтың әрбір негізгі саласының өзіне тән құқықтық реттеу әдістемесі болады. Ал оның жеке қырлары субьектілердің құқықтық мәртебесінде, құқық қатынастарын қалыптастыру негіздерінде, олардың мазмұнын айқындау әдістерінде және заң санкцияларында топтастырыла көрсетілген.
Мүліктік және мүліктік емес қатынастардың азаматтық құқықтық реттеу әдістемесі бірқатар өзіндік белгілерге ие:
Осы
айтылғандарға сүйене отырып, мынандай
тұжырым жасауға болады: азаматтық
құқық – құқықтың бір саласы,
ол тауар-ақша қатынастары жіәне
қатысушылардың теңдігіне негізделген
өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ
мүліктік қатыныстарға байланысты ( немесе
байланысы жоқ ) мүліктік емес жеке қатынастарын
реттейтін нормалардың жиынтығы болып
табылады.
ІІ Бөлім АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ)
Азаматтық құқық қағидалары түсінігі
Азаматтық құқық қағидалары деп қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі бастауларын айтады. Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтиды, оның ең маңызды қасиеттерін сипаттайды.
Азаматтық құқық қағидалары
«Принцип» ( қағидат ) термині латынның сөзі – бастау, негіз дегенді білдіреді. Азаматтық принциптері ( қағидаттары ) – ол нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасы азаматтық заңының мейлінше маңызды тұстарын көрсетеді. Демек азаматтық заңды түсіну мен оны қолдану азаматтық құқықтың тек жалпы принциптері ( қағидаттары ) арқылы мүмкін болады./2.4., 86 бет./
Принциптер ( қағидаттар ) Азаматтық құқық жүйесінде әрқашанда бастапқы норма болып саналады. Сондықтан да басқа нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы сипат алады, демек принциптер өзгелерден басым түседі. Принциптер азаматтық құқықтық нормалардың барлық жүйесін қамтып, басшылықққа алынады. Азаматтық кодекстің 2-бабындағы азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісі беки түсуіне байланысты, енді принциптер нормативтік мәнге ие болды және оны қолдану міндеттілікке айналды. Бұрын-соңды азаматтық принциптер заң нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырымдама ретінде бекітілмеген еді, тек « азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты » деген жалпылама тұжырымдамамен шектелетін (Қазақ КСР АК-тің 4-бабы).
Профессор Ю.Г.Басин азаматтық құқық принциптерінің ролі мен маңызды туралы былай деп тұжырымдайды: « Біріншіден, ол тікелей әрекет ететін нормалар түрінде кездеседі. Екіншіден. Ол жаңа заңды жасау немесе бұрыңғы заң құжаттарын өзгерту кезінде ескеріледі. Үшіншіден, құқық ұқсастығын қолдану қажет болған жағдайда заң принциптері басшылыққа алынады. Төртіншіден, мұндай принциптер құқықтық нормалардың бастапқы мазмұнының немесе шарт талаптарының тиісті жағдайларының мазмұнының түсінілуі жүзеге асырылғанда назарға алынуға тиіс (мысалы, Азаматтық кодекстің 6, 392-баптарын қараңыз). Бесіншіден, заң принциптеріне сүйене отырып, заң нормалары арасындағы қарама-қайшылықты жоюдың жолдарын табуға болады, мұның өзі егер бұл аталған жағдай кездескенде ғана қолданылады . Осы мәселелерге орай оған екі жағдайды қосып айтуға болар еді: біріншіден, принциптер тек заң актілері жүйесінің сипатын көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ол заңгерлердің құқықтағы құқықтарын белгілейді.
Екіншіден, азаматтық құқық принциптер өзінің реттеу жүйесі арқылы бірқатар мемлекеттік құқықтық институттар мен нормаларды, яғни бірінші кезекте азаматтардың конституциялық құқығын азаматтық құқықтар арқылы өзіне тән тәсілдермен қорғауды нақтылай түседі.
Азаматтық құқықтың мынандай принциптері бар:
Міне,
осы принциптердің бәрі де
Азаматтық кодекстің «
2.1 Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың
теңдігі.
Азаматтық құқықтың басты қағидаларының бірі олардың қатысушыларының теңдігіне байланысты келеді. Азаматтық қатынастарға қатысушылардың теңдік принципі қоғамдық қатынастарды азаматтық- құқықтық реттеу әдістемесінің өзімен айқындалады. Яғни бұдан азаматтық құқықтық қатынастарда тараптарың жағдайы тәуелсіз тең дәрежеде болатындығын көреміз. Демек азаматтық қатынасқа қатысушының бірі екіншісіне тіптен бағынышты емес, ал тәуелділігі оның мінез құлқына, екіншісінің ерік-жігеріне қатысты болмау керек./2.4.,88 бет./ Азаматтық заңмен реттелетін мүліктік және мүліктікемес қатынастар жүйесінде субъектілер теңдігі төмендегідей жәйттерді білдіреді: