Қазақстан Республикасы Президентін сайлау тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 11:31, курсовая работа

Описание

Биліктің жаңа институттары мен егемен Қазақстанның мемлекеттілігін қалыптастыру процесінде сайлау жүйесінің тұжырымдамасын және оның негізгі принциптерін әзірлеу маңызды міндет болып табылады. Бұл міндет кезең – кезеңімен ойдағыдай шешіледі.
Қазақстанның сайлау жүйесінің қалыптасуы жалпы қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси жүйесін түпкілікті реформалау жағдайында, сондай – ақ мемлекетті басқарудың барынша оңтайлы моделін іздеу жағдайында өтті, демек өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарынбастан өткерді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Қазақстан Республикасының президентінің сайлауы
2. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің негізгі түсініктері
3. Сайлау 2011
3.1 Сайлау органдары
3.2 Республика президенттігіне кандидаттарды тіркеу
3.3 Сайлаушылар тізімі
3.4 Сайлау алдындағы үгіт
3.5 Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып сайлау өткізудің ерекшеліктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

курстык жумыс сайлау.docx

— 59.37 Кб (Скачать документ)

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1.Қазақстан Республикасының  президентінің сайлауы

2. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің негізгі түсініктері

3. Сайлау 2011

3.1 Сайлау органдары

3.2 Республика президенттігіне кандидаттарды тіркеу

3.3  Сайлаушылар тізімі

3.4 Сайлау алдындағы үгіт

3.5 Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып сайлау    өткізудің ерекшеліктері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан Респуликасының сайлау тәртібі

Биліктің жаңа институттары мен егемен Қазақстанның мемлекеттілігін  қалыптастыру процесінде сайлау жүйесінің  тұжырымдамасын және оның негізгі принциптерін әзірлеу маңызды міндет болып  табылады. Бұл міндет кезең –  кезеңімен ойдағыдай шешіледі.

Қазақстанның сайлау жүйесінің  қалыптасуы жалпы қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси жүйесін түпкілікті реформалау жағдайында, сондай – ақ мемлекетті басқарудың барынша оңтайлы  моделін іздеу жағдайында өтті, демек  өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарынбастан өткерді.

Жаңа заңнамамен жұмыс  үздіксіз жүріп отырды және әрбір  сайлаушының – Қазақстан Республикасы азаматының құқықтарын, сайлау процесі  субъектілерінің демократиялық  негіздегі саяси және сайлау алды күрес әдістерін пайдалануын, сайлауға  дайындық пен өткізуді ұйымдастыруды, сайлау қорытындыларын жасау мен  оны жариялауды, демократиялық бақылауды  енгізуді қамтамасыз етуді мақсат тұтты.

Сайлау заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі  әрбір қадам жан – жақты  екшеленіп, ойластырылуы үшін елде барлық мүдделі тараптардың пікірін  ескеру, халықаралық тәжірибені зерделеу практикасы қалыптасты.

Соңғы жылдарда республиканың  сайлау заңнамасы жетілдірілу және өзгеріп отыратын әлеуметтік және саяси  жағдайларга бейімделу жағына қарай  едәуір өзгеріске ұшырады және қазіргі  таңда негізінен Адам құқықтарының жалпыға бірдей  танылған халықаралық  нормаларға жақындады. Сайлау заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыстар қазіргі  кезде де жалғасуда.

Қазақстан Республикасының  кезекті сайлауы жеті жылда бір  рет тиісті жылғы желтоқсанның жексенбісінде  өткізіледі және ол мерзімі жағынан  Республика Парламентінің жаңа құрамын  сайлаумен тұспа – тұс келмеуге тиіс.

Республика Президенті сайлауын жариялау және тағайындау

  1. Президенттің кезекті сайлауын Парламент Мәжілісі қыркүйектің екінші жексенбісінен кешіктірмей жарялайды.
  2. Алынып тасталған заң
  3. Бір адам қатарынан екі реттен артық президент болып сайлана алмайды

Ескерту: 53 – баптың 2- тармағы алынып тасталды – Қазақстан Республикасының 1998.11.06. №285 Заңымен, өзгерту енгізілді – 2005.04.15.  №44 Конституциялық Заңымен 54 – бап. Республика президенттігіне кандидатқа қойылатын талаптар

  1. Президент болып сайлану үшін азамат конституциясының 41 – бабының 2 және 3 – тармақтарында белгіленген талаптарды қанағаттандыруда, сондай – ақ Конституцияның 33 – бабының 2 және 3 тармақтарына және осы заңға сәйкес белсенді сайлау құқығына ие болуға тиіс.
  2. Президнттікке кандидатқа Конституция мен осы Конституциялық заң қоятын талаптарға оның сәйкестігін азаматтың өзін – өзі ұсыну туралы өтініші немесе республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органының кандидатты ұсыну туралы хаттамасының үзіндісін кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен қоса тапсырған кезден бастап бес күн ішінде Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен анықталады.
  3. Алынып тасталған заң

Ескерту: 54 – бапқа өзгеріс  енгізілді – Қазақстан Республикасының 1998.05.08. №222 Заңымен 1999.05.06. №375 Заңымен, 2004.04.14. №545 Заңымен.

55 – бап. Республика  президенттігіне кандидаттар ұсыну

  1. Президенттікке кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық, қоғамдық бірлестіктерде, сондай – ақ өзін – өзі ұсыну жолымен –азаматтарда болады.
  2. Президенттікке кандидаттарды ұсыну сайлау жаряланған күннен басталып, сайлауға екі ай қалғанда аяқталады.
  3. Президенттікке кандидаттарды қоғамдық бірлестіктер атынан олардың жоғары органдары ұсынады. Қоғамдық бірлестіктер осы қоғамдық бірлестіктің мүшесі болып табылмайтын адамдарды кандидаттыққа ұсынуға хақылы. Қоғамдық бірлестік Президенттікке бір ғана кандидат ұсынуға хақылы. Президенттікке кандидат ұсыну туралы шешім республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады да хаттамадан үзінді жасалады.

Республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органының шешімі:

  • Президенттікке кандидатқа жеткізіледі
  • Президенттікке кандидаттың дауысқа түсуге келісім беруі туралы өтінішімен қоса Орталық сайлау комиссиясына тапсырылады.

4.Президенттікке кандидаттыққа  өзін – өзі ұсыну олардың  Орталық сайлау комиссиясына  тиісті өтініш беруі арқылы  жүргізіледі.

5.Егер кандидаттарды тіркеу  мерзімі аяқталатын күні Президентікке  еекіден кем кандидат тіркелген  жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін жиырма күннен аспайтын мерзімге ұзартады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

  1. Қазақстан Республикасының Президентінің сайлауы

Қазақстан Республикасының  Президентін конституциялық заңға  сәйкес жалпыға, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың  кәмелетке толған азаматтары жасырын  дауыс еру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.

Қазақстан Республикасының  президенттік сайлауына  тек осы  мемлекетте туған, жасы қырыққа толған, мемлекеттік тілді жаксы білетін  және Қазақстанда он бес жыл шамасында  тұратын азамат қана қатыса алады.

Қазақстан республикасы президенттігіне  кандидат бола алмайды; сотталған, сотталған  мерзімі аяқталмаған немесе заңды  түрде айыбы алынбаған азаматтар. Президенттікке кандидаттар республикалық  жоғарғы органдар қоғамдық бірлестіктерімен ұсынылады. Кандидат ретінде озін –  озі ұсыну үшін Орталық сайлау комиссиясына арнайы өтініш берілуі  тиіс. Президенттікке кандидатқа сайлаушылардың қолдау дауыстарды куәландырумен айқындалады.

Кандидаттарды тіркеу

Президенттікке кандидаттар  Орталық сайлау комиссиясында тіркеледі. Тіркеу алдын ала екі ай бурын  жасалады және сайлауға қырық күн  калғанда жасалады. Орталық сайлау комиссиясының үлесіне сайлаулық  ақы төленеді. Ақы заңмен тағайындалған  тәртіпте жалақыдан елу есе көп  мөлшерде алынады. Кандидат зайыбымен  бірге тіркеуге дейін тұрғылықты жеріне байланысты салық органдарына  кірісі туралы және жеке мүлігі жайлы  декларация тапсыруы қажет.

Кандидаттарды тіркеуге арналған қажетті құжаттар

  1. Жоғарғы органдар қоғамдық бірлестіктермен берілген тіркеу жөніндегі кошірме құжат;
  2. Президенттікке сайлануға арналған келісім өтініш;
  3. Кандидатты қолдау үшін жиналган дауыстардың нәтижелері туралы территориялдық комиссиялардың дайындаған ;
  4. Кандидат жайлы биограиялық мәлімет;
  5. Кандидат пен зайыбының кірісі мен жеке мулігі жайлы салық логандарымен жасалған анықтама;
  6. Кандитат төлем ақыны төлегені жайлы куәлік.

Президенттің  кандидаттыққа сайлану қоры

  • Кандидаттың жеке жинақ қоры,қаражаттың жалпы саны заңмен тағайындалған жалақының минимальді мөлшерінен аспауы қажет;
  • Кандидатқа республикалық қоғамдық бірлестіктен бөлінген қаражат, жалпы соммасы заңмен тағайындалған мөлшерден аспауы қажет, жалақының минимальді молшерінен жеті мың еседен артық болмауы тиіс;
  • Республика азаматтары мен мекемелердің өз еркімен

 берген қайырымдылық  қаражаттар, ортақ соммасы он  бес мыңнан аспауы қажет.

Сайлау қорлары Мемлекеттік  ретпен тіркелуге  міндетті, Қазақстан  Республикасының әділет министрлігімен белгіленген 20 қазан 1998 жылы №114  бұйрығымен «Қазақстан сайлау қорлары Республикасы президенттігіне сайланатын кандидаттардың сайлау қорларының тіркелу тәртібі »

Сайлауға қарсы  үгіт

Сайлауға  үгіт кандидаттардың тіркелуінің аяқталуымен басталады  және сайлау аяқталауға қарсы күні сағат он екіде аяқталады. Қайта  сайлау процессі болатын жағдайда белгіленген  күні басталып сайлаудың қарсаңындағы күні сағат он екіде аяқталады.

Кандидатқа массалық ақпарттарға  бәріне ортақ заңмен белгіленген  мөлшерде қаражат беріледі. Әрбір  кандидатқа он бес минуттық теледидардан сойлеуге, он минут радиода сөйлеуге, басылым көздерінде ақпарат тарату үшін көлемі 0,1 баспа бетінен аспайтын екі мақалаға рұқсат беріледі. Кандидаттардың сөйлегенін үзуге немесе сөйлеп болысымен  сөздерге түсінік беруге тиым салынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сайлау 2011

Біздің алдымызда Президентті таңдау мен сайлау туралы аса жауапты міндет тұр. Осы бір жауапты кезеңде бүкіл Қазақстан халқы еліміздің гүлденуі мен көркеюіне Отанымыздың әлемнің алдынғы қатарлы елдері мен иық теңесуіне қызмет жасайтын көреген тұлғаға дауыс беріп, таңдау жасайды деп ойлаймын.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің  жиырма жылдық айтулы мерекесіне күшті  президенттік басқару жүйесінің  арқасында еліміз әлемнің алпауыт  елдері мен терезесін тең ұстап, экономикада, саясат пен мәдениетте, спортта, әлеуметтік саланың барлық бағытында орасан зор табыстарға қол жеткізеді.

Бұл шындық. Оны дүниежүзілік деңгейдегі әлем саясаткерлері мен  сарапшылары жаһандық бас қосуларда  мойындап, оң  берді. Тәуелсіздік  жетістіктерін көздің қарашығындай қорғап, сақтап, молайта беру- ұлтымыздың ұлы мұраты. Ел басқару – биік өнер, қиын да күрделі міндет. Ол өнерді меңгеріп, халықтың қажетіне жарау  – бақыт. Осы өнерді меңгеріп, бақытқа  жету – азаптың азабы. Оған елім деген ерлер ғана қол жеткізеді.

Кез келген мемлекет басшысы  ел басқарудың қыры мен сырын терең  мңгерген саңлақ саясаткер болуы тиіс. Ол бұл жұмыстың адам жанын азапқа салатынын, түн ұйқыңды төртке бөлетін беймаза күндер кешетінін білуі керек. Бірақ, осынау қиындықтан қаймықпай, халықтың тілегін қабыл алып, елінің, халқының асыл мұраттарын алға жетелеу үшін тайсалмай қиында жауапты міндетті атқаруға тәуекел ететін адам ғана президенттікке лайық.

Ел басымыз тәуелсіздіктің жиырма жылында дүниенің төрт құбыласын  түгел аралады. Миллиондаған шақырым  жол жүрді. Жол азабын тартты, ұйқысыз  түндерді, күлкісіз күндерді басынан  өткізді. Бәріне төзді, көнді.

Осы жерде дауылпаз ақын Махамбеттің:

«Еңку – еңку жер шалмай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Ерлердің ісі бітерме», деген өлең жолдарын еріксіз есіңе  аласың.

Әлем назарын аударып, айтулы оқиғаға айналған, елдегі еңсерілген істерге көңіл бөлсек: мемлекетіміздің  мерйін үстем еткен, кеше ғана төрағалық  жасаған Еуропадағы Қауіпсіздікпен ынтымақтастық  ұйымының Астана Саммитинде қабылданған декларациясы тарихқа  алтын әріппен жазылып, әлем елдерінің  игілігіне қызмет жасайтын болды.

Сондай – ақ, әлем елдері дін басыларының Астанада өткен  бірнеше құрылтайы да дүние жүзілік  маңызға ие болып, бейбітшілікпен ынтымақтастықтың алтын діңгегіне айналды.

Сонай 1990 жылдардың басында  еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп ел есін енді жинай бастаған тұста Семей полигонын жауып , ядролық қару – жарақтан бас тарту жөнінде қабылданған тарихи шешім. Бүкіл адамзаттың қолдауына ие болды.

Көшбасшымыз 1994 жылы Ломоносов  атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің  оқушылары мен студенттері алдында  сөйлеген сөзінде Еуразиялық интеграция идеясын айтқан болса, онысы бүгінде  ЕурАзЭҚ (Еуразиялық экономикалық қауымдасты ) шеңберінде Кедендік одақтың құрылыпбіртұтас  экономикалық кеңістіктің қалыптасуы мен жүзеге асырылуда. Мұның нәтижесін  халық сезініп отыр. Шанхай ынтымақтастық  ұйымының негізін қалаушы ретінде  де еліміздің атқарған шаруасы ұшан – теңіз.

Турасын айтсақ отанымыз алып мемлекеттердің алдын орап, саяси  – экономикалық мәселелерді ынмақпен түсініктік жағдайында шешудің сара жолын жолын салып берді. А  ұлы Абылайханның саяси сарабыдалдығын жүрегімен түйсінген басшымыз Ресей  мен Қытайдың Қазақстан мемлекеті  үшін қаншалықты маңызды орын алатынын ісімен де, сөзімен де дәлелдеп келеді.

Биылғы жыл – Қазақстан  үшін айтулы жыл. Осы жылы біздің еліміз Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етеді.Бұл да әлемдік маңызы бар саяси оқиға болмақ.Бұл істің маңыздылығы сонда,жаһандану кезеңінде бас көтере бастаған діндер арасындағы қақтығысты бәсеңдетіп,ұлттардың ұғысуын қамтамасыз етуге ықпал етпек.

Түбі бір түркі тілдес елдердің ынтымақтастық ұйымын құрып, оған төрағалық етуде бірлік пен ынтымақтастықтың, өркендеудің жаңа өрісін іздеген жарқын көрініс болды.

Ел басқарудық қыр –  сырын терең меңгерген , біліктілігі  сай, жаратылысынан алғыр, зерек, еңбектің от шашқан тайқазанында құрыштай шынығып  өскен, дара дарындылығымен жасынан  саясаттың салмақты ойынында үнемі  үздіксіз жеңіске жетіп,  болашақты  болжай білетін, табиғи көреген көсемдігімен саңлақ саясаткер екендігін сан  рет дәлелдеген тұлғаға алдағы сайлауда ел ықыласы ерекше болатыны тағы даусыз.

Информация о работе Қазақстан Республикасы Президентін сайлау тәртібі