Қазақстан Республикасы Президентін сайлау тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 11:31, курсовая работа

Описание

Биліктің жаңа институттары мен егемен Қазақстанның мемлекеттілігін қалыптастыру процесінде сайлау жүйесінің тұжырымдамасын және оның негізгі принциптерін әзірлеу маңызды міндет болып табылады. Бұл міндет кезең – кезеңімен ойдағыдай шешіледі.
Қазақстанның сайлау жүйесінің қалыптасуы жалпы қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси жүйесін түпкілікті реформалау жағдайында, сондай – ақ мемлекетті басқарудың барынша оңтайлы моделін іздеу жағдайында өтті, демек өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарынбастан өткерді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Қазақстан Республикасының президентінің сайлауы
2. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің негізгі түсініктері
3. Сайлау 2011
3.1 Сайлау органдары
3.2 Республика президенттігіне кандидаттарды тіркеу
3.3 Сайлаушылар тізімі
3.4 Сайлау алдындағы үгіт
3.5 Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып сайлау өткізудің ерекшеліктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

курстык жумыс сайлау.docx

— 59.37 Кб (Скачать документ)

Кандидаттар мен партиялық  тізімдерін ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына  шығуының кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не егер өтініштер  бір мезгілде келіп түссе , жеребе бойынша белгіленеді.

Кандидаттар үгіттік баспа  материалдарын ескерткіштерге, ескерткіш  тұғырларға , тарихи, мәдени немесе сәулеттік  құндылығы бар уйлер мен ғимараттарға, сондай – ақ дауыс беруге арналған үй – жайларға іліп қоюға тыйым  салынады.

Сайлау комиссияларымен  рұқсат етілген үй – жайларға кандидаттың фотосуретімен және Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мәліметтердің стандартты жиынтығымен, бір нысанда кандидаттар туралы ақпарат орналастырады.

Аталған талаптар бұзылған жағдайда тиісті сайлау комиссиясы кандидатты тіркеуден алып тастауға құқылы.

Барлық Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың үгіт материалдары бұқаралық ақпарат  құралдарында тек 2011 жылғы 3 наурыздан  бастап 1 сәуір күнгі 24.00 ге дейін орналастыра алады (сайлау туралы Конституциялық заңның 27 - бабының 2 ші тармағы).

Тиым салынған кезеңде  сайлауалды үгіт жүргізі Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы кодекстің 99 – бабы жауапкершілік жүктейді, қазақстан Республикасы Президентттігіне кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға (сайлау туралы Конституциялық заңның 59 – бабының 7 – тармағы 3 - тармақшасы), сондай – ақ сайланған тұлғаны тіркеуден бас тартуға (сайлау туралы Конституциялық заңның 66 – бабының 2 – тармағы 2 - тармақшасы) негіз боладады.

Қандай да бір адамның  бейнесін – оның жазбаша келісімінсіз, ал ол қайтыс болған жағдайда мұрагерлерінің жазбаша келісімінсіз пайдалану  арқылы сайлау алды үгіт жүргізуге  тыйым салынады (сайлау туралы Конституциялық заңның 27 – бабының 10 - тармағы).

Сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа материалдарын  соның ішінде безендірілген материалдарды, сондай – ақ омырауға тағатын белгілерді, жалауларды, жалаушыларды тегін таратуды қоспағанда, сайлаушыларға тегін  немесе жеңілдік шарттары мен тауарлар, бағалы қағаздар беріп, қызмет көрсету, сондай – ақ лотореялар, қайырымдылық акцияларын өткізу, ақша төлеу болмаса  осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгітті жүргізу сайлау алды жөнсіз үгіт деп саналады. Сайлауалды жөнсіз үгіт жүргізуге тыйым салынады.

Сайлау тағайындалған  кезден бастап, кандидаттарға, сондай – ақ олардың атынан немесе оларды қолдап кез – келген жеке және заңды  тұлғаларға, ойын – сауық және спорттық іс – шараларын ұйымдастыруды  қоспағанда, қайырымдылық іс – шараларын  өткізуге тыйым салынады.(сайлау туралы Конституциялық заңның 27 – бабының 9 - тармағы).

Сайлауалды үгіт жүргізу  ққұқығына кедергі келтіргені және бұқаралық ақпарат құралдары  арқылы сайлауалды үггіт жүргізу  шарттарын бұзғаны үшін әкімшілік  жауапкершілік белгіленген (Қазақстан  Республикасының Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы кодексінің 99 – 1, 105 - баптары).

Кандидаттар не олардың сенім  білдірген адамдары  болып тіркелген  журналистердің, бұқаралық ақпарат  құралдары редакциялары лауазымды  адамдарының сайлауды бұқаралық  ақпарат құралдары арқылы көрсетуге  қатысуына құқығы жоқ(сайлау туралы Конституциялық заңның 27 – бабының 6 - тармағы).

Сайлаумен байланысты қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін  жариялаған кезде бұқаралақ ақпарат  құралдарының редакциялары сурау салуды жүргізген ұйымды, сурау салуды жүргізуге  тапсырыс берген және ооның ақысын төлеген адамдарды, сурау салу жүргізілген  уақытты, ақпарат жинау әдісін, сурау  салудың нақты тұжырымын, сұралғандардың санымен сурау салу нәтижесінің  қателік коэффициентін көрстетуге міндетті.

Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сурау салу нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді дауыс  берілетін күн жариялауға жол  берілмейді (сайлау туралы Конституциялық заңның 28 – бабының 9 - тармағы).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.5 Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып сайлау өткізудің ерекшеліктері

Сайлау өткізу кезінде  сайлаушылардың тізімін жасау, дауыс  беру, дауыс берудің қорытындыларын белгілеу мен сайлау нәтижесін анықтау  үшін сайлау округі аумағында электрондық  сайлау жүйесі пайдалануы мүмкін. Электрондық  сайлау жүйесін пайдалана отырып сайлау өткізген кезде осы Конституциялық заңның нормалары электрондық сайлау жүйесін пайдаланудыңерекшеліктері  ескеріле отырып қолданылады.

Электрондық сайлау жүйесі – сайлауға әзірлену мен оны өткізу кезінде ақпараттық процесстерді автоматтандыруға арналған ақпараттық технологиялардың, ақпараттық желілердің және оларды бағдарламалық – техникалық қамтамасыз ету құралдарының жиынтығы. Элекрондық сайлау жүйесінде пайдаланылатын бағдарламалық құралдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификатталуға тиіс.

Электрондық сайлау жүйесін  пайдаланып сайлау өткізген кезде сенім  білдірілген адамдар, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері осы Конституциялық заңда  көзделген құқықтар мен міндеттерге  толық көлемде ие болады. Электрондық  сайлау жүйесі Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілеген тәртіппен құрылған мемлекеттік комиссия оны қабылдағаннан  кейін пайдаланады. Электрондық  сайлау жүйесі пайдаланылатын сайлау округтері мен сайлау учаскелері Орталық сайлау комиссиясы олардың  электрондық  дауыс беруге дайын  болуына қарай анықталады.

Электрондық сайлау жүйесінің  жабдықтары учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен дауыс беруге кемінде үш күн қалғанда ашылып, орнатылады, ол туралы акт жасалады. Жабдықтарды ашу және орнату кезінде сенім білдірілген адамдар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуға құқылы. Электрондық сайлау жүйесі жабдықтары орнатылған кезден бастап сайлау учаскесін күзетуді ішкі істер органдарының қызметкерлері қамтамасыз етеді.

Жергілікті атқарушы органдар дауыс берілетін күні сайлау учаскесі ашылған кезден бастап дауыс беру нәтижелері Орталық сайлау комиссиясына берілгенге дейін электрондық дауыс  беру өткізілетін учаскелерге электр энергиясының үздіксіз берілуін қамтамасыз етеді. Электрондық сайлау жүйесін  пайдалану тәртібін осы Конституциялық заңмен регламенттелмеген бөлігін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді.

Электрондық сайлау жүйесі Конституция заң талаптарының сақталуын, оған енгізілетін және одан шығатын ақпараттардың дұрыстығын, толықтығын және уақытылығын қамтамасыз етуге тиіс. Электрондық сайлау жүйесі ақпараттарға рұқсат етілмеген жолмен қол жеткізуді, ақпарттарды жинаушы, өңдеуші, жинақтаушы, сақташы, іздестіруші және беруші бағдарламалық – техникалық құралдардың жұмыс ырғағын бұзуды, аталған құралдардың істен шығуын болдырмайтын тиісті қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілуге тиіс.

Сайлауда электрондық  сайлау жүйесін пайдаланған кезде мыналарға:  Орталық сайлау комиссиясы белгілеген басқа электрондық жүйелерді пайдалануға, апарттарды басқа желілерге қосуға, электрондық дауыс беруді өткізуге, дауыстарды санауға, сайлау нәтижелері туралы ақпараттарды беруге заңсыз араласып, бақылау жасауға жол берілмейді.

Электрондық сайлау жүйесін  пайдаланып дауыс беруге арналған үй – жай, дауыс беруге арналған кабинада дауыс беруді қоспағанда, қатысып  отырған адамдарға электрондық  сайлау жүйесін  пайдаланып дауыс  беру кезіндегі іс – әрекеттің  көрінуі қамтамасыз етілетіндей болып жабдықталады.

Электрондық сайлау жүйесін  пайдаланып сайлау өткізген кезде дауыс  беру электрондық бюллетенмен жүргізіледі. Электрондық сайлау бюллетенінің мәтіні мемлекеттік тілде және орыс тілінде  жазылады және осы Конституциялық заңның 37 – бабының 1 – тармағында белгіленген  талаптарға сай келуге тиіс.

Дауыс беру басталмас бұрын  сайлау комиссиясы төрағасы электрондық  жүйенің дұрыс жұмыс істейтіндігіне көз жеткізуі қажет және де сайлау төрағасы электрондық сайлау жүйесін  қосудың мөр басылып жабылған паролін ашады және электрондық сайлау жүйесін іске қосады. Бұл ретте қатысушыларға парольдің сақталу шараларының бүтіндігіне алдын ала көз жеткізу мүмкіндігі қмтмасыз етілуі тиіс.

Электрондық сайлау жүйесін  пайдаланған кезде дауыстарды санау  электрондық сайлау жүйесімен жүргізіледі. Дауыстарды санау осы Конституциялық заңмен белгіленген уақытта басталады, бірақ осы учаскедегі дауыс беруге арналған барлық құрылғылардағы деректер электрондық сайлау жүйесіне енгізілмей тұрып басталмауы керек.

Дауыстарды санау туралы мәліметтер дауыс беру туралы деректер құрылғысында тіркелуге тиіс.

Электрондық дауыс беру нәтижелері туралы ақпарат электрондық жүйемен  электрндық хаттмаға енгізіліп, ол комиссия мүшелерінің электрондық цифрлық қолтаңбаларымен расталады.Сайлау комиссиялары мүшелері  қол қойған электрондық хаттаманың  қағаздағы көшірмесі сайлау учаскесінің үй – жайында жалпы жұрттың танысуы үшін арнайы белгіленген орынға ілінеді де екі күн бойы тұрады.

Сайлау қорытындыларын белгілеу электрондық хаттамалар негізінде  Орталық сайлау комиссиясы белгілеп тиісті Орталыққа  хабарланады. Электрондық  сайлау жүйесі арнайы бөлінген комуникациялық жетілерге осы тармаққа сәйкес ақпарат  беру үшін қажетті мерзімге ғана қосылады.

Дауыстар саналғаннан  кейін дауыс беру туралы деректерді жазуға арналған пакетке салынып, сайлау комиссиясының мөрімен бектіледі  және тиісті облыстық сайлау комиссиясына беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Президентті сайлау тәртібін қорытындылай келсек Конституцияда  белгіленген тәртіп бойынша жасалған дауыс беру аяқталғаннан соң  Орталық  сайлау комиссиясының қолына келіп  түскен қорытынды дауыстардың санына байланысты анықталады. Сайлау қорытындыларын сайлау комиссиясының төрағасы жариялайды. Он күн ішінде кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарына сайлаудың қорытындысын жария етіп халыққа хабарлайды. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астамынын дауысын алған кандидат сайланады деп есептеледі. Қазақстан Республикасының Президентін сайлап жария еткен соң Президент заңды қатаң сақтап азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант береді. Осы салтанатты шеру аяқталғаннан соңхалық қалауымен сайланған Президент өз міндетті қызметіне кіріседі.

Қазақстан Республикасының  Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізін қалаушысы болып табылады. Қазақстан атынан өкілдік қызметін атқаратын ең жоғарғы лауазымды  тұлға.

Ортақ тарихи тағдыр біріктірген  қазақстан халқы, байырғы қазақ  жерінде мемлекеттілік еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына  жетіп алғаш жеке егеменді ел болғанына  Президенттің халықпен сайлануы арқылы нақты көз жеткізді.

Қазіргі кезде болашақ  ұрпақтардың тағдырын негізге ала  отырып, егеменді ел болып Президентті сайлап жеке ел болған Қазақстан өз Конституциясын қабылдады. Осы қабылданған Конституция бойынша Қазақстан Республикасының президенті өз жұмысын жалғастырады.

Қазақстан Республикасының  Президентін сайлау тәртібі тақырыбындағы  курстық жұмысты осылай қорытындылай келе өз еліміздің алғаш Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты  халық қалауы бойынша  ел басшысы  етіп сайлап, қазақ елі өз тағдырын осы адамның қолына тағзым етті. Осы 2011 жылы Қазақстан Республикамыздың Президентін қайта сайлау болады. Бұл сайлаудың мақсаты халықтың қалауы бойынша ел басын таңдау болып табылады.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. Абдильдин С.А Обращение к Президенту /Эпоха. 2004.9 января.С.А
  2. Административное право: Учебник/ Под.ред. Ю.М. Козлова, Л.Л. Попова.- М.: Юрист,1999
  3. Административное право: Учебник/ Под. Ред. А.П. Коренова.М, 1986.
  4. Баққұлов С.Д – Құқық негіздері: Оқулық.- Алматы; 2004.- 248 бет.
  5. Баглай М.В. Конституционное право Россиской Федераций. М.:Норма, 1998. С. 534.
  6. Дюги Л. Конституционное право. М., 1998. С. 201.
  7. Егемен Қазақстан №66 – 68 (26470), 4 наурыз,жұма, 2011 жыл.
  8. Егемен Қазақстан №69 (26471), 5 наурыз, сенбі, 2011 жыл.
  9. Егемен Қазақстан №65 (26467), 2 наурыз , сәрсенбі, 2011 жыл.
  10. Зиманов С.. Конституция и Парламент Республики Казахстан. Алматы, 1996.
  11. Закон Республики Казахстан «О Правительстве РК» от 18.12,95 год.
  12. Закон Республики Казахстан «О местных представительных и исполнительных органах РК» от 10.12.93 год.
  13. Ибрагимов Х.Ю. Административное право. Алматы. Данекер, 2000.
  14.   Қазақстан Республиасынның Конституциясы. – Алматы: ЖШС «Издательство «Норма – К», 2008. – 44 бет.
  15. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30 тамыз. -1995 жыл.
  16. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Президент, Сайлау туралы Конституциялық заңдары.(құрастырған Б.Ә Мұхаметжанов, А.Н Котлов. – Алматы: Жеті Жарғы, 1999 жыл. – 432 бет.
  17. Қазақстан Республикасының Конституциясы – 2007 жылғы 21 мамырдағы №254 – 3 заңымен  толықтырулар енгізілген
  18. Кодекс республики Казахстан об административных правонарушениях от 30 января 2001 год.
  19. Козлова Е.И., Кутафин О.Е. Конституционное право. М., 1995.
  20. Коваленко А.И. наука государственного  конституционного права. – М., 1971 год.
  21. Мемлекеттік қызмет туралы. – , Жеті Жарғы, 1997. – 160 бет. – 172 бет.
  22. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті: ретроспективтік библиографиялық көрсеткіш: 2 томдық/ бас ред. Б.Ө. жақып. – Алматы, - қазақ энциклопедиясы. – 1 том.- 2010.- 736 бет.
  23. Назарбаев Н.А. на пороге 21 века.., Алматы, 1995 год.
  24. Назарбаев Н. А. «Казахстан – 2030 ».// казахстанская правда, 1997, 11 октября.
  25. Нурпейсов Е.К., Котов А.К..Государство Казахстан от ханской власти к президентской республике. Алматы. 1995 год.
  26. Нурбеков М..В свете требований правовой реформы. Алматы, 1999.
  27. Постановление Конституцинного Совета РК от 28 октября
  28. 1996 года № 6 «Об официальном толкований пункта 1 статьий 4 и пункта 2 статьий 12 Конституций Республики Казахстан»
  29. Сагиндиков А.Н. Конституционное право Республики Казахстан: курс лекций.- Алматы: Білім, 1999.
  30. Сапарғалиев Ғ. С., Ибраева А.С .- Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы. – Алматы: Жеті Жарғы, 1998.- 192 бет
  31. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: акад курс: оқулық – 2 басым. – Алматы: Жеті Жарғы , 2004.- 480 бет
  32. Самалдыкова З.М. Парламент Республики Казахстан.- Алматы, 2000
  33. Указ Президента Казахстана, силу конституционного закона, «О Президенте Республики Казахстан»от 26.12.95

Информация о работе Қазақстан Республикасы Президентін сайлау тәртібі