Қазақстан Республикасы Президентін сайлау тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 11:31, курсовая работа

Описание

Биліктің жаңа институттары мен егемен Қазақстанның мемлекеттілігін қалыптастыру процесінде сайлау жүйесінің тұжырымдамасын және оның негізгі принциптерін әзірлеу маңызды міндет болып табылады. Бұл міндет кезең – кезеңімен ойдағыдай шешіледі.
Қазақстанның сайлау жүйесінің қалыптасуы жалпы қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси жүйесін түпкілікті реформалау жағдайында, сондай – ақ мемлекетті басқарудың барынша оңтайлы моделін іздеу жағдайында өтті, демек өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарынбастан өткерді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Қазақстан Республикасының президентінің сайлауы
2. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің негізгі түсініктері
3. Сайлау 2011
3.1 Сайлау органдары
3.2 Республика президенттігіне кандидаттарды тіркеу
3.3 Сайлаушылар тізімі
3.4 Сайлау алдындағы үгіт
3.5 Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып сайлау өткізудің ерекшеліктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

курстык жумыс сайлау.docx

— 59.37 Кб (Скачать документ)

Тіркеу құжаттары арқылы Президенттікке кандидатты тіркеуден  соң керекті құжаттар:

1.Президенттікке кандидат  болып дауысқа түсу ниеті жөніндегі  өтініш,

2.аумақтық сайлау комиссиясының  азаматтардың Президенттікке кандидатты  қолдап жиналған қолдарды тексеру  нәтижелері жөніндегі хаттамасы,

3.кандидат туралы өмірбаяндық  деректер,

3.1алынып тасталды,

3.2кандидат пен жұбайының  еңбек табысы мен дүние мүлкі  жайлы ақпарат құжаты,

4.кандидаттың сайлау жарнасын  енгізгендігін куәландыратын құжат.

7.Орталық сайлау комиссиясы:

Президенттікке кандидаттарды  тіркегеннен кейін жеті күннен кешіктірмей  бұқаралық ақпарат құралдарында әрбір кандидаттың тегін, аты  мен әкесінің атын, туған жылын, атқаратын  қызметін, жұмыс орны мен тұрғылықты жерін көрсетіп, сондай – ақ кандидаттың  қалауына қарай оның қоғамдық бірлестікке  қатыстылығы мен ұлты туралы мәліметтерді жариялайды.

Тіркелген кезде кандидаттарға  тиісті куәлік береді,

Мынадай жағдайда:

Нұсқан келтіретін, оның іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін анықтаған, сот кандидат пен оның сенім білдірілген  адамдарының сайлаушыларды сатып  алу фактілерін анықтаған, осы конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда  кандидатты тіркеуден бас тартады  немесе тіркеу туралы шешімнің күшін  жояды.

    Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлық пен  күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының декларацияны тапсыру кезінде декларацияда  туралы көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған жағдайда кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.   Тіркеуден бас тартуға немесе тіркеудің күшін жоюға қатысты кандидаттар тиісті сотқа шағым жасай алады.

    Дауыс беретін күнге екі күн қалғанда кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұған дейін тіркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейді. Орталық сайлау комиссиясының Президенттікке канидатты тіркеуден бас тартуына немесе тіркеу ұсынған қоғамдық бірлестік он күн ішінде Жоғарғы сотқа шағым беруі мүмкін, ол шағымды берілген күнінен бастап он күн мерзім ішінде қарайды. Жоғарғы Соттың шешімі түпкілікті болып табылады.

60 – бап бойынша кандидатурасын алып тастау, кандидат ұсыну туралы шешімнің күшін жою барысында Президенттікке кандидат тіркелген күннен бастап және дауыс беруге екі кн қалғанға дейінгі кез келген уақытта Орталық сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтініш бере отырып өз кандидатурасын алып тастауна мүмкіндік береді. Республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы тіркеуге дейін және тіркеуден   кез келген уақытта тиісінше Орталық сайлау комиссиясына ұсыныс жасау арқылы Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі өз шешімнің күшін жоя алады. Мұндай жағдайда Орталық сайлау комиссиясы кандидатты тіркемейді не оны тіркеу туралы шешімнің күшін жояды. Егер кандидатураны алу немесе кандидатты ұсыну туралы шешімнің күшін жою осыған мәжбүр ететін себептерсіз жүргізілген болса, онда Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткізуге республикалық бюджет қаражатынан жұмсалған шығыстың бір бөлігін кандидаттың немесе тиісінше оны ұсынған қоғамдық бірлестіктің есебіне жатқызуға хақылы.

61-бап бойынша тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін шығып қалғандардың орнына Республика  Президенттігіне кандидаттарды ұсыну: Тіркеу мерзімі аяқталған соң кандидаттардың шығып қалуы нәтижесінде Президенттікке екіден кем қалған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы өз қаулысымен сайлауды екі айдан аспайтын мерзімге ұзартады. Мұндай жағдайда Президенттікке кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгіленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

62-бап бойынша Республика президентін сайлау кезіндегі дауыстарды санауПрезидент сайлауында дауыстарды санау нәтижелері аумақтық сайлау комиссияларының мәжілістерінде белгіленеді және хаттамаға егізіледі, оған комиссия төрағасы мен мүшелері қол қойып , екі күн мерзім ішінде Орталық сайлау комиссиясына жолданады. Дауыстарды санау нәтижелерін анықтауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның жалпы бөлімінде белгіленген ережелерге сәйкес шешіледі.

63-бап бойынша қайта дауыс беру кезінде сайлау бюлитеніне екіден артық Президенттікке кандидаттар енгізіліп және олардың бірде – біреуі сайланбай қалса, Орталық сайлау комиссиясы ең көп дауыс алған екі кандидат бойынша Президент сайлауы жөнінде қайта дауыс беру тағайындайды. Кандидаттардың  біреуі шығып қалған жағдайда, сайлау бюллетеніне неғұрлым көп дауыс алған келесі кандидат енгізіледі. Қайта дауыс беру осы Конституциялық заңның талаптарын сақтай отырып екі ай мерзімін кешіктірілмей өткізіледі. Қайта дауыс беруді осы Конституциялық заңның талаптарын сақтай отырып екі ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Қайта дауыс беруді өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

64-бап бойынша қайта сайлау жағдайы туындаған кезде Президент сайлауы жарамсыз деп танылса, не қайта дауыс беру сайланған Президентті анықтауға мүмкіндік бермесе, Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауын қайта тағайындайды. Қайта сайлау алғашқы сайлаудан кейін екі ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Дауыс беру бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған тізім бойынша және сол сайлау учаскелерінде өткізіледі. Сайлау комиссияларын құру, Президенттікке кандидаттар ұсыну мен тіркеу, басқа да сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.Бұл ретте сайлау шаралары мерзімнің қысқартылуын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды. Қайта сайлау өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

65-бап бойынша  Республика президенті сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиясы хаттамаларының негізінде сайлаудан кейін жеті күндік мерзімнен кешіктірмей Президент сайлауының қорытындыларын белгілейді және тиісті қаулы қабылдайды, Республика Президенті болып: дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астамын алған , қайта дауыс беру кезінде, басқа кандидатпен салыстырғанда, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілік дауысын алған, Республика Президенті сайлауының қорытындысын анықтау мен жариялауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлімінде белгіленген ережелерге сәйкес шешіледі.

66-бап бойынша сайланған Республика президентін тіркеу Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау өткізген күннен бастап еті күн мерзім ішінде сайланған Республика Президентін тіркейді. Егер учаскелердің немесе әкімшілік бөліністердің жалпы санының кемінде төрттен бір бөлігінде: сайлау жарамсыз деп танылса, не оның барысында немесе дауысты санау не дауыс беру нәтижелерін анықтау кезінде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, Орталық сайлау комиссиясы тиісті сайлау комиссияларының ұсынысы, азаматтардың арыздары бойынша сайланған Президентті тіркеуден бас тартуы мүмкін. Осы бапта көрсетілген Орталық сайлау комиссиясының шешіміне Президенттікке кандидат оның қабылданған күнінен бастап он күн ішінде Жоғарғы сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзім ішінде түпкілікті шешім қабылдайды.

68-бап бойынша Республика Конституциялық Кеңесінің Республика президенті сайлауын өткізудің дұрыстығы жөніндегі мәселені қарауы Республика президентінің сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейін он күн ішінде берілуі мүмкін, өтініші бойынша Конституциялық Кеңес дау туындаған жағдайда Республика Президенті сайлауын өткізудің дұрыстығы жөніндегі мәселені шешеді. Бұл ретте Республика Президентінің қызметке кірісуі өтінішті қарау кезінде ттоқтатыла тұрады. Орталық сайлау комиссиясы Республика Президенті сайлауын өткізудің дұрыстығы жөнінде дау туындаған жағдайда сайлауды әзірлеу мен өткізуге байланысты материалдарды Конституциялық Кеңңеске береді. Конституциялық Кеңес Конституцияны бұзу анықталған учаскелердегі Республика Президенті сайлауы Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиісті учаскелердегі сайлауды жарамсыз  деп тану және сайлау жарамсыз деп танылған учаскелерде екі ай ішінде қайта дауыс беру өткізу жөнінде шешім қабылдайды.

6. Жатақханаларда тұратын күндізгі бөлімдерде оқитын студенттер мен аспиранттар сайлаушылар тізіміне жатақхананың орналасқан жері бойынша енгізіледі,

7. Әскери бөлімдердегі сайлаушы әскери қызметшілердің, сонымен олардың сол жерлерде тұратын отбасы мүшелері мен басқа да сайлаушылардың тізімі әскер бөлімдерінің коомандирлері берген мәліметтер негізінде жасалады.

8. Демалыс үйлерінде, емдеу мекемелерінде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерінде, тергеу изоляторларында, сондай- ақ шет мемлекеттердегі қазақстан Республикасының өкілдіктері жанынан, Қазақстан республикасына қарайтын және дауыс беретін күні жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдері аталған мекемелердің басшылары, тиісті әкімдер, өкілдіктер басшылары мен кеме капитандары берген деректер негізінде жасалады.

Уақытша болу орындарында  құрылған сайлау учаскелері бойынша  сайлаушылар тізімдері дауыс  берілетін күннің алдындағы күндегі  жағдай бойынша міндетті түрде нақтылануға тиіс.

 

 

 

 

3.3 Сайлаушылар тізімі

24-бап бойынша сайлаушылар  тізімдері және оларды жасау  тәртібі белгіленеді.

1.Президентті сайлаған  кезде сайлаушылар тізімі жасалады,

2.алынып тасталды,

3.Нақтылы сайлау учаскесінде  азаматты сасйлаушылар тізіміне  енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болады,

4.Сайлаушылар тізімі әліппе  тәртібімен немесе өзге тәртіппен  жасалады. Тізімде сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы  және тұрғылықты мекен - жайы  көрсетіледі. Таңдаушылар тізімі тәртіппен немесе өзге тәртіппен жасалады және тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын белгіленеді,

5.Сайлаушылардың тұрғылықты  жері бойынша тізімін тиісті жергілікті атқарушы орган халықты есепке алуды жүзеге асыратын органдар ұсынған мәліметтердің негізінде жасайды.

    Әрбір сайлаушы сайлау жарияланғаннан немесе тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы. Егер сайлаушыға сайлаудан кемінде отыз күн бұрын сайлау күні өзінің тіркелген орны бойынша дауыс беруге арналған үй- жайға келу мүмкіндігі болмайтыны белгілі болса, оның өзінің болатын жері бойынша жергілікті атқарушы органға өзін тиісті сайлаушылар тізіміне енгізу жөнінде жазбаша өтініш беруге құқығы бар. Осы тармаққа сәйкес азамат өтініш жасаған кезде жергілікті атқарушы орган азаматты тіркелу орны бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды және оны сол азамат дауыс беретін учаскенің сайлаушылар тізіміне енгізуді ұйымдастырады.          Әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізіміне тиісті әкім қол қоядыжәне ол дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын тиісті сайлау комиссиясына акт бойынша тапсырылады.

   Басқа құзіретті органдар мен ұйымдардың деректерімен алдын ала салысырылған сайлаушылар туралы мәліметтерді жергілікті атқарушы орган әр жыдың 1 шілдесіне және 1 қаңтарына электрондық жеткізуші арқылы және қағазға түсірілген күйінде тиісті аумақтық  сайлау комиссияларына тапсырады.

Жергілікті атқарушы органдардың  лауазымды адамдарды тиісті сайлау комиссиясына тапсырылған сайлаушылар тізімдерінің, сондай- ақ сайлаушылар туралы деректердің дұрыстығы үшін жауапты болады

 

 

 

3.4 Сайлау алдындағы үгіт

Сайлау алдындағы үгіт – сайлаушылардың белгілі бір кандидатты жақтап немесе қарсы  дауыс беруге қатысуына түрткі болу мақсатындағы қызмет. Сайлау алдындағы үгіт кандидаттар тіркелген ммерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт жүргізу ең алдымен бұқаралық  құралдар арқылы жүзеге асырылады. Сайлау алдындағы жария іс- шараларды  (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен кездесулерді, сайлау алдындағы жария пікір таластар мен пікір алысуларды, митингілерді, шерулерді және заңнамада белгіленген тәртіппен және осы Конституциялық заңда тиым салынбаған өзге де сайлау алдындағы іс – шараларды, сондай – ақ кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін өткізу жолымен үгіт жасалынады. Егер теледидар, баспа материалдарын тарату жолымен үгіт жүргізу жолдары да өте тиімді болып саналады.

Мемлекеттік Органдарға, жергілікті өзін – өзі басқару органдарына, олардың лауазымды адамдарына, Қарулы күштердің, басқа да әскери құрылымдардың әскери қызметшілеріне,құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға, сайлау комиссиялары мүшелеріне, діни бірлестіктерге сайлау алдындағы үгітті жүргізуге, кез – келген материалдарды таратуға тиым салынады.

Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге кедергі болатын және демеп жіберетін қызметті жүзеге асыруына тиым салынады.

Осы Конституциялық заң бойынша мыналар:

1)бағынышты немесе басқа да қызмет жағынан тәуелді адамдарды, аталған адамдарды сайлау алдындағы үгіт жүргізуге тарту,

2)кандидаттың, партиялық тізім ұсынған саяси партияның сайлауына септігін тигізетін қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар орналасқан үй – жайларды пайдалану, егер өзге кандидаттарға, саяси партияларға аталған үй – жайларды осындай шарттармен пайдалануға кепілдік берілмесе, лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдалану деп ұсынылады.

Осы тармақта белгіленген  шектеулерді сақтау лауазымды адамдарға  өздерінің қызметтік міндеттерін  орындауға кедергі келтірмеуге  тиіс.

Партиялық тізімдерін ұсынған  саяси партиялар теледидарда  орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын, ол белгілейтін уақыт көлемінде саяси пікір – сайыстарға қатысуға құқылы.

Бұқаралық ақпарат құралдары  тіркелген кандидаттарға және партиялық  тізімдерін ұсынған саяси партияларға  шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын береді. Бұқаралық ақпарат  құралдарында кандидаттарға және партиялық  тізімдерін ұсынған саяси партияларға  эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беру туралы шарттың талаптары белгілі  бір кандидатқа, саяси партияға артықшылық туғызбауға тиіс. Эфирден және баспасөзден  орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді тиісті телерадиохабарларын тарату ұйымы, мерзімдік баспа басылымының  редакциясы сайлаудың тағайындалғаны туралы шешім ресми жарияланғаннан кейінгі оныншы күннен кешіктірмей  хабарлауға және жариялауға тиіс, сондай – ақ Президент сайлауы кезінде – Орталық және облыстық сайлау комиссияларына, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттары мен жергілікті өзін – өзі басқару органдары мүшелерін сайлау кезінде өзге де аумақтық, сондай – ақ округтік сайлау комиссияларын берілуі тиіс.

Информация о работе Қазақстан Республикасы Президентін сайлау тәртібі