Бәсеке күресі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 22:23, реферат

Описание

Бәсеке өндірушілерді ресурстарды мейлінше аз мөлшерде пайдалана отырып, тұтынушылырдың қажеттіліктерін ең төменгі баға бойынша қанағаттандыруға мәжбүр етеді.
Бәсеке – (лат. Concurred-қақтығысу) – бұл рыноктық экономиканың қатысушыларының арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысында , өндірістегі ең жақсы жағдайлары үшін бақталастық..
Рыноктың мәнді белгілерінің бірі – бәсеке болып табылады. Бәсеке нарықтық қатынас субъектілері арасындағы күрестің немесе бақталастықтың қоғамдық формасы.

Содержание

І бөлім. Бәсеке күресі және оның экономикалық мазмұны.
1.1 .Бәсеке күресіне жалпы сипаттама.
1.2. Бәсеке туралы ғалымдардың тұжырымдамалары

ІІ бөлім. Бәсеке күресінің түрлері.
2.1. Жетілген бәсеке күресіне сипат.
2.2. Жетілмеген бәсеке күресіне сипат.

ІІІ бөлім. Бәсеке күрес және монополия.
3.1. Монополияға қарсы заңдылықтар.
3.2. Бәсекелестікті мемлекеттік қорғау және талдау.

Работа состоит из  1 файл

Бәсеке күресі-КАСИПКЕРЛИК КУКЫК.doc

— 127.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар.

 

І бөлім. Бәсеке күресі және оның экономикалық мазмұны.

1.1 .Бәсеке күресіне жалпы сипаттама.          

1.2. Бәсеке туралы ғалымдардың тұжырымдамалары  

 

ІІ бөлім. Бәсеке күресінің түрлері.    

2.1. Жетілген бәсеке  күресіне сипат.         

2.2. Жетілмеген бәсеке күресіне сипат.   

 

ІІІ бөлім. Бәсеке күрес және монополия.

3.1. Монополияға қарсы  заңдылықтар.

3.2. Бәсекелестікті мемлекеттік  қорғау және талдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Бөлім. Бісеке  күресі және оның экономикалық  мазмұны.

1.1. Бәсеке күресіне жалпы сипаттама.

 

Бәсеке өндірушілерді  ресурстарды мейлінше аз мөлшерде пайдалана  отырып, тұтынушылырдың қажеттіліктерін  ең төменгі баға бойынша қанағаттандыруға мәжбүр етеді.

Бәсеке – (лат. Concurred-қақтығысу) – бұл рыноктық экономиканың қатысушыларының арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысында , өндірістегі ең жақсы жағдайлары үшін бақталастық..

Рыноктың мәнді белгілерінің бірі – бәсеке болып табылады. Бәсеке нарықтық қатынас субъектілері арасындағы күрестің немесе бақталастықтың қоғамдық формасы.

Бәсеке мақсаты - өндіріс  факторлары мен тауарларды таратуға апаратын жақсы жағдайларды ұйымдастыру  арқылы қосымша таза табыс алу.

Нарықтық жағдайда тұтынушының  қанағаттануы тауарға деген өзінің ерекшелігінің жиынтығы сатып алу сату актісінде көрінеді. Мұңдай ерекшеліктің үйлесуі , өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы негізінде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасын сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестігін бәсекенің жарамдылығы деп атайды.

Өнімнің бәсекеге жарамдылығы ерекше жағдайын өанағаттандыруына мүмкіндік беретін тұтыну кешенінің «сапалық және сандық» сипаттамасын анықтайды. Бәсекеге жарамдылығы өнім рынокта жеңіл және тез сатылады. Әрбір сатып алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын таурды ғана алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан , сатып алушының тауарға деген қанағаттанушылық деңгейінде жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды , оның тағы да нарықтық пайда болу қарсаңында қалыптасады.

Сонымен , тауар бәсекенің  жарамдылығын , оның сапалық және құндық сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады . Ол сатып алушының нарықтылы  мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы үшін тиімділігі ұқсас тауар – бәсекелестер ерекшеленеді.

Бұл маңызды көрсеткішті  анықтаудың бір неше тәсілдері белгілі . Олардың ең көп таралғандарына қысқаша тоқталайық .

Бірінші тәсіл .Техникаға  бәсекенің жарамдылығын анықтайтын белгісі – бұл тауарды тұтыну бағасы болып табылады . Ол мынадай формуламен анықталады:

Бт = Бс + Шт  мұнда  Бт – тұтыну бағасы , Бс – сатылу бағасы, Шт – бұл өнімді тұтынушылардың шығындары.

Екінші тәсіл. Тауардың бәсекелестік жарамдылығын анықтағанда  бұл тәсіл екі өлшемді еске алу мүмкін ; Өнімнің өзіндік құны , тауарды сату және оның сапалық деңгейі. Сөзсіз, бәсеке жарамдылығы артығырақ болатын тауар оны өндіруге, сатуға кеткен шығындар ең төмен, ал сапа деңгейі бәсекелес тауарға қарағанда жоғарылау болса.

Үшінші тәсіл. Бұл тәсңл техникалық деңгейі және сату бағасын есепке ала отырып, бәсекелестік тауарларды салыстыруға негізделген. Бұл тәсілге сәйкес басында салыстырмалы сапаның сандық көрсеткіштерінің деңгейі және базалық үлгілері мына формуламен анықталады.

КК = ККэ ККт   ККс

КК – тауар деңгейінің кешендң көрсеткіші

ККэ – эстетико – экономикалық деңгейінің көрсеткіші

ККт – техникалық деңгейінің көрсеткіші

ККс – көрсеткіш кешенінің  сенімділігі

Төртінші тәсіл. Бұл  тәсілде бәсекеге жарамдылықтың  деңгейі қалай техникалық , солай экономикалық параметрге салыстыру негізінде анықталады. Сонымен, техникалық параметрден тек сатып алушылар осындай ең жоғары деңгейді қызықтыратындарды таңдайды.

Қорыта айтқанда, біздің Республикада өткізіліп жатқан нарыққа  көшу сапа және өнімнің бәсекеге жарамдылығы жөніндегі мәселеге жаңадан қарауға мәжбүр етеді. Егер бүгін емес, ол ертең бәсекелестік нарығының дамуы өнімнің сапалық дамуы серпінін және арттыруға көндіретін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Бәсеке туралы ғалымдардың тұжырымдамалары.

 

20 ғасырдың басында  еркін бәсеке экономикасының монополистікке айналуы дағдарысқа әкелді. Мұндай жағдайда, бұдан жыл бұрын таза экономикалық теорияның өкілдері – бастапқыда классикалық , одан кейін маржиналистер арқа сүйген Ж.Б.Сэйдін «рынок заңы» өзінің мәңгілік маңызын жойды. Институционолистер зерттеген жетілмеген бәсеке проблемасын неоколассиктер мойындайды . Сонымен белгілі болғандай , шаруашылық субъектісінің монополистік құрылымдарында көрінген жетілмеген бәсеке проблемасын неоклассик экономистері ілімдерінің өкілдері – Гарвард универститетінің профессоры Дж. Робинсон бір мезгілде зерттеген . Олардың теориялары 20 ғасырдың ғалым экономистерінің сөзсіз жетістіктері болып саналады.

1933 жылы Антрактикада жағалауының  бір жағында Э.Чемберлин , екінші жағында Дж. Робинсон өздерінің «Монополистік бәсеке теориясы» мен «жетілмеген бәсеке теориясы» атты еңбектерін жазды.

Біріншіден , Э. Чемберлин теориясы бойынша нақты емес жасанды , абстракцияны таза бәсеке категориясы орнына монополистік бәсеке туралы әңгіме қозғау дұрыс . Бұл жағдайда сатушылар өздерінің бір - бірімен бәсекелесі мүмкіндігін сақтайды , бағамен манипуляция жасайды , оның дәрежесін бақылайды , өзінің рыногында қожайын болады .

Екіншіден, ол енгізген монополистік бәсеке деген түсінік «таза бәсекенің альтернативі болды» өйткені , монополистік бәсеке тұсында

  • рыноктық құрылыс кезінде сатушылар саны көп
  • фирма жұмысына бәсекелес фирмалардың тиімді жұмысы әсер етпейді
  • сатып алушылар түрлі сауда маркісіне байланысты және нақты сатушының сапалы сипаттамасына қарай өнімді артық көреді .

Үшіншіден, егер бұрын  классиктер және неоклассиктер экономикалық өндіріс шеңбері шартты таза бәсеке деп , ал бәсекелес күрес тек бірыңғай рынокта болады десе , Э.Чемберлин  теориясы бойынша , бәсеке дифференциаланған өнім негізінде монополия жағдайында орын алады . Өйткені бір түрлі ерекше қасиеттері пайда болады , сатып алушы тауар түрінің беруіне өз басымдылығын білдіреді.

Төртіншіден , егер классиктер және неоклассиктер  монополияның таза бәсекені ығыстыруына баға күресінің әлсіреуін көрсе , Э.Чемберлиннің көзқарасы бойынша , бәсекелік күрес монополист бәсекелестер арасында үнемі жүрді . Ол баға және бағаға қатысы жоқ бәсекенің дамуына кірді , өйткені ол оның сапасы мен жарнаманы жетілдірумен байланысты еді.

Бесінші , Э.Чемберлин  пайымдауы алғаш рет экономикалық либерализм идеясын зерттеушілерді мына ойға түсірді: таза бәсеке де , таза монополияда болмайды . Шын мәнінде  монополияланған бәсеке саны көп  сатушылар бар жерде болады , бірін – бірі алмастыратын бақталас тауарлар көбейгенде шиеленіседі . Осыдан келіп мынадай қортынды орынды сияқты: монополистік бәсеке жағдайында сатып алушыға бәсекелес тауарды беруіне басымдылық көрсету ; баламалы емес тауар сатушыны басқадан артық бағалау.

Жетілмеген бәсеке теориясы мазмұнды бөліктерінен белгілі болғандай , монополияның мәні жағымсыз түрде , рыноктық ортада әлеуметтік экономикалық қатынастарды тұрақсыздандыратын фактор ретінде қаралады. Сондықтан бұл жұмыстың мынадай тұжырымдар атап өту керек.

Біріншіден , Дж. Робинсон сенімі бойынша , жетілген бәсеке тұсында кәсіпркерлер жетілмеген бәсекеге қарағанда өндіріс монополиясына ынтасы аз , өйткені жекеленген фирмалар оптимал көлемге жете алмайды , тиымсыз қызмет істейді . Сондықтан монополист тек қана өз өнімдеріне бағаны көтеру , сонымен қатар салада өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру арқылы өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік болады.

Екіншіден, Дж. Робинсонның  көзқарасына сәйкес , монополия өнімінің тауар – субституттарына ерекше бөлінетін талап қояды , яғни басқаша айтқанда дифференциялануға қосымша жағдайлар қажет , осыған сәйкес фирма монополистері фирма тиімділігін артықша бөлінетін көлемдерімен сипатталады.

Үшіншіден, жетілмеген бәсеке бар монопольді рынокта Дж. Робинсон көрсеткендей , мыналарды анықтайтын ситуациялар болуы мүмкін: егер рынокта бірыңғай біріккен , сатып алушылар деп қарамай бір – бірімен бәсекелес шексіз сатып алушылар рыногында сатып алушылардың саны қанша болады. Мұндай сұраныстың шоғырлану ситуциясын, яғни рынокта көптеген ұқсас сатушылар және бір ғана сатып алушылар әрекет етсе , оны ол монопсония немесе сатып алушылар монополиясы деп атайды.

Төртіншіден, өзінің теориялық  зерттеуін аяқтай келіп , Дж. Робинсон мынадай қортынды жасайды: шын мәнінде  жетілмеген бәсеке шартының басым болуы  өндіріс факторларын қанауға және ірі бірлестіктердің құрылу бір – бірімен бәсекелес ұсақ фирмаларды жұтып қоюға әкеледі «жекелеп басқару көлемін ұлғайту – сөзсіз байлықты бөлудегі әділетсіздікті күшейтеді».

Өзінің зерттеу нәтижелерінің  негізінде Дж. Робинсон басқа да құнды қортынды жасау да мүмкін еді . Соның ішінде , ол көрсеткендей жетілмеген бәсеке қайшылығын жою мақсатында экономикаға мемлекеттің араласуының нақта шаралары туралы ұсыныс күтілген еді. Осындай негізделген шараларды бірнеше жылдан кейін Кэмбридж мектебінің өкілі , Маршаллдің шәкірті Дж. Кеийнс деген ұғымы ұсынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Бөлім. Бәсеке күресінің түрлері.

 

2.1. Жетілген  бәсеке күресіне сипат.

Нарықтық қатынастардың  мән – мағынасын байқататын ұғымдардың бірі – бәсеке «латын сөзі конкурро – түйістіру» болып табылады. Нарық жағдайындағы бәсеке шаруашылық пропорциясының негізгі механизмін қалыптастыру реттінде белгілі.

 

Бәсеке түрлері



 

 

 

Бәсекенің болмауы монопализмге алып барады. Сондықтан жеке кәсіпорын , банк , мемлекет өздерінің құқықтарын өктем жүргізеді.

Нарық субъектілері көп  болса , бәсеке тиімді жүреді. Себебі бәсеке мен монополия бір – біріне кері ұғымдар.

Бағалық бәсеке тауарлар мен қызметтері бәсекелестің бағасына қарағанда төмен бағамен сатуға негізделген . Баға төмендеу шығынды азайту арқылы ғана мүмкін . Оны тек ірі фирмалар ғана істей алады.

Баға бәсекесі – бұл  мынадай жолдармен таза табыс  алу үшін фирмалар арасындағы күрес : өндіріс шығынын азайту және тауарлар мен игі қызметтердің сапаларын өзгертпестен бағаны төмендету.

Бағалы емес бәсеке техникалық артықшылықтардың арқасында жететін  тауарлардың жоғарғы сапасымен  және сенімділігімен сатуға негізделген . Рыноктық қатынастардың қатысушыларының  өзара қалай бәсекелесуіне байланысты жетілген (еркін) және жетілмеген бәсеке рыногі деп бөлінеді.

Бәсекелестік күрестің негізгі әдістері болып : баға және бағадан тыс бәсекелестік саналады. Баға туралы айтылады . Енді бағадан  тыс бәсеке туралы айтайық. Бағадан  тыс бәсеке – бұл төмендегідей жолдармен қосымша таза табыс табу үшін кәсіпкерлер арасындағы күрес :

  • ең жаңа технолгияны қолданып , соның негізгі жаңа және жоғарғы сапалы тауарлар мен игі қызметтерді шығару
  • ұқсас тауарлар жасау
  • сатып болғаннан кейін техникалық қызмет көрсету жақсарту
  • өз тауарларыңды жарнамалау.

Бәсеке – рыноктық қатынастардың негізгі категориясы , әр түрлі формада болады және әр түрлі жолдармен іске асылады. Ол сала ішіндегі және сала аралық бола алады . Ол бағалық ірі және бағалық  емес бола алады.

Баға – заттармен  қызметтердің ақша түріндегі құны . Баға зор көлемде ақпарат әкеледі. Баға жалғыз ғана пайдалылықпен анықталмайды. Баға осы факторларды өзара байланысы арқылы олардың сұранымда көрінуімен және игілікті ұсынымдармен анықталады.

Батыс сарапшыларының бағалауынша , бір тауар түрін сатушылар 4 – 5 тен аз болмаған жөн , ал 8 – 15 тен көп болса өте тиімді. Егер төрт фирма 80% сауда саттықты бақыласа , онда нарық монополияландырылған болып табылады.

Бәсекенің классикалық  түрін еркін , жетілген , бағалық  деп атау баршаға белгілі нәрсе . Мұнда баға құрылымының еркін механизмі экономиканы жүргізудің өте тиімді тәсіл ретінде бағаланылады. А. Смит бәсекенің еркін (классикалық) теориясының негізін қалаған . Бәсекнің классикалық түрі нарықтық экономикасы бар елдерде

18 – 19 ғ соңғы ширегіне дейін байқалады. Демек , бәсекнің өнеркәсібі дамыған елдер экономикасына монополиялық бірлестіктердің тууына дейін болған .

Классикалық бәсекнің негізгі  орнына еркін емес , жетілмеген бағалық  емес монополиялық бәсеке келді . Бәсекелестік күрестің нақты өзгеруі монополиялық бәсеке теориясында айқын көрінеді . оның негізін қалаушы американ экономисі Чемберлин Эдвард Гастигс

(1889 – 1967ж.) болды .

Қазіргі нарықтар өнім түрлерімен ғана бөлініп қоймайды және бәсеке сапасымен бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы , монополиялық бәсеке нарығы , таза монополия нарығы.

Тұрақты экономикалық өсу  тұсында төмендегідей тенденциялар қалыптасуда :

Информация о работе Бәсеке күресі