Бәсеке күресі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 22:23, реферат

Описание

Бәсеке өндірушілерді ресурстарды мейлінше аз мөлшерде пайдалана отырып, тұтынушылырдың қажеттіліктерін ең төменгі баға бойынша қанағаттандыруға мәжбүр етеді.
Бәсеке – (лат. Concurred-қақтығысу) – бұл рыноктық экономиканың қатысушыларының арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысында , өндірістегі ең жақсы жағдайлары үшін бақталастық..
Рыноктың мәнді белгілерінің бірі – бәсеке болып табылады. Бәсеке нарықтық қатынас субъектілері арасындағы күрестің немесе бақталастықтың қоғамдық формасы.

Содержание

І бөлім. Бәсеке күресі және оның экономикалық мазмұны.
1.1 .Бәсеке күресіне жалпы сипаттама.
1.2. Бәсеке туралы ғалымдардың тұжырымдамалары

ІІ бөлім. Бәсеке күресінің түрлері.
2.1. Жетілген бәсеке күресіне сипат.
2.2. Жетілмеген бәсеке күресіне сипат.

ІІІ бөлім. Бәсеке күрес және монополия.
3.1. Монополияға қарсы заңдылықтар.
3.2. Бәсекелестікті мемлекеттік қорғау және талдау.

Работа состоит из  1 файл

Бәсеке күресі-КАСИПКЕРЛИК КУКЫК.doc

— 127.00 Кб (Скачать документ)
  • Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру , әлемдік нарыққа өңдеуші өнеркәсіп өнімдерімен шығу , бәсеке қабілетті салаларды құру
  • Экономиканы шикізаттық бағыттан өңдеуші бағытқа диверсификацияландыру
  • ТМД елдерінің бір тұтас экономикалық кеңестік саясатына бет бұру
  • Экономиканы көп ұлттық экономикаға бетбұрыс
  • Жаңа инвестициялық саясатқа бағытталу
  • Индустриялдық – иновациялық саясатқа бағытталу.

Жетілген бәсеке толық  түрде болмайды . Оған тек жуық шамада жақындауға болады . Еркін бәсеке деп  ХХ ғасырдың ортасында болған бәсекені шартты түрде айтуға болады .

Жетілген бәсекнің өмір сүруін көздейтін төмендегі жағдайлар  да белгілі бір рынокта бәсекелес әрекеттің туу ықтималдығын болжағанда пайдалы болмақ :

  • рынокта сатушылар мен сатып алушылардың көп болулары
  • рыноктағы бір сатып алушының сатып алған немесе бір сатушының сатқан өнімдерінің саны осы рыноктағы сатылған жалпы санмен салыстырғанда соншалықты аз , ол санды өзгерткенмен ол дәл сол рыноктағы бағаға ешқандай ықпал ете алмайды.
  • өнім бір текті болып , бірде – бір сатып алушының бір сатушыны есептеуіне және керсінше теріс пиғыл білдіруіне себеп жоқ
  • барлық сатушылармен сатыпалушылар рыноктағы баға туралы және сатылып жатқан өнімдердің сипаттамасы туралы ең соңғы мағлұматтарды біледі
  • рынокқа ену секілді , одан шығуға толық еркіндік бар.

Сатушылар көп болса  бірде бірде – бір өндіруші сол тауардың өндірілуі мен таралуына  байланысты шығындарынан асып түселіктей баға қоя алмайды. Егер өте жоғары баға қойса , сатып алу тікелей ол сатушының бәсекелесіне тартады. Рынокқа шығу мен одан кетудің жеңілдігі өте маңызды нәрсе , өйткені солардың арқасында инвестиция тартымды болып кетеді : рынокта «қаңтарылып» тасталған фирма , сатылып та кете алмайды , оның тартымдылығы да аз , ал сол рыноктағы фирманың рынокқа шығуының оңайлығы фирманың тауар санын аз өндіріп және бағаны бірлесіп немесе жекелеп көтеру мүмкіндігін шектейді.

Жекеленген бәсеке тұтынушылар үшін қолайлы , себебі ресурстар тиімді пайдаланылады және бөлінеді . Былайша айтқанда елеулі сәттерді еске алу әрқашанда пайдалы , біз де солай етеміз . Жетілген бәсекелі рынокта жеке фирмалардың қызметтері өндірілетін тауарлардың санын реттеуші секілді болып көрінеді . бірақ фирмалар жеке шығын деңгейінде сатады және тек инвестицияланған капиталға ғана толымды таза табыс алады. Әрбір фирма рынок бекіткен бағаны қабылдайды . Бірде – бір фирма өнім шығарудыөзгерте отырып бағаға , немесе бағаны өзгерте отырып өнім шығаруға ықпал ете алмайды. Әрбір фирма өз өнімдерінің көлемін өзгерте отырып оның шектеулі шығындарды нарықтық басылымдылықтарды бағаға теңескенге дейін таза табысты ұлғайта беруге тырысады . Бұл жағдайда бәрін анықтайтын фигура тұтынушы болып шығады. Бәсекелі рынокта фирмалар нарықтық бағаның өзгеруіне көңіл қояды. Сонымен еркін рынок жүйесі жекелеген фирмалардың тиімділікті талап етеді және бірде – бір фирма монополиялық таза табыс алмайды. Жетілген бәсеке өте аз сандағы рыноктарды сипаттайтындығына қарамастан өте маңызды болып келеді. Рыноктың жұмыс істеу тиімділігін өлшеу үшін белгілі стандартты қамтамасыз етеді. Жетілген бәсеке шарттары : сатушылар мен сатып алушылар көптігі , рынокқа қатысудағы шамалы үлес , біртекті өнімдер , жетілген ақпарат жіне рынокқа шығу мен одан кетудің оңайлығы . Ал бұл шарттардың болмау рыноктың бәсекелестік әрекетіне қалайда кедергі келтіреді деп айтуға болмайды . Көптеген салалардың тәжірибелері көрсетіп отырғандай егер , типті , рынок жоғары дәрежелі шоғырланумен сипаттамасын да қарқынды бәсеке алға шығады . Басқа сөзбен айтқанда , бұл шарттар жетілген бәсекені айқындай алмайды және бәсекелестік күрес немесе болуы ықтимал жерлерде долбар болмайды.

Сонымен , «бәсеке , егер оған кедергі келтірмесе , ол өнімнің өндірілуіне жағдай жасайды : біріншіден , кім болса , нені болса да өндіріп және оны сатып алу үшін таза пайдалы тиімді бағамен сата алатын болса , екіншіден , соның бәрін жасай алатын адамдар арқылы өндіріп , болмаған жағдайда , тағы біреулер секілді әбден арзандатып және , үшіншіден , барлығы ең төменгі бағамен сатылатын болады , іс жүзінде сол тауарды сатпайтын кісі солай деп баға белгілеу мүмкін».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Жетілмеген  бәсеке күресіне сипат.

 

Жетілмеген бәсекемен салыстырғанда монополияның өте маңызды нәтижесі болып өнім шығаруды азайту , бағаны көтеру және табысты түтынушылардан өндірушілерге өткеру саналады . Монополиялық бағаның құрылуы , сондай – ақ , жақсы тұрмыстағы белгілі «таза шығындар» дегенге саяды. Олар тұтынушылар үшін құнынан шығынға ұшырап , бәсеке баға үстінде ол өнімді сатып алар да еді , бірақ монополиялық бағада тауарларды алмастыратын төменгі сапалы заттарды сатып алуға мәжбүр.

Монополия – жеке өндіруші рыногын бақылап және сол рынокта үстем орын алған кезде пайда болды.

Монополияның  мақсаты – рынокта баға мен өндіріс көлемін бақылау арқылы мүмкін болатын орташадан жоғары пайданы қамтамасыз ететін монополиялық баға құрылуын ұсынады. Монополия бірнеше компаниялардың қосылуы арқылы құрылды және мынадай ұйымдық формалары бар:

Картель – шығарылып отырған өнім мен өткізу рыногын бөлу туралы келісім квотасы .

Синдикат - өнімді бірлесіп өткізуді ұйымдастыру мақсатымен бірігу.

Трест – монополияға енетін фирмалардың меншік , өндіріс және өнімді өзгертуге байланысты бірігуін анықтайды

Концерн – қаржы орталығы бір , бірақ жалпы технологиясы біріккен әр – түрлі фирма , салалардың ұйымдық формалары кіретін монополия .

Конгломерат – басты фирманың қызмет өрісімен өндірістік және технологиялық байланысы жоқ ірі корпорациялардың салаға кіруіне негізделген бірлестік.

Монополияның пайда  болуы бәсекені жетілмеген сипатта  дамытады. Жетілмеген бәсеке деп еркін  бәсекенің шарттарының кем дегенде  біреуі орындалмайтын рынокты атайды . Жетілмеген бәсеке үш типке бөлінеді : монополиялық бәсеке , олигополия, таза монополия .

Монополиялық бәсеке – кезінде рынокта сатушылар  мен сатып алушылардың саны бірнеше  болады . Бірақ жаңа құбылыс пайда  болады - өнімнің диференциясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестік ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы . Ондай қасиеттер : өнімнің жоғары сапасы , әдемі орамы , сатудағы жақсы шарттар , дүкеннің жағымды орында орналасуы , жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады . Осындай артықшыларға ие бола отырып , дифференцияланған өнімнің иесі белгілі бір деңгейде монополист болады және бағаға әсер ету мүмкіндігіне ие . Бірақ , әрбңр сатушының сату көлемі жоғары болмағандықтан , бірде монополист – фирмалар көп болады да , олардың әрбіреуі рцыноктық бағаны шектелген түрде бақылай алады – бұл монополиялық бәсекенің ерекше белгісін көрсетеді .

Олигополиялық бәсеке – дегеніміз бірнеше фирма үстендік ететін рынок (грек. Аздаған сату) оған біртекті немесе әр түрлі өнімді сипаттама тән , ал басты белгісі – баға лидерін принципі бойынша бекітіледі . Бұл принцип көптеген фирмалардың бағаны осы рыноктағы мықты фирманың бағасы сияқты қоюға ұмтылатынын білдіреді .

Олигополияға қарама – қайшы құбылыс болып олигопсония табылады . Ол рынокта бірнеше сатушы емес , сатып алушылардың қызмет етуін қарастырады , яғни тұтынушылар рыногі монополиясы белең алады.

Таза монополия :

  • бір сатушы , таза немесе жетілген монополия – бір фирма , көп сатушылар
  • монополия өнімі таңғажайып , оның теңдесі жоқ . Сатып алушы үшін балама жоқ , жарнамамен шұғылданудың қажеті жоқ
  • Таза монополист тауар мен игі қызметтердің бағаларына билік етеді . Өнімге сұраным жүрмей тұрған кезде бағаның өзгерісін жасап , ұсынған өнімнің санымен амалдау , арқылы қасарыса жауап қата алады .

Монополия – бұл мемлекеттердің , фирмалардың , ұйымдардың сауда жасаулардың қандай да бір шаруашылық қызметін жүзеге асырудағы айрықша құқығы . Монополия түрлері : табиғи монополия , жасанды монополия . «Монополияның үш негізгі көзі бар: техникалық түсінік», тікелей және жанама үкіметтік қолдау және жеке келісім . Қашан қандай да бір нақты адам немесе кәсіпорын , басқа біреулер билік етуге жол жоқ жерде өз шартымен қоя аларлықтай жағдайда қандай да бір тауарларды немесе игі қызметтерді бақылай алса , монополия сол кезде бар болып шығады . Кейбір жағдайда рынокта тек бір ,ғана сатып алушы болады . Ол монопсония деп аталады.

Монополияның ролі экономикада  екі жақты . Оның жақсы жағы монополиялық компаниялардың өнімдері жоғары сапамен ерекшелінеді, ал ірі масштабты өндіріс шығындарды азайту мен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді .

Жаман жағы монополия  рынокта үстемдік етеді және монопольді жоғары баға арқасында жоғары пайда  ала отырып , өнімді шығаруды шектейді . Сонымен қатар , бәсеке жоқ жағдайда , монополия техникалық прогресс есебінен тиімділікті жоғарылату ынтасын жоғалытады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ бөлім . Бәсеке күресі және монополия .

Бәсеке нарықтың шаруашылық субъектілері арасындағы қосымша табыс алу  үшін жақсы өндіріс факторларын  иелену және тауарларды өткізу мүдделеріне  байланысты қарама – қарсылықты бақталастық пен бәсеке .

Кәміл бәсекеге көпшілік фирмалар бір  текті өнім өндіріп сататын нарықтың құрылым тән салаға ену және шығу шектелмеген . Әр фирма саланың жалпы  өнім көлемінің азғантай бөлігін  шығарады . Мұндай жағдайда бірде –  бір фирма өнім бағасын әсер ететіндей нарықтың бөлігіне ие емес.

Жетілмеген бәсеке белгілі  бір монополиялық билігімен ерекшеленеді. Оның пайда болуына салаға ену  кезінде заңды және табиғи тосқауылдар  әсер етеді . Тосқауылдардың мықтылық дәрежесіне сәйкес , не таза монополия , не монополистік бәсеке , не олигополия пайда болады .

Монополиялар мен монополистік бәсекедегі фирма өнімдеріне сұраныс  ауытқымасы нарықтық сұраныстың ауытқымасы болып табылады да , теріс еңкіш  сызықты болады . Содан фирмалар тауардың өндірілуін бақылай отырып , бағаға ықпал ете алады.

Монополия жағдайында тауардың қосымша бірлігін сатудан алатын шекті кіріс (MR) оның бағасынан төмен . Фирманың табысы мах – ды болатын  жағдайда өндіру көлемі MR = MC ережесінен анықталады . Кестеде бұл шекті шығын ауытқымасы мен шекті табыс ауытқымасының қиылысу орны болып табылады . Бекітілген баға мах табыс беретін сұраныс ауытқымасының биіліктігімен анықталады . мұндай баға шекті шығындардан әрдайым жоғары .


 

 

 

 

 

Бәсекелік күрестің әдістемелері


 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәміл бәсеке сиппаттамасы


 

 

 

 

 

 

 

 

Бәсеке нысандары

 


 

 

 


 


 

 

 

 

 

 

 

 




 

 

Салаға кіру тосқауылы



 Ресурстық Патент пен Үкімет


 бақылау Авторлық құқық лицензиялары



Табиғи монополия – бұл 2 немесе бұданда көп фирмалардан гөрі нарықты шығыны аз қандай да бір тауар , не қызыметпен қамтамасыз ететін жалғыз ғана фирмадан пайда болатын Монополия .

Жасанды монополия –  сөз байланысу немесе бәсекелесті  басып тастау арқылы құрылған монополия .

Кездейсоқ монополия - өз тұтынушылары үшін уақытша сұранысты ұсыныстан асырып түсіру нәтижесінде пайда

болады . Бұл капиталдық (қаржылау) тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді .

АҚШ – та треске қарсы  заңдардың қолданылуы

  1. шерман заңы (1890ж) – монополияны құруға немесе осы мақсатпен құпия келісім жасауға немесе сауда бостандығын шектеуге қарсы қабылданды .
  2. Клейтон заңы (1914ж) – үкіметке қосымша өкілеттіктер берілді және осы заңға сәйкес монополияға сотқа жеке талаптар қоюға рұқсат берді .
  3. Үкіметтің сауда комиссиясының заңы (1914 ж) трестке қарсы заңдардың әрекетін күшейту үшін комиссия құрылды .
  4. Целлер – кефорер заңы (1950 ж) - әр түрлі тұрпаттағы компанияның қосылуына қарсы .

Қазақстанда осы уақытта  пайда болған нарық бәсекеге жарамды  емес .

І – ден , тауар өндірудің ,сатып алушылардың саны олардың бағаларының дәрежесіне , тауарлық өндіріске ұсыныстарға монопольдық әрекет жасау мүмкіншілігін жоққа шығаратын санынан көп төмен .

ІІ – ден тауар  өндірушінің және сауда жүйесінің  қуатты жарықты сұраныстың орташа төлем  қабілеті дәрежесінде қамтамасыз ете алмайды , соның нәтижесінде жарыспалы өндірушілер мен сатушылардың көпшілігі бәсекелестер емес , монополистер болып табылады .

ІІІ – ден республикада жалпы нарықтық кеңістік жоқ , оның орнына әр түрлі тауар топтарының , жергілікті әкімшілік , салық , көлік шекараларымен тауарды орау , сақтау , апару және басқа тежеу шартарымен шектелген көптеген оқшауланған жергілікті базалар бар .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1.Монополияға қарсы заңдылықтар.

Бұл бәсекелестікті дамытуға , монополияны шектеугу және тыйм салуға бағытталған заңдар мен үкіметтік актілер кешені.

Қазақстан Республикасы монополияға қарсы заңы мынадай  нормативтік – құқықтық актілер  негізделген . Қ.Р табиғи монополиялар туралы , адал емес бәсекелестік туралы бәсеке және монополия қызметін шектеу туралы заңдары.

Қ.Р 1998 ж 9 маусым «Адал  емес бәсеке туралы». Заң адал емес бәсекені мойындайтын әрекеттерді  белгілейді , адал емес бәсекені және оның зардаптарын болдырмау және жою. Механизмін белгілейді .

Заңға сәйкес Қ.Р. –ғы  адал емес бәсекенің келесі түрлері бөлінеді:

  1. Фирмалық атауды , тауар белгісін заңсыз пайдалану бұл тұтынушыда өндіруші туралы теріс пікір тудыруы мүмкін .
  2. Бәсекелестің бәсекеше тауарының сыртқы рәсімдеуін тікелей ұдайы өндіріс жолымен көшіру ...бұл тұтынушыда өндіруші туралы теріс пікір тудыруы мүмкін.
  3. Сатушының ...сатудың қосымшашартарын зорлап енгізуі .
  4. Басқа бәсекелестің қызметін әдепсіз түрде салыстыратын ...жарнаманы тарату.
  5. Тауардың нағыз қасиеттері мен сапасы туралы мәліметтерді жарнамада әдейі бұрмалау немесе жасыру
  6. Бәсекелестікті болдырмауға әкелетін нарықтың қатынас субъектілердің деңгейлес қосылуы және тағы басқа.

Қ.Р монополияға қарсы  және адал емес бәсекелік саласындағы  ынтымақтастық туралы көптеген келісмдер  жасалды.

Мысалы: Өзбекістан республикасы (1997 14 наурыз) , Қырғызтан (1999 ж 15 қазан ) ТМД мемлекеті (1995 ж 12 наурыз) «Монополияға қарсы саясат» саласындағы келісім туралы шарттар бекітілді . Қытай мен (1999 ж 23 қараша) «Монополияға қарсы саясат және адал емес бәсекелестіктегі күресу саласындағы ынымақтастық туралы» келісімге қол қойылды , онда осы салаға қатысты нормативтік құқықтық актілерді бір – біріне беру , адал емес бәсекелестік және  тұтынушы құқықтың бұзылуына байланысты тексеру жүргізу міндеттері айқындалған.

Информация о работе Бәсеке күресі