Коммуналдық меншік

Автор работы: t***************@yandex.ru, 27 Ноября 2011 в 15:46, доклад

Описание

“Қазақстан-2030” Стратегиясында мемлекеттік басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру шешуші міндеттердің бірі ретінде көрсетілді. Бұл мемлекеттік басқарудың әрбір деңгейі үшін өкілеттіктер, міндеттер мен функциялар, қаржыландыру көздері нақты айқындалуы тиіс екендігін білдіреді.

Работа состоит из  1 файл

БАСПАНАҢЫЗ БОЛСЫН ДЕСЕҢІЗ.doc

— 82.50 Кб (Скачать документ)

2006-11-07:

Коммуналдық меншік

– жергілікті мемлекеттік  басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негізі  

“Қазақстан-2030” Стратегиясында мемлекеттік басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру шешуші міндеттердің бірі ретінде көрсетілді. Бұл мемлекеттік басқарудың әрбір деңгейі үшін өкілеттіктер, міндеттер мен функциялар, қаржыландыру көздері нақты айқындалуы тиіс екендігін білдіреді.

90-жылдардың аяғында  басталған әкімшілік-бюджеттік реформа шеңберінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың республикалық және облыстық деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің ара-жігі бөлінді. Мемлекетке тән емес функциялардың бір бөлігі жеке секторға берілді, мемлекеттік секторға қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар шешетін мәселелер тобы нақтыланды.

“Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару  туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының қабылдануымен әрбір билік деңгейі үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды ретке келтіру жөніндегі өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді бекіту мәселелері реттелді. Тұтастай алғанда, мемлекеттік басқару жүйесінің базалық негіздерін жасау аяқталды.

Қабылданған Заңға  сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару – заңнамалық актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілетті (мәслихаттар) және атқарушы органдар (әкімдіктер) тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізеді және тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылады. Жергілікті мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негізі болып жергілікті бюджет, коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық меншіктегі өзге де мүлік саналады.

Әкімшілік реформамен қатар бюджет жүйесін жетілдіру  жөніндегі жұмыстар белсенді түрде жүрді.

2004 жылғы сәуірде  Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексі қабылданды, онда орнықтылық  пен тұрақтылыққа, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейін оларға жүктелген функцияларды толық жүзеге асыру үшін жеткілікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге, басқарудың әрбір деңгейінің дербестігін, сондай-ақ тиімді бюджет саясатын жүргізуді ынталандыруға бағытталған бюджет жүйесінің жаңа қағидаттары айқындалды.

Қабылданған Бюджет кодексінде бюджеттің әртүрлі деңгейлері арасында түсімдерді тұрақты бөлу мен оларды жұмсау бағыттарын орнату, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінің бюджет үдерісін дербес жүзеге асыру құқығын орнату, Бюджет кодексімен белгіленген жағдайларды қоспағанда, жергілікті бюджетті атқару барысында қосымша алынған кірістерді жоғары тұрған бюджетке қабылдап алуға жол бермеуге және тиісті өтеусіз қосымша шығындарды төмен тұрған бюджетке жүктеуге жол бермеуге негізделген бюджеттердің дербестік қағидаты бекітілген.

Орталық және аймақтар арысындағы қатынастардағы оң және теріс тәжірибелерді ескере отырып, бұрын қолданылған заңнамалық актілерге талдау жүргізу нәтижесінде Бюджет кодексінде бюджетаралық қатынастар қағидаттары, ресми трансферттердің түрлері, республикалық бюджет кірістерінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің көздері айқындалғандығын атап өткен жөн. Бұдан басқа, бюджеттің барлық деңгейінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Бюджет кодексінде бюджет деңгейлерінің өкілеттіктері олардың кіріс және шығыс бөліктері бойынша нақты бөлінді.

Жоғарыда көрсетілген  шаралар жергілікті мемлекеттік басқару органдарына үлесті дербестікті беруге және оларға жүктелген міндеттерді іске асыру үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге бағытталды.

Дербестіктің жеткіліксіз  болуы, ресурстардағы шектеу және соның салдарынан жергілікті мемлекеттік басқарудың төмен тұрған органдарының (аудандық, қалалық билік деңгейлері) шешім қабылдаудағы шектеуі, тұтастай алғанда, мемлекеттік функциялардың іске асырылуының тиімділігіне тікелей  әсер етеді.

Сонымен қатар, егер бюджеттерге тәуелсіздік беруде елеулі ілгерілеулер жүрген болса, жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша коммуналдық меншік мүлкінің ара-жігін бөлу жөніндегі мәселені шешу туралы бұлай дей алмаймыз. Коммуналдық меншікті иелену мәселелері жергілікті мемлекеттік басқару органдары үшін зор маңызға ие, өйткені, бюджетпен қатар коммуналдық меншік жергілікті мемлекеттік басқарудың барлық деңгейі үшін қызмет негізі болып табылады.

Бюджет кодексінде, “Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңда жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өкілеттіктері мен олардың қызметін қаржыландыру көздері айқындалды. Аудан әкімдіктерінің жергілікті маңызы бар мәселелер бойынша дербес шешім қабылдауына бағытталған осы өкілеттіктерді толық іске асыруын қамтамасыз ету үшін олардан қажет мүлікті беруді талап етеді. Бұған қоса, бүгінгі таңда заңнамамен белгіленген коммуналдық меншікті облыстық және аудандық деп бөлу тәртібі жоқ. 

Өзінің 2006 жылғы Жолдауында Елбасы Үкіметке мемлекет активтерін басқарудың ашық және айқын жүйесін жасауды тапсырды, бұл ретте мемлекеттік мүлікке түгендеу жүргізуді маңызды міндеттердің бірі деп белгіледі.

Үкімет қазіргі  уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызмет етуі тиіс салаларды айқындау, сондай-ақ оларға жүктелген міндеттерді іске асыру үшін қажетті мүлік құрамын анықтау мақсатында олардың мүліктеріне түгендеу жүргізу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Осы жұмыстар нәтижесінде 2007 жылдың бірінші тоқсанында ҚР Үкіметі  мынадай тізбелерді бекітеді:

мемлекеттік басқару  органдары мен мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік функцияларды орындау үшін қажетті мүлік тізбесі;

олардың әлеуметтік маңызды  қызметтерді көрсетуі мақсатында қазыналық  кәсіпорындарға бекітілген мүлік тізбесі;

әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорацияларға беруге тиесілі мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі;

бағдарламалық құжаттармен  көзделген міндеттерді орындау  үшін құрылған акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі  серіктестіктердің акциялары мен қатысу үлестерінің тізбесі;

“Самұрық” холдингі”  АҚ-қа берілген және беруге жоспарланатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі  серіктестіктердің акциялары мен қатысу үлестерінің тізбесі;

“Қазына” АҚ-қа берілген және беруге жоспарланатын акционерлік  қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі  серіктестіктердің акциялары мен қатысу үлестерінің тізбесі;

аграрлық холдингке  беруге жоспарланатын мемлекеттік  меншік объектілерінің тізбесі;

бәсекелес ортаға беруге жататын мүлік тізбесі.

Жоғарыда көрсетілген  тізбелер анықталғаннан кейін жергілікті атқарушы органдар өздеріне жүктелген өкілеттіктерді толық іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейіне (аудандық әкімдіктерге, облыстық маңызы бар қалаларға) беруге тиесілі мүлік тізбесін анықтауы тиіс.

Жоғарыда көрсетілген  шараларды іске асыру мемлекеттік басқарудың жұмыс істеу жүйесін тұтастай қозғайды, осыған байланысты шешімдер қабылдауда, оның ішінде, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі шешімдерді қабылдауда тізбекті және жүйелі тәсілді талап етеді.  

Николай КАДЮКОВ, Қаржы министрлігі  Мемлекеттік мүлік  және жекешелендіру  комитеті төрағасының  орынбасары. 

Баспанаңыз  болсын десеңіз

немесе  Қазақстанда тұрғын үйді жалға беру секторын дамыту 

Қазіргі таңда тұрғын үй мәселесіне елімізде көп көңіл бөлінуде. Екінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Сондай-ақ тұрғын үй жинақтары және ипотекалық несиелеу жүйелері жұмысын атқаруда. 

Алайда, тұрғын үй мәселесі әлі де күрделі күйінде қалып  отыр. Оның ең негізгі себебі – тұрғын үй бағасының аса қымбаттап шарықтағанында. Бұл өз кезегінде көптеген қазақстандықтар үшін тұрғын үймен қамтылу мәселесін шешулеріне қолбайлау болып тұрғаны анық. Сондықтан да тұрғын үй мәселесін шешудің басқа да жолдарын қарастыру аса маңызды болып табылады.

Атап айтқанда, әлемдік  тәжірибеде аталған мәселені шешудің тиімді жолдарының бірі – тұрғын үйді жалға беру секторын дамыту.

Елбасы Қазақстан халқына 2006 жылғы Жолдауында “елімізде тұрғын үйді жалға беру рыногын әлемдік стандарттарға сай дамытып, оны мемлекет үшін, ашық бизнес үшін тартымды ету” керектігін нақты айқындады. 

Тұрғын үйді жалға  беру әлемнің көптеген елдерінде  жылдам дамып келе жатқан бизнестің бірі және ол тұрғын үй мәселесін шешудің кең тараған әдісі болып танылған. Мысалы, Гарвард университетінің тұрғын үй мәселесін зерттеу орталығының деректеріне сәйкес, АҚШ-та 2006 жылдың басында 34 миллион отбасы немесе жалпы халықтың үштен бірі тұрғын үйді жалға алып тұрған. Өз кезегінде олар жылына шамамен 250 миллиард доллар жалға алу төлемін төлеп отырады. Аталған отбасылардың 20 %-ы жалға алу ақысына жалпы табысының 50 %-ына жуығын жаратса, қалғандары үшін жалға алу шығыны отбасы бюджетіне оншалықты ауыртпалық түсірмейді екен.     

Жалға берілген үйлердің меншік иелерінің осы үйлерді  жөндеу мен басқа қызмет түрлеріне  жұмсалатын шығыны жылына шамамен 50 миллиард долларды құрайды. Жалға беріліп  отырған тұрғын үйлердің жалпы құны 2,5 триллион долларға бағаланады.

Ал Швейцария және Германия сияқты басқа дамыған елдерде  жалға берілетін тұрғын үйлер  жалпы тұрғын үй құрамында ең көп  орынды алады.   

Қазақстан Республикасында  тұрғын үйді жалға беру рыногында негізгі қатысушыларының бірі жылжымайтын мүлік қорлары болуы тиіс. Жылжымайтын мүлік қорлары – жылжымайтын мүлікті сатып алумен, салумен, басқарумен, жалға берумен және де сатумен айналысатын компания. Олар алғаш 1880 жылдары АҚШ-та пайда болған.

Жылжымайтын мүлік  қорлары құрылыс индустриясына, оның ішінде жалға берілетін үй құрылысына, қаржылық ағымдарды арттыруға бағытталған жағдайлар туғызады. Сол арқылы төлем қабілеттілігі ипотекалық несие алуға жетпейтін, бірақ тұрақты табыс табатын азаматтар санатындағылар үшін жалға берілетін үйлер құрылысын дамытуға мүмкіндіктер туындайды.

Қазақстанның қор  биржасы рыногы әлі жеткілікті дәрежеде дамымаған, оған себеп – жоғары пайдалы құнды қағаздардың жеткіліксіздігі мен халықтың өз жинақтарымен құнды қағаздар рыногына қатыспауы. 

Сондықтан да жылжымайтын  мүлік қорлары ұжымдық инвестициялаудың бір түрі ретінде қор рыногына шағын инвесторларды тартуға да өз септігін тигізеді. Ал ол өз кезегінде Қазақстанның қор рыногының дамуына қосымша күш беретіні анық.  

Елбасының аталған тапсырмасын орындау мақсатында және де Қазақстанда қаржылық ұйымның жаңа түрі – жылжымайтын мүлік қорларын құру үшін үстіміздегі жылдың 7 шілдесінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үйді жалға беру секторын дамытуға арналған өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы аталған заңнамалық актімен жылжымайтын мүлік қорларын құру мен іске қосу мәселелері ретке келтірілген.

Айта кетерлігі, аталған  Заңда жылжымайтын мүлік қорлары  өзінің негізгі бағыты бойынша қызмет көрсетуі үшін олардың инвестициялық табысының кем дегенде 50%-ын жылжымайтын мүлікті жалға беруден тапқан табысы құрауы тиіс деген талап қойылған.

Жоғарыда аталған  Заңда тек қана жылжымайтын мүлік  қорларын құру жолдары ғана көрсетіліп қоймай, сонымен қатар жалға берілетін тұрғын үй құрылысына әртүрлі  салықтық жеңілдіктер қарастырылған.

Атап айтсақ, жалға  беруге арналған үйлер орналасқан жер учаскелері салық төлемінің объектісі болып танылмайды. Сонымен қатар, жалға беруге арналған үйдегі пәтерлерді жалға беру қызметтері қосымша құн салығынан босатады.

Айта кеткен жөн, аталған  Заң бойынша “жалға берілетін  үй” деп пәтерлері жалға беруге арналған жеке немесе заңды тұлға  меншігіндегі тұрғын үйді айтамыз.

Аталған Заңның нормаларының жүзеге асырылуы еліміздегі тұрғын үйді жалға беру секторын дамытуды, оның қаржылық айқындылығын және жылжымайтын мүліктің “әділетті бағасының” қойылуы жағдайларын қамтамасыз етуіне өз үлесін қосатындығы анық.

Жоғарыда айтылғандарды  қорыта келсек, елімізде тұрғын үйді жалға беру секторының енгізілуі, іске асырылуы және жылжымайтын мүлік қорларының құрылуы арқасында төмендегі нәтижелерге қол жеткізе аламыз:

– халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту мүмкіншіліктері артады;

– жеке және институттық  инвесторлар үшін қаражатты ұзақ мерзімдік инвестициялаудың жаңа ұжымдық әдісі пайда болады;

– құрылыс компаниялары үшін қаржылық қорларды тартуға мүмкіншіліктер туып, еліміздің құрылыс индустриясының дамуына қосымша дем беріледі.  

Сыржан  НОҒАЙБАЕВ, Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің бас маманы.  
 

Банктердегі салымдарды қалай  қорғауға болады  

Ләззат  ҮСЕНБЕКОВА, Қазақстан  Республикасы қаржы  рыногын және қаржы  ұйымдарын  реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Қаржылық қызмет көрсетуде тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының бастығы.

Ләззат  КЕНІШПАЕВА,бас маман.Халықтың қаржы мекемелеріндегі  жинақтары әр мемелекеттің ішкі инвестицияларының  негізгі көзі болып  табылады.  

Казіргі уақытта Қазақстанда  төмендеу капиталдандырылған рынок жағдайында банктер халықтың жинақтарын тарту мәселесіне басымдық көрсетуде. Міндетті  ұжымдық кепілдік беру жүйесін немесе жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыруды енгізгеннен кейін соңғы бірнеше жылда банктердегі халықтың жинақтар көлемінің елеулі өсуі азаматтардың банктік жүйеге сенімі өскендігін көрсетеді. Бұл орайда азаматтар кірісті пайыз түрінде алады, ал банктер қаражатты кредиттеу мен инвестициялау үшін пайдаланады.

Информация о работе Коммуналдық меншік