Автор работы: t***************@yandex.ru, 27 Ноября 2011 в 15:46, доклад
“Қазақстан-2030” Стратегиясында мемлекеттік басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру шешуші міндеттердің бірі ретінде көрсетілді. Бұл мемлекеттік басқарудың әрбір деңгейі үшін өкілеттіктер, міндеттер мен функциялар, қаржыландыру көздері нақты айқындалуы тиіс екендігін білдіреді.
Депозиттерге кепілдік беру жүйесінің негізгі мақсаты салымшалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, халықтың банктік секторға сенімін өсіру және соның негізінде ұйымдастырылған жинақтар мәдениетін көтеру болып табылады.
Қазақстанда салымдарға кепілдік беру жүйесі 1999 жылдан жұмыс істейді және халықаралық практика мен халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын ескеріп, ұдайы жетілдіріліп келеді. Депозиттерге міндетті кепілдікті жүзеге асыратын ұйым ретінде “Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры” (бұдан әрі – Қор) АҚ құрылған.
2006 жылғы 7 шілдеде бірінші рет осы реттеу саласында “Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды (бұдан әрі – Заң).
Заңмен банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда қаржы рыногының едәуір қауқарсыз инвесторлар бөлігінің – жеке тұлға салымшылардың кепілдік өтемдерін кепілді өндіру құқығы бекітілген, депозиттерге кепілдік беру жүйесінің негізгі қағидаттары, Қордың мәртебесі мен мақсаттары, банктердің жүйеге қатысу тәртібі, сондай-ақ Қордың және қатысушы банктердің құқықтары мен міндеттері белгіленген.
Қазақстан депозиттерге кепілдік беру жүйесі жеке тұлғалардың шоттарын ашу және жүргізу операцияларына және депозиттерді қабылдауға лицензиялары бар банктердің оған міндетті қатысуына негізделген.
Бұл орайда кепілдік жеке тұлғалардың банктік шоттарының, банктік салымдарының шарттарымен немесе басқа салым құжаттарымен куәландырылған банктегі теңге және шетел валютасындағы барлық депозиттерін қамтиды. Немесе депозитор банкті не ақшаны орналастыруға салым түрін таңдау барысында, оның жинақтарына кепілдік беріле ме әлде жоқ па деп ойлануының қажеттілігі жоқ.
Бірақ кепілдік беру депозиттердің негізгі сомасына ғана таратылады және ол бойынша есептелген сыйақыны қамтымайды. Сонымен қоса, жоғарыда аталғандай, Заңмен бір депозит бойынша барынша жоғары кепілдік төлем мөлшері – 700 000 теңге деп белгіленген.
Заңды толық әзірлеу барысында және кепілдік өтемнің жеке барынша жоғары мөлшерін әзірлеу кезінде әлемдік озық тәжірибе қолданылды. Халықаралық валюталық қордың және Халықаралық депозиттерге кепілдік беру жүйесі қауымдастығының ұсынылымына сәйкес бірінші ретте шағын салымшылар қорғалуы қажет, ал депозиторлар банктердің қатерлерін бағаламаған жағдайда және депозиттік негіз олардың қатерлерді басқару жұйесінен тез өскенде моральдық қатерді төмендету мақсатымен кепілдік төлемнің мөлшері шағын болуы тиіс.
Бұл орайда осы халықаралық ұйымдармен кепілдік төлемнің барынша жоғары мөлшерін анықтауға мынадай өлшемдер жасалған:
– 100% мөлшерінде өтелінетін депозиттер саны кепілді депозиттер санынан 80-90% астам мөлшерінде болмауы тиіс;
– барлық кепілді депозиттер бойынша жиынтық шартты өтем сомасы кепілдік депозиттердің жалпы сомасынан 20 % мөлшерінен аспауы тиіс;
– кепілдік төлемнің барынша жоғары мөлшері халықтың жан басына шаққанда 1-2 ІЖӨ шегінде түрлендірілуі тиіс.
Заңмен белгіленген 700 000 теңге кепілдік өтемнің барынша жоғары мөлшерінің жоғарыда аталған өлшемдерге сәйкестік талдауы Қазақстанда мыналарды көрсетеді:
– жеке тұлғалардың депозиттерінің 99,01%-ы толық мөлшерде өтемге немесе салымның 100%-ы мөлшерінде өтемге жатады (80-90 % аралығында болуы қажет);
– жеке тұлғалардың барлық депозиттері бойынша өтемнің жиынтық шартты сомасы 266 051 миллион теңге немесе депозиттердің жалпы көлемінен 48%-ды құрайды (20 %-дан аспауы тиіс);
– 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кепілді төлемнің барынша жоғары мөлшері жан басына шаққанда 1,43 ІЖӨ құрайды (жан басына шаққанда 1-2 ІЖӨ шегінде болуы тиіс).
Басқаша айтқанда, жеке тұлғалардың 99,01 % салымдары 700 000 теңгеден төмен соманы иеленеді және кепілдік төлемнің 700 000 теңгелік барынша жоғары мөлшері, халықаралық ұйымдардың сәйкес ұсыныстарының нормасынан елеулі асып кетуімен оларға толық кепілдікті қамтамасыз етеді: 80-90 % қарсы 99,01%.
Депозиттердің жалпы
көлемінен өтемнің жиынтық
Осыған орай, қазақстандық салымшылардың әлемдік стандарттар бойынша банктердегі өздерінің салымдары жоғары дәрежеде қорғалады.
Бір депозитор бір банкте бірнеше депозиттер ашқан жағдайында, мысалы, түрі және валютасы әр түрлі болғанда, Қор оларға 700 000 теңгеден аспайтын жиынтық өтемді беруге кепілдік беретінін атап өту қажет.
Жеке тұлғалардың
депозиттеріне міндетті кепілдік беру
жүйесімен көзделген шараларға
қосымша ретінде салымшылар өздерінің
тәуекелдерін сақтандыру үшін сақтандыру
ұйымдарының қызметтерін, олар ерікті
сақтандырудың сәйкес өнімдерін ұсынған
жағдайда пайдалануларына болады.
Қазақстан
Республикасының
салық қызметі
органдары қызметкерінің
кәсіптік этика кодексі
Салық қызметі органдарының
қоғам мен мемлекет алдындағы жоғары
жауапкершілігін ескере отырып, салық
қызметі органдары қызметкерлерінің арасында
тәртіпті, заңдылықты сақтауды одан әрі
нығайту мен адамгершілікке, этикаға,
моральдық келбетке қойылатын талаптарды
біріздендіру мақсатында Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Салық комитеті
төрағасының 2006 жылғы 30 қыркүйектегі №474
бұйрығымен Қазақстан Республикасының
салық қызметі органдары қызметкерінің
кәсіптік этика кодексі бекітілген болатын.
Төменде осы Этика кодексі жарияланып
отыр.
Қазақстан Республикасы
салық қызметі органдарының беделі
оның әрбір қызметкерінің
“Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы” Қазақстан Республикасының Кодексімен
реттелетін салықтық қатынастар, салықты
және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу
мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын,
сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші
арасындағы салық міндеттемелерін орындауға
байланысты қатынастарды білдіріп отырғандығын
түсіне отырып және салық қызметі органдары
қызметкерлерінің (бұдан әрі – қызметкер)
мемлекет пен қоғамның алдындағы ерекше
жауапкершілігін тани отырып;
қазақстандық қоғамның салық қызметі органдарына заң алдында әрқайсысы тең құқылы екендігіне сенімін арттыруды, азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын жоғарылатуды, салық заңнамасының талаптарын ерікті орындау деңгейін көтеруді назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті өзінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде мүлтіксіз басшылыққа алу үшін Қазақстан Республикасының салық қызметі органдары қызметкерінің осы кәсіптік этика кодексін (бұдан әрі – Этика кодексін) әзірледі.
1. Жалпы ережелер
1. Этика кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына және “Мемлекеттік қызмет туралы” және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік қызметтің, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (бұдан әрі – Ар-намыс кодексі) негізгі қағидаттарына, сондай-ақ Салық кодексі мен басқа да нормативтік-құқықтық кесімдердің ережелеріне негізделген.
2. Осы Этика кодексі қызметтік міндеттерін орындау кезінде қызметкерлердің этикалық нормаларын, мінез-құлықтарының стандарттары мен қарым-қатынастарының негізгі қағидаттарын белгілейді және салық қызметі органдарының барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.
3. Қызметкердің борышы – өз Отанының патриоты болу, Қазақстан Республикасының Конституциясын, өзге де нормативтік-құқықтық кесімдерді орындауда және тұлғаны тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан құрметтеу мен қорғауда үлгі болу.
2. Қызметкердің мінез-құлқының
4. Қызметкер:
Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және Президенттің кесімдеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық кесімдеріне, мораль мен ар-ожданның жалпы қабылданған қағидаттарына сәйкес қызметтік міндеттерін жауапты және адал орындауға, Ар-намыс кодексі мен осы Этика кодексінің нормаларын мүлтіксіз орындауға;
мемлекеттік биліктің беделін, азаматтардың мемлекет институттарына сенімін нығайтуға ықпал етуге, Қазақстан Республикасы азаматтарының, салық төлеушілерінің құқықтарын сақтауға, мемлекеттің мүдделерін қорғауға;
қоғам мен мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік меншіктің сақталуы үшін жеке жауапкершілігін сезінуге;
өзіне талапшыл, қағидатшыл, объективті және әділ, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың қандай да болсын көрінісіне және басқа да құқық бұзушылықтарға төзбеуге;
басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдардың және лауазымды тұлғалардың өкілеттіліктері шегінде шығарылған шешімдері мен нұсқауларын уақтылы және сапалы орындауға;
қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау нормаларын ескере отырып, жұмыс уақытын еңбек өнімділігі үшін тиімді пайдалануға, жеке немесе жұмыстағы әріптестерінің денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қатерлі болатын кез келген жағдай туралы хабарлауға;
кәсіби сапаларын жетілдіруге, өзінің қызметтік міндеттерін орындау үшін кәсіби деңгейін сақтауға және үнемі көтеруге, қызметтік міндеттерін орындауға шығармашылық ұстаным көрсетуге;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде мәлім болған мемлекеттік құпияларды, салық құпиясын және өзге де мәліметтерді сақтауға, ақпаратты, олармен өз пайдасына пайдаланылуы мүмкін және/немесе мемлекетке, салық төлеушілердің мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін үшінші тұлғаларға таратпауға;
кәсіпкерлік қызметке араласуға және жекелеген шаруашылық субъектілерінің мүдделерін сүйемелдеуге жол бермеуге;
жеке мүдделерін қызметтік мүдделерден жоғары қоймауға, қызметтік ақпаратты өз пайдасы үшін пайдаланбауға;
қызмет бабын теріс пайдалануды болдырмауға;
оның қызметкері ретінде,
сондай-ақ, салық қызметі органының
беделін түсіретін іс-
іске, салық қызметі органдарының іскерлік беделі мен имиджіне тікелей немесе жанама нұқсан келтіретін шиеленісті жағдайды болдырмауға міндетті.
3. Салық төлеушілермен
5. Қызметкер:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңы шеңберінде салық төлеушілерге уақтылы қызмет көрсетуге және талаптарына анық және нақты түрде тиімді, өнімді көмектесуге;
салық төлеушілерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімін сақтауға және сапасын арттыруға;
кез келген жағдайларда салық төлеушілерге сабырлылықпен және құрметпен қарауға;
салық төлеушілерге салық міндеттемелерін өз еркімен және уақтылы орындау үшін ақпарат беруге;
салық төлеушілерге селқос, дөрекі және салқын қарауға жол бермеуге;
шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сенім-нанымына, тұратын жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша салық төлеушілерді кемсітпеуге;
салық төлеушілердің
өтініштерін қарау кезінде
Қазақстан Республикасының
заңында белгіленген
4. Әріптестермен өзара қарым-қатынас
6. Қызметкер:
әріптестеріне сыпайылық және ұстамдылық танытуға, әріптестеріне жалпыға бірдей қабылданған аты-жөнін атап сөйлесу түрін қолдана отырып құрметпен қарауға;
әріптестері мен басшыларының сындары мен ескертулерін дұрыс және лайықты қабылдауға, сондай-ақ, жіберген қателіктерді уақытында мойындауға;
әріптестерінің шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сенім-нанымына, тұратын жеріне қарамастан ар-намысын және қадір-қасиетін құрметтеуге;
штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда әріптестеріне бұзушылыққа жол бермеу жөнінде кеңес беруі немесе ескертуі тиіс;