Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 21:36, реферат
Қытай Халық Республикасы — бұл халықтың демократиялық диктатурасымен орнатылған социалистік мемлекет, жұмысшылар табы мен еңбекшілер одағы арқылы биленеді.
Қытай Халық Республикасының негізгі құрылымы — бұл социалистік құрылым. Жеке тұлғаларға социалистік құрылымның нұқсан келтіруіне тиым салынады.
I тарау.
Ортақ
міндеттер
1-ші бап. Қытай Халық Республикасы — бұл халықтың демократиялық диктатурасымен орнатылған социалистік мемлекет, жұмысшылар табы мен еңбекшілер одағы арқылы биленеді.
Қытай Халық Республикасының негізгі құрылымы — бұл социалистік құрылым. Жеке тұлғаларға социалистік құрылымның нұқсан келтіруіне тиым салынады.
2-ші бап. Қытай Халық Республикасында барлық билік халықтың қолында шоғырланған.
Халық мемлекет билігін Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысы мен Ұлттық Өкілдер Жиналысы арқылы жүзеге асырады.
Мемлекеттік заңға сәйкес, халық түрлі жолдар мен формалар арқылы мемлекеттік, шаруашылық, мәдени және қоғамдық істерін белсенді түрде басқарады.
3-ші бап. Қытай Халық Республикасының мемлекеттік басқармалары демократиялық орталықтандыру қағидасын жүзеге асырады.
Ұлттық Өкілдер Жиналысы демократиялық жол арқылы сайланады, халық алдында жауапты және оның бақылауында болады.
Барлық
мемлекеттік-әкімшілік
4-ші бап. Қытай Халық Республикасындағы барлық ұлттар тең құқықты. Мемлекет тарапынан барлық ұлт-өкілдердің құқықтары мен мүдделері сақталынады, олардың арасындағы теңдік қатынас, бірлік, бір-біріне көмектесу принципін қорғап, әрі қарай дамуына апарады. Кез-келген ұлт арасында дискриминация мен езгіге тиым салынған, ұлттар арасындағы бірлікті бұзу мен бөлуге жол берілмейді.
Мемлекет аз –ұлт өкілдерінің мұқтаждықтары мен мүдделерін ескере отырып, олардың мекен ету аймағында, экономикалық және мәдени дамуына жағдай жасайды.
Аз – ұлт өкілдерінің тығыз
шоғырланған аудандарында
Барлық ұлт өкілдер өз тілі мен жазуын еркін түрде қолдана алады, өздерінің әдет-ғұрыптарын өзгертуге құқықтары бар.
5-ші бап. Мемлекет өз тарапынан бірлік пен социалистік заңдылықтардың сақталуын жүзеге асырады.
Ешбір заңдар, әкімшілік-құқықтық актілер, жергілікті қаулылар конституцияға қайшы келмеу керек.
Барлық мемлекеттік басқармалар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер Конституция мен заңдарды ескеру керек. Конституция мен заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады.
Ешқандай мекемелер мен жеке тұлғаларға Конституция бойынша ерекше артықшылықтар берілмеуі керек.
6-ші бап. Қытай Халық Республикасының социалистік экономикалық жүйенің негізі — бұл өндіріс құралдарына негізделген социалистік қоғамдық меншік, яғни бүкіл халықтық пен коллективті меншік.
7-ші бап. Экономиканың мемлекеттік секторы — шаруашылық секторы, социалистік қоғамдық меншікке негізделген, билейтін күш халықтық шаруашылықта шоғырланған. Мемлекет экономиканың мемлекеттік секторының дамуына және гүлденуіне үлесін қосады.
8-ші бап. Ауыл - халық коммуналары, ауыл шаруашылық өндіріс кооперативтері мен кооперативті шаруашылықтың формалары— өндірістік, қамту-өткізу, тұтыну кооперациялары социалистік шаруашылық сектор болады, еңбек ететін қауым меншігіне негізделген. Коллективті ауыл шаруашылық ұйымдарына қатысатын жұмысшылардың үй жанындағы және таулы жердегі учаскесінде шаруашылық жүргізу, үй жануарларын өсіруге құқықтары бар.
Түрлі формада құрылған қала мен ауылды жерлердегі кооперативті шаруашылықтар — өндіріс, транспорт, сауда, өнеркәсіп және қызмет ету салалары шаруашылықтың социалистік секторыне жатқызылады.
Қала мен ауылды мекендерде орналасқан коллективті ауыл шаруашылық ұйымдарының құқықтарын мемлекет қадағалап отырады. Олардың дамуын қолдайды.
9-ші бап. Сулар, ормандар, таулар, шөлдер, жер қойнауы, алқапты егістіктер және басқа табиғи ресурстардың бәрі — мемлекеттік, яғни, бүкілхалықтық меншік. Сулар, ормандар, таулар, шөлдер, алқапты егістіктер заң бойынша коллективті меншік.
Мемлекет пайдалы қазбалардың үйлесімді түрде пайдалануын қадағалап отырады, құнды жануарлар мен өсімдіктер түрлерін қорғауға алады. Ұйымдар мен жеке тұлғаларға мемлекеттік меншікті иеленуге тиым салынған.
10-ші бап. Қаладағы жер мемлекеттің бақылауында болады.
Ауылдық және қала маңындағы жерлер коллективті меншік болады, мемлекетке тиесілі учаскесінен басқа; үй жанындағы және таулы жердегі учаскелер, тұрғын үйлер жері — коллективті меншік болып есептелінеді.
Мемлекет заңға сәйкес қоғамдық шараларды жүргізгенде, жерді реквизициялау мүмкін. Ұйымдар мен жеке тұлғаларға жерлерді иеленуге, сату-сатып алуға, жалға беруге тиым салынады.
Ұйымдар мен жеке тұлғалар қарауындағы жерлер үлесінше пайдалануы керек.
11-ші бап. Социалистік қоғамдық меншік қасиетті және қол сұқпайтын меншік.
Мемлекет социалистік қоғамдық меншікті қорғап отырады. Ұйымдар мен жеке тұлғаларға мемлекет меншігін иеленуге тиым салынған.
12-ші бап. Мемлекет азаматтардың заңды түрдегі табыстарын, үйлерін, қаржы сақтауларын, меншікерін қорғайды.
Мемлекет, заңға тиісті, азаматтардың меншігін мұрагерлік жолмен иеленуін қорғайды.
13-ші бап. Мемлекет экономиканың эффективтілігі мен еңбек өндіріс деңгейін көтеруге құқығы бар, еңбек етушілердің техникалық білімі арқасында, қоғамның өндіріс күштерінің әрдайым арттыруы жүреді, ғылым мен техниканың таралуын, экономика мен мекемелерді басқару салаларын жетілдіруін, социалистік жауапкершілік жүйелерін дамытады. Мемлекет әрдайым тиімділік жүйесін жүзеге асырады.
Мемлекет рационалды түрде жиналған қаржыны бөледі, Мемлекеттік, коллективтікті және жеке қызығушылықты ескереді, өндірістің дамуы нәтижесінде біртіндеп адамдардың материалды, мәдени жағдайын жақсартады.
14-ші бап. Мемлекет социалистік меншік саясатын ұстанып, жоспарлы экономиканы жүзеге асырады. Балансты түрде жасалынған экономиканың жоспарлануы арқасында халық шарушылығының үлесімді дамуы жүреді.
Ұйымдар мен жеке тұлғаларға әлеуметтік- экономикалық тәртіпті, мемлекеттік экономикалық жоспарды бұзуға тиым салынған.
15-ші бап. Заң бойынша мемлекеттік мекемелер істерді өз беттерімен жүзеге асыруға құқықтары бар, бірақ та олар бірыңғай мемлекеттік билеушілерге бағынады, мемлекеттік жоспарды түгел орындау керек.
Мемлекеттік мекемелер заңға сәйкес жұмысшылар жиналыстары арқылы демократиялық басқаруды жүзеге асырады.
16-ші бап. Коллективті шаруашылық ұйымдар мемлекеттік жоспарды басшылыққа алып, тиісті заңдарды орындау арқылы шаруашылық істерді өз беттрімен жүзеге асыруға құқықтары бар.
Коллективті шаруашылық ұйымдар заңға сәйкес демократиялық басқару жүйесін қолданады, барлық жұмысшыларды жұмысқа алу және шығаруға құқықтары бар, басқару саласында маңызды мәселелерді дербес қабылдайды.
17-ші бап. Мемлекет социалистік білім беру ісін дамытады, бүкіл халықтық ғылыми және мәдени деңгейін көтеруге жағдай жасайды.
Түрлі білім беру мекемелерін құрып, мемлекет бәріне бірдей бастауыш білім береді, орта, профессионалды және жоғары білім беру жүйесін дамытып, мектепке дейін тәрбие беруді кеңінен қолданады.
Ағартушылық
мекемелер санын арттыра
Мемлекет коллективті шаруашылық ұйымдарды, мемлекеттік мекемелерді, басқа да заңды түрде пайда болған білім беру мекемелерінің жұмыс істеуін қолдайды.
18-ші бап. Мемлекет жаратылыс пен қоғамдық ғылымдарды дамыта түседі, ғылыми-техникалық білім беру саласын кеңейтеді, ғылыми-зерттеу жұмыстардағы жетістіктерді, техника саласында ашылған жаңалықтарды жандандырады.
19-ші бап. Мемлекет денсаулық сақтау, медицина саласын дамытады, ауыл шаруашылық пен мемлекеттік ұйымдар, өнеркәсіптер құрған түрлі денсаулық сақтау мекемелердің жұмыс істеуін қолдайды.
Мемлекет дене шынықтыру мен спорт саласын дамытады, түрлі сайыстарды өткізеді.
20-ші бап. Мемлекет әдебиет пен өнерді, баспа ісін, радио саласын дамытады, кітапхана, мұражай, мәдениет үйлері мен басқа мәдени мекемелердің ашылуын кеңейтеді, халық пен социализм үшін арналған мәдени іс-шаралар жүргізеді.
Мемлекет тарихи назар аударарлық орындарды, бағалы мәдени-ескерткіштерді қорғайды.
21-ші бап. Мемлекет социализм ісі үшін еңбек ететін түрлі мамандарды даярлайды, интеллигенция қатарын кеңейтіп, социалистік модерницазияны түрлі жолдармен жандандырады.
22-ші бап. Мемлекет социалистік діни мәдениеттің құруына жағдай жасайды, өнегелі мәдени тәрбиедегі идеалдар қатарын кеңейтеді, бүкіл халықты заң мен тәртіпке тәрбиелейді.
Мемлекет
Отанға, социализмге, халыққа, еңбекке,
ғылымға тән сүйіспеншілік
23-ші бап. Мемлекет қоршаған ортаны қорғауға арналған шаралар қолданылады, ластамау мен басқа бұзушылықты болдырмауға тырысады.
Мемлекет көгалдандыру жұмысының атқарылуын қолдайды.
24 –ші бап. Мемлекет бала туылуын жоспарлауды жүзеге асырады..
24-ші бап. Барлық мемлекеттік басқармалар ұйымының жеңілдету принципі жүзеге асырылады, жауапкеркершілікті қызмет ету, жұмысшыларды дайындау жүйесі дамытылады, жұмыс эффективтілігін көтеруге арналған шаралар қолданылады, бюрократиямен күрес жүреді. Барлық мемлекеттік басқармалар мен мемлекеттік қызметкерлер халыққа қолдау жасау керек, олармен тығыз байланыста болып, халықтың ұсыныстарын тыңдап, бар күшімен халыққа еңбек ету керек.
25-ші бап. Мемлекет қоғамдық тәртіпті сақтайды, сатқындық пен басқа контрреволюциялық іс-әрекеттерді басады, қоғамдық қауіпсіздікті бұзғандарды жазалайды, социалистік экономиканы кері ұйымдастырушылар мен басқа қылмыстық әрекеттер жасаған адамдарды жазалайды, қайтадан тәрбиелеу саясатын қолданады.
26-ші бап. Қытай Халық Республикасының қарулы күштері халықтың қарауында болады. Олардың мақсатына ел қауіпсіздігін нығайту, агрессияны тойтару, Отан мен халықтың еңбегін қорғау, мемлекеттік құрылыс жұмысына қатысу, барынша күшпен халыққа қызмет ету кіреді.
Мемлекет қарулы күштерді революциялық бағытта, модернизациялау және реттелік тәртіп қолдану арқылы дамытады, елдің қорғаныс қуатын арттырады.
27-ші бап. Қытай Халық Республикасында келесі әкімшілік бөліну бар:
Орталыққа бағындандырылған қалалар және салыстырмалы ірі қалалар аудандарға және уездерге бөлінеді. Автономиялық аудандар уездерге, автономиялық уездерге және қалаларға бөлінеді.
Автономиялық аудандар, автономиялық округтер және автономиялық уездер ұлттық автономиялардың аудандары болып саналады.