Кытай конституциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 21:36, реферат

Описание

Қытай Халық Республикасы — бұл халықтың демократиялық диктатурасымен орнатылған социалистік мемлекет, жұмысшылар табы мен еңбекшілер одағы арқылы биленеді.
Қытай Халық Республикасының негізгі құрылымы — бұл социалистік құрылым. Жеке тұлғаларға социалистік құрылымның нұқсан келтіруіне тиым салынады.

Работа состоит из  1 файл

қытай конст.doc

— 131.50 Кб (Скачать документ)

      28-ші бап. Мемлекет қажет болған жағдайда, ерекше әкімшілік аудандарды құрайды. Ерекше әкімшілік аудандардың режимі белгілі анық жағдайға байланысты заңға сәйкес орнатылады, оны Бүкілқытайлық Ұлттар Өкілдер Жиналысы қабылдайды. 

II тарау.

АЗАМАТТАРДЫҢ  МІНДЕТТЕРІ МЕН НЕГІЗГІ  ҚҰҚЫҚТАРЫ 

      29-ші бап. Қытай Халық Республикасының азаматтығы бар барлық адамдар,  Қытай Халық Республикасының азаматтары болады.

      Қытай Халық Республикасының барлық азаматтары заң алдында тең.

      Әрбір азамат конституцияда және заңда  көрсетілген міндеттерді орындауға  тиіс.

      30-ші бап. Қытай Халық Республикасының барлық азаматтары кәмелетке толғаннан кейін, ұлтына және түсіне, жынысына, еңбек ету саласына, әлеуметтік шығу тегіне, дініне, біліміне, отырықшылығына қарамастан, тәуелсіз сайлауға мен сайлануға құқығы бар; заң бойынша саяси құқығынан айырылғандар осы қатарға жатқызылмайды.  

      31-ші бап. Қытай Халық Республикасы азаматтарының еркіндіктері мызғымас және қолсұқпаушылық сипатта орнатылған.

      Азаматтардың  ешқайсысы қамауға алынбауы тиіс, тек қана қоғамдық бейбітшілік басқармалардың тергеуі мен халық прокаратурасы және сот шешімінің қаулылыларына байланысты қамауға алынады.

      Азаматтардың  еркін құқықтарын айыруға, заңсыз қамауға  және заңсыз істерді қолдануға тиым салынады; азаматтарды заңсыз тінтуге  рұқсат берілмеген.

      32-ші бап. Қытай Халық Республикасы азаматтарының ар және намысы мызғымас. Азаматтарды  қорлауға, душар қылуға, жалған лақап айтуға тиым салынады.  

      33-ші бап. Қытай Халық Республикасы азаматтарының тұрар ету мекені мызғымас. Азаматтардың тұрып жатқан мекенін тінтуге, заңсыз кіруге тиым салынған.

      34-ші бап. Қытай Халық Республикасы азаматтарының құпия және еркін түрде хат жазуы мен алмасуы заңмен қорғалады. Ешбір ұйымдар және мекемелер ешқандай сылтауға қарамастан, азаматтардың еркін түрде хат жазуы мен алмасуына бөгет жасамауы керек, тек қана мемлекеттік қауіпсіздік үшін керек істерінен басқасынан, еркін түрде хат жазу мен алмасуға құқықтары бар.

      35-ші бап. Қытай Халық Республикасының азаматтары кез-келген мемлекеттік басқармалар мен мемлекеттік қызметкерлерге сынау - үндеу жолдауларын ұсынуға құқықты; мемлекеттік басқармалар мен мемлекеттік қызметкерлер тарапынан азаматтарға тиісті заңнын бұзылуы орын алса, онда барлық азаматтар керекті заңды басқармаларға шағымдарды ұсынуға құқықтары бар, бірақ-та адамдарға сылтау айтуға, қағаздардың фальсификациялануына тиым салынады.

      Керекті заңды басқармалар азаматтардың шағымдары мен үкімдерін қарау  керек, фактілердың дұрыстығын тексеріп, олардың шешілуіне жауапты болады.

      Мемлекеттік басқармалар мен мемлекеттік  қызметкерлер тарапынан  азаматтардың істеріне байланысты жасалынған қателіктер болса, онда азаматтар заңға сәйкес компенсация алуы тиіс.

      36-ші бап. Қытай Халық Республикасының азаматтары еңбек етуге құқылы.  

      Мемлекет  түрлі жолдар арқылы жұмысқа жайғасу үшін барлық жағдай жасайды, жалақыларын көтереді.

      37-ші бап. Қытай Халық Республикасының еңбек қызметкерлері демалуға құқықтары бар.   

      Мемлекет  еңбеккерлердің демалу жағдайы мен  денсаулық сақтауын қамтамасыз етеді, жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті жұмыс күні мен демалу уақытын  белгілейді.

      38-ші бап. Мемлекет тиісті заң бойынша жұмысшылар мен мекеме қызметкерлердің зейнетке шығу уақытын реттеп отырады. Мемлекет пен қоғам зейнеткерлерді барлығымен қамтамасыз етеді.

      39-ші бап. Қытай Халық Республикасының азаматтары есейген жасқа келгенде, ауырып қалған жағдайда, еңбек қабілетін жоғалтқан кезде ғана, мемлекет пен қоғамнан жәрдемақы алуға құқықтары бар. Мемлекет әлеуметтік қорғауды, қоғамдық көмек көрсету мен денсаулық сақтау ісін дамытады, азаматтардың қажеттіктерін жүзеге асыру үшін бұл қолдау пайда болған Мемлекет мүгедектерге, әскербасы отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді, түрлі жеңілдіктер жасайды.  

      Мемлекет  мүгедек отбасыларының мүшелеріне еңбекке жайғасуға көмек көрсетеді.

      40-ші бап. Қытай Халық Республикасының азаматтары ғылыми-техникалық, әдебиет шығармашылығында және де басқа мәдени іс-әрекеттер салаларында еркін құқықтарға ие. Мемлекет азаматтардың шығармашылық бастамаларын, білім - беру, ғылым, техника, әдебиет, өнер салаларының жандандыруын қолдайды.

      41-ші бап. Қытай Халық Республикасында тұратын әйелдер еркектермен бірге құқықтық дәрежеде барлық салаларда — саяси-экономикалық, мәдени, қоғамдық, отбасылық жұмыс атқара алады. 

      Мемлекет  әйелдердің еркіндіктері мен құқықтарын қорғайды,  еркектермен бірге істелінген жұмыс үшін тең түрде жалақы беруді қамтамасыз етеді, мамандарды әйел тарапынан даярлауға көңіл бөледі.

      42-ші бап. Отбасы, балалық шақ, некелік, аналық мемлекет қарауында болады.  

      Әке мен шеше кәмелетке толмаған балаларды  өсіруге, ал кәмелетке толған азаматтар өз ата-аналарын асыру керек.

      Некелікті бұзу, қарт адамдармен, әйел мен балалармен жаман қарауда болуға тиым салынады.

      43-ші бап. Қытай Халық Республикасының азаматтары еркі мен құқықтарын жүзеге асыру кезінде мемлекеттің, қоғамдар мен коллективтердің ынтасын, басқа азаматтардың еркіндіктерімен санасу керек.

      44-ші бап. Қытай Халық Республикасының азаматтары мемлекеттің тұтастығы мен азаматтардың бірлігін қорғау керек.

      45-ші бап. Қытай Халық Республикасының азаматтары конституция мен заңды сақтауға, еңбек пен қоғамдық тәртіпті бұлжытпау орындауға, мемлекеттік құпияны сақтауға, қоғамдық мораль нормаларын қадірлеуге тиіс. 

      46-ші бап. Қытай Халық Республикасының азаматтары мемлекет қауіпсіздігін, ар-ожданын, мүддесін қорғау керек, мемлекетке кері әсер тигізетін әрекеттерден бас тарту керек.

      47-ші бап. Мемлекетті қорғау және агрессияны болдырмау — Қытай Халық Республикасы азаматтарының қасиетті борышы.

        Әскери міндет және халық жасақтарына заң бойынша қатысу — Қытай Халық Республикасы азаматтарының қасиетті міндеттілігі деп есептелінеді.

      48-ші бап. Қытай Халық Республикасының азаматтары заңға тиесілі салық төлеу керек. 

III тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ 

  • Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысы. 
  •       49-ші  бап. Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысы мемлекеттік биліктің жоғарғы мүшесі болады. Оның тұрақты жұмыс істеуші мүшесі — Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының Тұрақты Комитеті.

          50-ші бап. Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысы және Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының Тұрақты Комитеті елде заң атқарушы билікті жүзеге асырады.

          51-ші бап. Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысы провинциялар, автономиялық аудандар, орталық басқару қалаларынан сайланған өкілдерден құралады. Барлық аз-ұлт өкілдер аудандарының тиесілі өкілдер саны болу керек.

          Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының мүшелігіне депуттарды сайлау Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының Тұрақты Комитеті көмегімен жүзеге асырылады.

          Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының өкілдер  саны мен сайлау шарты заң бойынша  бекітілген.

          52-ші бап. Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының билік ету мерзімі — бес жыл.

          Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналыс мерзімінің аяқталуына екі ай қалғанда, Бүкілқытайлық  Ұлттық Өкілдер Жиналысының Тұрақты  Комитеті келесі шақыруға арналған Бүкілқытайлық  Ұлттық Өкілдер Жиналысына сайлану үшін жаңадан сайлау өткізеді. Қатерлі жағдай туындаған кезде, сайлау өтуге мүмкіндік болмаса, сайлауды кейінгі уақытқа қалдырады және қалған Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының мерзімін уақытша ұзартуға рұқсат етіледі, егер де, Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының Тұрақты Комитет мүшелері үштен-екі дауыс берген жағдайда бұл шара жүргізіледі. Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысына жаңадан сайлану — қауіпті жағдай біткеннен кейін бір жыл ішінде орындалуы керек.

          53-ші бап. Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының тұрақты сессиясы бір рет жылда Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының Тұрақты Комитеті ұсынысымен шақырылады. Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының уақыттан тыс сессилары мен шақырулары Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының Тұрақты Комитеті мүшелері немесе Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысы депуттарының бестен-бір бөлігінің ұсынуымен шақырылады.

          Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысы сессия кезінде  жұмысты атқаруға арналған президиум  құрайды.

          54-ші бап. Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысы келесі міндеттерді жүзеге асыруға құқылы:

    1. Конституцияны өзгертеді;
    2. Конституцияның жүзеге асырылу тәртібін қадағалайды;
    3. Қытай Халық Республикасы Төрағасы мен оның орынбасарын тағайындайды;
    4. Қытай Халық Республикасы Төрағасының ұсынуы бойынша Мемлекеттік Кеңес Премьерінің кандидатурасы, Мемлекеттік Кеңес Премьерінің ұсынуы бойынша Мемлекеттік Кеңес Премьерінің орынбасар кандидатурасы, Мемлекеттік Кеңес мүшелері, министрлер, комитет төрағалары, секретариат Басшылары тағайындалады ;
    5. Жоғарғы Халық сотының төрағасын тағайындайды;
    6. Жоғарғы Халық сотының Бас прокурорын тағайындайды ;
    7. Экономикалық және әлеуметтік даму жоспарын қарастырады, орындалуын қадағалап отырады;
    8. Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының Тұрақты Комитеті шығарған қаулыларын өзгертеді немесе алып тастайды ;
    9. Провинциялар, автономиялық аудандардың, орталық басқару қалаларының құруын қарастырады ;
    10. Бейбітшілік пен соғыс мәселелерін реттеп отырады ;
    11. Жоғарғы Мемлекеттік билік басқармаларына тиісті құзыретті өкілдіктерді жүзеге асырады ;

            55-ші бап. Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысы келесі мүшелерді орныннан босатуға құқылы:

      1. Қытай Халық Республикасы Төрағасы мен оның орынбасарын;
      2. Мемлекеттік Кеңес Премьерін, оның орынбасарын, министрлерді, комитет төрағаларын, секретариат Басшыларын;
      3. Жоғарғы Халық сотының төрағасын ;
      4. Жоғарғы Халық сотының Бас прокурорын.

          56-ші бап. Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының Тұрақты Комитеті мен Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысы депуттарының бестен-бір бөлігінің шешімімен Конституцияға өзгеріс енгізіледі, Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысы депуттарының берген үштен-екі бөлігі даусымен қабылданады.

          Заңдар  мен басқа қаулылар Бүкілқытайлық  Ұлттық Өкілдер Жиналысы депуттарының көп дауыстары арқылы қабылданады.

          57-ші бап. Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының Тұрақты Комитеті келесі мүшелерден құралған:

            Төраға,

            Төраға  орынбасарлары,

            Секретариат Басшысы,

            Мүшелер.

          Барлық  аз-ұлт өкілдер аудандарынан тиісті өкілдер саны Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының Тұрақты  Комитеті мүшелігіне кіреді.

          Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының Тұрақты  Комитеті өз мүшелерін қызметтерден алып тастауға және жаңадан тағайындауға құқылы.  

          Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының Тұрақты  Комитетіне кіретін мүшелер мемлекеттік  әкімшілікті басқаруға, сот және прокуратура мүшелігінде болуға құқықтары жоқ.

          58-ші бап. Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының Тұрақты Комитетінің басқару мерзімі Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысы мерзімімен бірдей. Өз қызметін келесі Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысы тағайындалғанға дейін атқарады.

          Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының Тұрақты  Комитетінің төрағасы мен орынбасары өз қызметтеріне екі мерзімге ғана сайлануы мүмкін.

          59-ші бап. Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының Тұрақты Комитеті келесі міндеттерді жүзеге асыруға құқылы:

      1. Конституцияға түсінушілік береді, жүзеге асырылу тәртібін қадағалайды;
      2. Заңдарды қабылдайды және өзгертеді, Бүкілқытайлық Ұлттық  Өкілдер Жиналысы қабылданған заңдардан басқа;
      3. Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының сессиясы кезінде заңдарға толықтырулар енгізеді, оларды өзгертеді, өзгертулер заңғы қайшы келмеу керек;
      4. Заңдарға түсінушілік береді;
      5. Бүкілқытайлық Ұлттық  Өкілдер Жиналысының сессиясы кезінде қарастырылатын Экономикалық және әлеуметтік даму жоспарына толықтырулар енгізеді;
      6. Мемлекеттік Кеңес, Жоғарғы Халық соты жұмыстарының жүру барысын қадағалап отырады;
      7. Конституцияға қайшы келетін әкімшілік-құқықтық актілерды алып тастайды;
      8. Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының сессиясы кезінде Мемлекеттік Кеңес Премьерінің ұсынуы бойынша комитет төрағаларын, секретариат Басшысына ұсынылатын кандидатарды тағайындайды;
      9. Жоғарғы Халық сот төрағасының ұсынуы бойынша, Жоғарғы Халық сотының мүшелерін және соттарын, орынбасарларын, әскери сот төрағаларын тағайындайды;
      10. Жоғарғы Халық прокуратурасының бас прокурорының ұсынуы бойынша прокурор орынбасарларын, мүшелерін тағайындайды;
      11. Шетел мемлекеттерімен жасалынған келісімшарттарға қол қояды, ратификациялайды;
      12. Әскери атақтарды, дипломатиялық рангтерді тағайындайды;
      13. Тұтқындарға кешірім жасауды өткізеді;
      14. Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысының сессиясы кезінде мемлекет қауіпті жағдайда болған кезде, соғысты жариялауға құқығы бар;
      15. Мемлекетте күштерді мобилизациялау туралы шешім қабылдайды;
      16. Мемлекетте, провинцияларда, автономиялық аудандарда, орталық басқару қалаларда қауіпті жағдай енгізу туралы үкім қабылдайды;
      17. Бүкілқытайлық Ұлттық Өкілдер Жиналысына тиісті емес басқа функциялармен айналысады.

    Информация о работе Кытай конституциясы