Лизинг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:52, курсовая работа

Описание

Қандай да болмасын күрделі экономикалық түсінік сияқты лизингтің де бірнеше анықтамалары бар. Ең алдымен, лизинг, - ағылшын тілінен, to lease етістігінен шыққан – мүлікті уақытша пайдалануға алу және тапсыру. «Лизинг» терминінің мәнін нақты бейнелейтін, менің ойымша келесі анықтама бар: Лизинг еркін немесе тартылған қаржылық қаржыларды инвестициялау болып табылады, мұнда лизинг беруші белгілі бір сатушыдан келісіммен келісілген мүлікті меншікке алуға және бұл мүлікті лизингті алушыға кейіннен сатып алу құқығымен уақытша пайдалануға ұсынуға міндеттенеді.

Работа состоит из  1 файл

диплом лизинг,факторинг, франчайзинг.doc

— 282.50 Кб (Скачать документ)

3) тиiстi емес тұлғаның  мемлекеттiк тiркеуге өтiнiш бiлдiруi;

4) осы Ережеге сәйкес  талап етiлетiн құжаттардың тапсырылмауы.

Бас тарту жазбаша  түрде ресiмделедi және құжаттар қабылданған  кезден бастап үш жұмыс күнi ішiнде  өтiнiш берушiге жiберiледi.

Мемлекеттiк тiркеуден  бас тарту үшiн негiз болған мән-жайлар жойылған кезде өтiнушi тiркеу органына жаңа өтiнiш берiп, қайтадан жүгiнуге құқылы.

Өтiнiш берушi, лизинг шартын мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға  не мемлекеттiк тiркеуден жалтаруға сот тәртiбiмен шағымдана алады.

Мемлекттік тіркеу кезінде  жіберілген, техникалық қателерді түзеу 

Лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеу кезiнде жiберiлген жазудағы техникалық қателер қате анықталғаннан немесе кез келген мүдделi тұлғадан жазудағы қате туралы жазбаша түрде өтiнiш алғаннан кейiн тiркеушi органның шешiмiмен үш күн мерзiмде түзетiледi. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу кезiнде туындайтын қатынастардың қатысушылары техникалыє қателердiң түзетiлгені туралы осындай мерзiмде мiндеттi түрде жазбаша аєпарат алады. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу кезiнде жiберiлген техникалық қатенi түзету, егер мұндай түзету тиiстi тiркеу жазуына сүйенген құқық иелерiнiң немесе үшiншi тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтiруi немесе оларды бұзуы мүмкiн деп пайымдауға негiз жоқ болған жағдайда жүзеге асырылады.

Егер техникалық қатенi түзету тиiстi тiркеу жазуына сүйенген құқық иелерiнiң немесе үшiншi тұлғалардың  заңды мүдделерiне залал келтiруi немесе бұзуы мүмкiн деп пайымдауға негiз бар болған жағдайларда, мұндай түзету лизинг шарты тараптарының келiсiмiмен не сот шешiмiмен жүргiзiледi.

Тіркелген лизинг шартына  өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік  тіркеу тәртібі. Тіркелген лизинг шартының қолданылуын тоқтату туралы жазуды енгізу

Тiркелген лизинг шартына  өгерiстер мен толықыруларды мемлекеттiк тiркеу тiркеушi органғ өтiнiш беру жолымен жүргiзiледi. Өтiнiште бастапқы тiркелген лизинг шартына сiлтеме, лизинг шартына өзгерiстердiң және толықтырулардың сипаттамасы болуы тиiс. Өтiнiшке лизинг шартына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шарттың екi түпнұсқа данасы қоса тапсырылуы тиiс, оның бiреуi өзгерiстер мен толықтыруларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырғаннан кейiн мемлекеттiк тiркеу жүргiзiлгенi туралы мөртабан басылып, өтiнiш берушiге қайтарылады.

Тiркелген лизинг шарты тоқталған кезден бастап үш күн iшiнде өтiнiш берушi тiркеушi органға жазбаша хабарлама және лизинг шарты тоқтатылғанын растайтын құжаттарды жiберуге мiндеттi.

Тiркеушi орган тiркелген  лизинг шарты тоқтатылғаны туралы жазбаша  хабарламаны алған кезден бастап Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шарттарының тiзiлiмiне лизинг шартының қолданылуы тоқтатылғаны туралы тиiстi жазу енгiзедi.

Лизинг шартын және оны  мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп  тану туралы сот шешiмi негiзiнде мүдделi тұлға тiркеушi органға лизинг шартын мемлекеттiк тiркеудi жою туралы өтiнiш беруге құқылы.

Лизинг шартын мемлекеттік  тіркеу туралы ақпарат беру

Лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеу жүргiзiлгенi туралы деректердi тiркеушi орган осы ақпаратты сұраған  кез келген тұлғаға бередi. 
Құқық белгiлеушi құжаттардың (лизинг шарты және басқалар) көшiрмелерi құқық иеленушiнiң сұрауы бойынша, құқық қорғау, сот, салық, кеден және басқа да мемлекеттiк органдардың дәлелдi сұраулары бойынша берiледi. Өзге жағдайларда көрсетiлген құжаттар құқық иеленушiнiң жазбаша келiсiмiмен берiледi.     

Дауларды шешу және мемлекеттік  тіркеу тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық

Лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеуге және мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат беруге байланысты даулар сотпен шешiледi.

Тiркеушi орган заңнамалық кесiмдермен белгiленген тәртiпте мыналар үшiн жауапты болады:

1) лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеу ережесiн сақтамау;

2) "Қаржы лизингi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  нормаларына сай келмейтiн лизинг  шартын мемлекеттiк тiркеу;

3) мемлекеттiк тiркеу және Жылжымалы мүлiктiә қаржы лизингi шарттары тiзiлiмiне енгiзу үшiн оған берiлген лизингi шарты туралы мәлiметтердiң дәл еместiгi, толық енгiзiлмеуi және ақпаратты бұрмалау;

4) мүдделi тұлғалардың  сұрауы бойынша Жылжымалы мүлiктiң  қаржы лизингi шарттары тiзiлiмiнен үзiндi беруден заңсыз бас тарту;

5) мемлекеттiк тiркеу  үшiн тапсырылған құжаттарды және  ақпаратты, сондай-ақ Жылжымалы  мүлiктiң қаржы лизингi шарттары  тiзiлiмiне енгiзiлген ақпаратты  сақтау тәртiбiн бұзу;

6) коммерциялық құпияны  құрайтын ақпаратты жария ету.

Егер өтініш беруші  лизинг шарты туралы ақпараттың мазмұны  бұрмаланса, тіркеуші орган мұндай бұрмалаушылық үшін жауапты болмайды.

Мемлекеттік тіркеу, ақпарат беру тәртібін бұзумен, ақпараттың мазмұны  бұрмалануымен келтірілген шығындар тіркеуші органның өтеуіне жатады. Беруге болатын және берілуі тиіс ақпаратты жасыруға ықпал ететін мәліметтерді қасақана бұрмалау және өзге де әрекеттер заңнамалық кесімдермен белгіленген тәртіпте жауаптылыққа әкеп соқтырады.    

Лизингтік операцияларды жүзеге асыру үшін  лизингтік қор мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитетіндегі мемлекеттік меншігін бақылау лизингтік департамент  құрылды. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанынан агроөнеркәсiп кешенiн машина жасау өнiмiмен қамтамасыз ету жөнiнде Ауыл шаруашылығын мемлекеттiк қолдау қоры құрамында лизинг қоры құрылды.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп  кешенiн машина жасау өнiмiмен  қамтамасыз ету жөнiндегi лизинг қорына мемлекеттiк бюджет қаражаты бөлінуі  белгiленген.

Лизинг қоры Қазақстан Республикасының  агроөнеркәсiп кешенiн машина жасау  өнiмiмен қамтамасыз ету жөнiндегi лизинг операцияларын жүргiзедi және ол ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасының  орындалуына жәрдемдесуге арналған.

Лизинг қоры өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заң актiлерiн басшылыққа алады.

Лизинг қорына арнайы есеп шотын ашатын Ауыл шаруашылығын қолдаудың мемлекеттiк қоры қызмет көрсетедi, мұнда лизинг операцияларына бағытталатын бюджеттiк және басқа  қаражаттар шоғырландырылады.

Лизинг қорының негiзгi қызметi:

Ауыл шаруашылығын машина жасау өнiмiмен лизингтiк негiзде  қамтамасыз етудiң тәртiбiн және оны  жүзеге асыру тетiгiн әзiрлеу;

конкурстық негiзде  лизинг берушi қызметiн атқаратын  ұйымдарды iрiктеу;

номенклатураларды және лизинг берушiлер бойынша машина жасау өнiмiнiң лизингiне қарай өнiм берудiң сомалық көлемдерiн бекiту;

қаржыландыруға қабылданған  шаралардың орындалуына және лизинг қоры қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру.

 Лизинг қорын құрудың көздерi мыналар болып табылатын:  
мемлекеттiк бюджеттiң ауыл шаруашылығын дамытуға бөлiнген мемлекеттiк бюджет қаржысы, операциялық шығыстарға жұмсалатынынан басқасы;

шетелдiк кредиттер;

жеңiлдiктi кредиттер, коммерциялық банктердiң капиталы;

шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өз қаржысы.

Лизинг қорынан қаржыландыру қордың комиссиясы айқындаған тәртiппен жүзеге асырылды.

Лизинг қорына мынадай  құқықтар берiлдi:

бұл мақсатқа жергiлiктi қаржы  органдарының қызметкерлерiн тартып, лизинг берушiлердiң, лизинг алушылардың қызметi мен қаржының мақсатты пайдаланылуына тексерiс жүргiзудi белгiлеу;

лизинг берушiлер мен  барлық меншiк нысанындағы ауыл шаруашылығы  кәсiпорындарына қажеттi ақпарат  пен есеп алу.

Лизинг шараларын қаржыландыруға бөлiнген қаржының мақсатынан тыс және тиiмсiз пайдаланылуы, сондай-ақ қойылған мақсатқа қол жеткiзу мүмкiн еместiгi анықталған жағдайда лизинг қоры бұл шараларды қаржыландыруды тоқтатады.  
      Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шығынды өтеуi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi.

Лизинг қорының қызметiне басшылық жасау үшiн оның құрамына Қаржы министрлiгi, Ауыл шаруашылығы  министрлiгi мен Қазақ ауыл шаруашылығы  академиясының өкiлдерi кiрiп, олармен  келiсiп, Қазақстан Республикасының  Ауыл шаруашылығы министрлiгi бекiтетiн  комиссия құрылады.

Лизинг қорының комиссиясы бiр жылға жасалған жоспар бойынша  жұмыс iстейдi. Жоспарлардың жобалары қажеттiгiне қарай өткiзiлетiн лизинг қоры комиссиясының  мәжiлiстерiнде бекiтiледi.

Лизинг қорының комиссиясы:

- қордың қаржысын бөлудiң  негiзгi бағыттары мен шарттарын айқындайды, шығындар сметасын бекiтедi;

- лизинг қорын құрау  көздерi бойынша қаржының уақтылы  және толық түсуiне, сондай-ақ  бөлiнген қаржының мақсатты жұмсалуы  мен қайтарылуына бақылауды жүзеге  асырады. 

Лизинг жөнiндегi департамент өндiрiс саласында iрi көлемдi инвестицияларды тарту құралы ретiнде лизингтi пайдалану саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн, өз қызметiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өкiлеттiгiнiң шегiнде дербес жүзеге асыратын атқару өкiметiнiң орталық органы болып табылады деп белгiленді. 

Лизинг жөнiндегi департаментке: 

  • Қазақстан Республикасында лизингтi дамытудың негiзгi бағыттарын, перспективалық жоспарлары мен болжамдарын әзiрлеу; 
  • машиналық-техникалық импортты қамтамасыз ету үшiн шет ел инвестициялары мен кредиттерiн тарту және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың әзiрленуi мен жүзеге асырылуына қатысу; 
  • жалпы республикалық және аймақтық лизинг компаниялары жүелерiнiң ұймдастырылуына жәрдемдесу;
  • лизингтi пайдалану және дамыту мәселелерi жөнiндегi республика министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, ведомстволарының, кәсiпорындарының және ұйымдарының қызметiн үйлестiру; 
  • лизинг мәселелерi жөнiндегi заң және басқа нормативтiк актiлердi әзiрлеуге қатысу  міндеттері жүктелген. 

 

 

 

 

 

2.

Ең алдымен  факторинг ұғымын ашып алайық. Факторинг (ағылш. factor — фактор, сауда делдалы, маклер, комиссияшы, агент) — банкілердің тапсырыскерге көрсететін қызметтерінің түрі; жеткізуші-клиенттің мамандандырылған мекемеге (факторингілік компанияға, банкінің факторингілік бөліміне) жеткізілген тауарлар немесе көрсетілген қызметтер үшін төленбеген төлем құжаттарын (шот-фактураларды) ұсынуына байланысты сауда-комиссиялық операциялардың бір түрі, яки жеткізуші-кәсіпорынның айналым капиталын несиелендіруі.

Мұнда несиелендіру төлемші (сатып алушы) төлемеген борышқорлық  талаптарды (жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін төлем құжаттарын) басқа тұлғаға (факторға) берумен және факторға ол бойынша төлем алу құқығын табыстаумен байланысты болады. Факторинг рөлін банкілер, несие, қаржы мекемелері, банк операцияларымен айналысатын басқа да мекемелер атқарады. Факторинг қызметімен айналысу үшін фактор ұлттық (орталық) банкіге жазбаша өтініш жасап, оның келісімін алуы тиіс. Факторинг қызметінде банк талаптан шегіну шарты бойынша тапсырыскердің борышқорларынан борышты өндіріп алу құқығын тапсырыскерден сатып алады және тапсырыскерге өзінің қаражатынан сатып алынған борыштың 90%-ына дейінгісін төлеп‚ өзінде сыйақы ретінде әлдебір пайызын қалдырады. Факторингілік қызмет көрсетудің мақсаты — алашақты (дебиторлық берешекті) дер кезінде инкассолау, төлемнің мерзімі өтуінен болатын шығасыны қысқарту, күмәнді борыштың пайда болуына жол бермеу, несиені басқаруда және бухгалтерлік есепті жүргізуде көмек беру, жеткізушінің өндірістік қызметінің ойдағыдай болуы үшін жақсы жағдай жасау, мұның өзі кәсіпорынның айналым мен пайданы молайтуына септігін тигізеді. Факторингілік компания төленбеген шот-фактуралардың меншіктенушісіне айналады және олардың төленбеуі қатерін өз мойнына алады. Факторингілік операциялар жеткізуші мен оның контрагенттері бір елдің ішінде болатын ішкі операциялар және халықар. операциялар (халықар. несиенің түрі ретінде) болуы мүмкін. 1988 ж. Халықараралық факторинг туралы конвенция қабылданды. Конвенциялық (ашық) факторинг және құпия (жасырын) факторинг түрлеріне бөлінеді. Конвенциялық факторингіде жеткізуші сатушының атына жазылған шот-фактураларды оған хабарлайды. Бұл орайда іс жүзінде өндірістік атқарымдардан басқа барлық атқарымды (қаржылық, бухгалтерлік, заңи және басқа қызмет көрсету) факторингілік бөлім орындайды. Жеткізуші контрагенттерінің құпия факторингінде оның сатылуын факторингілік фирма хабарламайды, жеткізуші-кәсіпорын нарықпен дербес байланысын жоғалтпайды. Факторингілік бөлім операциялардың тек бір бөлігін ғана орындайды. Құпия факторингінің құны конвенциялық факторингінің және басқа банк несиесінің құнынан жоғары. Ірі факторингілік компаниялар Factors Chaіn Internatіonal “Фэкторз чейн интернэшнл” (Амстердам) қауымдастығына біріккен. Ол халықаралық саудаға қолданылатын өзара факторингілік ғұрыптар кодексін әзірледі. Факторингілік қызмет көрсетудің құнына қызмет көрсету ақысы (комиссия), берілген несие, тәуекел сыйақысы кіреді. Халықаралық факторинг екі факторлы (өзара), тікелей импорттық, тікелей экспорттық болуы мүмкін. Екі факторлы жүйе екі факторингілік компанияның: экспортшы еліндегі мәмілеге қызмет көрсетуші және импортшы еліндегі мәмілеге қызмет көрсетуші компаниялардың өзара іс-қимылы көзделеді. Тікелей импорттық Факторинг — экспортшымен импортшы елінде факторингілік қызмет көрсету туралы шарт жасасу. Тікелей экспорттық Факторингіде экспортшы өз елінде шарт жасасады. Бұл орайда факторингілік компания несие тәуекелін көтереді, ал төлемшінің несиені өтеуге қабілетін бағалау және оның тапсырмасымен талаптарды инкассалау міндетін импортшы елдің факторингілік компаниялары атқарады.[1]

[өңдеу] Пайдаланған әдебиет

  1. ↑ Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9

Сонымен, қазіргі таңда банктік операциялар және қызметтер күннен күнге артуда. Олардың ішінде көп тараған түрлері несиелік операциялар мен депозиттік операцияларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, банктің жаңа операциялары да кең өріс алуда. Олардың ішінде форфейтингтік және факторингтік операциялар жатады. Бірақ бұл операциялар Қазақстанда өте дамымаған.  Негізінен, Факторинг – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды талап ету құқығын қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы.

Қазақстандағы банктік  қызмет аясын реттеуге бағытталған  заңдардың жүзеге асу процессі өтпелі нарықтық кезеңдегі күрделі экономикалық реформалар мен ұзаққа созылатын мемлекеттік бағдарламалар ауқымында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар банктік қызмет аясын реттеуге бағытталған заңдардың тек осы саланы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің қаржы, валюта, ақша-несие, жалпы экономиканың кез-келген саласына қатысты болатындығын естен шығармаған дұрыс.

Банктік қызмет заңына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:

—  заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

—  жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

—   банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;

—  заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;

—   кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау,ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;

— аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын  орындау;

— есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

—  заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;

—  заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;

—сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша  және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;

Информация о работе Лизинг