Лизинг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:52, курсовая работа

Описание

Қандай да болмасын күрделі экономикалық түсінік сияқты лизингтің де бірнеше анықтамалары бар. Ең алдымен, лизинг, - ағылшын тілінен, to lease етістігінен шыққан – мүлікті уақытша пайдалануға алу және тапсыру. «Лизинг» терминінің мәнін нақты бейнелейтін, менің ойымша келесі анықтама бар: Лизинг еркін немесе тартылған қаржылық қаржыларды инвестициялау болып табылады, мұнда лизинг беруші белгілі бір сатушыдан келісіммен келісілген мүлікті меншікке алуға және бұл мүлікті лизингті алушыға кейіннен сатып алу құқығымен уақытша пайдалануға ұсынуға міндеттенеді.

Работа состоит из  1 файл

диплом лизинг,факторинг, франчайзинг.doc

— 282.50 Кб (Скачать документ)

Факторинг қаржы нарығының  пайдалы құралы болып табылады және несие тәуекелдерін сақтандырудың  дамығандығын және дебиторлық берешек  әкімшілігін жүргізуді болжайды. Осы талаптарда осы қызметтегі банктер  үшін клиенттерді және пайданы көбейтуге және тәуелдікті азайтуға мүмкіндік беретін қорландыратын институттарды тарту бойынша агенттің рөлі анықтаушы бағытқа айналады.

Факторинг қызметінің мақсаты  – төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз  факторингтік келісім-шартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады.

Нарық экономикасы дамыған  елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі  банктермен бірігіп жұмыс жасайды.

Факторинг операцияларына үш тарап қатысады:

  1. Факторингтік компания - өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
  2. Клиент (тауарларды жабдықтаушы, несие беруші) – факторинг компаниялармен келісім-шарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
  3. Кәспорын (қарыз алушы) – тауарларды сатып алушы фирма.

Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді [7, 104б.].

Факторинг операцияларының  жүзеге асырылу негізінде факторинг туралы келісім-шарт жатады. Онда факторинг операцияларының мынадай жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сома, өтеу сыйақысының мөлшері, факторинг келісім-шартын бұзу және тараптардың ойлары бойынша басқа да шарттар.

Факторингтің 2 түрі болады:

  • Ауқымды (конвенционды);
  • Шектеулі (конфиденциалды).

Қазіргі жағдайда бұл  – бухгалтерлік есеп жабдықтаулар және сатып алушылармен есеп айырысу, несиені сақтандыру және т.б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетушіліктің әмбебап жүйесін сипаттайды.

Соңғы жылдары шектеулі факторинг те біршама дамып келеді. Шектеулі факторинг бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алуға  құқығын беру, қарызды төлеу және т.б.

Факторинг операциясы бүгінгі таңда отындық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті енгізу сынағы негізінен 1988 жылы КСРО өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 1990ж басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап нәтижесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда.

Факторингтің бірегей  құқықтық негізін құру үшін 1988 ж  халықаралық факторинг туралы кез келген келісім-шарт төменде берілгендердің кемінде екеуін қамтуға тиіс:

  1. Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;
  2. Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухгалтерлік жағынан өңдеу;
  3. Борышқорлардан ақшалай қаражат алу;
  4. Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабілетсіздігі жағдайынан қорғау.

Факторинг операциялары банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде  арнайы бөлімдер ашылуы тиіс.

Факторингтік операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын  ескеру қажет:

  • Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттері бойынша;
  • Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойынша;
  • Банктердің несиеден алынып тастаған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша;
  • Кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімшелердің міндеттемелері бойынша;

Факторингтің ашық және жабық түрлері болады.

Әлемдік тәжірибеде факторинг  қызметінің мұны мынадай екі элементтен тұрады: оған берілген құжаттарды мерзімінен бұрын төлеу барысында алынатын комиссия және пайыз. Комиссия шот-фактура сомасынан белгілі мөлшерде (әдетте, 1,5- 2,5 /о) деңгейінде белгіленеді. Мәміленің көлеміне қарай комиссия сомасы да өсіп отырады. Факторинг ережесі бойынша несие үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы (қысқа мерзімді несиелер нарығындағы) мөлшерлемеден 1—2 %-дай жоғары болып келеді [7, 104б.].

Қазіргі күні отандық  кәсіпорындарға қаржылық қызмет көрсету  нарығында көңіл аударарлық жаңа тиімді қаржы құралы факторинг кеңінен  таралуда. Факторинг өзінің кәсіпорынның қызметін дамытатын құрал ретінде танылып, қазір Қазақстанда да көптеген екінші деңгейдегі банктер онымен жұмыс жасап, факторингтік қызмет көрсетуде, сонымен бірге олармен бірқатарда фактор-компаниялар да пайда бола бастады.

Факторингтік операцияларды  қолданудың нәтижесінде кәспорындар өз қызметін үздіксіз жүргізе алады, яғни ол мынаны білдіреді: көптеген кәсіпорындар өз қызметінің барысында кейде қаражат тапшылығына кезігеді, әрине айналымда қаржы жетіспеушілігі, тұтынушылардың өз қарыздарын дер кезінде өтемеуі деген сияқты мәмелелер болады. Бұл мәмелелерді шешу үшін кәсіпорын банктік несиеден бұрын осы факторингті қолданғаны өте тиімді. Факторингтің қай жағынан тиімді екенін түсінуіміз үшін алдымен оңай пайда болуы мен дамуына, жұмыс істеу механизміне сипаттама берейік.

Алғашқыда факторинг 16-17 ғ.ғ. пайда болған, оны саудагерлер өз тәжірибесіне алғаш енгізілген. Соңына қарай онымен сауда банктері айналыса бастаған. Басында олар тауар өндірушілерге өз тауарларын өткізуге, сатуға ықпал жасап отырған, содан соң олар тауарды өндіруші кәсіпорындардың жіберген тауарлары үшін ақшасын төлеп, тауарлы несие беруге көшкен, әрі қарай кейбір сауда делдалдары өз саудасын тастап, өз клиенттерімен қаржылық қарым-қатынасқа көшкен, яғни тауарды өндірушілерден шот-фактураларды сатып алып, ондағы қарыздық міндеттемені талап ету құқығына ие болды. Міне осылай факторингтік компаниялар пайда болған. Бірақ алғашында оларды тек қана банктік несиені алуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана қолданған. Ал қазіргі банктік қызметтің деңгейінің жоғары дамуы, сонымен қатар арнайы мамандандырылған несие мекемелерінің пайда болуы клиенттерге жоғары деңгейдегі, жан-жақты қаржылық қызмет көрсетуді дамытып отыр [8, 89б.].

    1.  Франчайзинг шарты

 

 

«Франчайзинг» термині француздың «franchise» - жеңілдік, артықшылық, сонымен қатар салық пен жарналардан босату сөзінен пайда болған. Франчайзингтің қалыптасу және даму тарихы, оның дефинициясы мен терминінің мағынасы батыс және отандық әдебиеттерде әр түрлі белгіленген. Франчайзингтің бастапқы пайда болу мекені – АҚШ-та ол тауарлар мен қызметтерді сату, сатылған күрделі тауарларға сервистік қызметтер көрсету қажеттілігіне байланысты дистрибьюторлық желіні құру, кеңейту және жетілдіру мәселелері туындаған кезеңде кеңінен таралды. Әйгілі «Зингер», «Форд», «MC Donald,s» сауда маркілері франчайзинг қатынастары негізінде дамыған [9, 184б.].

Франчайзингтің  халақаралық Ассоциациясы келесі анықтамаларды  ұсынады: Жеңілдікті кәсіпкерлік –  бұл франчайзермен кәсіпорын  – операторларының арасындағы келісімді  өзара қатрым – қатынас, ноу -хау және оқыту сияқты облыстарды қолдауға міндетті немесе франчайзинг шеңберінде ұсынады. Сонымен бірге оператор сауда маркасын және технологияны пайдала отырып өз жұмысын жүргізеді және капиталдың белгілі бір бөлігін өз қаражаты есебінде инвестирлейді.  
ҚР азаматтық кодексіне сәйкес кешенді кәсіпкерлік лицензия – бұл келісім, ол келісім бойынша бір жақ екінші жаққа марапат үшін басты кешен құқығын соның ішінде, лицензиар фирмасының атауын пайдалануға және коммерциялық ақпаратты сақтауға құқылы. Сонымен қатар басты құқықтың (тауарлы белгі, қызмет көрсету белгісі, патент және т.б.), келісім шартта қарастырылған лицензияттың кәсіпкерлік қызметін пайдалану үшін құқылы.

Франчайзинг нарығының  субъектілері

- тауарлы марканың, қызмет ету белгісінің, фирмалық стильдің ноу – хау және т.б. құқық иеленушілері (франчайзинг);

- тауарлы марканың, қызмет ету белгісінің, фирмалық стильдің ноу – хау және т.б. пайдаланушылар (франчайзи);

- қаржылық ұйымдар: бюджеттік қаржыларды және несиелік ресурстарды қамтамасыз ету;

- консалтингті компаниялар: құқықты және бухгалтерлік кеңес берулер, ақпаратты қызмет, методикалық қызмет, маркетингті қызмет көрсетулер, ұйымдастырушылық қызмет көрсетулері;

- заңды компаниялар: франчайзерлердің құқығын және мүдделерін қорғау, франчайзилердің мүдделерімен құқығын қорғау, қаржылық ұйымдардың құқығын және мүдделерін қорғау.

Франчанзингті қолданушылар франчайзилар үшін артықшылықтары

- бизнес ашу алдында мамандандырылған оқыту бағдарламалары және франчайзи өткізетін басқару жүйесін дамыту үшін бағдарламалар бойынша франчайзилерді даярлау;

- капитал салудың аздығы өз ісіңді ашумен салыстырғанда, жарнамаға деген шығындардың азаюы;

- инвестицияны қайтару периодының аздығы;

- франчайзердің тауарлы белгісін және репутациясын пайдалану, нарықта белгілі өнімді ұсыну мүмкіндігі;

- франчайзер жағынан техникалық және басқарушылық қолдауды алу мүмкіндігі;

- бизнес – процестердің және істелген технологиялардың пайдаланылуы;

- кәсіпкерлік тәуекелдің төмендігі;

- бизнес жүргізуде аймақтық шектеуді анық территориялды шектеу, ал бұл осыған ұқсас франшызаларды пайдаланушылар жағынан бәсекелестік мүмкіндігін алып тастайды.

Құқық иеленуші франшызалардың франчайзингтегі артықшылықтары

- кәсіпорын жүйесінің кеңеюі, франчайзер тауар белгісінің қарамағында жұмыс істейтін, капитал үшін аз шығындармен минималды тәуекелмен;

- жаңа нарықта тез кеңею және жұмыс істеп тұрған нарықта позицияның қатаюы;

- бизнестің дамуы үшін қосымша қаржыларды өзіне қарату;

- франчайзиден қосымша төлемдер алу, көрсетілетін қызметті жетілдіру және қолдау үшін [10, 368б.].

Дамыған елдерде франчайзинг тұтынушылардың әр түрлі қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандырудың құралы ретінде жарты ғасырдан астам уақыт пайдаланылып келеді. Франчайзингтің әлемдік жылдық тауар айналымы 2 триллион АҚШ долларынан астам соманы құрайды, оның әлемдегі франчайзингтік 20 мың желілерінде 30 миллионнан астам адам қызмет етеді. Шетелдердегі франчайзингті қолданудың көпжылдық тәжірибесі оның іскерлік тиімділігін дәлелді түрде көрсетеді. Бүгінгі таңда франчайзингтік желілердің саны бойынша әлемдегі көшбасшысы – Қытай, оның 3000-нан астам франчайзингтік желілері бар, екінші орында АҚШ, үшіншіде Жапония тұр.    

Қазақстанда франчайзингтік қатынастардың орын алғанына 10 жылдан асты, алайда отандық экономика үшін осы бизнестің кең дамыған ұйымдық нысаны әлі де жаңа құбылыс болып табылады.    

Франчайзингтің шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған неғұрлым жиі кездесетін анықтамаларын талдай келе, оларды экономикалық мәні, ерекшелік белгілері бойынша келесі түрде бөлуге болады:

- бизнесті жүргізудің ерекше әдісі;

- ірі және шағын кәсіпорындардың интеграциясы;

- кәсіпорынның дәстүрлі емес қаржыландыру көзі;

- жеңілдікті кәсіпкерлік.

Франчайзинг орта және шағын бизнестің дамуына, отандық тауарлар мен тауар өндірушілерді ішкі және халықаралық нарықта жылжытуға, жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шетелдік және отандық  әдебиеттерді ғылыми тұрғыда зерттей  отырып, франчайзингтің келесідей авторлық анықтамасын ұсынамыз: «Франчайзинг –келісім-шарт негізінде франчайзердің (құқық иесі) франчайзиге (құқық алушы) өз атынан өнімдерін, бизнесті жүргізу технологияларын немесе басқа коммерциялық ақпараттарын белгілі бір аумақта сатуға (таратуға) эксклюзивті құқық беретін кәсіпкерліктің инновациялық нысаны».

Франчайзинг – көптеген франчайзилер желілерін және территориялық дамудың жетілген технологияларында қалыптасқан серіктестік бизнес. Франчайзингтік жүйе жалпы түрінде құрылымды басқарушы франчайзер-компаниядан және оның бақылауындағы франшиздік кәсіпорындар желісінен тұратын ұйымдық құрылымды сипаттайды. Әрбір жүйе оның тараптарының өзара байланысымен сипатталады, осыған орай, франчайзингтік қатынастарды оның қатысушылары тұрғысынан қарастырамыз. 

Франчайзингтік келісім-шарттың  тараптары болатындар:

  1. Франчайзер – франшиза беруші, лицензиар, бас кәсіпорын, құқық иесі. Көп жағдайда франчайзердің рөлін тұтыну нарығында жоғары мәртебеге ие, атақты сауда маркасы немесе бренді бар, жеке кәсіпкерлерге немесе олардың топтарына белгілі бір мерзімге және келісім-шартқа сәйкес сауда маркасын пайдалану құқығын беретін ірі фирма (корпорация) атқарады. Әдетте франчайзерлердің өз атынан ұсынатын тауарлық белгісі немесе қандай да бір өнімді өндірудегі қаржылық тәжірибесі мен жеке жүйесі болады. Франчайзер үшін франчайзинг өткізу нарығын жылдам кеңейту және персоналды басқару шығындарын азайту, шаруашылық субъектісінің тауарлық белгісі мәртебесін көтеру, өнім сапасы мен бірегей ассортиментіне деген тұтынушылар сенімінің артуы сияқты артықшылықтармен қамтамасыз етеді.
  2. Франчайзи – франчайзиат, франшиза алушы, лицензиат, оператор, франшиза ұстаушы, құқық алушы. Франчайзи - франчайзердің сауда белгісі мен технологиясын пайдалану арқылы коммерциялық қызметін жүргізетін тұлға, компания немесе серіктестік. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде – франчайзи франчайзерден белгілі бір мерзімге және шартқа сәйкес айрықша құқықты (франшиза) алатын жеке немесе заңды тұлға болып табылады. Франчайзи үшін  франчайзинг - өз бизнесін ашудың қайталанбас мүмкіндігі, себебі франчайзер оған дайын нарықтық тауашаны, өзінің фирмалық атауын бере отырып, жан-жақты көмекпен қамтамасыз етеді.
  3. Франчайзинг компоненттерінің бірі – франшиза – белгілі бір шарттарға және сыйақыларға сәйкес неғұрлым ірі фирманың қызметтерін ұсынуға немесе оның өнімін сатумен айналысатын коммерциялық кәсіпорынды құруға берілетін құқық.

Информация о работе Лизинг