Мүліктік жарна түсінігі және өндірістік кооператив мүшелерінің негізгі құқықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 09:58, курсовая работа

Описание

Өкінішке қарай, қазіргі кезде өндірістік кооперативтерге экономикасынан өзіне лайықты орын алмай отыр. Оның көптенен себептері бар, олардың біреуі — кооперативтердің құрылуы мен қызмет етуінің тиісті құқықтық негізінің болмауы. Қазіргі уақытта, Азматтық кодекстің қабыддануына (оған арнайы бөлім арналған) және өндірістік кооператив туралы заңның шығуына байланысты жағдай өзгеріп, кооперативтердің сандық және сапалық жағынан өсуі байқалды.

Содержание

І Кіріспе...................................................................................................................3
1-тарау. Өндірістік кооператив ұғымы және оның жарғысы
1.1.Өндірістік кооператив түсінігі.........................................................................4
1.2.Өндірістік кооператив жарғысы......................................................................9
2-тарау. Мүліктік жарна түсінігі және өндірістік кооператив мүшелерінің негізгі құқықтары
2.1.Мүліктік жарна түсінігі.................................................................................12
2.2.Өндірістік кооператив мүшелерінің негізгі құқықтары.............................13
ІІ Қорытынды......................................................................................................23
ІІІ Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................25
ІV Қосымшалар...................................................................................................27

Работа состоит из  1 файл

Өндірістік кооперативке курстық жұмыс.doc

— 181.00 Кб (Скачать документ)


4

 

Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университеті

Экономика, Бизнес және Құқық колледжі

 

 

 

 

  

 

                                                                                     Арнайы (циклдік)

                                                                                              құқықтық  пәндер

                                                                           комиссиясы

 

      

                                        

Курстық жұмыс

 

Пәні: «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Жалпы бөлім)

Тақырыбы: «Өдірістік кооператив»

0205002 «Құқықтану»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             Орындаған:

                                                          Тексерген: Киакпаев Данияр          

                                  Берикболович

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2011 жыл

ЖОСПАР

 

 

І Кіріспе...................................................................................................................3

1-тарау. Өндірістік кооператив ұғымы және оның жарғысы

1.1.Өндірістік кооператив түсінігі.........................................................................4

1.2.Өндірістік кооператив жарғысы......................................................................9

2-тарау. Мүліктік жарна түсінігі және өндірістік кооператив мүшелерінің негізгі құқықтары

2.1.Мүліктік жарна түсінігі.................................................................................12

2.2.Өндірістік кооператив мүшелерінің негізгі құқықтары.............................13

ІІ Қорытынды......................................................................................................23

ІІІ Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................25

ІV Қосымшалар...................................................................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Өкінішке қарай, қазіргі кезде өндірістік кооперативтерге экономикасынан өзіне лайықты орын алмай отыр. Оның көптенен себептері бар, олардың біреуі — кооперативтердің құрылуы мен қызмет етуінің тиісті құқықтық негізінің болмауы. Қазіргі уақытта, Азматтық кодекстің қабыддануына (оған арнайы бөлім арналған) және өндірістік кооператив туралы заңның шығуына байланысты жағдай өзгеріп, кооперативтердің сандық және сапалық жағынан өсуі байқалды.

Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардьщ өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператин мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады. Өндірістік кооператив заңды тұлға болып табылады және коммерциялық ұйымдардың қатарына жатады.

Өзінің еңбекке қатысуы (жай айтқанда, кооператив мүшесі онда жұмыс істеуге тиіс) факторы өндірістік кооперативтің акционерлік қоғамнан және шаруашьшық серіктестіктен айырмашылығы болады, ал кейінгілердің қатысуы ақша енгізумен аяқталатыи, қатысушының оларда жұмыс істеуі міндетті емес болатын. Басқаша айтқанда, өндірістік кооператив дегеніміз — бұл ең алдымен, еңбек бірлестігі, ал шауашылық, серіктестік — бұл ең алдымен капиталдар бірлестігі. Өндірістік кооперативтердің демократиялық және халықтық сипаты, міне, осы жағымеи айқындалады, оларды қомақты ақша қаражаттары болмағанымен, жұмыс істей алатын жұмыс істегісі келетін азаматтар құра алады.

Осыған қарамастан, арнайы зандарда кездесетін өндірістік коопе-ративтердің қызметін шектеу құқықтық тұрғыдан да, іс жүзінде де негізсіз және ескірген көзқарастардың көрінісі болып табылады.

 

 

 

1-ТАРАУ

ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАРҒЫСЫ

1.1.Өндірістік кооператив түсінігі

 

Өндірістік кооператив дегеніміз – бұл бұрынғы кезде  де, қазіргі уақытта да кеңінен қолданылатын, адамдардың ұжымдық еңбегін ұйымдастырудың ескі түрлерінің бірі. Революцияға дейінгі Ресейде артельдер түріндегі өндірістік кооперативтер кең таралған болатым. Мысалы, Сібірде және Солтүстік Қазақстанда елдің ішіңде сатуға жопс экспортқа шығаруға арналған сары майдың басым бөлігі кооперативтік май шығаратын орыңдарда дайындалатын.[1, 189-б.]

Қазақстанда кооперативтік өндірістер қыш-құмыра және былғары өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылды және Романовтар Үйінің 300 жылдығын мейрамдау күндеріңде Қазақстанның делегацияның патшаға  сыйға тартқан ерекше әсем әрі мықты өңделген ат әбзелдері жиынтығының сол кездегі Ақмола артельдерінің бірінде жасалуы кездейсоқтық емес еді. Жаңа экономикалық саясаттың негізін құраған кооператинтор кеңестік Ресейді күйзелістен, аштықтан және шаруашылықтың күйреуінен басты тұтқалардың бірі болды десек артық айтқандық болмас.

Өкінішке қарай, қазіргі кезде өндірістік кооперативтерге экономикасынан өзіне лайықты орын алмай отыр. Оның көптенен себептері бар, олардың біреуі — кооперативтердің құрылуы мен қызмет етуінің тиісті құқықтық негізінің болмауы. Қазіргі уақытта, Азматтық кодекстің қабыддануына (оған арнайы бөлім арналған) және өндірістік кооператив туралы заңның шығуына байланысты жағдай өзгеріп, кооперативтердің сандық және сапалық жағынан өсуі байқалды.

Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардьщ өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператин мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады. Өндірістік кооператив заңды тұлға болып табылады және коммерциялық ұйымдардың қатарына жатады.

Өзінің еңбекке қатысуы (жай айтқанда, кооператив мүшесі онда жұмыс істеуге тиіс) факторы өндірістік кооперативтің акционерлік қоғамнан және шаруашьшық серіктестіктен айырмашылығы болады, ал кейінгілердің қатысуы ақша енгізумен аяқталатыи, қатысушының оларда жұмыс істеуі міндетті емес болатын. Басқаша айтқанда, өндірістік кооператив дегеніміз — бұл ең алдымен, еңбек бірлестігі, ал шауашылық, серіктестік — бұл ең алдымен капиталдар бірлестігі. Өндірістік кооперативтердің демократиялық және халықтық сипаты, міне, осы жағымеи айқындалады, оларды қомақты ақша қаражаттары болмағанымен, жұмыс істей алатын жұмыс істегісі келетін азаматтар құра алады.

Заңшығарушылардың өндірістік кооперативтер қызметінің принциптерін көрсету керек деп есептеуі кездейсоқ жағдай емес, олар осы арқылы кооперативтер қызметінің коомерциялық ұйымдар ретіндегі ерекшілігін ерекше атайды. Мәселен, Өндірістік кооператив туралы заңның 1 -1 -бабына сәйкес өндірістік кооперативтерді құрудың және олардың қызмет етуінің негізгі принциптері мыналар болып табылады:

—    кіру және шығу еркіндігі;

—    мүліктік жарна енгізу міндеттілігі;

—    басқарудың демократиялылығы;

—    өзара жәрдем көрсету және оның мүшелері үшін экономикалық
пайда табуды қамтамасыз ету;

—              өндірістік кооперативтің қызметі туралы ақпараттарды алу
мүмкіндігі. [2, 271-б.]

 

 

 

 

1.2.Өндірістік кооператив жарғысы

 

Өндірістік кооператив жеке кәсіпкерлік үшін заң актілерімен тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқылы (Өндірістік кооператив туралы заңның 2-бабы). Бұл заңның бұрынғы қолданыста болған зандардан принципті айырмашылығы осында, оларда кооперативтер үшін тыйым салынған қызмет түрлерінің арнайы тізбесі болатын (ал одан бұрынырақта кооперативтер қатаң белгіленген өндіріс салаларында ғана құрылуы тиіс деген тәртіп болған — ауылшаруашылық артельдері, балық аулайтын кеңшарлар, кәсіпкерлік кооперациясы, алтын іздеушілер артельдері және т.с.с). Сонымен бірге, кейде кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерін арнайы реттеп отыратын заң актілеріне осы қызметпен айналыса алатын заңды тұлғалар түрлерінің тізбесі ішінде кооперативтер аталмайды (мысалы, банк және сақтандыру қызметі). Әлбетге, бұл Өндірістік кооператив туралы заңға қайшы келеді жөне ашық түрде кооперативтерді кемсітушілік болып табылады. Алайда, мұнда заңның өзінің мынаны көздеген нормасын басшылыққа алуға тура келеді: кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерін арнайы реттейтін заң актілерінің ережелері өндірістік кооператив туралы осы заңның нормаларына қайшы келетін жағдайда арнайы заң актілерінің ережелері қолданылады (Өндірістік кооператив туралы заңның 2-бабын қараңыз).

Осыған қарамастан, арнайы зандарда кездесетін өндірістік коопе-ративтердің қызметін шектеу құқықтық тұрғыдан да, іс жүзінде де негізсіз және ескірген көзқарастардың көрінісі болып табылады.

Егер құрылған кооперативтің қызметі лицензияланатын қызмет түріне жататын болса, кооператив оны лицензиясы болғаңда ғана жүзеге асыруға құқылы.

Өндірістік кооператив жеке тұлғалардың — құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша құрылады. Бұрын қолданылын келгсн заңдардың өндірістік кооперативке жеке тұлғалардың ғана емес, сондай-ақ мүліктік салым салғанымен, әлбетте, оның қызметіне еңбекпен қатысуға тартылмайтын тұлғалардың да қатысу мүмкіндігіне жол бергенін есте ұстау керек. "Қаржылай қатысушы" деп аталатын мұңдай түлға кооперативтің материалдық жағдайын нығайтуға өзінің жарналарымен жәрдемдесуге тиіс болды. Алайда тәжірибе мынаны көрсетті: "қаржылай қатысушы" көп ретте кәсіпорындардың материалдық құндылықтары мен ақшалай қаражатын жалған құрылған кооперативтерге аудару үшін пайдаланылды, оларда мұндай құндылықтар мен қаражаттар ешқандай қиындықсыз жалған тұлғалар немесе "қаржылай қатысушы" басшыларының туыстары болған кооператив мүшелерінің өзіндік меншігіне өтті. Сонымен қатар, кооператив мүшелері ретіңде занды тұлғалардың болуы осы ұйымдық-құқықтық нысан мен шаруашылық серіктестік арасындағы айырмашылықты жойды. Сондықтан ҚР Азаматтық кодексі және тұлғаларға ғана өндірістік кооперативтің құрылтайшылары (қатысушылары) болу мүмкіндігіп берді. [3, 201-б.]

Кооператив — бұл қашан да бірнеше адамның еңбегін бірік-тіретіндіктен, оны бір адам құра алмайды (оның бір адам құратын немесе бір адамнан тұратын, яғни "бір адамның компаниясы" ретінде өмір сүретін акционерлік қоғамнан айырмашылығы осында). АК-ның 96-бабының 2-тармағы кооператив мүшелерінің саны екеуден кем болмауға тиіс деп белгілейді, бұл оның санының ең төменгі мөлшері болып табылады (Ресейде мысалы, кооператив мүшелері кемінде бесеу болуға тиіс). Мұндай шаманы белгілеудің себебі — заң шығарушылардың кооператив құру мүмкіңдігін барынша жеңілдету — ол үшін екі адамның қалауы жеткілікті болады.

16 жасқа жеткен, кооператив мүшесі болуға тілек білдірген және оның қызметіне жеке өз еңбегімен қатысуға қабілетті кез келгеи жеке тұлға өндірістік кооперативтің мүшесі бола алады.

Заң кооператив мүшелерінің оның қызметіне жеке өз еңбегімен қатысуының түрлері мен әдістерін ашып көрсетпейді. Демек, бұл мәселелерді тікелей кооперативтің өзі шешеді. Мұнда еңбек шарты (келісім-шарт) бойынша жұмысшы немесе қызметші ретінде кооперативте толық жұмыс күні жағдайларында жұмыс істеу мүлде міндетті емес — кооператив қызметіне жеке өз еңбегімен қатысу қоса қызмет атқарудан тұруы мүмкін және ол негізгі жұмысынан (оқуынан) бос кезінде жүргізілуі (айтпақшы, кооперативке кіру үшін негізгі жұмыс орны немесе оқу әкімшілігінің келісімі талап етілмейді), үйге алын істейтін жұмыс сипатында, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша бір жолы және ауық-ауық орындалатын, кооперативке белгілі бір қызметтер көрсету түрінде болуы мүмкін. Бір сөзбеи айтқанда, егер ол кооперативтің мүдделеріне сай келетін болса, жеке өз еңбегімен қатысудың алуаи түрі болуы мүмкін. Алайда қандай жағдайларда болса да, мұңдай қатысу, біріншіден, кооперативке мүшеліктің міндетті шарты болады, екіншіден, ол нақты сипатта болуға тиіс. Зейнетақы жасына жеткенде адамдардың кооперативке мүүшелігін сақтау мүмкіндігі бұл ерекшелік  болып саналады.

Кәмелетке толмағандардың кооператив кіруі үшін олардың ата-аналарының немесе асырап алушыларының, қамқоршыларының келісімін алу талап етіледі. Бұл мынаған байланысты: кооператив қызметіне жеке өз еңбегімен қатысу оның мүшесінің еңбек қабілеттілігіне жетуі ғана емес, сондай-ақ кооперативке кіру үшін мүліктік жарна төлеуді де қажет етеді, ал бұл азаматтық-құқықтық әрекет қабілетілігіне талап етеді.

Өндірістік кооператив өзінің қызметін жарғының не құрылтай шарты мен жарғының негізінде жүзеге асырады. Өндірістік кооперативтің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын шағын кәсіпкерлік субъектілері де өз қызметін мазмұнын ҚР Үкіметі айқындайтын үлгі жарғының негізінде жүзеге асыруы мүмкін. Бұл шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кооператив құру және оның қызметін ұйымдастыру процесін жеңілдету үшін істелген, өйткені жарғыны жеке-дара жасау кооперативтің болашақ мүшелерінің қолынан келмейтін арнайы танымды талап ететін айтарлықтай қиын міндет болып табылады.

Егер өндірістік кооперативтің құрылтайшылары оны құруды жарғыдан басқа, құрылтай шартымен рәсімдейтін болса, бұл шартта мыналар болуға тиіс:

өндірістік кооперативті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы және тұрғылықты жері;

— олардың аты-жөні, туылған кезі мен орны, тұрғылықты жері
көрсетілген кооператив мүшелерінің дербес құрамы;

— кооператив құру қызметінің тәртібі;

— құрылтайшылардың кооператив меншігіне беретін мүліктік
жарналарының құрамы мен мөлшері туралы мәліметтер;

— кооперативті құру және тіркеу үшін қызметі қажет болатын
корпоративтің лауазымды тұлғаларын тағайындау (сайлау туралы
шешім);

— кооперативті құру және оның жұмысын ұйымдастыру мәселелерін шешуге байланысты аталған адамдардың өкілеттіктерін айқындау;

— кооперативтің жарғысын бекіту;

— пайда мен залалды бөлу тәртібі;

—              құрылтайшылардың кооперативтен шығу тәртібі.
Өндірістік кооперативтің құрылтай шартына заң актілеріне қайшы

келмейтін басқа да шарттар енгізілуі мүмкін.

Құрылтай шартына оның барлық құрылтайшылары қол қояды. Бұл арқылы осы кооперативті құратын барлық тұлғалардың оның болашақ қызмет жағдайларымен келісетіні жөне оған мүшеліктен  туындайтын міндеттемелерді (оның ішінде, мүліктік жарнаны енгізуге және кооператив қызметіне жеке өз еңбегімен қатысуға байланысты) өздеріне қабылдайтыны баса көрсетіледі. [4, 143-б.]

Өндірістік кооператив туралы Заң құрылтай шарты коммерциялық құпияны құрайтын құжаттардың құрамына кіреді және кооператив басқармасының шешімімен ғана, не заң актілерінде белгіленген жағдайларда мемлекеттік және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға көрсетуге жатады деп көздейді. Демек, құрылтай құжаты кооперативтің ішкі қажеттеріне қызмет ететін және кооперативтің мүшелеріне ғана арналған өзінің қызметтік құжаты ретінде қарастырылады. Сондықтан әлде кімнің және белгілі бір мақсаттар үшін (мысалы, кооперативті мемлекеттік тіркеу процесінде) кооперативтен оның құрылтай шартын талап етуі, әрине, занда көзделген реттердеи басқа жағдайларда (мысалы, тиісті істерді қарау немесе тергеу барысында соттың немесе тергеу органдарының талап етуі бойынша) заңсыз болып табылады. Кооператив басқармасының келісімінсіз немесе рұқсатынсыз құрылтай шартының талаптарын жария еткен кооператив мүшесі  оның лауазымды адамы кооперативтің коммерциялық құпияны бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін.

Информация о работе Мүліктік жарна түсінігі және өндірістік кооператив мүшелерінің негізгі құқықтары