Мүліктік жарна түсінігі және өндірістік кооператив мүшелерінің негізгі құқықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 09:58, курсовая работа

Описание

Өкінішке қарай, қазіргі кезде өндірістік кооперативтерге экономикасынан өзіне лайықты орын алмай отыр. Оның көптенен себептері бар, олардың біреуі — кооперативтердің құрылуы мен қызмет етуінің тиісті құқықтық негізінің болмауы. Қазіргі уақытта, Азматтық кодекстің қабыддануына (оған арнайы бөлім арналған) және өндірістік кооператив туралы заңның шығуына байланысты жағдай өзгеріп, кооперативтердің сандық және сапалық жағынан өсуі байқалды.

Содержание

І Кіріспе...................................................................................................................3
1-тарау. Өндірістік кооператив ұғымы және оның жарғысы
1.1.Өндірістік кооператив түсінігі.........................................................................4
1.2.Өндірістік кооператив жарғысы......................................................................9
2-тарау. Мүліктік жарна түсінігі және өндірістік кооператив мүшелерінің негізгі құқықтары
2.1.Мүліктік жарна түсінігі.................................................................................12
2.2.Өндірістік кооператив мүшелерінің негізгі құқықтары.............................13
ІІ Қорытынды......................................................................................................23
ІІІ Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................25
ІV Қосымшалар...................................................................................................27

Работа состоит из  1 файл

Өндірістік кооперативке курстық жұмыс.doc

— 181.00 Кб (Скачать документ)

Өндірістік кооператавтің жарғысында мыналар туралы мәліметтер болуға тиіс:

1)    кооперативтің фирмалық атауы;

2)    кооперативтің тұрғылықты орны;

3)              өндірістік кооперативке мүшелер қабылдау, оларды шығару
тәртібі, олардың құқықтары мен міндеттері;

4) кооперативтің басқару және бақылау органдарының құрамы және
құзіреті туралы, оның ішінде шешімдер бірауыздан немесе білікті
көпшілік дауыспен қабылданатын мәселелер бойынша ережелерді жасау
тәртібі;

5) өндірістік  кооперативтің  әрбір  мүшесінің  жарнасының   мөлшері,
өндірістік кооператив мүшелерінің құрамы және мүліктік жарнаны
енгізу тәртібі және олардың жарна салу жөніндегі міндеттемелерін
бұзғаны үшін жауаптылығы;

6) кооператив мүшелерінің оның қызметіне жеке өз еңбегімен
қатысуының сипаты және тәртібі және жеке өз еңбегімен сипаты және тәртібі және өз еңбегімен қатысу жөніндегі міңдеттемелерді бұзғаны үшін жауаптылығы;

7) кооператив пен оның мүшелері, кооперативтің атқарушы органы, мен қызметкерлердің еңбек ұжымы  арасындағы  өзара қарым-қатынастар.

8) кооперативтің таза табысы мен шығындарын болу тәртібі,

9)кооперативті қайта ұйымдастыру жөне тарату тәртібі,
Өндірістік кооперативтің жарғысында ол турлы заңға қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін.

Кооперативтің фирмалық атауында оның аты, сондай-ақ, "өндірістік кооператив" деген сөздер болуга тиіс.

Жарғыны құрылтайшылардың жалпы жиналысы бекітеді. Өндірістік кооператив туралы заңда көзделген тәртіппен, кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен жарғыға өзгерістер енгізіледі (өндірістік кооператив туралы заңның 15-бабын қараңыз).

Жарғыға кооператив басқармасының төрағасы қол қояды. Өндірістік кооперативтің жарғысы мемлекеттік және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ кооперативпен шарттық қатынастары бар немесе осындай қатынастар орнатуды қалайтын үшінші тұлғалар талап  етуі бойынша көрсітіледі. Осылайша, құрылтай шартынан өзгеше, кооператив жарғысы ашық құжат болып табылады.

Мына жағдайда назар аударған жөн: кооперативтің құрылтай шарты мен жарғының мазмұны туралы сөз еткенде, Өндірістік кооператив туралы заң екі құжаттан да оларда кооперативтің нысанасы мен қызмет мақсаттарының көрсетілуін талап етпейді. Бұл кездейсоқ нәрсе емес: заң шығарушылар кооперативке өзі айналысатын кәсілкерлік қызмет түрін таңдаудың толық еркіндігін бере отырып, сондай-ақ қалыптасқан нарық, жағдайларына қарай (өндіріс конверсиясы) кез келген сәтте бұл қызмметті ауыстыру мүмкіндігін беру арқылы кооперативтің арнайы құқықтық қабілеттілігін жарғы арқылы бекітуді талап етпейді. Сонымен бірге, егер кооператив әлде бір себептерге байланысты өзі қызметінің мамандауын немесе бағытын (нысанасын, мақсатын) жарғыда көрсеткісі келсе, оның мұны істеуге құқығы бар. [5, 128-б.]

Кооператив жарғысы бірауыздан бекітілуі тиіс (Өндірістік кооператив туралы заңның 6-бабының З-тармағы). Мұндай ереженің қабылдануы мынаған байланысты: өндірістік кооператив азаматтардың ерікті бірлестігі болып табылатын және өзінің барлық мүшелерінің бірлескен еңбек әрекетіне негізделеді. Сондықтан кооперативтің ұйымдастырылу және қызмет ету жағдайлары оның әрбір мүшесі үшін тиімді болуы тиіс, мұны оның жарғысына бірауыздан қол қою дәлелдейді. Жарғыны бекіте отырып, кооперативтің әрбір мүшесі өзіне белгілі бір міндеттер алады (ең алдымен, кооперативке қосатын мүліктік жарнасы және да онда жұмыс істеуі арқылы). Егер құрылтайшылар кооперативтің қандай болуы, мүліктік жарналардың мөлшері, оның қызметіне жеке өз еңбегімен қатысуы немесе басқа да шарттар жөнінде ортақ пікірге келе алмаса, бұл кооперативті дәрменсіз деп санау керек. Осы секілді құрылтайшылардың көпшілігінің пікірімен келіспейтін тұлға мұндай кооперративтің мүшесі бола алмайды.

Өндірістік кооператив мүлкін қалыптастырудың мынадай көздері бар:

      кооператив мүшелерінің мүліктік жарналары. Бұл кіру жарналары
арқылы кооператив мүлкі қалыптасатын оны ұйымдастыру сотіне тон,
сондай-ақ кейін, белгілі бір төтенше жағдайлардың салдарынан кооператив өз қатысушыларның қосымша жарналары түріндегі қаражат тартуға мәжбүр болатын кезеңге тән; кооперативтің қызметінен алынған
табыстар. Қалыпты жұмыс істеп тұрған кооператив үшін бұл оның
мүлкін еселей түсудің негізгі әдісі;

      заң актілерімен тыйым салынбаған өзге де көздер.

Заң кооперативі құру шарты ретінде оның қалыптасқан жарғылық қорының болуын талап етпейді, бұл кооперативтердің, мысалы, акционерлік қоғамдардан және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден айырмашылығы болып табылады, оларда бұл қор едәуір шамаиы құрайтындықтан, оларды құрылтайшыларының айтарлықтай залал шегуіне әкеп соқтырады. Жарғылық қордың болуын талап етпеу, сөз жоқ, өндірістік кооперативтер құру рәсімін оңайлатады, өйткені оларды бірден-бір байлығы өздерінің еңбекқор қолдары немесе ақыл-ойлары болып табылатын табысы аз азаматтар ұйымдастыруы мүмкін. Сондықтан шетелдерде өндірістік кооперативті кейде ептеген мысқылмсн (әлде кекесінмен) "кедейлер компаниясы" деп атайтыны кездейсоқ болмаса керек, алайда бұл, олардың ойдағыдай дамуына тосқауыл бола алмайды. Оның үстіне, кооперативтер ұдайы мемлекеттің қолдауына ие болып келеді, өйткені олардың құрылуы (оған едәуір дәрежеде құрудың қарапайымдығы себепші болуда) азаматтарды кәсіпкерлік қызметке тартудың, жұмыссыздық деңгейін төмендетудің, оларға еңбек ету және өз табыстары арқылы өмір сүру мүмкіндігін берудің құралы болып отыр. Басқаша айтқаңда, кооперативтер экономикалық фактор рөлін ғана  атқарып қоймастан, сонымен бірге, белгілі бір әлеуметтік міндеттерді де шешеді.

Бұл заңның талабы болмаса да, кооперативтің құрылтай құжаттарында оның жарғылық қорын құру да көзделуі мүмкін, ол несие берушілердің мүдделеріне кепілдік жасайтын кооператив мүлкінің ең төменгі мөлшерін айқындайды. Бұл жағдайда жарғылық қордық мөлшерін және оны қалыптастыру тәртібін кооператив жарғысы белгілейді.

       Сонымен қатар, егер кооператив осындай қызметті жүзеге асыратын ұйымда заң актілерімен белгілі бір мөлшердегі жарғылық қордың болуы көзделген ұйымдарға қатысты қызметті жүзеге асыратын болса, кооператив оны құрып, көрсетілген заң актілерінде көзделген тәртіппен пайдалануға міндетті. Заңда ол үшін мұндай міндет көрсетілмегенімен, кооператив резервтік қор да құра алады. Резервтік қор кооперативтің таза табысынан жыл сайын бөлінетін аударым қаражаты есебінен құрылады және оның несие берушілер алдындағы міндеттемелерін орындауды және көлденең шығындарды жабуды қамтамасыз етуге арналған. Резерв қордың мөлшері мен оны қалыптастыру тәртібін кооператив жарғысы айқындайды.

Өндірістік кооперативтің таза табысы жылдың қорытындысы бойынша анықталады. Салықтарды және басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған таза табыс кооперативтің толық билігіне өтіп, жалпы жиналыстың  шешімімен кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген мақсаттарға бөлінеді.

Жалпы жиналыс анықтаған көлемдегі таза табыс олардың қосқан еңбек үлестеріне қарай кооператив мүшелері арасында бөлінеді, ал бұл кооперативтің негізгі принципіне («еңбегіне қарай – табысы») сай келеді. Алайда кооператив жарғысы таза табысты бөлудің өзгеше тәртібін көздеуі де мүмкін (мысалы, кооператив мүшелері жарналарының мөлшеріне қарай, ал мұнда, көбіне акциоиерлік қоғамдарға тән басқа принцип қолданылады -"қосқаи капиталына қарай — табысы").

Кооперативтің таза табыс олардың бөлуге және шеккен зиянын жабуға қатысудан кооперативтің қайсыбір мүшелерін шеттететін кооператив мүшелерінің келісімдері немесе оның құрылтай құжаттарының ережелері жарамсыз  болып табылады.

Сонымен, өндірістік кооперативте оның мүшелерінің мынадай екі арналы табыс алу жүйесі болады: еңбекке ақы төлеу түрінде (жалақы, сыйақы т.с.с.); кооператив алған таза табыс түрінде.

2-ТАРАУ 

МҮЛІКТІК ЖАРНА ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ КООПЕРАТИВ МҮШЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ

2.1.Мүліктік жарна түсінігі

 

Кооператив құрылатын сәтте оның құрылтайшыларының мүліктік жарналары кооперативтің өндірістік-қаржы негізі қызметін атқарады. Мүліктік жарналар кооперативтің бастапқы капиталын құрайды, олар кооперативті құру және оның қызметін ұйымдастыру жөніндегі шығындарды жабуға арналған. Мүліктік жарналардың құрамы мен мөлшерін, сондай-ақ оларды енгізу тәртібін, әдістері мен мерзімін құрылтай шарты немесе жарғы айқындайды.

Мүліктік жарна бастапқы, қосымша және кіріспе жарналарға  бөлінуі мүмкін, Бастапқы жарнаны кооперативтің құрылтайшысы ол құрылған сәттен енгізеді, қосымша жарнаны кооперативтің жалпы жиналысының шешімі бойынша ол қызмст етіп тұрған кезеңде енгізеді (мысалы, жұмыста қиындықтардың тууына, берешектерді төлеу қажеттігіне, міндеттемелерді өтеу және банкроттықтың алдын алу керектігіне, қызмет ету саласын ұлгайту немесе оның бағыттылығын өзгерту әрекетіне және т.с.с. қарай), ал кіріспе жарнаны әлдеқашан құрылған кооперативке оның жаңа мүшесі ретінде қабылданатын азамат төлейді. Кіріпе жарнаның түрі мсн мөлшері, сондай-ақ оны төлеу тәртібі жаңадам қабылданытын мүше мен кооперативтің келісімі арқылы анықталады және кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының хаттамасына жазылады. [6, 206-б.]

           Кооперативтің әрбір мүшесіне оның кіріспе жарнасының мөлшері мен түрі көрсетілген құжат беріледі.

          Кооперативке төленетін жарна ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жерді пайдалану құқығы, интеллектуалдық меншіктің нәтежелеріне құқық және өзге де мүлік болуы мүмкін.

          Кооператив мүшесінің мүліктік жарнасын ақшалай бағалауды кооператив құрылтайшылары арасындағы (ал егер жарна кіріспе жарна болса кооператив пен оған кіретін арасындағы) келісіммен ғана жүргізуге болмайды және оған тәуелсіз аудиторлық тексеру жүргізілуі тиіс. Кооператив мүшелерінің мүліктік жарналары ақшалай қаражаттан ғана тұратын жағдайларда тәуелсіз аудиторлық тексеру жүргізілмейді.

          Өндірістік кооперативті қайта тіркеуде оның мүшесінің мүліктік жарнасчын ақшалай бағалау кооперативтің бухгалтерлік құжаттармен немесе аудиторлық қорытындымен расталуы мүмкін. [10, 226-б.]

          Әдетте, жарна болып табылатын зат кооперативтің меншігіне өтеді алайда мүлік жарнам ретінде кооперативтің пайдалануына берілетін пайдаланғаны үшін ж

           Алдау, төлеміне қарай анықталады, ал ол кооператив мүшелерінің келісімімен белгіленген үшін есептеп шығарылады.

«Мүліктік жарна» ұғымы «пай» және «мүліктегі үлес» секілді ұғымдармен байланысты.

         Жалпы алғанда, пай дегеніміз – бұл жалпы іске қосылатын үлес.                    Кооперативтің меншігіндегі мүлік оның жарғысына сәйкес кооператив мүлкіндегі үлес болып саналады. Бұл үлес пайызбен есептеледі.

        Мынаны есте ұстау керек: кооператив мүлкінің құны – бұл құбылмалы шама: ол кооператив жұмысының саласына қарай артып отыруы неммесе кемуі мүмкін. Мәселен, өндірісті ұлғайтуға тырысатын, жақсы жұмыс істейтін кооперативте жаңа станоктар мен жабдықтар сатып алу, өндірістік үй-жайлар салу, тауарлар өндіруді аттандыру, банктегі есеп-шоттарында ақша қаражаттарын жинақтау және т.с.с. есебінен мүліктің құны артатын болады.

Мүлік құнының өзгеруіне сәйкес пайдың ақшалай шамасы да артуы немесе кемуі мүмкін.Айталық , жақсы жұмыс істеудің нәтижесінде коопиративте біраз уақыттан соң мүліктің құны 500мың теңгеге дейін өсті. Осының нәтижесінде бастапқы 5 мың теңгеге тең пайдың ақшалай мөлшері енді 25 теңге болады. Алайда кооператив мүшелерінің  оның мүлкіндегі үлес мөлшері өзгермейді. Кооператив мүлкі оның мүшелерінің пайдаларына қарай үлестерге бөлінетінін айтқанда, бұл мүлік кооператив мүшелерінің жалпы үлестік меншігі болып табылады деп ойламау керек. Кооператив мүлкі заңды тұлға ретіндегі кооперативтің өзінің мүлкі болып саналады. Оны үлестерге бөлу шартты сипаты бар, сондықтанбұл үлестер белгілі бір мән-жайларда ғана (мысалы, кооперативтің мүшесі оның құрамынан шығарда) заңдық факті маңызына ие болады. [9, 209-б.]

Кооперативті таратуда немесе кооператив мүшесі одан шығарда кооператив мүшелерінің санымен анықталатын пайдаланатын мөлшері. Пайдың ақшалай шамасы, оның мүлкіндегі кооператив мүшесі үлесінің мөлшері үлкен рөл атқарады, өйткені мұндай жағдайларда кооператив мүшесінің кооператив мүлкіндегі өзінің пайына сай үлесін бөліп талап ету құқығы бар.

 

2.2.Өндірістік кооператив мүшелерінің негізгі құқықтары

 

Өндірістік кооператив туралы заң оның мүшелерінің айтарлықтай құқықтары болуын көздейді, мұның өзі азаматтардың осы бірлестігінің демократиялық сипатын көрсетеді. Мәселен, кооператив мүшесінің мынадай құқықтары бар:

      Осы заңда және кооперативтің құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен кооператив істерін басқаруға қатысуға;

      Кооперативтің басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, кооператив қызметін жақсату, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізуге;

      Кооперативтің қызметі туралы толық ақпарат алуға оның ішінде кооперативтің бухгалтерлік және басқа құжаттарымен танысуға;

      Кооператив алған пайданы бөлуге қатысуға;

      Егер құрылтай құжаттарында өзгеше тәртіп көзделмесе кооператив қызметіне өз еңбегімен қатысуына сәйкес оның мүшелері арасында бөлінуге тиісті пайдадан үлесін алуға;

      Кооперативтегі өз еңбегі үшін жалақы түрінде немесе кооператив белгілеген өзге де түрде де ақы алуға;

      Кооперотив өзінің мүшелері үшін көздейтін жеңілдіктер мен артықшылықтарды, оның ішінде өздері өндірген тауарларды бірінші кезекте алуға қатысты бөлігінде пайдалануға, кооператив мүлкін тұтынуға , кооперативтен әлеуметтік көмек алуға;

      Демалы күндерін беру арқылы қамтамасыз етілетін тынығуға, сондай-ақ ұзақтығы жұмысшылар мен қызметкерлердің тиісті санаттары үшін заңмен белгіленнен кем емес жыл ақылы демалыс алуға;

Информация о работе Мүліктік жарна түсінігі және өндірістік кооператив мүшелерінің негізгі құқықтары