Мұрагерлік құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 10:05, курсовая работа

Описание

Біздің өмірімізде болып жатқан жағдайлардың барлығы азаматтық құқықтық қатынастарға жатады деп айтуға болады. азаматтық қатыанстардың пайда болуының алғы шарттарына оқиға мен заңды факт жатады. Осы оқиғалардың ішінде адамның қайтыс болуы да бар.
Әрбір адам жеке тұлға ретінде азаматтық құқықтық қатынастардың субъектісі болып табылады, белгілі бір мүлікке ие болады, ал осы адам қайтьыс болғанна кейін оның мүлкінің тағдары қалай болады деген сауалға жауап беру үшін біз азаматтық құққытық заңнаманың мұралау атты құқықтық институтына жүгінеміз.

Содержание

Кіріспе ........................................................................................................ 4-5

І Бөлім. Азаматтардың меншігін мұралаудың түсінігі және мәні
1.1.Азаматтардың меншігін мұрагерлаудың түсінігі,
мәні және негіздері ....................................................................... 6-7
1.2.Мұраның ашылу тәртібі ....................................................... 8-9

ІІ Бөлім. Азматтардың меншігін мұралаудың нысандары
2.1. Заң бойынша азаматтардың меншігін мұралаудың
түсінігі және мәні ..................................................................... 10-14
2.2. Өсиет бойынша азаматтардың меншігін
мұралаудың тәртібі .................................................................. 15-23

ІІІ Бөлім. Мұраны қабылдаудың заңды негіздері ....................... 24-28


Қорытынды ......................................................................................... 29-30
Қолданылған әдебиет тізімі ................................................................ 31-33

Работа состоит из  1 файл

Мұрагерлік құқық.doc

— 163.50 Кб (Скачать документ)


3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Азаматтық құқық пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:«Мұрагерлік құқық»

 

 

 

 

 

 

Тапсырылған күні:                                     Жетекші: 

___________________                                 Орындаған: 

Корғалған күні:                                            оқушысы:

___________________                                

Бағасы:

__________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2010

 

                                              

 

                                   ЖОСПАР

 

 

Кіріспе 

 

І тарау. Азаматтардың меншігін мұралаудың түсінігі және мәні

             

1.1.Азаматтардың меншігін мұрагерлаудың түсінігі,

мәні және негіздері 

 

1.2.Мұраның ашылу тәртібі 

 

           

 

ІІ тарау. Азматтардың меншігін мұралаудың нысандары

 

            2.1. Заң бойынша азаматтардың меншігін мұралаудың

            түсінігі және мәні  

 

            2.2. Өсиет бойынша азаматтардың меншігін

            мұралаудың тәртібі 

 

 

ІІІ тарау. Мұраны қабылдаудың заңды негіздері  

 

           

Қорытынды  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе  ........................................................................................................ 4-5

 

 

І Бөлім. Азаматтардың меншігін мұралаудың түсінігі және мәні

 

1.1.Азаматтардың меншігін мұрагерлаудың түсінігі,

мәні және негіздері  ....................................................................... 6-7

 

1.2.Мұраның ашылу тәртібі  ....................................................... 8-9

 

           

 

ІІ Бөлім. Азматтардың меншігін мұралаудың нысандары

 

            2.1. Заң бойынша азаматтардың меншігін мұралаудың

            түсінігі және мәні   .....................................................................  10-14

 

            2.2. Өсиет бойынша азаматтардың меншігін

            мұралаудың тәртібі  ..................................................................  15-23

 

 

ІІІ Бөлім. Мұраны қабылдаудың заңды негіздері   .......................   24-28

 

           

Қорытынды   .........................................................................................   29-30

 

Қолданылған әдебиет тізімі  ................................................................  31-33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Кіріспе

 

Біздің өмірімізде болып жатқан жағдайлардың барлығы азаматтық құқықтық қатынастарға жатады деп айтуға болады. азаматтық қатыанстардың пайда болуының алғы шарттарына оқиға мен заңды факт жатады. Осы оқиғалардың ішінде адамның қайтыс болуы да бар.

Әрбір адам жеке тұлға ретінде азаматтық құқықтық қатынастардың субъектісі болып табылады, белгілі бір мүлікке ие болады, ал осы адам қайтьыс болғанна кейін оның мүлкінің тағдары қалай болады деген сауалға жауап беру үшін біз азаматтық құққытық заңнаманың мұралау атты құқықтық институтына жүгінеміз.

Бұл құқықтық институт азаматтық заңнаманың ерекше бөлімінде көрсетілген. Қазақсатанның мұралау заңнамасы қазіргі кезде жетілген деп санауға болады. бұл жағдайдың дәлелі – азаматтық кодекстің күшіне енгізілгеніне 6 жылға жақын, ал осы институттың нормаларына әлі бір де өзгерту енгізілген жоқ.  Теориялық жағынан да бұл қатынастар кеңінен қамтылған.

Жұмыстың міндеті – мұралау құқығын, азаматтардың меншігін мұралау арқылы қабылдау тәртібі бойынша азаматтық заңнаманы, арнайы әдебиетті зерттеу. 

Жұмыстың мақсаты – жұмыстың міндетін орындау арқылы азаматтардың меншігін мұралау тәртібін нақтылап тану, ерекшеліктерін білу, бұл институттың тәжірибеде жүзеге асуын зерттеу.

Бұл жұмыстың бірінші тарауында азаматтардың меншігін мұралаудың жалпы түсінігі, маңызы, ерекшеліктері, мұраның ашылу тәртібі көрсетілген. Екінші тарауда мұралаудың нысандары, яғни заң бойынша мұралаудың түсінігі және мәні, өсиет бойынша мұралаудың тәртібі анықталған. Үшінші тарауда мұраны қабылдаудың заңды негіздері көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-тарау. Азаматтардың меншігін мұралаудың түсінігі және мәні

 

1.1.Азаматтардың меншігін мұрагерлаудың түсінігі, мәні және негіздері                

 

Адам қайтыс болғаннан кейін оның артында белгілі бір мүлкі қалуы мүмкін. Бұл мүлікке енді кім билік етеді, кімнің оған деген меншік құқығы пайда болады. Мұрагерлік бойынша қайтыс болған адамның құқықтары мен міндеттері ауысады. Азаматтардың меншігін мұралау тәртібімен мұра қалдырушының, яғни қайтыс болған адамның, меншік құқығы және басқа мүліктік құқықтары ауысады. Мұрагерлік заң негізінде немесе өсиет бойынша жүзеге асады.   

ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес азаматтардың меншігін мұралау - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.

Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер заңнамадан өзгеше туындамаса, бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде және бiр-ақ мезгiлде ауысады.

Азаматтардың меншігін мұралау Азаматтық кодекспен, ал тiкелей өзi белгiлеген жағдайларда өзге де заң актiлерiмен реттеледi.

Азматтардың меншігін мұралау өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады.

Өсиет қалдырылмаған не бүкiл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ заңнамада белгiленген өзге де жағдайларда заматтардың меншігін  мұралау заң бойынша орын алады.

Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi.

Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен мiндеттер:

1) егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;

2) өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу құқығы;

3) алименттiк мiндеттемелерден туындайтын құқықтар мен мiндеттер;

4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтiк қамсыздандыру туралы заң актiлерiнiң негiзiнде басқа да төлемдер төлеу құқығы;

5) мүлiктiк құқықтармен байланысы жоқ жеке мүлiктiк емес құқықтар мұраның құрамына кiрмейдi.

Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игiлiктердi мұрагерлердiң жүзеге асыруы және қорғауы мүмкiн[1].

Ортақ бiрлескен меншiкке қатысушының қайтыс болуы оның меншiктегi үлесiн айқындау және ортақ мүлiктi бөлу не Азаматтық Кодекстiң 218-бабында белгiленген тәртiппен одан қайтыс болған қатысушының үлесiн бөлiп шығару үшiн негiз болып табылады. Бұл жағдайда мұра қайтыс болған қатысушының ортақ мүлiктегi үлесiне, ал мүлiктi заттай бөлу мүмкiн болмаған кезде - үлестiң құнына қатысты ашылады.

Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра қалдырушының қайтыс болған күнi, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.

Егер бiрiнен кейiн бiрi мұрагер болуға құқылы адамдар бiр күнде қайтыс болса олар бiр мезгiлде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқайсысынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың әрқайсысының мұрагерлері мұрагерлiкке шақырылады.

                        2.1.Мұраның ашылу тәртібі

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса - мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып табылады.

Мұра ашылған кезде тiрi жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тiрi кезiнде iште қалған және мұра ашылғаннан кейiн тiрi туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.

Мұра ашылғанға дейiн құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкiн.

Мұра қалдырушыны азамат немесе мүмкiн болатын мұрагерлердiң бiреуiн қасақана өлтiрген немесе олардың өмiрiне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өмiрiне қастандық жасалғаннан кейiн өздерiне қатысты өсиет қалдырған адамдар кiрмейдi.

Мұра қалдырушының соңғы еркiн жүзеге асыруға қасақана кедергi жасаған және сол арқылы олардың өздерiн немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлiкке шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.

Балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтiрмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнiнде өздерiне заң күшiмен жүктелген мiндеттердi орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынша мұраны алуға құқығы жоқ.

Лайықсыз мұрагерлердi мұрагерлiктен шеттетуге негiз болатын мән-жайларды сот белгiлейдi.

Бұл ереже өсиет қалдырудан бас тартуға да қолданылады.

Бұл ережелер барлық мұрагерлерге, соның iшiнде міндеттi үлеске құқығы бар мұрагерлерге де қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-тарау. Азаматтардың меншігін мұралаудың нысандары

 

 

2.1. Заң бойынша азаматтардың меншігін мұралаудың түсінігі және мәні

 

Заң бойынша мұрагерлер заңнамада көзделген кезек тәртiбiмен мұрагерлiкке шақырылады.

Заң бойынша мұрагерлiк кезiнде, бiр жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екiншi жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестiрiледi.

Асырап алынғандар мен олардың ұрпақтары асырап алынушының туған ата-анасы, оның басқа да қандас туыстары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды.

Асырап алынушылардың ата-анасы мен оның басқа да қандас туыстары асырап алынушы және оның ұрпақтары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды[2].

Заң бойынша мұрагерлердiң әрбiр келесi кезегi алдыңғы кезектегi мұрагерлер болмаған, оларды мұрадан шеттеткен, олар мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда, заңнамада аталған жағдайларды қоспағанда, мұрагерлiк құқығын алады.

Заң бойынша мұрагерлердi мұрагерлiкке шақырудың кезектiлiгi туралы және олардың мұрадағы үлестерiнiң мөлшерi туралы ережелерi мүдделi мұрагерлердiң мұра ашылғаннан кейiн жасалып, нотариат куәландырған келiсiмiмен өзгертiлуi мүмкін. Мұндай келiсiм оған қатыспайтын мұрагерлердiң, сондай-ақ мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагерлердiң құқықтарын қозғамауы тиiс.

1-кезек. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының балалары, соның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы алады.

2-кезек. Заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының ата-анасы бiр, ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi (қарындастары), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесi алады.

3-кезек. Заң бойынша мұрагер болу құқығын үшiншi кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының туған немере ағалары мен апалары алады.

4-кезек. Заң бойынша мұрагер болу құқығын төртiншi кезекте мұра қалдырушының алтыншы атаға дейiнгiлерiн қосқанда басқа туыстары алады, бұл ретте туыстық дәрежесi неғұрлым жақын туыстар туыстықтың неғұрлым алысырақ дәрежедегi туыстарын мұрагерлiктен шеттетедi.

 

5-кезек. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бесiншi кезекте, егер мұра қалдырушымен бiр отбасында кемiнде он жыл бiрге тұрса, тең үлеспен оның туыстас аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, (қарындастары), өгей әкесi мен өгей шешесi алады.

6-кезек. Заң бойынша мұрагер болу құқығын алтыншы кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар алады.

Егер заң бойынша мұрагер мұра ашылғанға дейiн қайтыс болса, ашылатын мұрадағы оның үлесi ұсыну құқығы бойынша оның ұрпақтарына ауысады. Қайтыс болған мұрагердiң үлесi заң бойынша мұрагер ұсынған туыстығы бiрдей дәрежедегi ұрпақтар арасында тең бөлiнедi.

Тiкелей өзiнен тарайтын туыстық бойынша мұрагерлiк жағдайында ұсыну құқығы туыстық дәреже шектелмей қолданылады, ал көлденең туыстық бойынша мұрагерлiк жағдайында ұсыну құқығын тиiсiнше оның туған аға-iнiлерiн (апа-сiңлiлерiн, қарындастарын) ұсына отырып, мұра қалдырушының жиендерi не оның туған немере ағасын немесе апасын ұсына отырып, немере аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) алады.

Информация о работе Мұрагерлік құқық