Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 10:05, курсовая работа
Біздің өмірімізде болып жатқан жағдайлардың барлығы азаматтық құқықтық қатынастарға жатады деп айтуға болады. азаматтық қатыанстардың пайда болуының алғы шарттарына оқиға мен заңды факт жатады. Осы оқиғалардың ішінде адамның қайтыс болуы да бар.
Әрбір адам жеке тұлға ретінде азаматтық құқықтық қатынастардың субъектісі болып табылады, белгілі бір мүлікке ие болады, ал осы адам қайтьыс болғанна кейін оның мүлкінің тағдары қалай болады деген сауалға жауап беру үшін біз азаматтық құққытық заңнаманың мұралау атты құқықтық институтына жүгінеміз.
Кіріспе ........................................................................................................ 4-5
І Бөлім. Азаматтардың меншігін мұралаудың түсінігі және мәні
1.1.Азаматтардың меншігін мұрагерлаудың түсінігі,
мәні және негіздері ....................................................................... 6-7
1.2.Мұраның ашылу тәртібі ....................................................... 8-9
ІІ Бөлім. Азматтардың меншігін мұралаудың нысандары
2.1. Заң бойынша азаматтардың меншігін мұралаудың
түсінігі және мәні ..................................................................... 10-14
2.2. Өсиет бойынша азаматтардың меншігін
мұралаудың тәртібі .................................................................. 15-23
ІІІ Бөлім. Мұраны қабылдаудың заңды негіздері ....................... 24-28
Қорытынды ......................................................................................... 29-30
Қолданылған әдебиет тізімі ................................................................ 31-33
Мұра қалдырушы азамат қайтыс болғанға дейiн кемiнде бiр жыл оның асырауында болған және онымен бiрге тұрған еңбекке жарамсыз адамдар заң бойынша мұрагерлер қатарына жатады. Басқа да заң бойынша мұрагерлер болған кезде олар мұрагер болуға шақырылатын кезектегi мұрагерлермен бiрге мұра алады.
Егер мұра қалдырушымен бiрге тұрған-тұрмағандығына қарамастан, мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейiн кем дегенде бiр жыл оның асырауында болса, Азаматтық кодексте аталған заң бойынша мұрагерлердiң қатарына жататын, бiрақ мұрагерлiкке шақырылатын кезектегi мұрагерлердiң тобына кiрмейтiн еңбекке жарамсыз адамдар, осы кезектегi мұрагерлермен бiрге мұра алады.
Осы баптың негiзiнде мұрагерлiкке шақырылатын адамдар, басқа да заң бойынша мұрагерлер болған кезде мұраның төрттен бiрiнен аспайтын бөлiгiн мұраға алады.
Мұра қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары, сондай-ақ оның еңбекке жарамсыз жұбайы мен ата-анасы, өсиеттiң мазмұнына қарамастан, заң бойынша мұрагерлiк кезiнде олардың әрқайсысына тиесiлi болатын үлестiң (мiндеттi үлес) кемінде жартысын мұраға алады.
Мұндай үлеске құқығы бар мұрагер өсиет бойынша және (немесе) заң бойынша мұрадан алатынның барлығы, оның iшiнде әдеттегi үй жабдықтары мен үй-iшi тұрмысында ұсталатын заттардан тұратын мүлiктiң құны және мұндай мұрагердiң пайдасына белгiленген өсиеттiк бас тартудың құны, мiндеттi үлеске есептеледi.
Мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагер үшiн өсиетте белгіленген кез келген шектеулер мен жүктеулер өзіне ауысатын мұраның мiндеттi үлесiнен асатын бөлігіне қатысты ғана жарамды болады.
Ерлi-зайыптыларға өсиетке немесе заңға орай тиесiлi мұрагерлiк құқықтың мұра қалдырушымен некеде тұру жағдайына байланысты оның басқа да мүліктік құқықтарына, оның ішінде мүліктің некеде тұрғанда бірге тапқан бөлігіне меншiк құқығына қатысы жоқ.
Егер мұра қалдырушымен неке мұра ашылғанға дейiн iс жүзінде тоқтатылғандығы және ерлі-зайыптылардың мұра ашылғанға дейін кемінде бес жыл бөлек тұрғандығы дәлелденсе, сот шешiмiмен ерлi-зайыптылар заң бойынша мұрагерлiктен шеттетiлуi мүмкiн.
Мүлiктiң бiр бөлiгi өсиет бойынша мұраға қалдырылған жағдайда мұра қалдырушы тағайындаған өсиеттi орындаушы мұраның заң бойынша мұрагерлiк тәртiбiмен ауысатын бөлiгiн де қоса алғанда, барлық мұраны қорғауды және оны басқаруды жүзеге асырады.
Егер заң бойынша мұрагерлер мұраның заң бойынша мұрагерлiк тәртiбiмен ауысатын бөлiгiне қатысты көрсетiлген мiндеттердi атқару үшiн мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны тағайындауды талап етпесе, тұтас алғанда бүкiл мұраны қорғау және оны басқару жөнiндегi мiндеттердi Азаматтық Кодекстiң 1059-бабына сәйкес өсиет бойынша мұрагерлер немесе сот тағайындаған өсиеттi орындаушы жүзеге асырады.
Мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны заң бойынша бiр немесе бiрнеше мұрагердiң өтiнiшiмен мұраның ашылған жерi бойынша нотариус тағайындайды. Мұраны басқарушыны тағайындаумен немесе оны таңдаумен келiспеген заң бойынша мұрагер сотта мұраны сенiмгерлiкпен басқарушының тағайындалуына дау айтуға құқылы.
Егер заң бойынша мұрагерлер болмаса не белгiсiз болса, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппараты мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны тағайындау туралы нотариусқа жүгiнуге тиiс. Заң бойынша мұрагерлер келген жағдайда, олардың талап етуi бойынша мұраны сенiмгерлiкпен басқарушы мұраның есебiнен оған қажеттi шығындар өтелiп, қисынды сыйақы төлене отырып керi шақырып алынуы мүмкiн.
Мұраны сенімгерлiкпен басқарушы заңды мұрагерліктiң ерекшелiктерiнен өзгеше туындамағандықтан, өсиеттi орындаушыға қатысты Азаматтық Кодекстiң 1059-бабында көзделген өкiлеттiктi жүзеге асырады.
Мұраны сенiмгерлiкпен басқарушының мұра есебiнен мұраны қорғау және оны басқару жөнiндегi қажеттi шығындарды өтеттiруге, ал егер оның мұрагерлермен келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, сыйақы алуға да құқығы бар.
2.2. Өсиет бойынша азаматтардың меншігін мұралаудың тәртібі
Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады.
Азамат өзінің барлық мүлкiн немесе оның бiр бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кiретiн де, кiрмейтiн де бiр не бiрнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етiп қалдыра алады.
Өсиеттi өзi жасауға тиiс. Өкiл арқылы өсиет жасауға жол берiлмейдi.
Өсиет қалдырушы себебiн түсiндiрместен заң бойынша мұрагерлердiң бiреуiн, бiрнешеуiн немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагердi мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлiк етушi ұрпақтарына қолданылмайды.
Мұра қалдырушы кез келген мүлiк туралы өкiмдi қамтитын өсиет жасауға құқылы.
Мұра қалдырушы жасалған өсиеттiң оны жасағаннан кейiн кез келген уақытта күшiн жоюға және өзгертуге ерiктi және күшiн жоюдың немесе өзгертудiң себебiн көрсетуге мiндеттi емес.
Мұра қалдырушының өсиетте өзi мұрагер етiп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегiнде өсиет еткен мүлiктi белгiлi бiр түрде билiк ету мiндетiн жүктеуге құқығы жоқ.
Өсиет қалдырушы мұрагер мiнез-құлқының сипатына қатысты мұра алуды белгiлi бiр талаппен байланыстыруға құқылы.
Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкiмге енгiзiлген заңға қарсы талаптар жарамсыз болады.
Өсиетке енгiзiлген мұрагердiң денсаулық жағдайы бойынша немесе өзге де объективтi себептерге байланысты мұрагер үшiн орындалмайтын талаптар мұрагердiң талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Өсиет қалдырушы өсиетте көрсетiлген мұрагер мұра ашылғанға дейiн қайтыс болған, оны қабылдамаған не одан бас тартқан немесе Азаматтық Кодекстiң 1045-бабындағы тәртiппен лайықсыз мұрагер ретiнде мұрагерлiктен шеттетiлген жағдайда, сондай-ақ мұрагер мұра қалдырушының заңды талаптарын өсиет бойынша орындамаған жағдайда, басқа мұрагер тағайындай алады (мұрагердi қосымша тағайындау).
Азаматтық Кодекстiң 1044-бабына сәйкес мұрагер бола алатын кез келген адам қосымша тағайындалған мұрагер болуы мүмкiн.
Өсиет бойынша мұрагердiң қосымша тағайындалған мұрагерге пайдасы тимейтiн бас тартуына жол берiлмейдi.
Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгi Азаматтық Кодекстiң 1061-1066-баптарындағы тәртiппен мұрагерлiкке шақырылған мұрагерлер арасында заң бойынша бөлiнедi.
Бұл мұрагерлердiң қатарына заң бойынша мүлiктiң басқа бөлiгi өсиет арқылы қалдырылған мұрагерлер де кiредi.
Өсиет оның жасалған жерi мен уақыты көрсетiле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиiс[3].
Мыналар:
1) нотариатта куәландырылған өсиеттер;
2) нотариатта куәландырылғандарға теңестірiлетін өсиеттер тиiсiнше ресiмделген болып танылады.
Өсиетке өсиет қалдырушының өзi қол қоюы қажет.
Егер өсиет қалдырушы дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша оған нотариустың немесе өсиеттi куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзi қол қоя алмауының себебiн көрсете отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкiн[4].
Азаматтық заңнамаға сәйкес өсиеттi жазу, оған қол қою немесе куәландыру кезiнде куәлар қатысуға тиiс болған жағдайларда:
1) нотариус немесе өсиеттi куәландыратын өзге адам;
2) пайдасына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелерi мен шөберелерi, сондай-ақ өсиет қалдырушының заң бойынша мұрагерлерi;
3) толық әрекетке қабiлеттiлiгiн иеленбейтiн азаматтар;
4) сауатсыз және өсиеттi оқуға қабiлетсiз басқа да адамдар;
5) жалған жауап бергенi үшiн соттылығы бар адамдар куә бола алмайды, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоя алмайды.
Нотариатта куәландырылған өсиеттi өсиет қалдырушы жазуы керек не өсиет қалдырушының айтуымен куәның қатысуы арқылы нотариус жазуға тиiс. Өсиет қалдырушының айтуымен өсиет жазылған кезде нотариус жалпы жұрт қабылдаған техникалық құралдарды (жазу машинкасы, дербес компьютер және т.б.) пайдалануы мүмкiн.
Өсиет қалдырушының айтуы бойынша нотариус жазған өсиеттi өсиетке қол қойылғанға дейiн нотариус пен куәның қатысуы арқылы өсиет қалдырушы толық оқып шығуға тиіс.
Егер өсиет қалдырушы дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиеттi өзi оқи алмайтын болса, ол үшiн оның мәтiнiн нотариустың қатысуымен куә оқып бередi, ол туралы өсиет қалдырушының өсиеттi өзi оқи алмауының себептерi көрсетiлiп, өсиетте тиiстi жазба жасалады.
Егер нотариат куәландырған өсиет куәның қатысуымен жасалса, өсиетте куәның тегi, аты және тұрақты тұратын жерi көрсетiлуге тиiс. Осындай мәлiметтер өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған адамға қатысты да енгiзілуi тиiс.
Өсиет қалдырушының тiлегi бойынша нотариус өсиеттiң мазмұнымен таныспай-ақ оны куәландырады (құпия өсиет).
Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупiмен, өсиет қалдырушының өз қолымен жазылуға және қолы қойылуға, екi куәның және нотариустың қатысуымен куәлар қол қоятын конвертке салынып, желiмденуге тиiс. Куәлар қол қойған конверт куәлардың және нотариустың қатысуымен, нотариус куәландырып қол қоятын басқа конвертке салынып желiмденедi.
Нотариус жоқ елдi мекендерде тұратын адамдардың өсиетiн заң актiлерiнде нотариат әрекеттерiн жасауға уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар куәландырады.
Нотариатта куәландырылған өсиеттерге:
1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнде емделiп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерде тұратын азаматтардың осы ауруханалардың, санаторийлердiң, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнiң бас дәрiгерлерi және кезекшi дәрiгерлерi, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлердiң директорлары, бас дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi;
2) госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлердiң және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың медицина бөлiмi жөнiндегi орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi;
3) жүзу кезiнде Қазақстан Республикасының жалауымен теңiз кемелерiнде немесе iшкi жүзу кемелерiнде жүрген азаматтардың осы кемелердiң капитандары куәландырған өсиеттерi;
4) барлау және басқа да экспедицияда жүрген азаматтардың осы экспедициялардың бастықтары куәландырған өсиеттерi;
5) нотариустары және нотариат әрекеттерiн жасауға уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдары жоқ әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, әскери-оқу орындарының орналасқан мекендерiндегi әскери қызметшiлердiң өсиеттерi, сондай-ақ осы бөлiмдерде жұмыс iстейтiн жай адамдардың, олардың отбасы мүшелерiнiң және әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң де әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелер мен оқу орындарының командирлерi (бастықтары) куәландырған өсиеттерi;
6) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған өсиеттерi теңестiрiледi.
Өсиет қалдырушы, осы баптың 1-тармағында көзделген өсиеттерге, өсиетке өзi де қол қоятын куәның қатысуымен қол қоюға тиiс.
Осы баптың 1-тармағында келтiрiлген лауазымды адамдар куәландырылған өсиеттiң бiр данасын нотариат туралы заңдарға сәйкес нотариустың сақтауына беруге мiндеттi.
Өсиеттiң нотариатта куәландырылуы туралы талаптарды қоспағанда, мұндай өсиеттердiң өзгелерiне тиiсiнше Азаматтық Кодекстiң 1051-бабының ережелерi қолданылады[5].
Өсиет қалдырушы өзi жасаған өсиеттiң кез келген уақытта күшiн жоюға немесе оны өзгертуге құқылы.
Өсиеттiң күшi:
1) нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң толық күшiн жою туралы өтiнiш беру;
2) жаңа өсиет жасау жолымен жойылуы мүмкiн.
Өсиет:
1) нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң белгiлi бiр бөлiгiн өзгерту туралы өтiнiш беру;
2) бұрын жасалған өсиетті бөлiктерi бойынша өзгертетiн жаңа өсиет жасау жолымен өзгертiлуi мүмкiн.
Бұрын жасалып, кейiнгi өсиет арқылы толық немесе iшiнара күшi жойылған өсиет, егер өсиет қалдырушы өз кезегiнде соңғысының күшiн жойса немесе өзгертсе, қалпына келтiрiлмейдi.
Нотариустың, өсиеттi куәландыратын басқа адамның, куәлардың, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоятын азаматтың мұра ашылғанға дейін өсиеттің мазмұнына, оның жасалуына, күшi жойылуына немесе өзгертiлуiне қатысты мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ.
Нотариус, өсиеттi орындаушы немесе сот өсиетке түсiнiк берген кезде ондағы сөздер мен тiркестердiң дәлме-дәл мәнi назарға алынады. Өсиеттiң қандай да болсын ережесiнiң дәлме-дәл мағынасы түсiнiксiз болған кезде ол осы ереженi басқа ережелермен және өсиеттiң тұтас мағынасымен салыстыру арқылы анықталады.
Тиiстi нысанда жасалмаған өсиет жарамсыз болады. Өсиеттiң жарамсыздығы осы Кодекстiң 4-тарауының мәмiлелердiң жарамсыздығы туралы ережелерiне де негiзделедi.
Өсиеттi жасаудың, оған қол қоюдың және оны куәландырудың осы Кодекспен белгiленген тәртiбiнiң бұзылуы салдарынан өсиеттi жарамсыз деп танудан мүлiктiк зардап шеккен адамның талабы бойынша өсиет жарамсыз деп танылуы мүмкiн.