Мұрагерлік құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 10:05, курсовая работа

Описание

Біздің өмірімізде болып жатқан жағдайлардың барлығы азаматтық құқықтық қатынастарға жатады деп айтуға болады. азаматтық қатыанстардың пайда болуының алғы шарттарына оқиға мен заңды факт жатады. Осы оқиғалардың ішінде адамның қайтыс болуы да бар.
Әрбір адам жеке тұлға ретінде азаматтық құқықтық қатынастардың субъектісі болып табылады, белгілі бір мүлікке ие болады, ал осы адам қайтьыс болғанна кейін оның мүлкінің тағдары қалай болады деген сауалға жауап беру үшін біз азаматтық құққытық заңнаманың мұралау атты құқықтық институтына жүгінеміз.

Содержание

Кіріспе ........................................................................................................ 4-5

І Бөлім. Азаматтардың меншігін мұралаудың түсінігі және мәні
1.1.Азаматтардың меншігін мұрагерлаудың түсінігі,
мәні және негіздері ....................................................................... 6-7
1.2.Мұраның ашылу тәртібі ....................................................... 8-9

ІІ Бөлім. Азматтардың меншігін мұралаудың нысандары
2.1. Заң бойынша азаматтардың меншігін мұралаудың
түсінігі және мәні ..................................................................... 10-14
2.2. Өсиет бойынша азаматтардың меншігін
мұралаудың тәртібі .................................................................. 15-23

ІІІ Бөлім. Мұраны қабылдаудың заңды негіздері ....................... 24-28


Қорытынды ......................................................................................... 29-30
Қолданылған әдебиет тізімі ................................................................ 31-33

Работа состоит из  1 файл

Мұрагерлік құқық.doc

— 163.50 Кб (Скачать документ)

Өсиеттегi жекелеген өкiмдердiң жарамсыздығы өсиеттiң қалған бөлiгiнiң жарамдылығын қозғамайды.

Өсиет жарамсыз деп танылған жағдайда, осы өсиет бойынша мұрадан айрылған мұрагер, Азаматтық Кодекстiң 1060-бабында белгiленген тәртiппен заң бойынша мұра алу құқығына ие болады.

Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге мұра есебiнен өсиеттiк бас тартуды орындауды талап ету құқығын алатын бiр немесе бiрнеше адамның (бас тартылушылардың) пайдасына қандай да болсын мiндеттеменi (өсиеттiк бас тарту) орындауды жүктеуге құқылы.

Заң бойынша мұрагерлер қатарына кiретiн адамдар да, кiрмейтiн адамдар да бас тартылушылар (легатарийлер) болуы мүмкін.

Өсиеттiк бас тартудың нысанасы мұраның, иеленудiң құрамына кiретiн заттарды бас тартылушының меншiгiне, пайдалануына немесе өзге заттық құқықта беру және оған мұра құрамына кiрмейтiн мүлiктi беру, ол үшiн белгiлi бiр жұмысты орындау, оған белгiлi қызмет көрсету және т.б. болуы мүмкiн.

Өсиет қалдырушы өсиеттiк бас тартуды жүктеген мұрагер, оны тек оған ауысқан мұраның шын мәнiндегi құны шегiнде және мұра қалдырушы қарыздарының өзiне артылған бөлiктерiн шығарып тастап орындауға тиiс.

Егер өсиеттiк бас тарту жүктелген мұрагердiң мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы болса, оның бас тартуды орындау мiндетi өзіне ауысқан мұраның оның міндетті үлесінің құнынан асатын құнымен шектеледi.

Егер өсиеттiк бас тарту барлық немесе бiрнеше мұрагерге жүктелсе, өсиетте өзгеше көзделмесе, ол мұрагерлердiң әрқайсысына мұрадағы үлесiне мөлшерлес салмақ салады.

Тұрғын үй немесе өзге де тұрғын үй-жай ауысатын мұрагерге өсиет қалдырушы тұрғын үй-жайды немесе оның белгiлi бiр бөлiгiн басқа адамға өмiр бойы пайдалануға беру мiндеттемесiн жүктеуге құқылы. Тұрғын үй-жайға меншiк құқығы кейiннен ауысқан жағдайда өмiр бойы пайдалану құқығы күшiн сақтайды[6].

Өмiр бойы пайдалану құқығы иелiктен айырылмайды, берiлмейдi және бас тартылушының мұрагерлерiне ауыспайды.

Бас тартылушыға берiлген өмiр бойы пайдалану құқығы, егер өсиетте өзгеше көрсетiлмесе, оның отбасы мүшелерiнiң тұруына негiз болмайды.

Өсиеттiк бас тарту жүктелген мұрагер қайтыс болған жағдайда немесе ол мұраны қабылдамаған жағдайда өсиеттiк бас тартуды орындау оның үлесiн алған басқа мұрагерге, не мүлiк иесiз қалса, мемлекетке ауысады.

Өсиеттiк бас тарту мұра ашылғанға дейiн немесе ашылғаннан кейiн бас тартылушы қайтыс болған жағдайда, бiрақ өсиет бойынша мұрагер оны қабылдап үлгерген кезге дейiн орындалмайды.

Бас тартылушы мұра қалдырушының борыштары үшiн жауап бермейдi.

Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге қандай да болсын әрекет жасау немесе кредит берушi ретiнде осы мiндеттi атқаруды талап ету құқығын ешкiмге ұсынбастан одан тартыну мiндетiн жүктей алады. Жалпыға пайдалы мақсатты жүзеге асыру үшін осындай мiндет мұра қалдырушы жүктеудi атқаруға мүлiктiң бiр бөлiгiн бөлiп шығарған кезде өсиеттi орындаушыға жүктелуi мүмкiн.

Мүлiктiк сипаты бар әрекеттер мәнi болып табылатын жүктеуге, тиiсiнше Азаматтық Кодекстiң 1074-бабының ережелерi қолданылады.

Егер осы Кодексте көзделген мән-жайлар бойынша мұраның жүктеудi орындау мiндетi мойнында болған мұрагерге есептелетiн немесе оған тиесiлi үлесi басқа мұрагерлерге ауысса, жүктеудi орындау міндеті тоқтатылады.

Өсиет қалдырушы өсиеттi орындауды мұрагер болып табылмайтын, өсиетте өзi көрсеткен адамға (өсиеттi орындаушыға), өсиет жүктелген өкiлге тапсыра алады. Бұл адамның өсиеттi орындаушы болуға келiсiмi оның не өсиеттiң өзiне өз қолымен жазған жазбада не өсиетке қоса берiлген өтiнiште көрсетiлуге тиiс.

Егер өсиетте оның орындаушысы көрсетiлмесе, мұрагерлер өзара келiсiм бойынша өсиеттi орындауды мұрагерлердiң бiрiне не басқа адамға тапсыруға құқылы. Мұндай келiсiмге қол жетпеген жағдайда бiр немесе бiрнеше мұрагердiң талап етуiмен өсиеттi орындаушыны сот тағайындауы мүмкiн.

Өсиеттi орындаушы өсиет бойынша мұрагерлердi бұл жөнiнде күнi бұрын хабардар етiп, өзiне өсиет қалдырушы жүктеген мiндеттердi атқарудан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Өсиеттi орындаушы өз мiндеттерiнен мұрагерлердiң арызымен соттың шешiмi бойынша да босатылуы мүмкiн.

Өсиеттi орындаушы:

1) мұраны қорғауды және оны басқаруды жүзеге асыруға;

2) мұраның өз пайдасына ашылуы туралы барлық мұрагерлер мен бас тартылушыларды хабардар ету үшiн мүмкiн болған барлық шараларды қолдануға;

3) мұра қалдырушыға тиесiлi ақша сомасын алуға;

4) мұра қалдырушының еркi мен заң актiлерiне сәйкес мұрагерлерге өздерiне тиесiлi мүлiктi беруге;

5) мұрагерлердiң оларға жүктелген өсиеттiк бас тартуды орындауын қамтамасыз етуге;

6) өсиеттiк жүктеудi атқаруға не өсиет бойынша мұрагерлерден өсиеттiк жүктеудi атқаруды талап етуге (осы Кодекстiң 1058-бабы);

7) мұраны борыштардан тазартуға тиiс.

Өсиеттi орындаушы өз атынан сот iстерiне және мұраны басқару мен өсиеттi орындауға байланысты басқа iстерге араласуға құқылы, сондай-ақ мұндай iстерге қатысуға тартылуы мүмкiн.

Өсиеттi орындаушы мұраны борыштардан тазарту, мұра қалдырушыға тиесiлi сомаларды өндiрiп алу және барлық мұрагерлердiң мұраны иеленуге кiрiсуi үшiн қажеттi қисынды мерзiм iшiнде өз қызметiн жүзеге асырады[7].

Өсиеттi орындаушының мұраны басқару мен өсиеттi орындау жөнiндегi қажеттi шығындарды мұраның есебiнен өтеуге құқығы бар. Өсиетте өсиеттi орындаушыға мұраның есебiнен сыйақы төлеу көзделуi мүмкiн.

Өсиет орындалғаннан кейiн өсиеттi орындаушы мұрагерлерге олардың талап етуi бойынша есеп беруге мiндеттi.

 

 

 

                 ІІІ-тарау. Мұраны қабылдаудың заңды негіздері

 

Егер мұрагер кейiн мұрадан бас тартпаса, мұрагерлiк құқығынан айырылмаса және оны мұрагер етiп тағайындау туралы өсиеттiк өкiмдi жарамсыз деп танудың салдарынан мұрагерлiк құқығын жоғалтпаса, ол мұра ашылған уақыттан бастап өзiне тиесiлi мұраға немесе оның бiр бөлiгiне (үлесiне) құқық алады.

Мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагердiң өтiнiшiмен оған мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк беруге мiндеттi.

Мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн берiледi.

Өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлiк кезiнде, егер нотариуста куәлiк берiлуiн сұраған адамдардан басқа тиiстi мүлiкке не бүкiл мұраға қатысты басқа мұрагерлер туралы анық деректер болмаса, куәлiк аталған мерзiм өткенге дейiн де берiлуi мүмкiн.

Мұрагер өзiнiң мұрагерлiкке шақырылғандығы туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап алты айдың iшiнде мұрадан бас тартуға құқылы. Дәлелдi себептер болған жағдайда бұл мерзімді сот ұзартуы мүмкін, алайда бұл екі айдан аспауға тиіс.

Мұрадан бас тарту мұрагердiң мұраның ашылған жерi бойынша нотариусқа арыз беруiмен жасалады.

Егер сенiмхатты бас тартуға өкілеттік арнайы көзделсе, мұрадан өкiл арқылы бас тартуға болады[8].

Мұрадан бас тартуды кейiннен күшiн жоюға немесе қайтарып алуға болмайды.

Мұрагер өзiне сол үшiн берiлген мерзiм өткеннен кейiн мұрадан бас тарту құқығын жоғалтады. Егер ол мұраға қалдырған мүлiктi iс жүзiнде иеленуге кiрiссе не оған билiк етсе, не оның осы мүлiкке құқықтарын куәландыратын құжаттарды алуға өтiнiш жасаса, ол бұл құқықты аталған мерзiм өткенге дейiн де жоғалтады.

Мұрагер мұрадан бас тартқан кезде өзiнiң өсиет бойынша немесе кез келген кезектегi заң бойынша мұрагердiң қатарындағы басқа адамдардың пайдасына бас тартатындығын көрсетуге құқылы.

Өсиет қалдырушы мұрадан айырған мұрагерлердiң пайдасына мұрадан бас тартуға жол берiлмейдi.

Егер мұрагер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлiкке шақырылса, ол осы негiздемелердiң бiреуi бойынша немесе екi негiздеме бойынша өзiне тиесiлi мұрадан бас тартуға құқылы.

Мұрагер мұраның басқа бөлiгi мұраға қалдырылуына қарамастан, үстелу құқығы бойынша өзiне тиесiлi мұрадан бас тартуға құқылы.

Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, мұраның бiр бөлігінен бас тартуға, мұрадан ескерту жасап немесе шарт қойып бас тартуға жол берiлмейдi[9].

Бас тартылушы өсиеттiк бас тартудан бас тартуға құқылы. Ішiнара бас тартуға, ескерту жасап, шарт қойып немесе басқа адамның пайдасына бас тартуға жол берiлмейдi.

Заңнамада көзделген құқық бiр мезгiлде мұрагер болып табылатын бас тартылушының мұрадан бас тарту құқығына байланысты емес.

Егер бас тартылушы осы бапта көзделген құқықты пайдаланса, өсиеттiк бас тарту жүктелген мұрагер оны орындау мiндетiнен босатылады.

Мұраны қабылдаған кез келген заң бойынша мұрагер мұраны бөлудi талап етуге құқылы.

Мұраны бөлу мұрагерлердiң келiсiмi бойынша оларға тиесiлi үлестерге сәйкес, ал келiсiмге қол жетпеген кезде - сот тәртiбiмен жүргiзiледi.

Осы баптың ережелерi барлық мұра немесе оның бiр бөлiгi мұрагерлерге нақты мүлiк көрсетiлмеген үлеспен өсиет етiлген жағдайда, мұрагерлердiң арасында мұраны өсиет бойынша бөлуге қолданылады.

Егер мұрагерлердiң арасында тұратын жерi белгiсiз адамдар болса, қалған мұрагерлер, өсиеттi орындаушы (мұраны басқарушы) және нотариус олардың тұратын жерiн анықтауға және оларды мұрагерлiкке шақыруға қисынды шаралар қолдануға мiндеттi.

Егер тұратын жерi анықталған, мұрагерлiкке шақырылып, болмай қалған мұрагер Азаматтық Кодекстiң 1074-бабында көзделген мерзiм iшiнде мұрагерлiктен бас тартпаса, қалған мұрагерлер өздерiнiң мұраны бөлiсудi жүргiзу ниетi туралы хабардар етуге мiндеттi.

Егер осының алдындағы бөлiкте көзделген хабардар ету кезiнен бастап үш айдың iшiнде болмай қалған мұрагер мұраны бөлу туралы келiсiмге қатысу тiлегi туралы қалған мұрагерлердi хабардар етпесе, қалған мұрагерлер болмаған мұрагерге тиесiлi үлестi бөлек шығарып, өзара келiсiм бойынша бөлiстi жүргiзуге құқылы.

Егер мұра ашылған күннен бастап бiр жылдың iшiнде болмаған мұрагердiң тұратын жерi анықталмаса және оның мұрадан бас тартқандығы туралы мәлiметтер болмаса, қалған мұрагерлер бөлiстi осы баптың 2-тармағы екiншi бөлiгiнiң ережелерi бойынша жүргiзуге құқылы.

Iште қалған, бiрақ әлi тумаған мұрагер болған кезде мұраны бөлу тек мұндай мұрагер туғаннан кейiн ғана жүргiзiлуi мүмкiн.

Егер iште қалған мұрагер тiрi туса, қалған мұрагерлер оған тиесiлi мұралық үлестi бөлiп шығару арқылы ғана мұра бөлудi жүргiзуге құқылы. Жаңа туған баланың мүдделерiн қорғау үшiн бөлiске қатысуға қорғаншылық және қамқоршылық органның өкiлi шақырылуы мүмкiн.

Мұра ашылғанға дейiнгi бiр жыл iшiнде мұра қалдырушымен бiрге тұрған мұрагерлер тұрғын үйдi, сондай-ақ үй жабдықтары мен үй-iшi тұрмысы заттарын мұраға алуға басым құқыққа ие болады.

Мұра қалдырушымен бiрге мүлiкке ортақ меншiк құқығы бар мұрагерлер ортақ меншiкте болған мүлiктi мұраға алуға басым құқыққа ие болады.

Мұрагер мұрадан бас тартқан не ол осы Кодексте аталған мән-жайлар бойынша шығып қалған жағдайда мұраның мұндай мұрагерге есептелуге тиiс бөлiгi мұрагерлiкке шақырылған заң бойынша мұрагерлерге түседi және олардың арасында өздерiнiң мұралық үлестерiне бара-бар бөлiнедi.

Егер мұра қалдырушы барлық мүлiктi өзi тағайындаған мұрагерлерге өсиет етсе, мұрадан бас тартқан немесе шығып қалған мұрагерге тиесiлi мұра бөлiгi өсиет бойынша қалған мұрагерлерге түседi және өсиетте өзгеше көзделмегендiктен, олардың арасында өздерiнiң мұралық үлестерiне бара-бар бөлiнедi[10].

Бұл ережелер:

1) егер бас тартқан немесе шығып қалған мұрагердің орнына мұрагер қосымша тағайындалса;

2) мұрагер белгiлi бiр тұлғаның пайдасына мұрадан бас тартқан кезде;

3) заң бойынша мұрагерлiк кезiнде мұрагердiң бас тартуы немесе шығып қалуы келесi кезектегi мұрагерлердi мұрагерлiкке шақыруға әкеп соққан жағдайларда қолданылмайды.

Мұра қалдырушының қайтыс болар алдындағы науқасы туғызған қажеттi шығындарды, мұра қалдырушыны жерлеуге арналған шығындарды, мұраны қорғауға, басқаруға, өсиеттi орындауға, сондай-ақ өсиеттi орындаушыға немесе мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыға сыйақы төлеуге байланысты шығындарды өтеу туралы талаптар ол мұрагерлер арасында бөлiнгенге дейiн мұра есебiнен

қанағаттандырылуға тиiс. Бұл талаптар барлық басқа, оның iшiнде кепiлмен қамтамасыз етiлген талаптардың алдында мұраның құнынан басымдықпен қанағаттандырылуға тиiс.

Мұра қалдырушының кредит берушiлерi өздерiнiң мұра қалдырушының мiндеттемелерiнен туындайтын талаптарын өсиеттi орындаушыға (мұраны сенімгерлікпен басқарушыға) немесе әрбір мұрагерге ауысқан мүлiк құнының шегiнде ортақ борышқорлар ретiнде жауап беретiн мұрагерлерге қоюға құқылы.

Шаруа (фермер) қожалығының мүшесi қайтыс болған жағдайда мұра жалпы ережелер бойынша ашылады. Мұрагердiң осы мүлiкке жалпы меншiктегi оның үлесiне мөлшерлес ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.

Егер өсиет бойынша да заң бойынша да мұрагерлер болмаса не мұрагерлердiң ешқайсысының мұра алуға құқығы болмаса, не олардың бәрi мұрадан бас тартса мұра иесiз қалған деп танылады.

Иесiз қалған мұра мұраның ашылған жерi бойынша коммуналдық меншiкке ауысады.

Коммуналдық меншiкке түскен иесiз қалған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Коммуналдық меншiкке түскен иесiз қалған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 Қорытынды

Информация о работе Мұрагерлік құқық