Неке және отбасы туралы кодекс жобасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 10:04, доклад

Описание

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылға арналған заң жобасы жұмыстарының жоспарына сәйкес Әділет министрлігі Неке және отбасы туралы кодекс жобасын әзірледі. Аталған кодекс Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастарын, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдігін белгілейді және реттейді, отбасының құқы мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Работа состоит из  1 файл

ерлі зайыпты заңдары.docx

— 29.08 Кб (Скачать документ)

Неке және отбасы туралы кодекс жобасы

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылға арналған заң жобасы жұмыстарының жоспарына сәйкес Әділет министрлігі  Неке және отбасы туралы кодекс жобасын  әзірледі. Аталған кодекс Қазақстан  Республикасындағы неке-отбасы қатынастарын, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдігін белгілейді және реттейді, отбасының  құқы мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

 

Осы кодекс реттейтін қатынастардың  азаматтардың жеке өміріне, олардың  отбасылары мен әрбір мүшесіне қатысты  болуына байланысты заң жобасының  мәтіні халықтың ұсыныстары мен ескертпелерін  енгізу үшін жарияланып отыр.

 

Ескертпелер мен ұсыныстарды Қазақстан  Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің мына мекен-жайына: Астана қ., Сол жағалау, Министрліктер  үйіне немесе 74-06-11 телефоны арқылы факске, сондай-ақ мына электронды мекен-жайға: makasheva a@mіnjust.kz  бойынша жіберулеріңізді  сұраймыз.

 

Жоба мәтінінің Әділет министрлігінің  www mіnjust.kz. сайтында орналастырылғанын  қосымша хабарлаймыз.

 

 

 

“Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы”  Қазақстан Республикасының  Кодексі

 

 

 

Осы Кодекс Қазақстан Республикасындағы  неке-отбасы қатынастарын реттейді, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін  белгілейді, отбасының дамуын Қазақстан  Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай  отырып, оны құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

 

1-бөлім. Жалпы бөлім

 

1-тарау. НЕКЕ-ОТБАСЫ ЗАҢДАРЫ

 

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын  негізгі ұғымдар

 

Осы Кодексте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

 

1) неке (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылардың  арасындағы мүліктік және мүліктік  емес жеке қатынастарды туғызатын  отбасын құру мақсатымен заңдарда  белгіленген тәртіппен тараптарды  ерікті және толық келісімі  жағдайында жасалған еркек пен  әйелдің арасындағы тең құқықты  одақ;

 

2) жалған неке – отбасын құру  ниетінсіз заңда белгіленген  тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың  құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын  неке;

 

3) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, қайын жұрттан, бала  асырап алудан немесе балаларды  тәрбиеге алуды өзге де нысандарынан  туындайтын мүліктік және мүліктік  емес жеке құқықтар мен міндеттерге  байланысты және отбасы қатынастарын  нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге  тиісті адамдар тобы;

 

4) неке (ерлі-зайыптылық) жасы –  адамның некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұру құқығына жеткендегі жасы;

 

5) репродукциялық денсаулық –  адамның толымды ұрпақ туғызуға  қабілетін көрсететін денсаулығы;

 

6) балалық шақ – кәмелетке  толмаған адамдардың құқықтық  жай-күй;

 

7) мүлікті шарттық режимі –  ерлі-зайыптыларды және оларды  осы некеден асырап алған балаларының,  туған балаларының неке (ерлі-зайыптылық) шартымен белгіленген меншігіні  режимі;

 

8) суррогат ана – суроггат  ана мен  ықтимал ата-ана  арасындағы шарт бойынша бойға  бала бітіру, оны көтеру және  туу;

 

9) суррогат ана шарты – балалы  болуды қалайтын адамдар мен  эмбрион имплантация әдісін қолдануға  келісімін берген әйелдің арасындағы  нотариаттық куәландырылған келісім;

 

10) ата-анасының қамқорлығынсыз  қалған балалар (бала) — ата-ана  құқықтарының шектелуіне немесе  олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз  кетті деп танылуына, олар өлді  деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп  танылуына, ата-анасының бас бостандығынан  айыру орындарында жазасын өтеуіне,  ата-анасының баласын тәрбиелеуден  немесе оның құқықтары мен  мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз  баласын тәрбиелеу немесе емдеу  мекемелерінен алудан бас тартуына  байланысты, сондай-ақ ата-анасы  қамқорлық жасамаған және заңдарда  көзделген олардың құқықтары  мен мүдделерін қорғаудың қажеттілігін  белгілеуді қажет ететін өзге  де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының  немесе екеуінің де қамқорлығынан  айрылған балалар (бала);

 

11) жетім балалар (бала) – ата-анасының  екеуі де немесе жалғыз басты  ата-анасы қайтыс болған бала;

 

12) баланың заңды өкілдері –  ата-аналар, асырап алушылар, қорғаншылар,  қамқоршылар, патронат тәрбиешілер,  қорғаншы және қамқоршы органдары,  қорғаншы мемлекеттік мекемелер,  қамқорлық, білім беру, тәрбиелеу,  баланың құқықтарын қорғау мен  мүдделерін жүзеге асыратын интернат  мекемелері; 

 

13) патронат  (қабылдап алатын  отбасы) – ата-анасының қамқорлығынсыз  қалған баланы қамқоршы және  қорғаншы орган мен баланы  тәрбиелеуге алуға тілек білдірген  ерлі-зайыптылар (қабылдап алған  отбасы) жасасатын шарт бойынша  отбасына тәрбиелеуге берген  кездегі тәрбиенің нысаны;  

 

14) қорғаншылық – баланы орналастырудың  отбасылық нысаны, сондай-ақ он  төрт жасқа толмаған балалар  құқықтары мен мүдделерін қорғаудың  құқықтық нысаны;  

 

15) қамқоршылық – балаларды орналастырудың  баламалы нысаны, он төрт жасынан  бастап он сегіз жасқа дейінгі  балалар құқықтары мен мүдделерін  қорғаудың құқықтық нысаны;

 

16) алименттер – алуға құқығы  бар екінші адамға бір адам  беруге міндетті болатын асырау  қаражаты;

 

17) отбасылық жағдай – некеде  тұруы не тұрмауы немесе ажырасуы, жесір қалуы, балалардың немесе  отбасының басқа да мүшелерінің  болуы немесе болмауы;

 

18) материалдық жағдай – жалақының,  зейнетақының, басқа да табыстардың  болуы немесе болмауы; олардың  мөлшері; мүліктің болуы; еңбек  қабілетін жоғалту дәрежесі; отбасының  басқа мүшелерінен материалдық  көмек алуы немесе алмауы;

 

19) азаматтық хал актілері –  адамның құқықтары мен міндеттерінің  пайда болуына, бар болуына  және тоқталуына байланысты оны  дараландыратын заңды ресімделген  мән-жайлар;

 

20) жақын туыстары – ата-аналары,  балалары, асырап алушылар, асырап  алынғандар, бір әке бір шешеден  туған және әкесі немесе шешесі  бөлек ағалы-інілер мен апа–қарындастары (сіңілер), атасы, әжесі, немерелері;   

 

21) қайын жұрт – ерлі-зайыптылардың  біреуінің басқа зайыбының туыстарына  қатысты жай-күйі;

 

22) қорғаншы (қамқоршы) – қорғаншылық  пен қамқоршылық жөніндегі міндеттерді  жүзеге асыру үшін заңда белгіленген  тәртіппен тағайындалған адам;   

 

23) қорғаншылық (қамқоршылық) –  кәмелетке толмағандарды және  сот әрекетке қабілетсіз (әрекет  қабілеттілігі шектеулі) деп таныған  адамдарды құқықтары мен мүдделерін  қорғауды құқтық нысаны;

 

24) қорғаншы және қамқоршы орган  – өзінің кәмелеттік жасқа  толмағандарға қатысты қорғаншылық  және қамқоршылық жөнінде   функцияларын жергілікті беру  және денсаулық сақтау органдары  арқылы, іс-әрекетке қабілетсіз не  қабілеті шектеулі кәмелетке  толғандарға қатысты – жергілікті  халықты әлеуметтік қорғау уәкілетті  органдары арқылы жүзеге асыратын  жергілікті атқарушы органдар;

 

25) бала – он сегіз жасқа  (кәмелеттік жасқа) толмаған адам;

 

26) әке болуды анықтау – некеден  (ерлі-зайыптылықтан) тыс туған  балаға қатысты әке болу фактісін  сот тәртібімен ерікті тану  және белгілеу;

 

27) бала асырап алу – баланы (балаларды) сот шешімінің негізінде  отбасына тәрбиелеуге берудің  құқықтық нысаны, нәтижесінде қандас  туыстарына (шығу тегі бойынша)  бірдей қатынастар пайда болады;

 

28) халықаралық түрде бала асырап  алу – Қазақстан Республикасында  баланы басқа отбасына тәрбиелеуге  не асырап алуға беруге мүмкін  болмағанда баланы отбасымен  қамтамасыз етудің баламалы шарасы;

 

29) жеке басын куәландыратын  құжат – ұлттық паспорт, жеке  бастың куәлігі, азаматтығы жоқ  адамның куәлігі, шетел азаматының  ықтиярхаты;

 

30) заңды мекен-жайы — азаматтың  тіркелген жері;

 

31) некеге тұрмаған ана — баланы (балаларды) туған ана, алайда  некеге тұрмаған әйел;

 

32) тастанды (тастап кеткен бала) – ата-анасы өмірдегі жағдайларға  байланысты қамқорлықсыз қалдырған  бала;

 

33) бас тартылған бала – ата-анасы  тиісті заңды құжаттар ресімдеу  арқылы оны әрі қарай тәрбиелеуден, оқытудан, материалдық қамтамасыз  етуден бас тартқан бала. 

 

2-бап. Неке-отбасы заңдарының  негіздері

 

1. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің  қорғауында болады.

 

Отбасы заңдары отбасының нығаюына, махаббат пен сыйлау, өзара көмек, отбасы және оның мүшелерінің алдында  жауапкершілігі, отбасының ісіне  кімнің болса да соның өз бетінше  араласуына жол берілмеуі, отбасы мүшелерінің  өз құқықтарын қамтамасыз ету және бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері  принциптері негізге алады.

 

2. Қазақстан Республикасының неке-отбасы  заңдары:

 

1) еркек пен әйелдің некелі (ерлі-зайыпты)  одағының еріктілігі;

 

2) ерлі-зайыптылардың отбасындағы  құқықтарының теңдігі;

 

3) отбасының ісіне кімнің болса  да өз бетінше араласуына жол  берілмеушілік;

 

4) отбасы ішіндегі мәселелерді  өзара келісіммен шешу;

 

5) балаларды отбасында тәрбиелеуге  басымдық беру, оларды өсіп-жетілуі  мен әл-ауқатты болуына қамқорлық  жасау; 

 

6) отбасының кәмелеттік жасқа  толмаған, жасы келген және еңбекке  қабілетсіз мүшелерінің құқықтары  мен мүдделерін қорғауға басымдық  беру;

 

7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын  кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз  ету, бұл құқықтарды сот арқылы  қорғау мүмкіндіктері; 

 

8) отбасының барлық мүшелерін  салауатты өмір салтына ынталандыру  принциптеріне негізделеді.

 

3. Мемлекеттік азаматтық хал  актілерін жазу органдарында  қиылған неке ғана танылады.

 

4. Некеге тұруы кезінде және  отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық тіл және діни  белгілері бойынша азаматтардың  құқықтарын шектеудің кез келген  нысандарына тыйым салынады.

 

Азаматтардың неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасылық) қатынастардағы құқықтары тек заң  негізінде және отбасы мүшелерінің, өзге де азаматтар мен қоғамның денсаулығын, адамгершілігін, құқықтарын және заңды  мүдделерін қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сондай шамада ғана шектелуі мүмкін.

 

3-бап. Неке-отбасы заңдарымен  реттелетін қатынастар

 

Неке-отбасы заңдары:

 

1) Отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың,  ата-аналар мен балалардың (асырап  алушылар мен асырап алынғандардың)  арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында  көзделген жағдайларда және шектерде  басқа туыстар мен өзге де  адамдардың арасындағы азаматтық  құқықтар мен міндеттерді, мүліктік  емес және мүліктік жеке қатынастарды  реттейді;

 

2) отбасы мүшелерінің міндеттері  мен мүліктік емес және мүліктік  жеке құқықтарын белгілейді;

 

3) некеге тұруды, некені тоқтатуды  және оны жарамсыз деп танудың  шарты мен тәртібін белгілейді;

 

4) ата-анасының қамқорлығынсыз  қалған балаларды отбасына орналастырудың  нысандары мен тәртібін айқындайды;

 

5) азаматтық хал актілерін тіркеуді  реттейді.

 

6) азаматтық хал актілерін тіркеуді  жүзеге асыратын мемлекеттік  органдардың функцияларын айқындайды.

 

4-бап. Неке-отбасы заңдары және  отбасы құқығының нормаларын  қамтитын өзге де актілер

 

Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдары Қазақстан  Республикасының Конституциясына  негізделеді, осы Кодекстен, отбасылық  құқық нормалары қамтылатын Қазақстан  Республикасының өзге де нормативтік  құқықтық актілерінен тұрады.

 

5-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасылық)  қатынастарына азаматтық заңдарды  қолдану

 

1. Осы Кодекстің 3-бабында аталған,  неке-отбасы заңдарымен реттелмеген  (осы Заңның 4-бабы) отбасы мүшелерінің  арасындағы мүліктік және мүліктік  емес жеке қатынастарға азаматтық  заңдар қолданылады, өйткені ол  неке-отбасы қатынастарының мәніне  қайшы келмейді.

 

1. Осы Кодекстің 3-бабында көзделген  қатынастар заңдармен немесе  тараптардың келісімімен реттелмеген  және оларға қолданылатын әдет-ғұрып  болмаған жағдайларда, бұл оларды  мәніне қайшы келмейтіндіктен,  мұндай қатынастарға ұқсас қатынастарды  реттейтін неке-отбасы және (немесе) азаматтық заңдардың нормалары  (заң ұқсастығы) қолданылады. Аталған  жағдайларда за ұқсастығын пайдалану  мүмкін болмаса, неке-отбасы қатынастары  субъектілеріні құқықтары мен  міндеттері неке-отбасы немесе  азаматтық заңдардын жалпы негіздері  мен мәні және адалдық, парасаттылық  пен әділеттілік талаптары (құқық  ұқсастығы) негізге алынып айқындалады. 

 

6-бап. Неке-отбасы заңдары және  халықаралық құқық  нормалары

Информация о работе Неке және отбасы туралы кодекс жобасы