1) неке бұзылғаннан кейін кәмелетке
толмаған балалар ата-анасының
қайсысымен тұратындығын айқындауға;
2) балаларды асырауға алиментті
ата-аналардың қайсысы және қандай
мөлшерде төлейтінін белгілеу;
3) ата-аналармен тұрақты бірге
тұратын кәмелеттік жасқа толмаған,
сол сияқты кәмелеттік жасқа
толған балалардың мүдделерін
ескере отырып, ерлі-зайыптылардың
(олардың біреуінің) талап етуі
бойынша олардың бірлескен ортақ
меншігіндегі мүлікті бөлуді
жүргізуге;
4) екінші жұбайдан асырауға қаражат
алуға құқығы бар жұбайдың
талап етуі бойынша осы асырау
қаражатының мөлшерін айқындауға
міндетті.
3. Егер мүлікті бөлу үшінші
бір адамдардың мүдделерін қозғайтын
болса, сот мүлікті жеке іс
жүргізіліп бөлу туралы талапты
жеке істе қозғауға құқылы.
24-бап. Некенің (ерлі-зайыптылық)
ол бұзылған жағдайда тоқтатылу
кезі
1. Азаматтық хал актілерін жазу
органдарында бұзылатын неке
азаматтық хал актілерін жазу
кітабында некенің бұзылуын мемлекеттік
тіркеген күннен бастап, ал неке
сотта бұзылған жағдайда —
сот шешім шығарылған жері
бойынша немесе некені бұзған
адамның тұрақты тұратын жері
бойынша азаматтық хал актілерін
жазу органында оны міндетті
түрде тіркей отырып, соттың шешімі
заңды күшіне енген күннен
бастап тоқтатылады.
2. Сот некені бұзу туралы соттың
шешімі заңды күшіне енген
күннен бастап үш күн ішінде
сот шешімінің көшірмесін шешім
шығарылған жердегі, сондай-ақ
неке қию мемлекеттік тіркелген
жердегі азаматтық хал актілерін
жазу органына жолдауға міндетті.
Ерлі-зайыптылардың азаматтық хал
актілерін жазу органында некенің
бұзылғаны туралы куәлік алғанға
дейін жаңадан некеге тұруға (тіркеуге)
құқығы жоқ.
25-бап. Некені (ерлі-зайыптылық) тоқтатудың
салдары
Некенің (ерлі-зайыптылық) тоқтатылуымен
ерлі-зайыптылардың, осы Кодексте көзделген
жағдайларды қоспағанда, некелік (ерлі-зайыптылық)
қатынастарынан туындайтын жеке мүліктік
және жеке мүліктік емес құқықтары
мен міндеттері тоқтатылады.
5-тарау. Некенің (ерлі-зайыптылық)
жарамсыздығы
26-бап. Некені (ерлі-зайыптылық) жарамсыз
деп тану
1. Осы Кодекстің 10-12-баптарында
белгіленген шарттар бұзылған
кезде, сондай-ақ жалған жасалған
жағдайда неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз
деп танылады.
2. Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз
деп танылуы мүмкін.
3. Егер некеге тұрушы адамдардың
біреуі екіншісінен құрылған
отбасы мүшелеріне, жеке басының
және қоғамның қауіпсіздігіне
нақты қатер төндіретін ауруы
бар екенін жасырса, соңғысы
сотқа некені жарамсыз деп
тану туралы талаппен жүгінуге
құқылы.
4. Некені жарамсыз деп тануды
сот жүргізеді.
5. Сот некені (ерлі-зайыптылық)
жарамсыз деп тану туралы соттың
шешімі заңды күшіне енген
күннен бастап үш күн ішінде
соттың осы шешімімен некеге
тұру мемлекеттік тіркелген жері
бойынша азаматтық хал актілерін
жазу органына көшірме жіберуге
міндетті.
6. Некенің (ерлі-зайыптылық) жарамсыздығы
оның қиылған күнінен бастап
танылады.
27-бап. Некені (ерлі-зайыптылық)
жарамсыз деп тануды талап
етуге құқығы бар адамдар
1. Некені (ерлі-зайыптылық) жарамсыз
деп тану туралы талап қоюға:
1) егер неке жасына толмаған
адаммен неке қиылса (осы Кодекстің
11-бабы), кәмелетке толмаған жұбайы,
оның ата-анасы (оларды ауыстыратын
адамдар), қорғаншы және қамқоршы
орган немесе прокурор құқылы.
Кәмелетке толмаған жұбай он
сегіз жасқа толғаннан кейін
некені жарамсыз деп тануды
талап етуге тек оның өзі
ғана құқылы;
2) егер некеге тұруға ерлі-зайыптылардың
бірінің ерікті келісімі болмаған
жағдайда: мәжбүр ету, алдау, қателесу
немесе өзінің жай-күйінің салдарынан
некеге тұруды мемлекеттік тіркеу
кезінде өзінің әрекеттерінің
маңызын түсінбей және өзін-өзі
билей алмауы себепті неке
қиылған болса, некеге (ерлі-зайыптылық)
тұру арқылы құқығы бұзылған
жұбай, сондай-ақ прокурор;
3) некені қиюға кедергі келтіретін
мән-жайлардың бар екенін білмеген
жұбай, әрекетке қабілетсіз деп
танылған жұбайдың қорғаншысы, оның
алдындағы бұзылмаған неке (ерлі-зайыптылық)
бойынша жұбайы, осы Кодекстің 12-бабының
талаптарын бұза отырып қиылған неке арқылы
құқықтары бұзылған басқа да адамдар,
сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы орган
мен прокурор;
4) жалған некеге тұру жағдайында
прокурор, сондай-ақ некенің (ерлі-зайыптылық)
жалғандығы туралы білмеген жұбайы;
5) осы Кодекстің 26-бабының 3-тармағында
көрсетілген мән-жайлар болған
кезде құқығы бұзылған жұбай
құқылы.
2. Неке жасына толмаған адаммен,
сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз
деп таныған адаммен қиылған
некені (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп
тану туралы істі қарау кезінде
іске қатысуға қорғаншы және
қамқоршы орган тартылады.
28-бап. Некенің (ерлі-зайыптылық)
жарамсыздығын болғызбайтын
мән-жайлар
1. Егер некені жарамсыз деп
тану туралы іс қаралатын сәтке
некенің қиылуына кедергі жасаған
мән-жайлар жойылса, сот осы
мән-жайлар жойылған сәттен бастап
некені жарамды деп тануға
құқылы.
2. Егер кәмелетке толмаған жұбайдың
мүдделері талап етсе, сондай-ақ
оның некені (ерлі-зайыптылық) жарамсыз
деп тануға келісімі болмаған
жағдайда сот неке (ерлі-зайыптылық)
жасына толмаған адаммен қиылған
некені (ерлі-зайыптылық) жарамсыз
деп тану туралы талап-арыздан
бас тарта алады.
3. Егер мұндай некені тіркеткен
адамдар істі сот қарағанға
дейін іс жүзінде отбасын құрса,
сот некені (ерлі-зайыптылық) жалған
деп тани алмайды.
4. Ерлі-зайыптылардың арасында
заңмен тыйым салынған туыстық
дәрежесі болған не некені
тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың
біреуі басқа бұзылмаған некеде
(ерлі-зайыптылық) тұрған (осы Кодекстің
12-бабы) жағдайларды қоспағанда, некені
(ерлі-зайыптылық) ол бұзылғаннан
кейін жарамсыз деп тануға
болмайды.
29-бап. Некені (ерлі-зайыптылық) жарамсыз
деп танудың салдары
1. Сот жарамсыз деп таныған
неке, осы баптың 4 және 5-тармақтарында
белгіленген жағдайларды қоспағанда,
ерлі-зайыптылардың осы Кодексте
көзделген құқықтары мен міндеттерін
туғызбайды.
2. Некесі жарамсыз деп танылған
адамдар бірлесіп сатып алған
мүліктің құқықтық режимі Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодексінің
үлестік меншік туралы ережелерімен
реттеледі. Ерлі-зайыптылар жасасқан
неке шарты (осы Кодекстің 40-42-баптары)
жарамсыз деп танылады.
3. Некені (ерлі-зайыптылық) жарамсыз
деп тану мұндай некеде туған
немесе неке жарамсыз деп танылған
күннен бастап екі жүз сексен
күн ішінде туған балалардың
құқығына нұқсан келтірмейді
(осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағы).
4. Некені (ерлі-зайыптылық) жарамсыз
деп тану туралы шешім шығарған
кезде сот некені (ерлі-зайыптылық)
жарамсыз деп тану үшін негізге
алынған мән-жайлардан некеге
тұру кезінде бейхабар болған
жұбайдың (адал ниетті жұбай) екінші
жұбайдан осы Кодекстің 140, 141-баптарына
сәйкес асырауға қаражат алу
құқығын тануға құқылы, ал некені
жарамсыз деп таныған кезге
дейін бірлесіп сатып алынған
мүлікті бөлуге қатысты осы
Кодекстің 34, 38, 39-баптарында белгіленген
ережелерді қолдануға, сондай-ақ
неке шартын толық немесе ішінара
жарамды деп тануға құқылы.
Адал ниетті жұбай азаматтық
заңдарда көзделген ережелер бойынша
өзіне келтірілген материалдық
және моральдық зиянды өтеуді талап
етуге құқылы.
5. Адал ниетті жұбай некені (ерлі-зайыптылық)
жарамсыз деп таныған кезде
өзі неке қиюды (ерлі-зайыптылық)
мемлекеттік тіркеу кезінде таңдаған
тегін сақтап қалуға құқылы.