Неке және отбасы туралы кодекс жобасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 10:04, доклад

Описание

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылға арналған заң жобасы жұмыстарының жоспарына сәйкес Әділет министрлігі Неке және отбасы туралы кодекс жобасын әзірледі. Аталған кодекс Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастарын, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдігін белгілейді және реттейді, отбасының құқы мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Работа состоит из  1 файл

ерлі зайыпты заңдары.docx

— 29.08 Кб (Скачать документ)

 

Егер Қазақстан Республикасының  халықаралық шартында ұлттық неке-отбасы заңына қарағанда өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері  қолданылады.

 

2-тарау. НЕКЕ-ОТБАСЫ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚ-ОТБАСЫЛЫҚ)  ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӘНЕ  ҚОРҒАУ

 

7-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасылық)  қатынастарындағы құқықтар мен  міндеттерді жүзеге асыру

 

1. Егер заң актілерінде өзгеше  белгіленбесе, азаматтар өздеріне  тиесілі неке-отбасы (ерлі-зайыптылы-отбасы) қатынастарынан туындайтын құқықтарды, оның ішінде осы құқықтарды  қорғауға арналған құқықтың өз  қалауы бойынша қолданады. 

 

Неке-отбасы (ерлі-зайыптылы-отбасы) құқықтарын жүзеге асыру және міндеттерді орындау  отбасының басқа мүшелері мен  құқықтың өзге субъектілерінің құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін бұзбауға тиіс.

 

2. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылы-отбасы) құқықтары заңмен қорғалады, бұған  осы құқықтардың мақсатына қайшы  келетін жағдайлар қосылмайды.

 

8-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыпты-отбасы) құқықтарын  қорғау

 

Неке-отбасы (ерлі-зайыпты-отбасы) құқықтарын қорғаудың азаматтық сот ісін жүргізу ережелері бойынша - сот, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда  мемлекеттік органдар немесе қорғаншы және қамқоршы органдар осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

 

9-бап. Неке-отбасылық (ерлі-зайыпты-отбасы)  қатынастарға талап-арыздың ескіруін  қолдану

 

1. Талап-арыздың ескіруі неке-отбасы (ерлі-зайыпты-отбасы қатынастарынан  туындайтын талаптарға қолданылмайды,  бұған бұзылған құқықты қорғауға  арналған мерзім осы Кодекспен  белгіленген жағдайлар қосылмайды.

 

2. Талап-арыздың ескіруін белгілейтін  нормаларды қолдану кезінде сот  Қазақстан Республикасы Азаматтық  кодексінің (жалпы бөлім) 177, 179, 180, 182-185-баптарының  ережелерін басшылыққа алады.

 

 

 

2-бөлім. НЕКЕ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚ)

 

3-тарау. НЕКЕГЕ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚ) ТҰРУДЫҢ  ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

 

10-бап. Некеге (ерлі-зайыптылық) тұру  шарттары

 

1. Некеге (ерлі-зайыптылық) тұру үшін  некеге тұрушы еркек пен әйелдің  өзара ерікті келісімі және  оларды неке жасына жетуі қажет.

 

Неке (ерлі-зайыпты) деп еркектер мен  әйелдердің де, сондай-ақ бір жыныстың өкілдерінің де нақты бірлесе  өмір сүруі танылады.

 

2. Неке осы Кодексті 12-бабында  аталған мән-жайлар болған жағдайда  қиылмайды.

 

11-бап. Неке жасы (ерлі-зайыптылар  жасы)

 

1. Неке (ерлі-зайыптылар) жасы еркектер  мен әйелдер үшін он сегіз  жас болып белгіленеді. 

 

2. Дәлелді себептер болған жағдайда  некені (ерлі-зайыптыларды) мемлекеттік  тіркеу орны бойынша азаматтық  хал актілерін жазу органдары  неке (ерлі-зайыптылар) жасын екі  жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі  мүмкін.

 

3. Некеге тұруға тілек білдірушілер  немесе олардың ата-аналары, не  қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген  неке жасын төмендету қажеттігін  туғызатын себептерді көрсете  отырып неке (ерлі-зайыптылық) жасын  төмендету туралы өтініш бере  алады.

 

4. Неке жасын төмендетуге тек  некеге (ерлі-зайыптылық) тұрушылардың  келісімімен ғана жол беріледі.

 

5. Неке жасына толмаған адамдардың  және адамның арасындағы некеге (ерлі-зайыптылыққа) кәмелеттік жасқа  жетпегендердің ата-аналарының не  қорғаншыларының, қамқоршыларының  жазбаша келісімімен ғана рұқсат  етіледі.

 

12-бап. Араларында неке қиылуына (ерлі-зайыптылық) жол берілмейтін  адамдар

 

Некеге тұруға (ерлі-зайыптылық):

 

1) бір жынысты тұлғалардың; 

 

2) біреуі болса да басқа тіркелген  некеде тұрған адамдардың;

 

3) тікелей ата-тегі бойынша және  өзінен тарайтын жақын туыстарды  (ата-аналар мен балаларды, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы  бір және ата-анасы бөлек әкесі  немесе анасы ортақ ағалы-інілер  мен апалы-сіңілілердің (аға-қарындастарды);

 

4) асырап алушылар мен асырап  алғандардың; 

 

5) біреуін болса да психикалық  ауруының немесе ақыл есі кемдігінің  салдарынан сот әрекетке қабілетсіз  деп таныған және осындай сот  шешімі күшін жоймаған адамдардың  арасында жол берілмейді.

 

13-бап. Некеге (ерлі-зайыптылық) тұратын  адамдарды медициналық тексеру

 

1. Некеге (ерлі-зайыптылық) тұруға  тілек білдіруші адамдарға медициналық,  сондай-ақ медициналық-генетикалық  мәселелер және репродукциялық  денсаулық қорғау мәселелері  бойынша консультация беру мен  тексеруді мамандандырылған денсаулық  сақтау ұйымдары және некеге (ерлі-зайыптылар) тұратын адамдардың екеуінің  келісімімен ғана жүргізеді. 

 

2. Некеге (ерлі-зайыптылар) тұратын  адамдарды тексерудің нәтижелері  медициналық құпия болып табылады  және ол некеге (ерлі-зайыптылар) тұруға ниеттенген адамға тексеруден  өткен адамның келісімімен ғана  хабарлануы мүмкін.

 

14-бап. Некеге (ерлі-зайыптылар) тұру  тәртібі

 

1. Некеге (ерлі-зайыптылар) тұратын  адамдардың тікелей қатысуымен  неке мемлекеттік азаматтық хал  актілерін жазу органдарында  не арнайы мемлекеттік  салтанат  және салт-дәстүр сарайларда (үйлерде)  қиылады. 

 

Некеге тұруға ниет білдірген адамдардың біреуі азаматтық хал актілерін  жазу органына келе алмайтын ерекше (аурудың  ауыр түрі, сотталған немесе тергеуде тұрған) жағдайларда неке мұндай адамның  тұратын жері бойынша тиісті мекеменің  әкімшілігімен міндетті түрде келісе отырып қиылуы мүмкін.

 

Неке қию кезінде өкіл жіберуге жол берілмейді.

 

2. Некені қию некеге тұруға  тілек білдірушілер азаматтық  хал актілерін жазу органына  арыз берген күннен бастап  бір ай мерзім өткен со жүргізіледі. 

 

Құжатпен растайтын дәлелді  себептер болған жағдайда неке қиюдың мемлекеттік тіркеу орны бойынша  азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін.

 

Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне  тікелей қауіп төнуі және басқа  да ерекше мән-жайлар) некеге тұруға тілек  білдірушілердің қалауы бойынша  неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.

 

3. Неке қиюдың мемлекеттік тіркеу  осы Кодексте белгіленген тәртіппен  жүргізіледі.

 

4.  Діни нормалар бойынша неке  қию (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік  азаматтық хал актілерін тіркеу  органында тіркелгенмен теңестірілмейді  және тиісті құқықтық салдарлар  тудырмайды. 

 

5. Азаматтық хал актілерін жазу  органдарының некені тіркеуден  бас тартуына некеге тұруға  тілек білдіруші адамдар не  олардың біреуі сотқа шағым  жасай алады.

 

4-тарау. НЕКЕНІ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚ) ТОҚТАТУ

 

15-бап. НЕКЕНІ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚ) ТОҚТАТУ

 

Некені (ерлі-зайыптылық) тоқтату –  ерлі-зайыптыларға тәуелсіз жағдайлардың (өлім, олардың біреуінің қайтыс болғаны туралы немесе хабар-ошарсыз  кеткенін жариялау) нәтижесінде немесе осы Кодекте белгіленген тәртіппен  некені (ерлі-зайыптыларды) бұзу арқылы ерлі-зайыптылардың екеуінің де, не оның біреуінің өз еркімен жасаған  іс-әрекетінің нәтижесіндегі олардың  арасындағы нақты және заңдық қатынастардың  тоқтатылуы.

 

16-бап. Жұбайының (зайыбының)  қайтыс болуы және оны өлді  немесе олардың біреуі хабар-ошарсыз  кеткен деп  жариялау салдарынан  некенің тоқтатылуы

 

1. Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың  біреуінің қайтыс болуы немесе  сот оны өлді немесе хабар-ошарсыз  кеткен деп жариялау салдарынан  тоқтатылады. 

 

2. Сот қайтыс болды деп жариялаған  немесе сот хабар-ошарсыз кеткен  деп таныған жұбайы келген  және тиісті сот шешімі күшін  жойған жағдайда некені (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптыларды бірлескен өтініші  бойынша азаматтық хал актілерін  жазу органы қалпына келтіруі  мүмкін.

 

3. Егер жұбайлардың екіншісі  жаңа некеге отырса, некені (ерлі-зайыптылық) қалпына келтіруге болмайды.

 

Егер неке қию кезінде тараптарға (немесе тараптарды біреуіне) қайтыс болды  немесе хабар-ошарсыз кетті деп  танылған жұбайы тірі екені белгілі  болса, бұл ереже қолданылмайды.

 

17-бап. Некені (ерлі-зайыптылық) бұзу

 

1. Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың  біреуінің немесе екеуінің де  өтініші бойынша, сондай-ақ сот  әрекетке қабілетсіз деп таныған  жұбайдың қорғаншысының өтініші  бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы  мүмкін.

 

2. Некені (ерлі-зайыптылық) әйелдің  жүктілігі кезеңінде және бала  туғаннан кейінгі бір жыл ішінде  әйелдің келісімінсіз бұзуға  болмайды.

 

18-бап. Азаматтық хал актілерін  жазу органдарында некені (ерлі-зайыптылық) бұзу

 

1. Азаматтық хал актілерін жазу  органдарында некені (ерлі-зайыптылық) бұзу кәмелетке толмаған ортақ  балалары жоқ және бір-біріне  мүліктік және өзге де талаптар  қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылық) бұзуға өзара келісуі  жағдайында жүргізіледі. 

 

2. Ерлі-зайыптыларға ортақ кәмелетке  толмаған балаларының болуына  қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің  өтініші бойынша, егер ерлі-зайыптылардың  екіншісін:

 

1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп  таныса;

 

2) сот әрекетке қабілетсіз деп  таныса;

 

3) қылмыс жасағаны үшін кемінде  үш жыл мерзімге бас бостандығынан  айыруға сотталса, неке (ерлі-зайыптылық) азаматтық хал актілерін жазу  органдарында бұзылады.

 

3. Некенің бұзылуын мемлекеттік  тіркеуді азаматтық хал актілерін  жазу органы азаматтық хал  актілерін мемлекеттік тіркеу  үшін осы Кодексте белгіленген  тәртіппен жүргізеді.

 

19-бап.  Некені (ерлі-зайыптылық) бұзу  кезінде ерлі-зайыптылардың арасында  туындайтын дауларды қарау

 

Некені бұзу кезінде ортақ мүлікті  бөлуге, еңбекке қабелетсіз зайыбын  асырауға қаражат төлеуге, сондай-ақ кәмелеттік жасқа жетпеген балаларға  қатысты ерлі-зайып­тылардың арасында туындайтын даулар сот тәртібімен қаралады.

 

20-бап. Некені (ерлі-зайыптылық) сот  тәртібімен бұзу Некені (ерлі-зайыптылық)  сот тәртібімен бұзу:

 

1) осы Кодекстің 16-бабының 2-тармағында  көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптыларда кәмелетке толмаған  ортақ балалардың болуы;

 

2) ерлі-зайыптылардың біреуінің  некені (ерлі-зайыптылық)  бұзуға  келісімі болмаған кезде; 

 

3) егер ерлі-зайыптылардың біреуі  өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, некені (ерлі-зайыптылық)  бұзудан  өз әрекеттері не әрекетсіздігі  арқылы жалтарса;

 

4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне  мүліктік талаптары болған жағдайларда  жүргізіледі.

 

Ерлі-зайыптылардың олардың құжаттарындағы олардың жеке бабстарын куәландыратын  тектері, неке куәлігінде тектеріне  сәйкес келмеген жағдайда құжаттарды қалпына келтірмегенше сот некені бұзу арызын қарастыруға қабылдамайды.

 

21-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің  некені (ерлі-зайыптылық)  бұзуға  келісім болмаған жағдайда некені  сот тәртібімен бұзу

 

1. Егер сот ерлі-зайыптылардың  одан әрі бірлесіп өмір сүруі  және отбасын сақтауы мүмкін  еместігін анықтаса, неке (ерлі-зайыптылық)  сот тәртібімен бұзылады.

 

2. Ерлі-зайыптылардың біреуінің  некені бұзуға келісімі болмаған  жағдайда, сот ерлі-зайыптыларды  татуластыруға шаралар қолдануға  және ерлі-зайыптыларға татуласу  үшін үш ай көлемінде мерзім  тағайындай отырып, істі қарауды  кейінге қалдыруға құқылы.

 

Егер ерлі-зайыптыларды татуластыру  жөніндегі шаралар нәтижесіз  болып шықса және ерлі-зайыптылар (олардың біреуі) некені (ерлі-зайыптылық)  бұзуды талап етсе, неке (ерлі-зайыптылық)  бұзылады.

 

22-бап. Өзге де негіздер бойынша  некені (ерлі-зайыптылық)  сот тәртібімен  бұзу

 

1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары  бар ерлі-зайыптылардың, сондай-ақ  осы Кодекстің 20-бабының 3) тармақшасында  көрсетілген ерлі-зайыптылардың  некені (ерлі-зайыптылық)  бұзуға  өзара келісімі болған жағдайда  сот некені айырылысу себептерін  анықтамай-ақ бұза алады. 

 

2. Некені (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен  бұзу ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылық)  бұзу туралы арыз берген күннен  бастап кемінде бір ай өткен  соң жүргізіледі. 

 

3. Ерекше жағдайларда сот осы  баптың 2-тармағында көрсетілгеннен  кемірек мерзім белгілеуі мүмкін.

 

23-бап. Некені (ерлі-зайыптылық)  бұзу туралы шешім  шығару  кезінде сот шешетін мәселелер

 

1. Некені сот тәртібімен бұзу  кезінде ерлі-зайыптылар соттың  қарауына кәмелетке толмаған  балалар өздерінің қайсысымен  тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) еңбекке жарамсыз мұқтаж  жұбайын асырауға қаражат төлеу  тәртібі туралы, бұл қаражаттың  мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың  ортақ мүлкін бөлу туралы келісім  ұсына алады. Неке бұзғаннан  кейін текті таңдауды азаматтық  хал актілерін жазу органдарында  некені бұзуды тіркеу кезінде  ерлі-зайыптылар шешеді.

 

2. Егер ерлі-зайыптылардың арасында  осы баптың 1-тармағында аталған  мәселелер бойынша келісім болмаса,  сондай-ақ ол келісім балалардың  немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің  мүдделерін бұзатындығы анықталса,  сот: 

Информация о работе Неке және отбасы туралы кодекс жобасы