Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 20:01, реферат
Қазақстан Республикасының Прокуратура органдары қадағалаушы, соттағы заңға қайшы істерге наразылық білдіруші орган болып табылады. Прокуратура органдары көптеген істерге қатысады, соның ішінде менің рефераттық жұмысымның негізгі тақырыбы яғни азаматтық істерде де өзіндік рөл атқарады.
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 ҚР Прокуратура органдары және олардың қызметі
2.2 Азаматтық іс жүргізуге прокуратура органдарының қатысуы.
ІІІ Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 ҚР Прокуратура органдары және олардың қызметі
2.2 Азаматтық іс жүргізуге прокуратура органдарының қатысуы.
ІІІ Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Прокуратура органдары қадағалаушы, соттағы заңға қайшы істерге наразылық білдіруші орган болып табылады. Прокуратура органдары көптеген істерге қатысады, соның ішінде менің рефераттық жұмысымның негізгі тақырыбы яғни азаматтық істерде де өзіндік рөл атқарады.
Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен
айқындалады.
Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәлме-дәл және бір үлгіде қолданылуына жоғары қадағалау жүргізу ісін мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тікелей өзі және өзіне бағынатын прокурорлар арқылы жүзеге асырады.
Прокуратура органдары Мемлекет басшысының қаржы дағдарысы кезінде қоғамның әлеуметтік-саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмаларын орындауға, сондай-ақ азаматтардың еңбек және экономикалық құқықтарын қорғауға ерекше назар аударып отыр. 2009 жыл бойына прокурорлардың жұмысы заң нормалары шеңберінде жұмысшыларға еңбекақыны уақтылы және толықтай төлеуді қамтамасыз етуге, өндіріс көлемін нақты себепсіз азайтып, қызметшілерді еңбек демалысына кетуге мәжбүрлеуге жол бермеуге бағытталды.
Прокурорлық қадағалау шаралары негізінде орындалған сот актілері 41,4%, ал өндірілген қаражаттың мөлшері 111,2% өскені байқалады. Соның ішінде мемлекеттік бюджетке 2008 жылы 1,9 миллиард өндірілсе, осы жылдың қорытындысымен 4 миллиард теңгеден астам берешектер өндірілді (118% өскен). Бұл прокурорлар қолданған шаралардың пәрменділігі мен тиімділігінің көз жеткізерлік нәтижесі екені сөзсіз.
Қызметтегі жаңа талаптар, қадағалау органдары қызметіндегі жағымды өзгерістер мен 2010 жылға белгіленген мақсаттар туралы айтсақ, құқық тәртібін сақтау органдарының келісімді жұмысын және елімізде заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында Құқық қорғау органдарының Үйлестіру Кеңесінің қызметі жандандырылған. 2009 жылы Үйлестіру Кеңесі мәжілістерінің қаралуына күш құрылымдарынан үйлестірілген іс-әрекетті және бірыңғай ұстанымды талап ететін аса өзекті мәселелер шығарылды. Құқық қорғау органдарының қызметінде бұрын басым болған жазалау бағытынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жағына бет бұрылды. Өңірлерде облыс прокурорлары басқаратын Үйлестіру Кеңесінің қызметі де жандандырылып, оң нәтижелер алып келуі тиіс.
Прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары да қайта қаралды. Жоғарыда айтылғандай, басты басымдық ретінде құқық қорғау құзыретінің тиімді әрі пәрменді жүзеге асырылуы айқындалды. Прокуратура органдарының ерекше назары мемлекеттің экономикалық мүдделерін сақтауға бағытталған. Қаржы дағдарысының зардаптарын неғұрлым азайтуға бағытталған Ұлттық Қордан бөлінген қаражаттың заңды және мақсатты жұмсалу мәселесі прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Мысалы, өткен жылы ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру, агроөнеркәсіптік кешенді, шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаражатты жұмсау заңдылығына тексерулер жүргізілді. Құқық қорғау және уәкілетті органдар қабылдаған алдын алу шаралары Ұлттық Қор қаражатының Үкімет белгілеген шарттарына сәйкес игерілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Прокуратура органдарының тексерулері нәтижесінде екінші деңгейдегі банктер тарапынан қор қаржысын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды. Мәселен, шағын және орта бизнес субъектілеріне жатпайтын, яғни несие алуға құқығы жоқ 4 несие алушыны 800 миллион теңгеден астам сомаға қайта қаржыландырған. Прокурорлық қадағалау актілері негізінде заңсыз пайдаланылған ақша банктерге қайтарылып, тиісті жобаларды қаржыландыруға жолданды.
Қазіргі таңда прокурорлар анықтаған заң бұзушылықтардың жойылуын қамтамасыз ету үшін қолданыстағы бақылау тетіктерін жетілдіру қажет. Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлық қадағалаудың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында прокурорлық тексерулерді жоспарлау және жүргізу кезіндегі тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу керек. Бұл прокурорлардың қызметін өзекті әрі маңызды арналарға бағыттауға мүмкіндік береді.
Прокуратура органдарының ең басты басым бағыттарының бірі ретінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету болған және солай болып қалады. Бұл әсіресе, әлеуметтік және еңбек қарым-қатынасы, денсаулық сақтау және білім беру салаларына қатысты. Осы жұмыс 2010-2020 жылдар аралығындағы мемлекеттің Құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелеріне сәйкес жүргізіле отырып, нығайтуды талап етеді.
Биыл прокуратура органдары өздерінің мәртебесінің көтерілуіне және өкілеттіктерінің кеңейтілуіне байланысты қызметін жоғары және сапалы деңгейге көшіруге бет бұруы керек. Біздерді жаңартылған құқықтық алаңда және қойылған тапсырмалардың өзгеріп, өсу жағдайында қызмет ету күтіп тұр. Атап айқанда, жыл сайын прокуратура органдарына азаматтардан келетін өтініштердің саны 20-30% арта түседі. Бір жағынан, бұл азаматтардың қадағалау органдарына сөзсіз сенімділігін және прокурорлар тарапынан олардың құқықтары мен мүдделері тиімді қорғалатынын куәландырады. Екінші жағынан, адамдардың қайырылу санының күрт өсуі бізге қоғамның даму тұрақтылығы, тыныштық пен құқық тәртібі жағдайының сақталуын қамтамасыз етуге қосымша жауапкершілік жүктейді.
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары
Қазақстан Республикасының прокуратурасы - Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретiн мемлекеттiк орган.
Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен
айқындалады. [1.1,2,3баптары]
Прокурордың сотта iс қараудағы құзыретi
1. Қылмыстық, азаматтық немесе өзге де сот iсiн жүргiзу барысында сотта мемлекет мүддесiн бiлдiре отырып, прокурор осы Заңға, сондай-ақ Республиканың қылмыстық iстер жүргiзу, азаматтық iстер жүргiзу және өзге де заңдарына сәйкес шағым және қадағалау тәртiбiмен өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады.
2. Соттың (судьяның) iс бойынша шешiмiмен, үкiмiмен немесе өзге қаулысымен оның заңға сәйкессiздiгi немесе негiзсiздiгi себептi келiспеген жағдайда, прокурор iстi қайта қарау немесе құқықтық актiнiң күшiн жою не өзгерту туралы жоғары тұрған сотқа наразылық беруге хақылы.[1.30бабы]
Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәлме-дәл және бір үлгіде қолданылуына жоғары қадағалау жүргізу ісін мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тікелей өзі және өзіне бағынатын прокурорлар арқылы жүзеге асырады.
Прокуратура органдары Мемлекет басшысының қаржы дағдарысы кезінде қоғамның әлеуметтік-саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмаларын орындауға, сондай-ақ азаматтардың еңбек және экономикалық құқықтарын қорғауға ерекше назар аударып отыр. 2009 жыл бойына прокурорлардың жұмысы заң нормалары шеңберінде жұмысшыларға еңбекақыны уақтылы және толықтай төлеуді қамтамасыз етуге, өндіріс көлемін нақты себепсіз азайтып, қызметшілерді еңбек демалысына кетуге мәжбүрлеуге жол бермеуге бағытталды.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша әлеуметтік-экономикалық салада 255 мың адамның конституциялық құқығы қорғалып, 183 мың қызметшінің жалпы сомасы 8,8 миллиард теңгені құрайтын еңбекақы бойынша қарызы өндіріліп берілді.
Прокуратура органдары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында өткен жылы жеке және заңды тұлғалардың 251 мыңнан астам арыз-шағымдарын шешіп берді. Олардың 14 мыңнан астамы негізді деп табылып, қанағаттандырылды. 66 мыңнан астам азамат пен заңды тұлғалардың өкілдері жеке қабылдауда болса, олардың 39 мыңнан астамын орталық және жергілікті орган басшылары тікелей қабылдады.
Сондай-ақ ел Президентімен болған “тікелей желі” барысында келіп түскен арыз-шағымдарды қарау жөніндегі жұмыстар толықтай аяқталды. Бұл ретте Бас прокуратурада жалпы алғанда 3443 сауал қаралып, 85 адамның өтініші қанағаттандырылды, 27 арыз ішінара қанағаттандырылып, 3044 арыз-шағымға заң нормалары шеңберінде нақты да анық түсіндірмелер берілді. Бұл арыз-шағымдарды қарау нәтижесінде прокуратура органдары заң бұзушылықты жою жөнінде 57 ұсыныс енгізді. 15 тәртіптік өндіріс және 10 қылмыстық іс қозғалды, қылмыстық қудалау органдарының 9 заңсыз қаулысы тоқтатылды, қадағалау сот инстанциясына 13 наразылық келтірілді. Мұның бәрі сайып келгенде прокуратура органдарының отандастарымыздың заңды құқықтары мен мүдделерін тікелей қорғап қалу жөніндегі күш-жігері пәрменділігінің айқын куәсі.
Сондай-ақ өткен жылы үлескерлік құрылыс саласындағы теріс салдарларға қарсы тұруға шаралар қабылданды. Олар құрылыс компанияларының кейбір басшылары тарапынан болған әртүрлі заң бұзушылықтар мен алаяқтық фактілері, олардың өз міндеттерін орындаудан бас тартуы, үлескерлердің ақшалай қаражаттарын мақсатсыз жұмсау, тіпті, тікелей талан-таражға салумен байланысты жағдайлар болды. 2009 жылы 82 нысан тұрғызу кезіндегі 45 құрылыс салушылар тарапынан болған әртүрлі теріс әрекеттер белгілерін, тіпті үлескерлердің қаржыларын ашық талан-таражға салу фактілерін прокурорлардың өздері тікелей анықтады. Бұл ретте 9 мыңнан астам азамат жәбірленуші деп танылды.
Прокурорлардың жедел әрекеттері арқасында тергеуге дейінгі кезеңде “Альвин Групп” (84 үлескер), “Азия Контракш Импекс” (130), “Серт” (730) сияқты құрылыс салушылардың тұрғын үй кешендерін салуын аяқтауына қол жеткізілді. Прокурорлық ықпал ету нәтижесінде “Ахсел Кент” құрылыс компаниясының құрылыс жұмыстары қайта жанданып, “Бейбарыс Билдинг” компаниясы 37 үлескерге басқа бітіп тұрған нысаннан тұрғын үй берді. Мұндай мысалдар аз емес.
Аумақтық прокуратура органдары басшыларының бастамалары бойынша анықталған барлық фактілерге қатысты қылмыстық қудалау органдарына нақты құқықтық тапсырмалар берілді. Соның нәтижесінде 50 қылмыстық іс қозғалып, қазірдің өзінде сот үкімдерімен 38 адам сотталды. Сонымен бірге теріс пиғылды құрылыс салушылардың үлескерлер пайдасына өтем ретінде өндіріп беруге болатын барлық активтерін анықтау жұмыстары жүргізілді және ол жалғасуда. Теріс пиғылды құрылыс салушылардың аяқталып бітпеген құрылыс нысандары мен басқа да активтері арқылы үлескерлердің салған ақшаларын қайтару жөнінде де жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі күні соттар прокурорлардың 4581 үлескер мүддесіне 35,4 миллиард теңге бойынша теріс пиғылды құрылыс салушыларға қойылған 48 талабын қанағаттандырды. Бұл дегеніңіз – прокуратура анықтаған қаржылық заң бұзушылардың жалпы сомасының 70 пайызы. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда, үлескерлік құрылыстың қатардағы қатысушыларының құқықтары мен экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі күш-жігерді табысты деп айтуға толық негіз бар.
Кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілерінің заңды құқықтарын қамтамасыз ету прокуратура органдарының 2009 жылғы құқық қорғау қызметінің басым бағытының бірі болды. Бір жағынан, олар жаһандық қаржы дағдарысының теріс әсерін мықтап сезінді. Бұл арада, Бас прокуратура бастамасымен прокуратура органдарының аумақтық бөлімшелерінің бәрінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде құрылған арнайы жедел топтар өз міндеттерін толық ақтағанын айта кеткен жөн. Соның нәтижесінде 100-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалды. Бұл бағыттағы күн сайынғы жұмыстар жалғасуда, мәселен, қазіргі уақытта кәсіпкерлер мен тауар өндірушілердің құқықтарын қорғау жөніндегі еліміздің барлық жеріне бірдей коммуникациялық торап – сенім телефонын қалыптастыру аяқталып келеді.
Тұтастай алғанда, әлеуметтік-экономикалық саладағы азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында 2009 жылы прокурорлар орталықта және жергілікті жерлерде 23 115 тексеру жүргізген. Олардың нәтижелері бойынша 10 296 наразылық қанағаттандырылып, 553 ұйғарым орындалды, заң бұзушылықты жою үшін шаралар қолданыла отырып, 19 661 прокурорлық ұсыным қаралды. Прокурорлық ықпал ету шаралары бойынша 38 387 заңсыз құқықтық акті тоқтатылды немесе өзгертілді. Тәртіптік, әкімшілік және материалдық жауапкершілікке 52 538 адам тартылды, 71 іс қозғалып, қазірде олардың 18-і сотқа жіберілді. Сот қараған қылмыстық істер бойынша 18 адам сотталып, мемлекет кірісіне 55 миллиардтан астам қаржы қайтарылды.
Информация о работе Азаматтық іс жүргізуге прокуратура органдарының қатысуы