Азаматтық іс жүргізуге прокуратура органдарының қатысуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 20:01, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының Прокуратура органдары қадағалаушы, соттағы заңға қайшы істерге наразылық білдіруші орган болып табылады. Прокуратура органдары көптеген істерге қатысады, соның ішінде менің рефераттық жұмысымның негізгі тақырыбы яғни азаматтық істерде де өзіндік рөл атқарады.

Содержание

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
2.1 ҚР Прокуратура органдары және олардың қызметі
2.2 Азаматтық іс жүргізуге прокуратура органдарының қатысуы.

ІІІ Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

реферат гр пр пр.doc

— 145.50 Кб (Скачать документ)

Құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес прокурорлар жұмысының басым бағыты болды және солай бола бермек. Бұл майданда да нақты нәтижелер бар­шы­лық. 2009 жылғы еліміздегі қыл­мыс­тық ахуалға жасалған талдау дағда­рыс­қа және бірқатар салада өндіріс кө­лемінің белгілі бір дәрежеде төмен­деуіне қарамастан, жұмыстарын про­ку­ратура үйлестіріп отырған құқық қор­ғау органдары елімізде тіркелген қыл­мыстар санын 2008 жылмен салыс­тырғанда 4,6 пайызға төмендетуге қол жеткізді.

Қылмыстық ахуал статистикасы­ның маңызды көрсеткіштері мен са­нат­тары бойынша төмендеу байқалып отыр. Мәселен, жалпы қылмыс саны 6,1 пайызға төмендеді. Ал ауыр қыл­мыс саны 10 пайызға төмендеп, қыл­мыс­тың ашылуы 71,8 пайыз артты.

Қазақстан Конституциясында бел­гіленгендей, ешкімді де азаптауға, қи­науға, қатал немесе адамның ар-ожда­нын кемсітетін басқа да әрекеттермен жазалауға жол жоқ.

Елімізде бұл конституциялық нор­ма­ны қамтамасыз ету үшін барлық құ­қықтық тетік жасалып, азап көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілік бел­гі­ленген және азаптауға қарсы БҰҰ Кон­венциясы мақұлданған. Ал Жоғарғы Сот адамның ар-ожданына қол сұқпау жөнінде арнайы нормативтік қаулы қабылдаған. Осыған орай, прокурорлар жедел-іздестіру қызметі, тергеу мен анық­тау, жазаның орындалу заңды­лы­ғына қадағалауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық қудалау саласына түскен адамдарға азаптау қолдануды немесе бас­қа да қаталдық көрсетуді мүлдем бол­дырмау жөнінде түбегейлі шаралар қолдануда Ішкі істер органдарына осыдан біраз жыл бұрын енгізілген “кезекші прокурор” институты өзін то­лық ақтап отыр. Соның арқасында бұл салаға қадағалау тұрақты да пәрменді сипат алды. Тәулік бойғы прокурорлық рейдтер, уақытша ұстау орындарын­дағы немесе жедел-іздестіру қызметінің қызмет жайындағы адамдарға қатысты ахуалдарды сол жерде тексеру азамат­тар­дың құқықтарына нұқсан келтіру фактілерінің қолма-қол жолын кесуге мүмкіндік береді.

Мұндай қылмыстарды тергеу проку­рор­лардың ұдайы бақылауымен жүргізі­ле­ді. Прокурорлар ел беделіне нұқсан келтіретін мұндай келеңсіз көріністерге ашық тергеу жүргізуге, сондай-ақ кү­дік­тілер мен ұсталғандарға азап көр­сет­кен және басқа да рұқсат етілмеген әре­кеттерге баруға кінәлі лауазымды адамдардың заңды да әділ жазасын алуына түбегейлі қол жеткізетін болады.

2009 жылы тергеу топтарына бас­шы­лық жасайтын арнайы прокурорлар 121 күрделі және маңызды қылмыстық істі өз өндірісіне алған, оның ішінде 58 іс бойынша тергеу аяқталып, сотқа жіберілді, олардың 40-ы бойынша айыптау үкімі шығып үлгерді.

2009 жылы сот төрелігін жүзеге асы­ру саласында заңдылықты қамта­масыз ету мақсатында прокурорлар тарапынан барлық қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыптауға қолдау көрсетілді (жеке айыптау істерін қоспағанда).

Прокурорлардың бастамасымен апелляциялық сатыдағы соттармен 1311 адамға қатысты үкімдер заңға сәйкестендірілді. Республика бойынша апел­ляциялық наразылықтардың қана­ғаттандырылуы 89,3%-ды құрады. Қадағалау тәртібімен прокурор на­ра­зылықтары негізінде 474 адамға қа­тысты сот қаулылары (үкімдері) заңға сәй­кес келтірілді, ал қадағалау нара­зы­лық­тарының қанағаттандырылуы 93,5%-ды құрады. Азаматтарды заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартудың барлық фактілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты қатаң прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданды.

Кейбір жағдайларда азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтары­на әсерін тигізетін қадағалау тәжірибе­сі­нің өзге де маңызды тұрғысы ретінде атқару өндірісі саласында заңдылық­тың сақталуына қадағалау ұйым­дас­тыру болып есептеледі. 2009 жылдың статистикалық көрсеткіштеріне сүйен­сек, бұл салада келеңсіз үрдістерді тү­бе­гейлі өзгертумен шектелмей, жағдай едәуір жақсартылды деп айтуға болады. Бұл көпшілігінде прокурорлардың мақ­сатты және бірізді жұмыс жасауының арқасында мүмкін болып отыр.

2008 жылмен салыстырғанда мүлік­тік өндірулер бөлігінде атқару өндірісі заңдылығының прокурорлық қадағалау жағдайы сөзсіз жақсарды деуге болады. Прокурорлық ықпал ету шаралары негізінде 15984 сот актілері бойынша жал­пы сомасы 9 миллиард теңгеге жуық берешек өндірілді. Салыстыру үшін, 2008 жылы 4,2 миллиард теңге құрайтын 11302 сот актілері орын­дал­ды. Прокурорлық қадағалау шаралары негізінде орындалған сот актілері 41,4%, ал өндірілген қаражаттың мөл­шері 111,2% өскені байқалады. Соның ішін­де мемлекеттік бюджетке 2008 жылы 1,9 миллиард өндірілсе, осы жылдың қорытындысымен 4 миллиард теңгеден астам берешектер өндірілді (118% өскен). Бұл прокурорлар қол­дан­ған шаралардың пәрменділігі мен тиім­ді­лігінің көз жеткізерлік нәтижесі екені сөзсіз.

Қызметтегі жаңа талаптар, қадаға­лау органдары қызметіндегі жағымды өзгерістер мен 2010 жылға белгіленген мақсаттар туралы айтсақ, құқық тәртібін сақтау органдарының келісімді жұмысын және елімізде заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында Құқық қор­ғау органдарының Үйлестіру Ке­ңесінің қызметі жандандырылған. 2009 жылы Үйлестіру Кеңесі мәжілістерінің қаралуына күш құрылымдарынан үйлестірілген іс-әрекетті және бірыңғай ұстанымды талап ететін аса өзекті мә­се­лелер шығарылды. Құқық қорғау ор­гандарының қызметінде бұрын басым болған жазалау бағытынан құқық бұзу­шылықтардың алдын алу және жолын кесу жағына бет бұрылды. Өңірлерде облыс прокурорлары басқаратын Үй­лестіру Кеңесінің қызметі де жан­дан­дырылып, оң нәтижелер алып келуі тиіс.

Прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары да қайта қаралды. Жоғарыда айтылғандай, басты басым­дық ретінде құқық қорғау құзыретінің тиімді әрі пәрменді жүзеге асырылуы айқын­дал­ды. Прокуратура органдары­ның ерек­ше назары мемлекеттің эко­номикалық мүдделерін сақтауға бағыт­талған. Қаржы дағдарысының зардап­тарын неғұрлым азайтуға бағытталған Ұлттық Қордан бөлінген қаражаттың заңды және мақсатты жұмсалу мәселесі прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

Мысалы, өткен жылы ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру, агро­өнеркәсіптік кешенді, шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаражатты жұмсау заңдылығына тексерулер жүр­гізілді. Құқық қорғау және уәкілетті ор­гандар қабылдаған алдын алу шара­лары Ұлттық Қор қаражатының Үкімет белгілеген шарттарына сәйкес игері­луін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Прокуратура органдарының тек­серулері нәтижесінде екінші деңгейдегі банктер тарапынан қор қаржысын мақ­сатсыз пайдалану фактілері анықталды. Мәселен, шағын және орта бизнес субъектілеріне жатпайтын, яғни несие алуға құқығы жоқ 4 несие алушыны 800 миллион теңгеден астам сомаға қайта қаржыландырған. Прокурорлық қадағалау актілері негізінде заңсыз пай­даланылған ақша банктерге қай­тарылып, тиісті жобаларды қаржы­лан­дыруға жолданды.

Қазіргі таңда прокурорлар анық­таған заң бұзушылықтардың жойылуын қам­тамасыз ету үшін қолданыстағы бақылау тетіктерін жетілдіру қажет. Әлеу­меттік-экономикалық салада про­курорлық қадағалаудың сапасы мен тиім­ділігін арттыру мақсатында про­курорлық тексерулерді жоспарлау және жүргізу кезіндегі тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу керек. Бұл прокурорлар­дың қызметін өзекті әрі маңызды арналарға бағыттауға мүмкіндік береді.

Прокуратура органдарының ең басты басым бағыттарының бірі ретінде аза­маттардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қам­тамасыз ету болған және солай болып қалады. Бұл әсіресе, әлеуметтік және еңбек қарым-қатынасы, денсаулық сақтау және білім беру салаларына қа­тысты. Осы жұмыс 2010-2020 жылдар аралығындағы мемлекеттің Құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелері­не сәйкес жүргізіле отырып, нығайтуды талап етеді.

Биыл прокуратура органдары өз­дерінің мәртебесінің көтерілуіне және өкілеттіктерінің кеңейтілуіне бай­ла­нысты қызметін жоғары және сапалы деңгейге көшіруге бет бұруы керек. Біз­дерді жаңартылған құқықтық алаңда және қойылған тапсырмалардың өзгеріп, өсу жағдайында қызмет ету күтіп тұр. Атап айқанда, жыл сайын прокуратура органдарына азаматтардан келетін өтініштердің саны 20-30% арта түседі. Бір жағынан, бұл азаматтардың қадағалау органдарына сөзсіз сенім­ділігін және прокурорлар тарапынан олардың құқықтары мен мүдделері тиімді қорғалатынын куәландырады. Екінші жағынан, адамдардың қайы­рылу санының күрт өсуі бізге қоғам­ның даму тұрақтылығы, тыныштық пен құқық тәртібі жағдайының сақталуын қамтамасыз етуге қосымша жауапкершілік жүктейді.

Биыл әлеуметтік-экономикалық саланың заңдылығын қадағалауда басталған жүйелі өзгерістерді аяқтауды мақсат етіп отырмыз. 2010-2014 жыл­дарға бекітілген Бас прокуратураның Стратегиялық жоспарына сәйкес, не­гізгі талап ретінде анықталған заң бұзу­шылықтарды жедел және нақты жою белгіленген. Сонымен қатар салалық статистикалық есеп пен Бірыңғай ақпараттық жүйе әрбір бұзушылық туралы ақпаратты анықталғаннан бастап жойылғанға дейін көрсетуі тиіс.

Бұдан басқа прокуратура органдары­ның жұмысында тағы бір жаңа үрдіс ТМД-ның үш мемлекеті: Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Кеден одағын құру шешіміне негізделген. Осы­ған байланысты, кеден заңнамасының сақталуына ұйымдастырылып, жүргізіл­ген прокурорлық тексерулердің сапасын қамтамасыз ету талаптары осыған байланысты айтарлықтай өседі.

Еліміздегі соттар қараған істердің жыл сайынғы өсу беталысын ескеру қажет. 2009 жылы сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету саласында прокурорлар 48 мың қылмыстық, 58 мың азаматтық және 112 мыңнан астам әкімшілік істерге қатысты. Өткен жылдың бірінші жар­ты­жылдығының қорытындысы бойын­ша соттарда прокурорлар тарапынан мемлекет мүдделеріне өкілдік ету функ­циясы сынға алынған болатын. Бүгінгі күні бұл көрсеткіштер жақса­рып, прокурорлар сот актілерінің заң­дылығы мен негізділігіне тиімді әсерін тигізген. Алайда, мемлекеттік айыпты қолдау мен қорытынды беру және сот актілеріне наразылық келтіру осы күнге дейін сотта өкілдік ету саласында ең басты мақсат болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Азаматтық іс жүргізуге прокуратура органдарының қатысуы.

 

Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы мұның өзі заңмен көзделген немесе осы іске прокурордың қатысу қажеттілігін сот таныған жағдайларда міндетті. Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша процеске қатысуға құқылы.

Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға, өтініш жасауға құқылы. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы, егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, тек мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор талап қоя алады. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қоя алады.

Егер талап қоюшы прокурор мәлімдеген талапты қолдамаса, егер үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері қозғалмаса, онда сот талап қоюды (арызды) қараусыз қалдырады.

Талап қойған прокурор, бітімгершілік келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады, сондай-ақ барлық іс жүргізу міндеттерін мойнына алады. Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін талап қоюдан бас тартуы ол тұлғаны істің мәнісі бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды[3.55бабы]

Заң бойынша прокурордың азаматтық іс жүргізуге  2 формасы қарастырылған :

1) Прокурордың сотқа талап қою арқылы қатысуы.

ҚР АІЖК – нің  55-бабы 3 бµлігіне сәйкес прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін  қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға, µтініш жасауға құқылы.  Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы , егер адам дәлелді себептермен µзі сотқа жүгіне алмаса, тек мүдделі адамның µтінішімен ғана прокурор талап қоя алады. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның µтінішіне қарамастан талап қоя алады

Прокурордың талаптары- заң бұзушылыққа қарсы күрестің тиімді де маңызды құралдарының бірі.

2) Іс бойынша қорытынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.

Прокурор µзіне жүктелген міндетттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша процеске қатыса алады.

Прокуратура органдарының азаматтық істе қадағалау жүргізуіне байланысты Қазақстан Республикасының Бас прокуроры  «Азаматтық iстер бойынша сот актiлерiнiң заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекiту туралы»  бұйрық шығарған.[4.]

Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына сәйкес азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың конституциялық, өзгеде заңдар қорғайтын құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, азаматтық заңнаманың негізі - сот әділдігін жүзеге асырудың қағидаларын бұлжытпай сақтауы азаматтық сот ісін жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың міндеті болып табылады.

Әкімшілік және азаматтық істер бойынша сот қаулылары мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау Департаменті (әрі қарай Департамент), Бас әскери прокурор, облыстық, Астана мен Алматы қалаларының прокурорлары, қала, аудан және оларға теңестірілген прокурорлар азаматтық істер бойынша сот актілерінің заѕдылығын тұрақты және тиімді қадағалауды, өз бастамасымен және басқа да тұлғалардың бастамасымен қозғалған азаматтық істерді сотта қарау кезінде қатысуды, сот актілерінің заңдылығын тексеріп, олар заңсыз болған жаєдайда наразылық келтіруді, азаматтық істерді қарау кезінде соттың іс жүргізу мерзімін сақтауын тексеруді, азаматтық істердің сотта жүргізілуіне қадағалаудың жағдайына тұрақты талдау жасауды қамтамасыз етеді.
      Көлік прокурорларының ведомстволық бағыныштылығына жататын азаматтық істерді сотта қарауға тағайындаған кезде оларға қатысу және кейінгі қадағалауды жүзеге асыру осы соттың мекен-жайы бойынша орналасқан көлік прокурорларына жүктеледі. Егер көлік прокурорларының ведомстволық бағыныштылығына жататын азаматтық істерді тағайындаған соттың мекен-жайы бойынша көлік прокуратуралары орналаспаған болса, аймақтыќ прокурорлар осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес сотта қатысуды қамтамасыз ету үшін ол туралы көлік прокурорларына дер кезінде хабарлайды, ал көлік прокурорлары сотқа келмеген жағдайда, бірінші сатыдағы сотқа қатысу және апелляциялық тәртіпте қадағалауды жүзеге асыру тиісті аймақтық прокурорларға жүктеледі. Бұдан кейін осы істер бойынша қабылданған сот актілерінің заңдылығын қадағалау тәртібінде тексеруді тиісті көлік прокурорлары жүзеге асырады. Соттарда қаралған істер бойынша аймақтық және көлік прокурорлары тоқсан сайын салыстырып, анықтау есебін жүргізеді.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізуге прокуратура органдарының қатысуы