Азаматтық іс жүргізуге прокуратура органдарының қатысуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 20:01, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының Прокуратура органдары қадағалаушы, соттағы заңға қайшы істерге наразылық білдіруші орган болып табылады. Прокуратура органдары көптеген істерге қатысады, соның ішінде менің рефераттық жұмысымның негізгі тақырыбы яғни азаматтық істерде де өзіндік рөл атқарады.

Содержание

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
2.1 ҚР Прокуратура органдары және олардың қызметі
2.2 Азаматтық іс жүргізуге прокуратура органдарының қатысуы.

ІІІ Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

реферат гр пр пр.doc

— 145.50 Кб (Скачать документ)

Прокурор міндетті түрде заңда көзделген, сот немесе жоғары тұрған прокурорлар қажет деп тапқан, прокурордың бастамасы бойынша қозғалған, мемлекеттің мүддесіне қатысты, денесі мен ақыл-есінің кемістігінен өзінің мүддесін сот арқылы қорғау құқығын жүзеге асыра алмайтын азаматтардың, кәмелетке толмағандардың (алимент өндіру туралы істерді қоспағанда) құқықтары мен мүдделеріне қатысты, мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды тұлғалардың шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) арыздану, азаматты тұрғын үйден басқа үй-жай берместен шығару, жұмысқа қайта орналастыру, азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы сотта қаралатын істер бойынша іс жүргізуге қатысып, қорытынды береді.
      Сонымен қатар, мемлекет мүддесіне қатысты істердің санатына, мемлекеттік кәсіпорындардың көрсеткен қызметтері үшін тұтынушылардан берешек сомаларын өндіру туралы даулар бойынша азаматтық істерді қоспағанда, тараптары мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындар болып табылатын барлық істер жатады.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың бірінші сатыдағы сот мәжілісіне қатысу, соттарда басқа прокурорлардың талаптарын қарауды қоспағанда, осы соттардың мекен-жайы бойынша орналасқан прокурорларға жүктеледі. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарда басқа прокурорлардың талаптарын қарау барысында істі бірінші сатыда қарау кезінде іске қатысуды облыстық немесе оларға теңестірілген прокуратуралардың тиісті бөлімдерінің қызметкерлері қамтамасыз етеді. Астана және Алматы қалаларында мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот актілерінің заңдылыєын қадағалауды іске асырудың тәртібін Астана және Алматы

Қалаларының прокурорлары анықтайды.

              Әскери соттарда қаралатын азаматтық істерге қатысу осы соттардың мекен-жайы бойынша орналасқан әскери прокурорларға жүктеледі.

Азаматтық сот ісін жүргізудің барлық сатыларында, өз бастамасымен қатысатын істер бойынша прокурорлар өз ұстанымын тек іс құжаттарына, заң талаптарына қатаң негіздеп, оны жүйелі түрде қолдап, заңдылық, азаматтардың және заңды тұлғалардың заң мен сот алдындағы теңдігі, тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы туралы принциптерді басшылыққа алады. Іс бойынша қорытынды берген кезде өз ұстанымын нормативті құқықтық актілер мен сотта зерттелген іс құжаттарына сүйеніп, анықтап дәлелдейді.
      Азаматтық іспен танысқаннан кейін, нәтижесі прокурорға немесе осы салаға жетекшілік ететін орынбасарға алдын-ала баяндалады.

Қаралған іс бойынша заң бұзылған жағдайда қатысушы прокурор сот алдында лауазымды тұлғаға немесе ұйымға қатысты жеке ұйғару шығару туралы өтініш етеді. Анықталған заңды бұзу фактілері бойынша қосымша тексеріс жїргізу және кінәлі деп танылғандарды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешуге прокурорлар шара қолданады.

Прокурорлар азаматтық істер бойынша өндірісті тоқтату туралы сот ұйғаруларының заңдылығын тоқсан сайын тексеріп, заңдылық бұзушылығы анықталєан жағдайда оларды жою үшін шаралар қолданады.

              Прокурорлардың талап арыздары бойынша қозғалған істерге, қай бөлімшенің бастамасы бойынша іс қозғалса, соның қызметкерлері сотта қатысуды қамтамасыз етеді. Апелляциялық мерзім ішінде белгіленген категориядағы істер бойынша сот шешімдеріне наразылық келтіру жауапкершілігі осы қызметкерлерге жүктеледі.

Прокурорлар өз бастамасымен қатысқан істер бойынша сот тарапынан жіберілген қателіктерді заңсыз сот қаулыларына апелляциялық тәртіпте наразылық келтіру арқылы уақтылы жоюға шара қолданады. Апелляциялық наразылықты, тек Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 364-бабында белгіленген сот шешімінің күшін жоюдың не оны өзгертудің негіздемелері болған жағдайда ғана, және осы Кодекстің 335-бабының талаптарын сақтай отырып келтіреді.

Заң бұзушылық айқындалған жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 6-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес прокурорлар судьяларды жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданады.
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасына апелляциялық (жеке) наразылық келтірген жағдайда оның көшірмесі бір мезгілде Департаментке жолданады.

Прокурорлар апелляциялық тәртіпте қаралатын барлық істерге қатысады (Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 350-ші бабының 2-тармағы). Апелляциялық сатыда қарауға тағайындалған азаматтық істерді зерттегеннен кейін негізделген қорытынды жасалып, оны осы салаға жетекшілік ететін орынбасар бекітеді.

                   Департамент прокурорлары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының барлық мәжілістеріне қатысады.

Сотта қаралған істер бойынша сот шешімдерінің заңдылығы мен осы істер бойынша бұзылған сот шешімдерінің санынан есептелетін апелляциялық наразылық келтірудің тиімділігін ескере отырып, азаматтық сот ісін жүргізудегі прокурорлық қадағалау жағдайына баға беріледі.

Қадағалау қалпына баға берудің өлшемі ретінде апелляциялық наразылық келтірудің тиімділігі, жұмыс нәтижелеріне қанағаттандырылған және келтірілген (соның ішінде, қаралған, қайтарып алынған және қараусыз қайтарылған) наразылықтардың жалпы санының ара қатынасы негізінде баға берілетін, көлік және өзге мамандандырылған (әскерилерді қоспағанда) прокурорларға қолданылмайды.

Прокурорлардың жұмысының сапасы қанағаттандырылған апелляциялық, қадағалау наразылықтарының және келтірілген (соның ішінде, қаралған, қайтарып алынған және қараусыз қайтарылған) наразылықтардың жалпы санының ара қатынасы негізінде, сондай-ақ апелляциялық шағымдардың негізінде бұзылған, прокурордың өз бастамасымен қатысқан істер бойынша қабылданған сот шешімдерінің жалпы санынан анықталады.

Прокурорлар облыстық және оларға теңестірілген соттардың қадағалау алқаларының барлық мәжілістеріне, тараптар мен басқа тұлғалардың қадағалау шағымдарын алдын ала қарау жөніндегі мәжілістерін қоспағанда, міндетті түрде қатысады (Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 398-бабының 1-тармағы). Қадағалау алқасында қарауға тағайындалған азаматтық істер зерттелгеннен кейін, нәтижесі бойынша негізделген қорытынды жасалып, оны осы салаға жетекшілік ететін орынбасар бекітеді.
      Облыс, Астана, Алматы қалаларының және оларға теңестірілген прокурорлар Бас прокуратураның наразылықтарын облыстық және оларға теңестірілген соттардың қадағалау алқаларының мәжілістерінде білікті қолдап, қарау нәтижесі туралы Департаментке хабарлап, олардың көшірмелерін кідіріссіз жіберуді қамтамасыз етеді.

Прокуратура органдарына келіп түскен азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын прокурорлар істерді талап ете отырып тексереді Өтінішті қанағаттандырусыз қалдырған жағдайда заңда белгіленген мерзім ішінде дәлелдеу қорытындысы жасалып, өтініш иесіне жауап беріледі. Қорытындыны облыс прокуроры (оған теңестірілген прокурор) не болмаса оның осы салаға жетекшілік ететін орынбасары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының осы салаға жетекшілік ететін орынбасары бекітеді. Қадағалау тәртібінде наразылық келтіруге өкілетті адам, атап айтқанда облыс прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор, және Бас Прокурордың осы салаға жетекшілік ететін орынбасары өтініш иелеріне берілетін жауаптарға қол қояды. Тараптардың азаматтық іс бойынша қадағалау тәртібінде наразылық келтіру туралы өтінімдерін қарау кезінде мемлекеттік емес шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасындағы сот дауларына негізсіз араласуға жол берілмейді. Мемлекет мүддесіне қатысты емес азаматтық істер бойынша қадағалау тәртібіндегі наразылық тек соттар жіберген едәуір заң бұзушылықтар анықталған жағдайда (Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 387 бабы) және іс бойынша тарап жеке дербес қадағалау шаєымын бергені, оны қадағалау сатысындағы соттың негізсіз қанағаттандырусыз қалдырғаны туралы мәліметтер бар болған жағдайда ғана келтіріледі.
      Облыс, Астана, Алматы қалаларының және оларға теңестірілген прокурорлар істердің облыстық және оларға теңестірілген соттардың қадағалау алқаларының мәжілістерінде қаралғанына қарамастан, олардың юрисдикциясындағы соттар қабылдаған барлық сот актілеріне шағымдарды (өтінімдерді) қадағалау тәртібінде қарауға міндетті. Наразылық келтіру үшін негіздемелер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына заңсыз сот актілеріне наразылық келтіру туралы ұсыныс енгізіледі. Ұсыныс жасау туралы мјәселені шешу кезінде олар Қазақстан   Республикасының Азаматтық іс жїргізу кодексінің 387-бабының 3-тармағының талаптары мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативті қаулыларын басшылыққа алады.Азаматтық істердің сотта жүргізілуіне прокурорлық қадағалау мен сот әділдігін жїүеге асыру туралы ақпараттар, сондай-ақ осындай талдауларға негізделген азаматтық дауларды дұрыс шешу үшін нормативті құқықтық базаны жетілдіру жөнінде, прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы ұсыныстар Бас прокуратураға тоқсанына бір рет жолданады. Өз қызметін жетілдіру мақсатында аймақтық прокурорлар және оларға теңестірілген прокурорлар өзекті категориялар бойынша және осы Нұсқаулықтың 4-бөлігінде көрсетілген азаматтық істердің сотта жүргізілуіне прокурорлық қадағалау тәжірибесін жүйелі түрде зерделейді және жинақтап қорытындылайды, талдау жасайды, олар бойынша ақпаратты (бақылау тәртібінде) жоғары тұрған прокурорларға жартыжылда бір рет жолдайды.
      Аталған ақпараттар Бас прокуратураға есепті мерзім аяқталғаннан кейін келесі айдың 7-ші күніне дейін жіберіледі. Көрсетілген категориядағы істерді сотта қарау тәжірибесіне талдау жасаудың нәтижесі бойынша Бас прокуратура Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленарлық мәжілісінде қарауға ұсыныстар енгізуге құқылы. Бағынышты прокурорлар ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы құжаттармен қамтамасыз етіледі, озық тәжірибе таратылады. Прокуратура қызметкерлерінің іскерлік және құқықтық біліктіліктерін жоғарылату жөнінде оқу-әдістемелік іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіледі, прокурорлар сынақтан өткізіледі. Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Заңының 27-бабының талаптарына сәйкес жариялылық негізінде жүзеге асырылады. Департамент азаматтық істердің сотта жүргізілуіне қадағалау жұмысының тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік туғыза отырып, осы салада қадағалауды жүзеге асыру жөнінде төмен тұрған прокуратуралардың қызметіне басшылық пен бақылауды қамтамасыз етеді, Бас прокуратураның басқа құрылымдарымен, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен, ғылыми және оқу мекемелерімен өзара байланыс іс-әрекеттерін жүзеге асырады.

Қазіргі кездегі прокуратура органдарының қызметінің негізгі бағыты заңның үстемдігін нығайту, адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын қатаң және бұлжытпай сақтау болып табылады. Осы мақсатта 2009 жылдың қорытындылары бойынша прокурорлар әлеуметтік-экономикалық салада 23 115 тексеру жүргізді, олардың барысында 263 367 заңдылықты бұзушылық анықталды. Прокурорлық қадағалау актілерін енгізу нәтижелері бойынша 553 ұйғарым орындалды, 10 296 наразылық қанағаттандырылды,  19 661 ұсыным қаралды, 450 967 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды, заңмен белгіленген жауапкершілікке 52 538 адам тартылды,  38 387 заңсыз актілердің күші жойылды және өзгертілді, мемлекеттің кірісіне 53 млрд. теңгеден астам өндірілді. Тергеу мен анықтау заңдылығын қадағалау саласында 2009 жылы қылмыстық істі тоқтату туралы 5 809 қаулының және қысқарту туралы 2 492 қаулының, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы 3080 қаулының күші жойылды. Айыптау қорытындысымен келіп түскен істердің жалпы санынан 1 426 іс қосымша тергеу жүргізу үшін қайтарылды, 567 іс қасқартылды, 48 294 іс сотқа мәні бойынша қарау үшін жіберілді. Қылмыстық жазаларды орындау заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру шеңберінде прокурорлар 2 623 тексеру жүргізді, 5 105 заңдылық бұзушылықты анықтады, 1 370 адам прокурорлық ден қою шаралары бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды.[3]

      Тәжірибе көрсетіп отырғандай, прокуратура органдары заңдылықты қамтамасыз ету және қалпына келтіру тетігіндегі тиімді буын болып табылады. Сонымен қатар, қазақстандық қоғамның қалыптасуы мен дамуының объективті жағдайлары заңдылықты қамтамасыз етудің жаңа қазіргі заманғы модельдерін әзірлеп, қалыптастыру мен іс жүзінде іске асыруды талап етеді. Сондықтан прокуратура органдарының қоғамдық өмірдің және қазақстандық заңнаманың серпінді өзгеріп отырған болмыстарына лайық одан әрі дамуы мен жаңаруы таяу келешекте басты міндет болып табылады.[3]

 

 

 

 

Қортынды

       Қорыта келгенде прокуратура органдары әр салада сот ісіне қатысып соттағы тәртіпті қадағалап іске қатысып отырады. Прокурорлар азаматтық іске көбінесе банкроттық, тұлғалардың әрекетке қабілетсіз жағдайларында қатысады. Тәуелсіздік алғаннан бері мемлекеттік органдардың жұмыстарында едәуір өзгеріс бар деуге болады.

Прокуратура органдарына келіп түскен азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын прокурорлар істерді талап ете отырып тексереді Өтінішті қанағаттандырусыз қалдырған жағдайда заңда белгіленген мерзім ішінде дәлелдеу қорытындысы жасалып, өтініш иесіне жауап беріледі. Қорытындыны облыс прокуроры (оған теңестірілген прокурор) не болмаса оның осы салаға жетекшілік ететін орынбасары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының осы салаға жетекшілік ететін орынбасары бекітеді. Қадағалау тәртібінде наразылық келтіруге өкілетті адам, атап айтқанда облыс прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор, және Бас Прокурордың осы салаға жетекшілік ететін орынбасары өтініш иелеріне берілетін жауаптарға қол қояды.  Тараптардың азаматтық іс бойынша қадағалау тәртібінде наразылық келтіру туралы өтінімдерін қарау кезінде мемлекеттік емес шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасындағы сот дауларына негізсіз араласуға жол берілмейді. Мемлекет мүддесіне қатысты емес азаматтық істер бойынша қадағалау тәртібіндегі наразылық тек соттар жіберген едәуір заң бұзушылықтар анықталған жағдайда (Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 387 бабы) және іс бойынша тарап жеке дербес қадағалау шаєымын бергені, оны қадағалау сатысындағы соттың негізсіз қанағаттандырусыз қалдырғаны туралы мәліметтер бар болған жағдайда ғана келтіріледі.
      Облыс, Астана, Алматы қалаларының және оларға теңестірілген прокурорлар істердің облыстық және оларға теңестірілген соттардың қадағалау алқаларының мәжілістерінде қаралғанына қарамастан, олардың юрисдикциясындағы соттар қабылдаған барлық сот актілеріне шағымдарды (өтінімдерді) қадағалау тәртібінде қарауға міндетті. Наразылық келтіру үшін негіздемелер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына заңсыз сот актілеріне наразылық келтіру туралы ұсыныс енгізіледі. Ұсыныс жасау туралы мјәселені шешу кезінде олар Қазақстан   Республикасының Азаматтық іс жїргізу кодексінің 387-бабының 3-тармағының талаптары мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативті қаулыларын басшылыққа алады.Азаматтық істердің сотта жүргізілуіне прокурорлық қадағалау мен сот әділдігін жїүеге асыру туралы ақпараттар, сондай-ақ осындай талдауларға негізделген азаматтық дауларды дұрыс шешу үшін нормативті құқықтық базаны жетілдіру жөнінде, прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы ұсыныстар Бас прокуратураға тоқсанына бір рет жолданады. Өз қызметін жетілдіру мақсатында аймақтық прокурорлар және оларға теңестірілген прокурорлар өзекті категориялар бойынша және осы Нұсқаулықтың 4-бөлігінде көрсетілген азаматтық істердің сотта жүргізілуіне прокурорлық қадағалау тәжірибесін жүйелі түрде зерделейді және жинақтап қорытындылайды, талдау жасайды, олар бойынша ақпаратты (бақылау тәртібінде) жоғары тұрған прокурорларға жартыжылда бір рет жолдайды.
      Аталған ақпараттар Бас прокуратураға есепті мерзім аяқталғаннан кейін келесі айдың 7-ші күніне дейін жіберіледі. Көрсетілген категориядағы істерді сотта қарау тәжірибесіне талдау жасаудың нәтижесі бойынша Бас прокуратура Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленарлық мәжілісінде қарауға ұсыныстар енгізуге құқылы. Бағынышты прокурорлар ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы құжаттармен қамтамасыз етіледі, озық тәжірибе таратылады. Прокуратура қызметкерлерінің іскерлік және құқықтық біліктіліктерін жоғарылату жөнінде оқу-әдістемелік іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіледі, прокурорлар сынақтан өткізіледі. Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Заңының 27-бабының талаптарына сәйкес жариялылық негізінде жүзеге асырылады. Департамент азаматтық істердің сотта жүргізілуіне қадағалау жұмысының тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік туғыза отырып, осы салада қадағалауды жүзеге асыру жөнінде төмен тұрған прокуратуралардың қызметіне басшылық пен бақылауды қамтамасыз етеді, Бас прокуратураның басқа құрылымдарымен, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен, ғылыми және оқу мекемелерімен өзара байланыс іс-әрекеттерін жүзеге асырады.

Қазіргі кездегі прокуратура органдарының қызметінің негізгі бағыты заңның үстемдігін нығайту, адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын қатаң және бұлжытпай сақтау болып табылады. Осы мақсатта 2009 жылдың қорытындылары бойынша прокурорлар әлеуметтік-экономикалық салада 23 115 тексеру жүргізді, олардың барысында 263 367 заңдылықты бұзушылық анықталды. Прокурорлық қадағалау актілерін енгізу нәтижелері бойынша 553 ұйғарым орындалды, 10 296 наразылық қанағаттандырылды,  19 661 ұсыным қаралды, 450 967 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды, заңмен белгіленген жауапкершілікке 52 538 адам тартылды,  38 387 заңсыз актілердің күші жойылды және өзгертілді, мемлекеттің кірісіне 53 млрд. теңгеден астам өндірілді. Тергеу мен анықтау заңдылығын қадағалау саласында 2009 жылы қылмыстық істі тоқтату туралы 5 809 қаулының және қысқарту туралы 2 492 қаулының, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы 3080 қаулының күші жойылды. Айыптау қорытындысымен келіп түскен істердің жалпы санынан 1 426 іс қосымша тергеу жүргізу үшін қайтарылды, 567 іс қасқартылды, 48 294 іс сотқа мәні бойынша қарау үшін жіберілді. Қылмыстық жазаларды орындау заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру шеңберінде прокурорлар 2 623 тексеру жүргізді, 5 105 заңдылық бұзушылықты анықтады, 1 370 адам прокурорлық ден қою шаралары бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды.[3]

      Тәжірибе көрсетіп отырғандай, прокуратура органдары заңдылықты қамтамасыз ету және қалпына келтіру тетігіндегі тиімді буын болып табылады. Сонымен қатар, қазақстандық қоғамның қалыптасуы мен дамуының объективті жағдайлары заңдылықты қамтамасыз етудің жаңа қазіргі заманғы модельдерін әзірлеп, қалыптастыру мен іс жүзінде іске асыруды талап етеді. Сондықтан прокуратура органдарының қоғамдық өмірдің және қазақстандық заңнаманың серпінді өзгеріп отырған болмыстарына лайық одан әрі дамуы мен жаңаруы таяу келешекте басты міндет болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

1. Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 Заңы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-құжат

Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134 Заңымен енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне кiредi, Нысаны мен тақырыбы өзгердi, кіріспе алып тасталды - 2002.08.09. N 346 Заңымен.(19.03.2010ж өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о работе Азаматтық іс жүргізуге прокуратура органдарының қатысуы