Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 19:04, реферат
1995 жылдың 30 тамыз күні Респуликалық Референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп атап көрсетілді [1].
Қазақстан Республикасында аралық соттың даму сатылары
1995 жылдың 30 тамыз күні Респуликалық Референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп атап көрсетілді [1].
Қазақстан Республикасы Конституциясының идеялары мен қағидаларын, ережелерін ескере отырып, қоғамдық даму мен мемлекеттік басқарудың, ақылға сиятындай парасатты және ғылыми-тәжірибеге негізделген қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің, заң шығаруды жетілдірудің жолдары мен тәсілдері терең ізденуді қажет ететін құбылыс.
Ата заңымыздың 3-бабы 4-тармағына сәйкес, Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принциптеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Қазақстан мемлекет құрылысының жаңаша қалыптасу, даму кезеңінде, келісім жағдайында қызмет етудің басты құралы – мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызмет атқару жүйесін жаңаша оқып-үйрену, зерттеу қажеттілігі туындайды.
Сондықтан, заң ғылымының кезек күттірмес мәселелерінің бірі – сот құрылысы, сотта іс жүргізу, егеменді Қазақстан мемлекетіндегі әділ сот ісінің даму принциптерінің ғылыми-құқықтық, теориялық-тәжірибелік өзекті мәселелерін зерттеу болып табылады.
Аралық сот – бұл мүліктік және басқа да дауларды шешу үшін тараптардың өздері таңдап алатын сот.
Бүгінгі әлемде коммерциялық арбитраж шартты және басқа да азаматтық-құқықтық қатынастардың басымдығынан пайда болатын дауларды, қайшылықтар мен келіспеушіліктерді шешудің негізгі тәсілдерінің бірі болып қалып отыр. Экономикалық даулардың көбі дәл осы аралық (арбитражды) сотпен қаралады.
Аралық сот – бұл тараптардың келісімі бойынша, тараптардың өздері таңдайтын мүліктік дауларды шешуге арналған сот. Қазақстан Республикасында аралық соттың екі түрі құрылуы мүмкін: тұрақты және нақты бір дауды шешуге арналған уақытша құрылған. «Аралық сот», «арбитраждық сот», және «арбитраж» бұлар синоним терминдер.
Кеңестер кезеңі тұсында және Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдарда, тіпті конституциялық заң күші бар 1995 жылы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы соттар туралы және соттардың мәртебесі туралы» ҚР Президентінің Жарлығы қабылданғанға дейін шаруашылық дауларды шешу жөніндегі мемлекеттік сот «арбитраж» деп аталды.
Жоғарыда аталған Жарлық күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік арбитраж өз жұмысын тоқтатты және оның қызметі жалпы юрисдикция (облыстар деңгейіне, республикалық маңызы бар қалаларда және ҚР Жоғарғы сотында шаруашылық істер жөніндегі коллегиялар құрылды) соттарына ауысты.
Мемлекеттік арбитраж (арбитраждық сот) біздің көзқарасымыз бойынша анықтамасы бойынша дұрыс емес Ресей Федерациясында әлі сақталған. Арбитраж – бұл тараптармен құрылған сот және ол мемлекеттік бола алмайды.
Аралық соттардың артықшылығы – олардың дауларды шешудегі шапшаңдығы мен әділдігінде. Бұл әсіресе жалпы юрисдикция соттарының (мемлекеттік соттар) дауларды бірнеше айлап, болмаса жылдап шешіп жатқан уақытта өте маңызды. Әдетте, мөлшері мемлекеттік баж салығынан екі-үш есе төмен болатын аздаған арбитраждық шығындар, бұл жерде талап сомасы үлкен болған сайын арбитраждық шығындар пайызы аз болады деген қағида әсер ететіндіктен әсіресе, ірі және орта бизнес үшін аралық сотқа жүгіну пайдалы болады.
Аралық сот дауларды отандық сияқты халықаралық құқық нормалары бойынша немесе шетелдік инвесторлар үшін маңызды болып табылатын кез-келген мемлекет құқығы бойынша қарай алады. Аралық соттар шешімі жалпы юрисдикция соттарының шешімімен тең күші бар және атқарылуға міндетті.
Қазақстан Республикасында аралық соттар 1990 жылдардың басынан кеңінен таныла бастады, бүгінгі күні бірнеше белгілі аралық соттар жұмыс жүргізіп отыр. Олардың қатарында үнемі іс жүзіндегі 1993 жылы елімізде алғашқылардың бірі болып құрылған Заң орталығының «IUS» Аралық соты.
Сот коммерциялық ұйымдар арасындағы дауларды және азаматтық дауларды қарайды. Оның құрамында 16 арбитр бар. Олардың қатарында Ю.Г. Басин, П.Я.Грешников, М.К. Сүлейменов, А.А. Гринкевич, А.Г. Диденко, И.У. Жанайдаров, Т.Е. Қаудыров, А.И. Худяков және тағы басқа белгілі құқықтанушы ғалымдар мен практик – заңгерлер бар[2].
Аралық сот құрылысы былай: ол тараптардың үстінен қарамайды, сол тараптардың өзі тудырушы бола тұра, солардың мүддесіне қызмет етеді. Тараптар өз кезегінде сот шешіміне шағымдану құқығынан бас тартып, тіпті ол шешім ұтылған тараптың көңілінен шықпаса да оны сөзсіз, ерікті түрде орындауға міндеттенеді.
Сот туралы түсінікте кез-келген жағдайда бір тарап «ұтылады», ал екіншісі «ұтатын» болғандықтан сотқа қатысқан тұлғалардың жартысы ол жаман деп, ал басқасы ол жақсы деп кез-келген сотқа азаматтар өз пікірлерін білдіреді.
Дауларды аралық іс жүргізуде қарудың табиғаты қағида бойынша әрбіреуінің ұстанған бағытының өз дәлелі болғандықтан, екі тарап та өз дәлелдерін қарсы тараптан кем емес деп санағандықтан, тараптар талабы арасында үнемі келісім орнатуға тырысады. Аралық соттың міндеті осы дәлелдерді естіп, оларды ұғынып екі тараптың да дәлелдері мен мүдделерін қиыстыруға тырысу.
Аралық сот шешімі ең алдымен тараптар мүдделерінен шығады. Тараптардың әрқайсысын өздерінің кесімді райларынан, талаптарынан қайтып, келесі тараптың алдынан шығып, тілегін қабылдауға көндіру өте маңызды. Сол себепті де аралық сот шешімі тек қана заң нормасына негізделмей, іскерлік айналымы тәжірибесінің қағидаларына немесе жалпы қабылданған нормаларға негізделген, сонымен қатар тараптардың өзара ымыралысуына негізделеді.
Қазақстандық халықаралық арбитраждық сотты құруға бастама көтергендер аталмыш сот жемқорлыққа қарсы күрестегі жаңа қадам деп санады. Алайда көп жылдар күткен заңның бұл салада әлі де жетілмегенін көрсетіп отыр.
Дауларды мемлекеттік соттарда қарау барысында тараптар дауды қараудың негізсіз созылуы, судьялардың біліктілігінің жетіспеушілігі сыбайластылығы сонымен қатар, қысым көрсету сияқты мәселелерге кез болып жатады. Осының барлығы сот шешіміне шағымдануға мәжбүр болып тұрған тараптардың одан әрі қарсы тұруына әкеледі.
Бүгінгі күні республиканың азаматтық соттарымен әділ соттың жаңа қағидаларын енгізуді қарастыратын альтернатива пайда болды.
Бір кездерде болған билер сотына ұқсастығы жөнінен «аралық соттар туралы» және «Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы» Заңдар қабылданғаннан кейін дауларды республикамызда жүретін заңдармен ғана емес, дауға қатысушылар таңдап алған шетелдік құқық нормалары бойынша қарайтын Қазақстандық халықаралық арбитраж (ҚХА) құрылды.
Қазақстандық халықаралық арбитраждық соттың құрылуы әсіресе кәсіпкерлер үшін өте маңызды. Ереже бойынша шетелдіктер даулы жағдайларды азаматтық соттарда қарау сияқты тармақшаны өз шрттарында жазуды жақсы көрмейді, арбитражды қалайды. Сондықтан да қазақстандық бизнесмендер өздерінің ағымды мәселелерін алыс шетелде шешуге мәжбүр. Ал бұл өте қымбатқа түседі, әрі ұзаққа созылады. Мысалы, 2006 жылдары Стокгольмде жалпы сомасы 250 млн.доллардың ісі қаралды, олардың төртеуі Қазақстаннан болды[3].
Қазақстан мемлекет құрылысының жаңаша қалыптасу, даму кезеңінде, келісім жағдайында қызмет етудің басты құралы – мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызмет атқару жүйесін жаңша оқып-үйрену, зерттеу қажеттілігі туындайды.
Сондықтан, заң ғылымының кезек күттірмес мәселелерінің бірі – сот құрылысы, сотта іс жүргізу, егеменді Қазақстан мемлекетіндегі әділ сот ісінің даму принциптерінің ғылыми-құқықтық, теориялық-тәжірибелік өзекті мәселелерін зерттеу болып табылады.
Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту жолында жасалып жатқан аса күрделі шаралардың ішінен, тәжірибелік әлеуметтік-құқықтық терең мазмұнды, ғылыми-теориялық тұжырымдамасы бар Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерін атап кету қажет.
Елбасы өзінің еңбектерінде мемлекетіміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік негіздерін нығайтумен қатар, құқықтық мемлекет пен әділетті азаматтық қоғам құрудың бағдарламаларын көрсете білді.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауында – «Алайда біздің бүгінгі қоғамдағы саяси реформаның қарқыны экономикалық өзгерістеріміздің ауқымынан біршама кейіндеп қалғанын мойындауымыз керек» - деп айта келе, еліміздегі саяси жүйені демократияландырудың бірнеше негізгі бағыттарының ішінде бірінші кезекте сот жүйесінің теуелсіздігін нығайту, құқықтық реформаны жүргізуге басты назар аударды.
Жұмыстың басты мақсаты аралық (арбитраждық) сот туралы, оның шешімдерінің атқаоылуы туралы теориялық-құқықтық идеяларды, қағидаларды одан әрі дамыту, олардың тиімді жақтарын негіздеу, аталған құрылымдардың қолданылып жүрген Ата заңымыздағы, басқа да заңдардағы әлеуметтік-саяси мәртебелерін, орнын анықтау.
Қазақстанның соттық жүйесі аудандық (қалалық) және соған теңестіріл-ген соттармен, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотымен көрінеді.
Соттардың ішінен аудан аралық экономикалық, аудан аралық әкімшілік, әскери сот сияқты арнаулы соттарды бөліп айтамыз.
Аудандық соттарға статусы бойынша арнаулы аудан аралық экономикалық соттар, аудан аралық әкімшілік соттар және әскери гарнизон соттары теңестірілген.
Қозғалған құқықтық қатынастар сипатына қарай соттар істі азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот өндірінде қарайды.
Іс мәніне қарай алғашқы инстанция соттарында қаралады. Жалпы ережеге сай алғашқы инстанция бойынша іс аудандық (қалалық) және оған теңестірілген соттарда қаралады.
Арнаулы аудан аралық экономикалық соттар мүліктік және мүліктік емес даулар бойынша азаматтық істерді қарайды, ондағы тараптар заңдық тұлғаның білімінсіз кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын азаматтар болып табылады.
Сот жүйесін мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде зерттеудің бүгінгі деңгейі әлі де зерттеуді қажет етеді. Осыған орай аталған мәселеге байланысты оыс заманғы шетелдік тәжірибені де зерттеп, пайдалану ұсынылады. Тәжірибе жүзінде сыннан өткен, халықтың берік сеніміне ие болған сот қызметін сот төрелігі ісіне пайдалану соттық-тәрбиелік сипаттағы мәселелер де маңызды болып табылады.
Демократиялық қоғамда мемлекет ғана шын мәнінде азамат мен дамның заңды құқықтарын қорғайтын құрылым болып табылады, ол халықтың әр түрлі жіктері үшін заңдылықтың, құқық тәртібі мен сот төрелігі принциптерін жүзеге асырудың мейлінше оңтайлы тетіктерін жасауды қамтамасыз ету жөніндегі белсенді де байсалды қызметті жүзеге асырады.
Нарықтық қатынастардың дамуы мен тереңдеуі, Қазақстанның келешекте Бүкіләлемдік сауда ұйымының құрамына енуі отандық кәсіпкерлердің шет ел нарығына шығуына айтарлықтай мүмкіндіктер ашады. Осыған орай аралық соттың рөлі арта түседі.
Халықаралық тәжірибеде аралық соттың шектелген және тұрақты деген екі түрі жұмыс істейді. Шектелген аралық сот тараптардың келісімімен арнайы бір нақты дауды шешу үшін құрылады. Сондай-ақ, аралық соттың құрылу тәртібімен дауды қарау мәселесін қатысушылар өздері анықтайды. Шешім шыққан соң бұл сот өзінің жұмысын тоқтатады.
Шектелген аралық соттан тұрақты аралық соттың айырмашылығы сол, тұрақты сот әртүрлі ұйымдар, компаниялар, ассоциациялар, сауда-өнеркәсіп және сауда палаталары жанынан құрылады. Әрқайсысының өз ережесі (жарғы), сот өндіріс тәртібі, төрелерін іріктейтін жеке тұлғалар тізімі болады. Қазақстандық кәсіпкерлер мүліктік дауларды қарап, шешуді , Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы жанынан 1993 жылы құрылған тұрақты төрелік комиссияға беріп келеді. Бұл төрелік комиссия – мемлекеттік емес аралық соттың бір түрі.
Аралық соттың қызметін құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету жолында біздіңше, азаматтық және азаматтық іс жүргізу заң нормаларының біразының маңызы артып отыр. Мәселен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 9-бабының 1-тармағында, азаматтық құқық қорғауды соттар, төрелік немесе аралық соттар жүзеге асырады деп көрсетілген. Ал, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 25-бабына, 170-бабының 4-тармағына, 185 және192 – баптарына сәйкес жалпы сот юрисдикциясының аясындағы мүліктік дауды тараптардың өзара келісімі бойынша, құқықтық жүйесі түсіндіріле отырып аралық соттың қарауына беруге болады. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 249-бап 5-тармақшасына сай іс жалпы соттан аралық сотқа берілген жағдайда мұның өзі арыздың қаралмай қалуына негіз бола алады.
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 4 мамырдағы №356 қаулысымен экономикалық дауларды шешетін аралық сот туралы Типтік ереже бекітілген. Бірақ, бұл нормалар қағаз бетінде қалып отырды. Жоғарыда аталған құқықтық актілерде «аралық сот», «төрелік сот», «азаматтардың құқығын қорғау», «мүліктік дау», «экономикалық дау» деген түрлі заң терминдері қолданылады. Бірақ заң шығарушы осы заң терминдеріне ресми түрде түсінік бермеген. Бұл жағдай аралық сотта азаматтардың құқығын қорғау процесін қиындатады. Осы және басқа да олқылықтар, біздің ойымызша, аралық соттың шешімі шыққан соң да тараптардың дауы біте қоймауына немесе шешімнің орындалмауына әкеліп соғуда, мұның өзі біздің ұлттық құқықтық жүйенің бұл мәселеде халықаралық құқық нормаларымен жанаспай жатқандығын байқатады [4].
Информация о работе Қазақстан Республикасында аралық соттың даму сатылары