Өкілдік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2012 в 17:05, курсовая работа

Описание

Өкілдік дегеніміз басқа адамның, яғни өкілдік берушінің атынан, бір адамның, яғни өкілдің сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызуды, өзгертуді және тоқтатуды айтамыз. Азаматтық құқықтың субъектілері мәмілені жасауға және орындауға өздері тікелей қатыса алмаған жағдайда, өкілдік институттарына жүгінуі мүмкін. Өкілеттік түрінде басқа тұлға атынан және қызығушылығымен өзінің құқық шегінде әрекеттің бір тұлғамен, өкілімен жасалуын түсіндіреді.

Содержание

Кіріспе
Өкілдік ұғымы
Өкілдіктің қолданылуы. Өкілеттік. Өкілеттігі жоқ өкілдік
Коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері
Өкілдік субъектілері. Сотта өкіл бола алмайтын адамдар. Өкілдің соттағы құзыреті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Өкілдік.docx

— 48.30 Кб (Скачать документ)

Жоспар

 

Кіріспе

      1. Өкілдік  ұғымы
      2. Өкілдіктің  қолданылуы. Өкілеттік. Өкілеттігі жоқ  өкілдік
      1. Коммерциялық  өкілдіктің  ерекшеліктері
      1. Өкілдік субъектілері. Сотта өкіл бола алмайтын адамдар. Өкілдің соттағы құзыреті

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

 Өкілдік  дегеніміз басқа адамның, яғни  өкілдік  берушінің атынан, бір адамның, яғни өкілдің сенімхатқа, заңдарға,  сот  шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесі  өкілдік  берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызуды, өзгертуді және тоқтатуды айтамыз.

Азаматтық құқықтың субъектілері мәмілені жасауға және орындауға  өздері тікелей қатыса алмаған жағдайда,  өкілдік  институттарына жүгінуі мүмкін.

Өкілеттік түрінде басқа тұлға  атынан және қызығушылығымен өзінің құқық шегінде әрекеттің бір тұлғамен, өкілімен жасалуын түсіндіреді.

АК 169-бабына сәйкес, өкілмен жасалатын мәміле өкілетттіктің азаматтық құқығы мен міндеттемелерін құрайды, өзгертеді және  жояды.

Азаматтық айналымда өкілеттілік институты кең қолдану сферасын иемденеді. Оған қажеттілік өкіл өзінің құқықтары мен міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда ғана туындамайды (ауыр-сырқаттан, іс сапардан, жұмыс бастылығымен, т.б) Өкілдік қызметтерге өкілдің  арнайы  білімі мен тәжірибесін қолдануға, уақыты мен қаражатын үнемдеу үшін келеді. Көптеген заңды тұлғалардың қызметі өкілет көмегінсіз мүлкінді болмайды.  Өкілеттілік көмегімен тек  мүліктік емес, кейбір жеке мүліктік емес құқықтар да жүзеге асырылады.

Өкілеттік қатынасында  үш субъектіні ажыратады - өкілет  беруші, өкіл және үшінші тұлға.  Өкілет  беруші  түрінде  азаматтық құқықтың  кез келген субъектісі  бола алады -  заңды  тұлға  немесе азамат. Біріншіден,  өкілдер толық  әрекет қабілеттілікті иемденуі қажет.

Екіншіден,  заңды  тұлғалар  тұлғалар  өкілдік  қызметтерді  өз мойнына  ала алады.  Үшіншіден, заң  кейбір  субъектілердің  өкілдік  қызметтерді  орындау  қатынасында  бірқатар тыйым  салуларды  құрайды.  Азаматтық құқықтың кез келген субъектісі  үшінші  тұлға бола алады.

Өкілеттікте құқықтық байланыстар  күрделі  құрылымды  иемденіп,  келесі  үш  түрлі  қатынастан жасалады:1) өкілет беруші мен өкіл  арасында; 2) өкіл мен  үшінші тұлға арасында; 3) өкілет беруші мен үшінші  тұлға арасында.

Өкілеттіктің  оған ұқсас құқықтық қатынастардан  айырмашылығы.  Өкіл өкілет  беруші  атынан әрекет  жасаса да; мәміле және басқа  да заңдық  әрекет жасауда өз еркін  білдіреді. Осы  жағдаймен  оның  қабілетіне  жоғары  талаптар және  мәміле  жасау  шынайылығының  тікелей   тәуелділігі  байланысты.  Өкілге  қарағанда  жіберушібір тұлға  еркін (пікірін, ойын) екіншісіне  өткізеді, бірақ  өз еркін  білдірмейді.

Делдал (брокер) өкіл  түрінде  ерікті  сипатқа  ие  белсенді  заңдық  әрекеттерді  жасайды.  Бірақ  оның  әрекеті  жақтар арасында  келісімнің  жасалуына  мүмкіндік  біреуі, бірақ  өз бетінше  заңдық  жақтарды байланыстырмайды. Делдал  потенциалды  серіктестеріздестіріп,  мәміле  жасау  туралы  келіссөздер жүргізе алады, бірақ мәміле  жасау  ерікті  тек оның  болашақ  мүшелері білдіреді.  Өкіл қызметі осындай  техникалық   көмекті  ғана  қажет  етпейді,  өкілет  жіберуші  мен үшінші тұлға арасында  құқықтық  қатынасты  бекітуде  байқалады.

 Азаматтар өз істерін  сотта өздері немесе өкілдері  арқылы жүргізуге құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1.  Өкілдіктің  қолданылуы. өкілеттік. өкілеттігі жоқ  өкілдік .  

Өкілдіктің  субъектілік құрамы:

Өкіл-бір адамның атынан оның  өкілдігін  пайдалана отырып, құқықтық көмек көрсететін адам. 

Өкілдік  алушы - өкіл өз атынан көмек беру үшін үшінші адаммен бірге бір әрекеттер жасау міндетін алған адам.

Өкіл және  өкілдік  алушы заңды тұлғалар да, азаматтар да бола алады.Заңды тұлғалар өзінің арнаулы құқық қабілеттілігі шеңберінде ғана  өкілдік  алушы бола алады. Жекелеген жағдайларда ол міндетті өз жалақысының немесе стипендиясының көлемінде 16 жастан асқан іске қабілетті азаматтар атқара алады. өзінің сипаты және мазмұны жағынан өкіл арқылы жасалмайтын мәмілелер де бар. Мысалы, өсиет.

Ол өсиет қалдырушының өз қол таңбасынан жазбаша нысанда  құрастырылуы керек. өкіл жеке өзіне  қатысты да, сонымен бірге өз өкілі  болып табылатын, басқа адамға қатысты  да  өкілдік  берушінің атынан мәмілелер жасай алмайды.

Хат-хабар тасушы-мәміле жасамайды, әрекет қабілеттілігі болса  да, балмаса да. Бұл заңды әрекет жасамайды. Ешкімнің еркін білдірмейді.

Қол қоюшы - ешкімнің еркін  білдірмейді. Мысалы, ауырып отырған  адамдарға жазып береді.

Делдал - өкілге қарағанда  ешкімнің еркін білдірмейді, тек  техникалық әрекеттерді жасайды. Адамдарды  бір-бірімен байланыстырады.

өкілеттік дегеніміз не?

Өкілеттік-өкілдің  өкілдік  берушінің атынан мәмілелермен басқа заңды әрекеттер жасауға, оған құқықтық салдар туғызуға құқылы.

Өкілеттік өкілдің /бөлшек сауда  жүйесіндегі сатушы, кассир және т.б./ әрекет жасаған жағдайынан да көрінуі  мүмкін.

Өкіл жасаған мәміле бойынша  тікелей  өкілдік  берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Азаматтың іске өзінің қатысуы  оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды.

Ұйымдардың ісін сотта  оларға заңмен, өзге нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде  іс-әрекет жасайтын олардың органдары  және тиісті өкілеттіктер берілген олардың  өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың  басшылары сотқа олардың қызметтік  жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын  құжаттар береді. Заңды тұлғаның органы тиісті өкілеттік берілген басқа  өкілдермен бірге іске қатыса алады.

Басқалардың мүдделері үшін болса да өз атынан әрекет ететін адамдар /коммерциялық делдалдар, мұрагерлік кезінде  өсиетті орындау тапсырылған  адамдар және т.б./, сондай-ақ болашақта  жасалуы мүмкін мәмілелерге қатысты  келіссөз жүргізуге уәкілдік берілген адамдар өкілдер болмайды.

Сенімхатқа, заңдарға, сот  шешімдеріне не әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге  тиісінше рәсімделген өкілеттігі бар  әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады.

Мына адамдар:

1) адвокаттар;

2) заңды тұлғалардың қызметкерлері  - осы заңды тұлғалардың істері  бойынша;

3) кәсіптік одақтардың  уәкілетті адамдары - құқықтары мен  мүдделерін қорғауды осы кәсіптік  одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың,  қызметшілердің, сондай-ақ басқа  да адамдардың істері бойынша;

4) заңмен, жарғымен немесе  ережемен осы ұйымдар мүшелерінің  құқықтары мен мүдделерін қорғау  құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті  адамдары;

5) заңмен, жарғымен немесе  ережемен басқа адамдардың құқықтары  мен мүдделерін қорғау құқығы  берілген ұйымдардың уәкілетті  адамдары;

6) басқа тең қатысушылардың  тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың  біреуі;

7) іске қатысушылардың  өтінуімен сот рұқсат еткен  басқа да адамдар тапсырма  бойынша сотта өкіл бола алады.

Судьялар, тергеушілер, прокурорлар  мен өкілді органдардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары немесе заңды өкілдер ретінде қатысу жағдайынан басқа жағдайда сотта  өкіл бола алмайды.

Адвокатура туралы заңдармен  белгіленген ережелерді бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар сотта өкіл бола алмайды.

Адам, егер мүдделері өзі  өкіл болып отырған адамның мүдделеріне  қайшы келетін адамдарға осы  іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса  немесе судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә немесе айғақшы ретінде  қатысса, сондай-ақ егер ол істі қарауға  қатысушы лауазымды адаммен туыстық  қатынастарда болса, өкіл бола алмайды.

Сотта іс жүргізуге арналған өкілеттік өкілге, талап арызға қол  қоюды, істі аралық сотқа беруді, талап  қою талаптары мен талап қоюды  танудан толық немесе ішінара  бас тартуды, талап қоюды тануды, талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуді, бітімгершілік келісім  жасауды, өкілеттіктерді басқа адамға беруді (сенімді басқа біреуге  аудару), соттың қаулысына шағым  беруді, соттың қаулысын мәжбүрлеп  орындатуды талап етуді, берілген мүлікті  немесе ақшаны алуды қоспағанда, өкілдік  берушінің атынан барлық іс жүргізу  әрекеттерін жасауға құқық береді.

Өкілдің осы баптың бірінші  бөлігінде аталған іс-әрекеттердің әрқайсысын жасауға өкілеттігі өкілдік  беруші берген сенімхатта арнайы көзделуі тиіс.

Өкілдің өкілеттіктері заңға сәйкес берілген және ресімделген сенімхатта көрсетілуге тиіс.

Кәсіптік одақтар мен  басқа ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары сотқа осы іс бойынша  өкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын құжаттарды беруі тиіс (Азаматтық іс жүргізу  Кодексінің 59-бабының 3), 4) және 5) тармақшалары).

Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттігі заң  консультациясы немесе адвокаттық кеңсе  берген ордермен, ал ол өз қызметін дербес жүргізген жағдайда - адвокат клиентпен  жасасқан шартпен куәландырылады.

Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғаның басшысы немесе өзге уәкілетті адамы береді.

Азаматтық іс жүргізу Кодексінің  59-бабының 6) және 7) тармақшаларында аталған өкілдің өкілеттігі сенімхатта немесе сот отырысының хаттамасына кіргізілген сенім білдірушінің сотта берген ауызша түрдегі өтінішінде көрініс табуы мүмкін.

Әрекетке қабілетсіз азаматтардың, әрекет қабілетіне толық ие емес немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта  өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын  құжаттарды сотқа көрсететін ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары немесе қорғаншылары қорғайды.

Хабар-ошарсыз кеткен деп  белгіленген тәртіппен танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша, оның өкілі ретінде хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкіне қамқорлықты  жүзеге асыратын адам қатысады.

Қайтыс болған немесе қайтыс болды деп белгіленген тәртіппен  жарияланған адамның мұрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мұраны әлі  ешкім қабылдамаса, мұрагердің өкілі  ретінде мұралық мүлікті қорғау мен басқару үшін тағайындалған  сақтаушы немесе қамқоршы қатысады.

Заңды өкілдер заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушілердің атынан жасау құқығы өкілдік берушіге тиесілі барлық іс жүргізу әрекеттерін жасайды. Заңды өкілдер істі сотта жүргізуді басқа өкілге тапсыра алады.

Жалпы процессуалдық заңға сәйкес азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы және азаматтық іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу  құқығынан айырмайды (ҚР АІЖК-і 58-бабының 1-бөлігі). 

Өкілдік  – басқа адамның (өкілдік берушінің) атымен бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттілігі күшімен жасаған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Өкілеттік өкілдің әрекет жасаған жағдайынан да көрінуі мүмкін. Мысалы, бөлшек сауда  жүйесіндегі сатушы, кассир, т.б. өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады. Әрекет  қабілеттілігі  жоқ адамдардың атынан мәмілелерді олардың заңды өкілдері мен қорғаншылары жасады (ата-анасы, асырып алушылар).

Сотта өкілдік ету дегеніміз  – басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан бір тұлғамен процессуалдық  іс - әрекеттер жасау.

Сотта өкілдік ету –  басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне  берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық  әрекеттер жасайтын бір тұлға (сотта  өкіл етуші), оның себебі өкілдік берушінің  сәйкесті құқықтар мен міндеттері туындайды.

Сотта аталған процессуалдық  іс-әрекеттер жасайтын тұлғаны сотта  өкіл етуші деп атайды. Сотта басқа  тұлғаның мүддесіне және оның атынан өкілдік етуге өкілдің құқығын  куәландыратын құжаттар ұсынуы негіз  болып табылады.

Сотта өкіл етуші - өкілдік  берушінің мүддесіне және оның атынан өзіне берілген өкілеттігі шегінде  процессуалдық әрекеттер жасайтын әрекет қабілеттігі бар тұлға. Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік  актісіне негізделген істі сотта  жүргізуге тиісінше рәсімделген  өкілеттігі бар әрекетке қабілетті  кез келген адам сотта өкіл бола алады.

Сотта өкілдік ету процессуалдық  заңмен барлық азаматтық істер бойынша  соттарда және азаматтық процестің  барлық сатыларында болады.

Өкіл қызметі  комиссионер  қызметіне  едәуір  жақын, ол өз  клиенттеріне  техникалық көмек  ғана  көрсетіп  қоймай,  оның  қызығушылығында азаматтық-құқықтық  мәмілелер жасайды.  Бірақ өкілге қарағанда  комиссионер,  мысалы   комиссиондық  дүкен өз атынан  үшінші  тұлғамен  мәміле  жасап,   ол бойынша  құқықтар  мен міндеттерді өз  мойнына алады.

Информация о работе Өкілдік