Өкіл құқығы. Өкіл әрекеті
өкіл жіберушінің азаматтық құқығы мен міндеттерін белгілі
бір құқық шегінде жасалғанда құрайды, өзгертеді
немесе жояды. Егер өкіл өз құқығын арттырса, өкіл жіберуші үшінші тұлға алдында белгілі
бір міндеттемелерден еркін болады.
Кейбір ғалымдар өкіл құқығын ерекше субъективті құқық түрінде қарастырады. В.А.Рясенцевтің пікірі
бойынша құқық - азаматтық құқық қабілетті көрсету. О.
С. Иоффенің айтуынша, құқық қабілетке
бірігу шегін анықтайтын заңдық факт болып
табылады.
Өкілеттіктің туындау негіздемелері.
Өкілде қажетті құқықтың туындауын заң өкіл жіберушінің еркімен, заңда
аталған басқа да заңдық фактілермен байланыстырады.
АК 163 бабына сәйкес, өкіл құқығы сенімхатқа, әкімшілік
актіге немесе заңға негізделеді. Өкіл құқығының көлемі мен
сипаты, оларды жүзеге асыру шарттары заңдық фактілер негізінде жатыр. Сәйкесінше өкілеттіктің өз бірнеше трлерге бөлінеді:
а) әкімшілік актіге негізделген өкілеттік;
б) заңға негізделген өкілеттік; в) келісімге негізделген өкілеттік.
Әкімшілік актіге негізделген
өкілеттік. Мұнда өкіл әкімшілік басқару күшімен
өкіл жіберуші атынан әрекет етуге міндетті. Заңды тұлға органы өкілеттік қызметтерді жүзеге асырумен байланысты
әрекетке жұмысшы тағайындау туралы жарлық шығарғанда орын
алады. Мысалы, соттағы өкіл, заңдық актілерді құрудағы,
мәмілелер жасаудағы өкілдік, т.б.
Көптеген жағдайларда
өкілдік қатынастар заңның тікелей жарлығы бойынша туындайды,
өкілеттіктің мұндай түрі заңдық өкілеттік
деп аталады. Мысалы, кішкентай балалардың заңды өкілі болып олардың ата-аналары табылады.
Бұл өкілеттік түрінің ерекшелігі: біріншіден, ол өкіл жіберушінің
еркінен тәуелсіз туындайды, екіншіден,
өкіл құқығы заңмен анықталған.
Келісімге негізделген өкілдік жоғарыдағы екі түрге қарағанда ерікті саналады. Ол
яғни тек өкіл бейнесін емес, оның құқығын анықтайтын өкіл жіберушінің
еркі бойынша туындайды. Заңдық әрекет жасау үшін
сол өкілдің келісуі қажет. Кәсіпкерлік саласында коммерциялық өкілдік туындайды
(АК 166б). Коммерциялық өкіл бір уақытта түрлі жақтардың өкілі бола
алады. Ол екі жақта осы өкілдікпен келіскенде
немесе тікелей заңмен қарастырылған жағдайда ғана жіберіледі.
Үшінші тұлға алдына өкілеттік үшін әдетте өкілге сенімхат деп аталатын ерекше жазбаша құжат беріледі.
Сипаты жөнінен тек
жеке өзі ғана жасауға болатын
мәмілені, сондай-ақ заң құжаттарында
көзделген реттердегі басқа да мәмілелерді
өкіл арқылы жасауға жол берілмейді.
Мысалы, некеге тұру кезінде;
- некені бұзу;
- баланы асырап алу.
Әрекет қабілеттілігі
жоқ адамдар үшін өкілдік өте
жие кездеседі. әрекет қабілеттілігі жоқ
азаматтардың атынан мәмілелерді олардың
өкілдері- ата-анасы /асырап алушылары/
мен қорғаншылары жасайды.
Өкілеттігі жоқ өкілдік .
Мәміле жасауға уәкілдік берілмеген адамның
басқа адам атынан немесе өкілеттігін
асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші
осы мәмілені кейіннен мақұлдаған реттеғана
ол үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді
туғызады, өзгертеді және тоқтатады.
өкілдік берушінің кейіннен
мақұлдауы мәмілені оның жасалған кезінен
бастап жарамды етеді.
2.2. Коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері.
Коммерциялық өкілдік-әр қашан
делдал т.б. болып саналады.Егерде өзгеше
көзделмесе, коммерциялық ақылы болып
саналады.
Кәсіпкерлер шарт жасасқан
кезде олардың атынан үнемі және
дербес өкілдік етуші адам /коммерциялық
өкіл/ өкілдің өкілеттігі көрсетілетін
жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген
жағдайда-сенімхат негізінде де әрекет
жасайды.
Коммерциялық өкіл сонымен
бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын
шарттың түрлі тараптарының мүдделерін
білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне
берілген тапсырмаларды кәдімгі
кәсіпкердің ыждағаттылығымен орындауға
міндетті.
Коммерциялық өкіл келісілген
сыйақыны және өзі тапсырмаларды
орындаған кезде жұмсаған шығындарын,
егер өздерінің арасындағы келісімінде
өзгеше көзделмесе, шарт тараптарынан
тең мөлшерде төлеуді талап етуге
құқылы.
Коммерциялық өкіл өзіне
белгілі болған сауда мәмілелері
туралы өзіне берілген тапсырманы орындағаннан
кейін де құпия сақтауға міндетті.
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген
салаларындағы коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері
заңмен белгіленеді.
- өкілдік :
- әкімшілік акт;
- заң құжаты;
- сенімхат негізінде пайда
болады.
2.3. Сенімхат.
Бір адамның /сеніп білдірушінің/
өз атынан өкілдік ету үшін
екінші адамға /сенім білдірілген/ берген
жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады.
Сенімхат-бұл әрқашан
бір жақты мәміле.
Мүлікке билік жасауға
және нотариаттың куәландыруын талап
ететін мәмілелер жасауға берілетін
сенімхатты, нотариат куәландыруға тиіс.
Кейбір мәмілелер нотариустан өтілді
деп теңестірілген сенімхаттарға
жатады:
1. госпитальдарда, санаторийлер
мен басқа әскери-емдеу мекемелерінде
емделіп жатқан әскери қызметшілердің
және өзге де адамдардың, осы
мекемелердің бастықтары, медицина
бөлімі жөніндегі орынбасарлары,
аға және кезекші дәрігерлері
куәландырған сенімхаттар;
2. мемлекеттік нотариалдық
кеңселер мен басқа да нотариалдық
әрекет
жасайтын органдары жоқ
әскери бөлімдер, сол бөлімдердің
командирлері куәландырған;
3. бас бостандығынан айыру
органдарындағы адамдардың бас
бостандығынан айыру орындарының
бастықтары куәландырған сенімхаттар;
4. халықты әлеуметтік
қорғау мекемелеріндегі кәмелетке
толған әрекет
қабілеттігі бар азаматтардың
осы мекеменің немесе тиісті халықты әлеуметтік
қорғау органдарының басшысы куәландырған
сенімхаттары теңестіріледі.
Сенімхат ретінде бір тұлғаның екіншісіне үшінші тұлға алдындағы өкілеттігі үшін берілетін жазбаша құқығы түсіндіріледі.
(АК 167 б. 1-б).Көп жағдайда сенімхат ерікті өкілеттің құқығын бекіту үшін беріледі. Егер
ерікті өкілдік өкіл жіберуші мен өкіл арасында келісім иемденбесе, сенімхат
беру өзінің заңдық табиғаты бойынша бір-жақты мәмілені көрсететді. Басқаша айтқанда, сенімхат беру
және оның заңдық күшін иемдену үшін өкіл келісімдігі талап етілмейді.
Келісімге қарағанда, сенімхат өкілдіктің сыртқы әсерін қамтамасыз етуге шақырылған. Үшінші тұлға сенімхатпен таныса отырып, өкілдің қандай артықшылықты иемденетін біледі. Құқық шегінде өкілмен
жасалған кез-келген мәлімелер және басқа
да заңдық әрекеттер өкіл жіберуші үшін міндетті сипатқа ие.
Сенімхат заң мәмілесіне ұсынылатын
барлық талаптарға сәйкес келуі керек. Сенімхат құқықтық заңдық әрекет жасауға ғана берілуі
мүмкін; өкіл жіберушінің еркі еркін қалыптасып, сенімхатта
анық көрсетілуі тиіс; заңды тұлғаға берілген сенімхат арнайы құқық субъектілігіне қайшы келмейтін мәміле жасауға ғана қатысты болуы
мүмкін.
Сенімхатқа қойылатын негізгі
талаптар мынаған келіп салды. Біріншіден,
сенімхат арнайы нысанда рәсімделу қажет,
заң сенімхатты жазбаша жасалатын құжат
ретінде анықтап, одан тыс ол әрекет етпейді. Өкілдік туындайтын жағдайда сенімхат ауызша жасалуы мүмкін; сенімхат әрқашан
өкілдік құзыретін жазбаша бекітілуді талап
етеді. Жалпы ереже бойынша сенімхаттың нақтылығы үшін
ол қарапйым жазбаша нысанда болуы жеткілікті.
Сонымен қатар ол сенімхат аталатын негізгі құжат
ретінде де құрылуы, сондай-ақ басқа кезкелген.
Түрде, мысалы, хат, жеделхат, факс, өкілдің құзыреті айқындалған сенімхат бөлігі нысанында көрініс жабуы мүмкін. Маңыздысы,
бұл құжатта өкілдің құзыреті нақты көрінес тауты, сенімхатқа қажетті басқа
да реквизиттар болуы керек. Сенімхаттың функциялары кейбүр жазба құжаттармен жүзеге асуы
мүмкін, мысалы, филиал директорының сақтандыру
агентінің қызмет күәлігімен, жүргізушіге берілетін жаңаша парағы және
т.б Заңмен тікелей көрсетілген жағдайларда сенімхаттың нысанына жоғарлатылған талаптар қойылады, көбінесе
ол, сенімхат анықталған түрде бекітілуді талап
етумен көрініс табады. Сонымен, нотариалдық нысанды талап ететін мәлімелерді
жасасқанда, заңды көрсетілген жағдайларды қоспағанда
(АК 2 б.167 б) нотариалдық түрде бекітілуі
қажет, АК 167 б сәйкес қайта сенім білдіру тәртібінде берілетін сенімхат
нотариалды түрде рәсімделу керек, сондай-ақ заң нотариалды бекітетін сенімхаттарға мыналарды
еңгізеді :
а) госпитальда, санаторийде
және басқа әскери-емдеу мекемелеріндегі әскери
қызметкерлер мен басқа тұлғалардың осы мекеменің
бастығымен, лизингта саласы бойынша оның
көмекшісі мен аға немесе кезекші дәрігерлермен бекітілген сенімхаттары;
ал әскери бөлімшелердің дислокация кезектерінде,
біріктірулеріне, мекемелерде және әскери-оқыту
орындарында нотариалдық іс-әрекетті жұзеге
асыратын нотариалдық кеңселер және басқа органдар болмағанда, сондай-ақ жұмысшылар және қызметкерлердің,
семьяларының мүшелеренінің осы бекітілген сенімхаттар;
в) бас бастандығымен айыру органдарындағылардың
бас бас бастандықтан айыру орынының бастығымен бекітілген сенімхаттары;
г) туғындарды әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі, кәмелетке толған әрекет
қабілетті азаматтардың, осы мекеменін әкімшілігі
мен немесе тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың сәйкес органының басшысымен бектіліген сенімхаттары. Жалақыны
және еңбек қатынастарымен байланысты өзге төлемдерді,
авторлар мен тапқырлық сыйақыларын, зейнетақысы, жәрдемақысы және сипендияны,
азаматтардың банктік салымдарын алу үшін
сенімхат сенім берушінің жұмыс істейтін немесе оқитын мекесімен,
оның туғылықты жері бойынша тұрғын үй –
эксплуатациялық мекемемен және ол емделіп
жатқан стационарлық емделу орнының әкімшілігімен бекітілуі
мүмкін. Өкіл азаматтық банктік салтынын, оның
банкілік есеп шотынан ақша қаражатын, оған байланыс мекемесінде адрестелген корреспонденцияны алу үшін сенімхат сәйкес банкпен немесе байланыс мекемесінен сенімхат ісін бекітіледі.
Заңды тұлғалардың атынан берілетін сенімхаттар, қайта сенім
білдіру тәртібінде берілетіндерді қоспағанда,
нотариалдық немесе өзге арнайы бекітілуді
талап етпейді. Демек, олар осы мекеменің басшылары
немесе өзге құзыретті тұлғалардың қолымен
мекеменің мөрімен текітулу керек, ақша
және өзге мүліктік құндылықтар беру немесе
алу сенімхаттарын сонымен қатар бас бухгалтердің қолымен күәландырылу керек.
Банкілік операциялар жасау және ішкі сауда саласында мәлімелер жасасу сенімхатының нысандары арнайы ережелермен анықталады.
Екіншіден, сенімхат аса мәміле болып
табылады. Оның әрекет еткізіліп ең жоғарғы мерзімі АК
168 б. сәйкес үш жылды құрайды. Егер сенімхатта оның әрекет
ету мерзімі көрсетілмесе, онда ол күшін оны
жасаған күннен бастап бір жыл күшін сақтай.
Үшіншіден, сенімхат атаулы құжат толып
табылады. Бұл сенімхатта ол берілген тұлға,
сондай-ақ сенімхатты білдіреді. Бұл жағдайда сенімхат бірлесіп
немесе әр қайсысы болып әрекет ететін сондай-ақ
бірнеше тұлғаның берілуі мүмкін. Сенімхатты сонымен қатар
бір тұлға ғана емес бірнеше тұлға бере алады,
мысалы, шартта тарап ретінде болатын тұлғалар. Қайта
сенім білдіру. Сенімхат берілген тұлға өзі құзырлы
әрекеттерді жеке өзі жүзеге асыру керек, сонымен
қатар анықталған жағдайлар қайта сенім білдіру тәртібі негізінде басқа тұлғаға жүктеуі мүмкін. АК
169 б. сәйкес бұл мүмкін егер, біріншіден,
өкіл тікелей сенімхатпен бұған құзыралы
болса не, екіншіден, егер өкіл берушінің мүддесін қорғау үшін мәжбүр
болса, заңның мәні бойынша беруші кез келген
уақытша қайта сенім білдіруді шешуі мүмкін. Өкілді
оның талабы бойынша немесе өз еркі бойынша (мысалы,
хатта , жеделхатта және т.б) сәйкес құзырет
беруі арқылы. Өз құқығын басқа тұлғаға берген өкіл ол жайында,
қажетті ақпаратты бастапқы өкіл берілетін хбарлауы
керек. Хабарламаған жағдайда қайта сенім
алған тұлғаның әрекетіне өкіл өзі жауап
береді. Қайта сенім білдіру тәртібінде берліген сенімхаттың әрекет
ету мерзімі сол негізделіп берілген сенімхаттың мерзімінен аспауы керек.
Өзіне арнап өкілеттік құқық
берілген әрекеттерді сенім алушының
өзі атқаруы тиіс. Егер алған сенімхат
бойынша осылай етуге өзіне өкілеттік
құқық берілген немесе сенім берушінің
мүдделерін қорғауға жағдайлардың салдарынан
осылай етуге мәжбүр болған ретте ғана
ол сенімхат бойынша әрекет етуді басқа
біреуге сенім ауысуы арқылы бере алады.
Сенім алушы өз өкілеттігін
басқа біреуге сеніп тапсырғаннан
кейін өзінін сенім берушісіне бұл
жөнінде білдіруге және ол адам туралы,
оның тұрағы туралы қажетті мәліметтерді
хабарлауға тиіс. Бұл міндетті орындамаса,
сенім алушыға өзінің өкілеттік
құқықтарын сеніп тапсырған адамның
әрекеттері үшін өзінің істегені сияқты
жауаптылық жүктеледі.
Сенімхаттың күші мынадай
жағдайларда жойылады:
- сенімхат мерзімінің өтуі;
- сенімхатта көзделген әрекеттердің жүзеге асуы;
- сенімхатты беруші адамның оның күшін жоюы;
- сенімхат берілген адамның одан бас тартуы;
- өз атынан сенімхат берген заңды тұлғаның тоқтатылуы;
- атына сенімхат берілген заңды тұлғаның таратылуы;
- сенімхат берген адамның қайтыс болуы, оның әрекет қабілеттілігі жоқ, әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе хабар ошарсыз кетті деп танылуы;
- сенімхат берілген азаматтың қайтыс болуы, оның әрекет қабілеттілігі жоқ, әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе хабарошарсыз кетті деп танылуы салдарынан тоқтатылады.