Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:07, автореферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Институционалды инвесторлар жүйесінің өзектілігі бір жағынан халық өзі тапқан табыстарын сенімді және табысты жерлерге орналастыруға қызығушылық танытуымен, екінші жағынан кәсіпорындардың сырттай мемлекеттік емес қаржыға қажеттілігінің өсуімен анықталады. Институционалды инвесторлар негізгі делдалдардың рөлін атқарады, яғни ұсақ инвесторлардың қаражаттарын жинақтау, инвестицияны кәсіби басқарумен қамтамасыз ету, тәуекелді әртараптандыру, кәсіпорындарды қаржымен қамтамасыз ету, кең массалық инвесторларға бағалы қағаздармен тікелей емес, жанама түрде иемденуге мүмкіндік беру қызметтерімен айналысады.
ӘОЖ
336.714:336.763 (574)
Институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметтері және олардың даму болашағы
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми
авторефераты
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Ғылыми жетекшісі: − экономика ғылымдарының докторы У.М. Искаков
Ресми оппоненттер: − экономика ғылымдарының докторы
С.Ш. Әуелбаев
− экономика ғылымдарының докторы
С.Б. Мақыш
Жетекші ұйым: − Халықаралық бизнес университеті
Қорғау 2009 жылдың 18 қыркүйек күні сағат 14.00-де Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетіндегі экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін іздену бойынша құрылған Д 14.02.01 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өткізіледі, мекен-жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, 144 б.
Диссертациямен Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің кітапханасында танысуға болады
Автореферат «07» тамыз 2009 жылы таратылды
Диссертациялық кеңестің
ғылыми хатшысы, профессор Темірбекова А.Б.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Институционалды инвесторлар жүйесінің өзектілігі бір жағынан халық өзі тапқан табыстарын сенімді және табысты жерлерге орналастыруға қызығушылық танытуымен, екінші жағынан кәсіпорындардың сырттай мемлекеттік емес қаржыға қажеттілігінің өсуімен анықталады. Институционалды инвесторлар негізгі делдалдардың рөлін атқарады, яғни ұсақ инвесторлардың қаражаттарын жинақтау, инвестицияны кәсіби басқарумен қамтамасыз ету, тәуекелді әртараптандыру, кәсіпорындарды қаржымен қамтамасыз ету, кең массалық инвесторларға бағалы қағаздармен тікелей емес, жанама түрде иемденуге мүмкіндік беру қызметтерімен айналысады.
Бүгінгі таңда сыртқы шетелдік қарыз алудың шектеулілігі салдарынан ҚР-ның банк жүйесінің даму қарқыны төмендеуде. Сондықтан екінші деңгейдегі банктер қарызданудың ішкі нарығына, сондай-ақ неғұрлым көп мөлшерде институционалды инвесторларды тарту үшін өзінің өнімдерін кеңейтуге және жақсартуға үлкен көңіл бөлуде. Осыған орай, ағымдағы нарықтық үрдістерді қолдау мақсатында институционалды инвесторлардың қызметін кеңейту қажеттілігі туып отыр.
Жеке капиталды
Бүгінгі таңда қолма-қол ақшаны үйде немесе банк депозиттеріне орналастыру, сонымен қатар жылжымайтын мүлікке инвестициялаудан басқа Казақстан қаржы нарығы уақытша бос ақша ресурстарын орналастырудың жаңа балама әдісін, яғни институционалды инвесторлардың қызметін ұсынып отыр. Бірақ институционалды инвесторлардың барлығына ортақ жалпы мәселе институционалды инвесторлардың инвестициялық қызметін басқару жүйесінің жеткіліксіз дамуы. Инвестиция тартушы құралдардың жеткіліксіздігі институционалды инвесторлар активтерінің табыстылығының төмендеуін күшейте түсті. Бұны екі фактормен байланыстыруға болады: депозиттер мен барлық бағалы қағаздар категорияларына қатысты табыстылықтың жалпы төмендеуі және соңғы жылдар аралығында АҚШ долларына қатысты теңгенің ревальвациясы. Бағалы қағаздар нарығында табиғаты жағынан нарықтық болып табылмайтын келісімдер де бар. Бұл өз кезегінде институционалды инвесторлардың инвестициялық портфелінің нақты табыстылығын анықтауда кері әсер етеді. бағалы қағаздар нарығы толығымен қалай дамуы керек екендігі туралы бір байламға келу үшін және оны ұйымдастыру мен қызметтерін жүзеге асырудың жеке аспектілері бойынша ортақ келісімге қол жеткізу үшін нарықты кешенді түрде зерттеу қажет. Ол үшін бағалы қағаздар нарығын ұйымдастырудың теориялық негіздері мен әдістерін, сонымен қатар оны реттеудің мәселелерін талдау керек, соның нәтижесінен бағалы қағаздар нарығының тұжырымдамасын жасап шығаруға және оның нақты үлгісін таңдап алуға болады. Сонымен бірге бір жағынан, бос ақша қаражаттарының айтарлықтай бөлігі Қазақстан азаматтарында, екінші жағынан, осы қаражатқа экономиканың өндірістік секторының мұқтаж болуы шағын салымшылардың өз қаражаттарын ұжымдық инвестициялау институттарына тартудың тиімді тәсілдерін іздестіруді талап етеді. Мұндай жағдай салымның сақталу кепілдігі және институцоналды инвесторлар қызметінде дағдарысты болдырмау сияқты тәсілдермен салымшыларды тиімді қорғау жүйесін құруды қажет етеді. Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығында тепе-теңдік сақталмауы, бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының негізгі тобы болып табылатын жеке инвесторлардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы жиі кездесіп отыр.
бағалы қағаздар нарығында институционалды инвесторлардың қызметін жетілдіру жолдарын іздеу, зерттеу маңызды рөл атқарады, себебі келешекте осы бағыт экономикаға инвестициялық ресурстарды тартудың ең шешуші көзіне айналмақ. Жоғарыда айтылған мәселелердің өзектілігі осы диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға негіз болды
Институционалды инвесторлардың қызметін дамытуды жандандырудың аса маңыздылығы мен объективті қажеттілігі, олардың үлгілері нарықтық шаруашылыққа және халықаралық стандарттарға сәйкес келтірілуі – зерттеу жұмысының тақырыбын, оның мақсатын, мәселелерін және зерттеу бағытын айқындауға септігін тигізді.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Жұмыс тақырыбының оқу және ғылыми әдебиеттерде қарастырылу дәрежесі кең. Жұмысты зерттеу барысында шетелдік, ресей және отандық оқулықтар мен әдебиеттері пайдаланылды. Институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметтерін қалыптастырумен байланысты ғылыми зерттеудің негізі әлемдік классиктердің еңбектерінде көрініс тапқан. Бұл ғалымдар: В.А. Галанов, В.И. Колесников, Л.Н. Красавина, Г. Марковиц, П. Самуэльсон, Б.Б. Рубцов, Д. Тобин, У. Шарп еңбектерінде институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы қағидаларына, функцияларына сипаттама берілген. Институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметтерінің алатын рөлі бойынша теориялық, әдістемелік және тәжірибелік зерттеулерге біраз ғалымдардың еңбектері арналған. Қарастырылып отырған тақырып бойынша зерттеулер қазақстандық ғалымдардың: Г.Т. Абдрахманова, А.А. Адамбекова, С.С. Арыстанбаева, С.Ш. Әуелбаев, О.Б. Баймұратов, Д.Т. Бохаев, У.М. Искаков, А.А. Ильясов, С.Ж. Интыкбаева, И.И. Исаев, П.Б. Исахова, Б.А. Көшенова, С.Қ. Құлпыбаев, С.Б. Мақыш, В.Д. Мельников, Г.А. Сейткасымов, А.К. Тургулова, Н.Н. Хамитов және т.б. Сонымен қатар, ресей ғалымдары: Б.И. Алехин, Е.Ф. Жуков, Б.А. Колтынюк, К.С. Царихин және т.б. еңбектерiнде де кездеседi. Дегенмен институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы атқаратын рөлі жан-жақты зерттелмеген.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты мемлекеттің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшiн институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметтерінің теориялық-әдістемелік, тәжірибелік жақтарын зерттеу және олардың даму болашағын анықтау.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасындағы институционалды инвесторлар болып табылады.
Зерттеу пәні ретінде институционалды инвесторлардың портфельдік инвестициялауды жүзеге асыру үдерісінде пайда болатын экономикалық қатынастар жиынтығы алынды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу барысында әлемдік экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдардың, экономистердің монографиялары мен баспасөз мақалалары, қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық, статистикалық құжаттар қолданылды.
Жұмысты жазу барысында
Қазақстан Республикасының инст
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Экономиканың әртүрлі салаларына уақытша бос ақша қаражаттары мен инвесторлардың тартылған қорлары бойынша қызметтерді талдау негізінде олардың даму бағыттарын жетілдіру жұмыстың ғылыми жаңалығы болып табылады.
Негізгі ғылыми жаңалықтардан
тұратын зерттеу жұмысының
Қорғауға шығырылған негізгі тұжырымдар:
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Диссертацияда келтірілген негізгі ұсыныстар мен қорытындылар қазақстандық бағалы қағаздар нарығы мен институционалды инвесторлар қызметтерін дамыту бойынша міндеттерді шешуге бағытталған.
Зерттеу нәтижелерін бағалы қағаздар нарығын жетілдіруде пайдалана алады, сондай-ақ қаржы және несие мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындарында пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің қолданылуы. Диссертациялық жұмыстың негізгі тәжірибелік нәтижелері оқу үдерісіндегі типтік және жұмыс бағдарламаларын жасауда, сондай-ақ «Қаржы нарығы және делдалдары», «Әлемдік қаржы нарығы», «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу» пәндерінен лекция және практикалық сабақтар өткізгенде қолданылды. Диссертациялық жұмыс бойынша негізгі нәтижелері келесі мерзімдік басылымдарда мақалалар түрінде: ҚазЭУ хабаршысы, (2006); ҚазҰУ хабаршысы (2006); «Альпари» (2007) журналдарында жарияланды, сондай-ақ, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда: «Жедел жаңару жолындағы экономикалық бағдарлар» (Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті. 18-20 мамыр, Алматы, 2005); «Бірінші Рысқұлов оқулары» (Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті. 16-19 мамыр, Алматы, 2006); «Қазақстанда экономикалық ой-сананың дамуы» (Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті. 19-20 қазан, Алматы, 2006); «Үшінші Рысқұлов оқулары» (Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті. 19-24 мамыр, Алматы, 2008) баяндалып, жарық көрді.
Зерттеу нәтижелерінің жариялынымдары. Зерттеу жұмысының негізгі ғылыми қағидалары және нәтижелері жалпы көлемі 3,25 баспа табақты құрайтын 7 ғылыми мақалаларда жарияланды.
Диссертация құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Негізгі бөлім
Институционалды құрылым экономикада екі рөл атқарады. Бір жағынан, оңтайлы шешімдер қабылдау үшін шаруашылық қызметтерді тоқтатады. Ал, екінші жағынан экономикалық қызметтерді шоғырландыру құралы ретінде қызмет атқарады. Институционалды құрылым – бұл экономикалық келісімдердің қатысушыларын біріктіруді қамтамасыз ететін буын болып табылады.
Кейінгі 30 жыл ішінде
институционалды инвесторлар ре