Институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметтері және олардың даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:07, автореферат

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Институционалды инвесторлар жүйесінің өзектілігі бір жағынан халық өзі тапқан табыстарын сенімді және табысты жерлерге орналастыруға қызығушылық танытуымен, екінші жағынан кәсіпорындардың сырттай мемлекеттік емес қаржыға қажеттілігінің өсуімен анықталады. Институционалды инвесторлар негізгі делдалдардың рөлін атқарады, яғни ұсақ инвесторлардың қаражаттарын жинақтау, инвестицияны кәсіби басқарумен қамтамасыз ету, тәуекелді әртараптандыру, кәсіпорындарды қаржымен қамтамасыз ету, кең массалық инвесторларға бағалы қағаздармен тікелей емес, жанама түрде иемденуге мүмкіндік беру қызметтерімен айналысады.

Работа состоит из  1 файл

AsilovaAS_abstract.doc

— 450.50 Кб (Скачать документ)

 


 Сурет 1 – ҚР бағалы қағаздар  нарығындағы институционалды инвесторлардың  жіктелінуі


Ескерту – автор құрастырған


Инвесторлар жұмсаған қорларына  байланысы жеке және институционалды  инвесторлар болып бөлінеді. Біріншісі, меншікті қорларын инвестициялайтын жеке және заңды тұлғалар болса, екіншісі, тек қана тартылған қорларды инвестициялайтын қаржылық институттар.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, бағалы қағаздар нарығында  инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары және жинақтаушы зейнетақы қорлары  институционалды инвесторлар ретінде  қызмет атқарады.

Институционалды инвесторлардың қаржылық құралдарын инвестициялау көздеріне келесілер жатады: зейнетақы қорларының жарналары, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының төлемдері, сақтандыру компанияларының жарналары. Институционалды инвесторлар осы көздер есебінен Қазақстан Республикасы және шетелдік нарықтың қаржылық құралдарын инвестициялауға жұмсайды.

Институционалды инвесторлар  туралы теориялық және құқықтық түрлі  көзқарастарды қарастыра келе институционалды инвесторларға келесідей анықтама беруге болады:

Институционалды инвесторлар – заңды және жеке тұлғалардың  қаражаттарын жинақтайтын және инвестициялық кіріс алу мақсатында оларды қаржылық құралдарға, соның ішінде бағалы қағаздарға салуды жүзеге асыратын қаржылық-әлеуметтік институттар.

ҚР бағалы қағаздар нарығындағы  институционалды инвесторларды заңнамалық құқықтық қалыптасу негіздерін екі кезеңге топтастыруға болады:

    1. Бағалы қағаздар нарығының қалыптасу кезеңі;
    2. Институционалды инвесторлардың қалыптасу кезеңі.

Бірінші кезеңнің заңдары  Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының  қалыптасуына негіз болды. Қазіргі уақыттағы күші бар заңдардың жетілдірілуіне себеп болды.

Екінші кезеңнің заңдары  институционалды инвесторлардың дамуына  келесідей заңдардың қабылдануына негіз болды: «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «ҚР-сында зейнетақымен қамсыздандыру  туралы», Сақтандыру қызметі туралы», «Инвестициялық қорлар туралы» ҚР Заңдары.

Қазіргі кезде заңнамалық актілердің, соның ішінде «бағалы қағаздар нарығы туралы» заңының және басқа құжаттардың қабылдануы бағалы қағаздар нарығы мен оның инфрақұрылымының дамуы белгілі бір бағытта сипат алып келе жатқанына болжам жасауға негіз болады. Сол себепті Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын игерудің жинақталған тәжірибесінің, оның нақты жағдайының, сапалық және сандық сипатының жүйелік талдауын жасау қажеттілігі артып отыр.

Бұл заңдарда институционалды  инвесторлардың қызмет етуі, басқа  нарық субъектілерімен өзара  байланысы, инвестициялау ерекшеліктері  қамтылды. Менің ойымша, бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлардың қалыптасуын, аталуын және дамуының құқықтық негіздерін былай бөлу керек:

 

 


Бағалы қағаздар нарығындағы  институционалды инвесторлардың қалыптасуындағы  құқықтық негіздер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2 – Бағалы қағаздар нарығындағы құқықтық негіздер

Ескерту – автор құрастырған


 

Әлемдік тәжірибеде институционалды  инвесторлардың ірі топтарына сақтандыру компаниялары мен жинақтаушы зейнетақы  қорлары жатады. 2006 жылы оларға институционалды  инвесторлардың барлық активтерінің 30-31%-і  келген, үшінші орында 28%-ті инвестициялық қорлар тұр. Бұл топтың жылына орта есеппен 16% өсуі байқалуда және бұл ең тез өсу болып саналуда. 2006-2007 жж. АҚШ-та институционалды инвесторлардың активтері 2,7 есе өсті, нәтижесінде 2007 жылы 18,4 трлн долларды құрады. Сонымен қатар, жинақтаушы зейнетақы қорларының үлесі – 37%, сақтандыру компаниясының үлесі – 23%, ал инвестициялық қорлардың үлесі – 26% болды.  Институционалды инвесторлардың активтерінің көлемі жағынан АҚШ, одан кейін екінші орында Жапония (3 трлн доллар) тұр.

Бұл елде, инвестицияның  басыңқы үлесі сақтандыру компаниясында  және екінші деңгейдегі банктердің сенім  бөлімшелерінде орналасқан. АҚш-та, Англияда, Голландияда, Швейцарияда және Швецияда институционалды инвесторлар активтерінің ЖІӨ-ге қатынасы 110-220% арасында өзгеріп тұруда. Сонымен қатар, ЭҚДҰ мүшелері арасында дамушы мемлекеттердегі институционалды инвесторлар активтерінің көрсеткіштері төмен.

Инвесторлар активтерінің ЖІӨ көлеміне қатынасы дамушы елдерде: Түркияда – 0,8%, Польшада – 3%, Мексикада  – 6%, Венгрияда – 9%, Чехияда – 16% және Ресейде – 1,3% құраған (1-кесте).

Көптеген мемлекеттердің институционалды инвесторлары активтерінің басым бөлігін тұрақты проценттік бағалы қағаздарға салады. Сонымен  қатар, 2005 жылдары акцияға инвестициялық  салымдардың орташа жылдық қарқыны 18%-тен артып, өте жоғары болғаны байқалған.

2007 жылы  институционалды  инвесторлар активтеріндегі акцияның  үлесі Ұлыбританияда – 65%, АҚШ-та  – 50%, ал Швейцария мен Австралияда  – 46%, Голландия мен Францияда  – 33%-ті құрады. Сонымен қатар, институционалды инвесторлардың категориялық құрылымы аталған мемлекеттерде айырықша ерекшеленеді.

Ұлыбританияда, институционалды  инвесторлардың активтері 2007 жылы 3 трлн доллар болды. Франция мен Германияда – инвесторлардың активтері 1,5 трлн долларды, ал Голландия мен Австралияда – активтер 0,6 трлн долларды құрады. Германияда сақтандыру компаниясының, ал Голландия мен Ұлыбританияда – жинақтаушы зейнақы қорлары активтерінің үлесі басым болып келеді.    

Институционалды инвесторлардың активтері өсімінің ең басты себептерінің бірі есепті айдағы теңгенің девальвацияға ұшырау салдарынан шетел валютасында қайта номинирленген қаржы құралдарын қайта бағалау болып табылады. Оның негізгі себебі мемлекеттік бағалы қағаздардың (МБҚ) көпшілігі инфляция деңгейін жауып, аз ғана табыс әкелгендігінде болып отыр. Дегенмен, кейбір консервативті инвестициялық саясатты ұстанатын зейнетақы қорларының кейбірінің портфелінің басым бөлігін МБҚ алады. 2008 жылы ЖЗҚ біріктірілген инвестициялық портфелі көлемді деформацияға ұшыраған жоқ, онда сапалық және сандық өзгерістер орын алды.

 

 

 

 

Кесте 1 – Дамыған мемлекеттердің институционалды инвесторларының активтері, млрд доллар

мемлекеттер

2005 жылы

2006 жылы

2007 жылы

Сақтандыру  компаниялары

Зейнетақы қорлары

Инвестициялық қорлар

өзгеде қорлар

барлығы

Сақтандыру  компаниялары

Зейнетақы қорлары

Инвестициялық қорлар

өзгеде қорлар

барлығы

Сақтандыру  компаниялары

Зейнетақы қорлары

Инвестициялық қорлар

өзгеде қорлар

барлығы

АҚШ

1885

2492

1155

1344

6876

3660

7162

5089

2483

18394

5563,2

14618,4

14718,7

3652,0

38552,3

Жапония

1074

343

390

964

5771

1595

715

371

379

3060

2024,9

1145,8

463,8

435,9

4070,4

Германия

400

52

147

599

782

70

647

 

1499

1173,0

83,3

1222,6

2478,9

Франция

239

 

393

632

945

715

1660

1871,1

-

1036,8

2907,9

Италия

66

39

42

147

186

37

410

308

941

373,9

42,6

615,0

446,6

1478,1

Ұлыбритания

454

537

126

1117

1384

1137

386

2907

2959,0

1841,9

500,6

5301,5

Канада 

138

165

30

333

177

278

197

652

203,6

383,6

591,0

1178,2

Швейцария

116

138

19

273

214

300

70

584

312,4

495,0

140,0

947,4

Испания

50

14

16

80

138

11

242

391

271,9

12,7

847,0

1131,6

Австралия

73

50

19

4

146

138

195

59

13

405

205,6

509,0

128,0

29,3

872,1

Нидерланды

117

230

32

-

379

195

323

63

7

588

317,5

454,1

96,4

868,0

Өзге елдерді қоса барлығы

4918

3764

2638

2425

13745

10000

10318

9283

3253

32854

15276,1

19586,4

20359,9

4563,8

55719

Ескерту – www.k2kapital.com мәліметтері негізінде автор құрастырған




 

 

Институционалды инвесторлардың портфельдерін салыстырайық. Бұл жерде салыстырылатын құрал ретінде мемлекеттік бағалы қағаздарды алдық, себебі қор нарығының дамуының негізі корпоративтік бағалы қағаздар болып табылады.

Сурет 3 – Институционалды инвесторлардың портфелдеріндегі мемлекеттік емес бағалы қағаздардың үлесі, %

Ескерту – автор құрастырған

 

Енді институционалды  инвесторлардың портфеліндегі келесі құрал акция бағалы қағаз өзгерісіне тоқталатын болсақ, дағдарыс кезінде  бағалы қағаздар нарығының акция секторы басқа секторларға қарағанда үлкен өзгерістерге ұшырады, осы секторда инвесторлардың қаражаттарының көп бөлігін жоғалтқан.

Сурет 4 – Институционалды  инвесторлардың инвестициялық портфеліндегі  қазақстандық акциялардың үлесі, %

Ескерту – автор құрастырған

 

2007 жылы қазақстандық  акция нарығы 100 млрд-тан 30-млрд  долларға дейін төмендеген. Яғни, дағдарыстан отандық нарықтың  сомалық жоғалтулары 70 млрд долларға  бағаланады. Сонымен қатар, нарықтың  капиталдандырылуының зардабын жеке эмитенттер негізінде қарастыруға болады. Кейбір жағдайларда алып эмитенттер бойынша да 10-даған млрд долларға дейін есептелінген. Мысалы, 2007 жылдың бас кезіндегі бағалармен салыстырғанда Kazakhmys PLC компанияларының капиталдандырылуы шамамен 11,5 млрд долларға азайған, Казкоммерцбанк пен Халық Банктің капиталдандырылуы шамамен 3,5 млрд долларға және т.с.с.

Мұндай есептеулердің  объективтілік маңыздылығы аз, өйткені  нарықтың капиталдандырылуы көлеміндегі  қатерлер эмитенттің шаруашылық қызметіне әсер етпейді деуге болады. Бұл эмитенттер акцияларды бірінші орналастырудан кейін оларға ешқандай қатыстары болмайды. Барлық қатерлерді бірінші кезекте екінші ретті бағалы қағаздар нарығында акцияларға қаражат салған инвесторларға келеді. Сәйкесінше, егер қор нарығындағы негізгі қатерлерді қарастырсақ, бірінші кезекте дағдарыстан кейін күрделене түскен институционалды инвесторлардың жағдайына көңіл бөлу қажет.

Дағдарыс уақытында  акцияларға активті түрде инвестициялаған  ЖЗҚ болып табылғанын 2-кестеде берілген мәліметтерден көруге болады. Дүниежүзілік қор нарықтарының құлауының алдында, 2007 жылдың жарты жылдығында, өздерінің инвестициялық портфеліндегі акциялардың үлесін өсірген жалғыз инвесторлардың тобы – ЖЗҚ. Қалған инвесторлар осы кезеңде үлестік бағалы қағаздарға деген салымдарын азайтқан, көбінесе акцияға инвестициялауды күрт төмендеткен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары. Олар 2007 жылдың жарты жылдығының өзінде 10% азайтқан.

 

Кесте  2 – Қазақстандық бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының акцияға салған салымдарының көлемі

 

1.01.2007 ж.

1.04.2008 ж.

млн тенге

портфельдегі

үлесі,%

млн тенге

портфельдегі

үлесі,%

ЖЗҚ (зейнетақы активтері)

210 521

17,62

250 757

18,67

шетелдік акциялар

20 759

1,74

73 613

5,48

қазақстандық акциялар

189 762

15,88

177 144

13,19

ЖЗҚ (меншік активтері)

3 289

15,04

3 218

10,67

шетелдік акциялар

0

0,00

0

0,00

қазақстандық акциялар

3 289

15,04

3 218

10,67

Пай инвестициялық қорлары

16 463

8,24

13 387

7,58

шетелдік акциялар

3 043

1,52

3 392

1,92

қазақстандық акциялар

13 420

6,72

9 995

5,66

Екінші деңгейдегі банктер

40 392

5,25

41 508

4,7

шетелдік акциялар

1 043

0,14

621

0,1

қазақстандық акциялар

39 349

5,11

40 887

4,6

Сақтандыру ұйымдары

2 951

1,84

5 742

2,96

шетелдік акциялар

0

0,00

0

0,00

қазақстандық акциялар

2 951

1,84

5 742

2,96

БҚН кәсіби қатысушылары

23 786

28,96

31 122

19,92

шетелдік акциялар

2 084

2,54

3 247

2,08

қазақстандық акциялар

21 702

26,42

27 875

17,84

Нарық қатысушыларының

портфеліндегі акциялардың  барлығы

297 402

76,95

345 734

64,5

соның ішінде:

       

шетелдік акциялар

26 929

9,95

80 873

30,53

қазақстандық акциялар

270 473

90,05

264 861

69,47

Ескерту – ҚҚА мәліметтері негізінде  автор құрастырған

Информация о работе Институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметтері және олардың даму болашағы