1916 жылғы Қазақстандағы ұлт азаттық көтеріліс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 14:58, реферат

Описание

Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. маусымдың 25 армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.

Работа состоит из  1 файл

1916 жылғы Қазақстандағы ұлт.doc

— 426.00 Кб (Скачать документ)

— Алаш қозғалысының қалтарыстарын  ашуда бұл да керек  дейсiз ғой?

— Бiлсек, бәрiн бiлейiк, айтсақ бәрiн  айтайық. Ал, Алаш партиясының қайраткерлерi не iстедi? Мысалы, Әлихан Бөкейханов Колчакқа барды. Омбыға.  Омбыға барған уақытында Колчак қабылдаған жоқ оны. Оны тiптi Соғыс министрi де қабылдаған жоқ. Кричанский ме, Кручинский ме, бiр полковник қабылдап: “Алаш автономиясы дейтiн әңгiменi ауызға алмаңдар. Ал, ендi большевиктерге қарсы күреске не керек? Қару-жарақ па? Киiм кешек пе? Мiне алыңдар...” деп, әңгiменi осыдан бастаған. Қару-жарақты әлгiндей жолмен алып келгеннен кейiн “Сарыарқа” газетi “қару-жарағымыз бар” деп көпiртiп жазды. Алаш әскерiнiң Семенов отрядына, тағы басқа отрядтарға қосылғаны бар. Мынау Аягөз төңiрегiнде болған айтыс, осы Жетiсуда болған тартыстарға да Алаш әскерi қатысты. Мұндай деректер жетерлiк. Тағы бiр дерек айтайын, 1918 жылы 11 қыркүйек күнi Уфа қаласында Шығыс Алаш Орда мен Батыс Алаш Орда басшылары кездестi. Сонда Семейдегi Шығыс Алашордамен байланыс жасау  қиын деген желеумен Халел Досмұхамедов: “Бiз “Ойыл уәлаяты” дейтiн өзiнше жеке уәлаят құрамыз” дедi. Сөйтiп Жымпитыда Батыс Алаш Орда үкiметiн құрды. Ал, екiншi сиезде Алаш Орда үкiметi құрылды. Сол желтоқсан  айында құрылған Алаш үкiметi Семей қаласына маусым айында әзер жеттi.

   Әлихан  Томскiде өткен Сiбiр сиезiне де қатысып  келдi. “Автономия құратын болсаңдар  қарсылығымыз жоқ, бiрақ Ресейдiң  қарамағында боласыңдар”  деген Сiбiр сиезiнiң сөзiн алып келген Әлиханды Семейде Алаш Орда өкiлдерi болсын, басқа да азаматтар болсын, қуанышпен қарсы алып, жиын өткiздi. Сұлтанмахмұттың “Алаш ұраны” дейтiн өлеңi сол кезде жазылған өлең. Сөздiң қысқасы, Семейдегi Алаш Орда үкiметiне басқа өңiрден сайланғандардан тек Мұхаметжан Тынышбаев қана он шақты күнге бiр рет барып-қайтты, өңгелерi жергiлiктi адамдар болды.

   Осындай терiс деректердi қайдан жинап ала  бердiң деп айтасыңдар ғой, ендi. Мынадай  да жағдай бар. Жымпитыда “Юнкерская школа” деген, яғни төменгi дәрежедегi командирлер дайындайтын мектеп болған. Сонда оқып жатқан 400 қазақ баласы сол кездегi iс-әрекеттерге қарап: “Жоқ, бiз оқымаймыз, большевиктерге қосыламыз” деп Ойыл жағына кетiп бара жатқанда башқұрттың бiр офицерi бастаған топ әлгi 400 қазақ баласын қырып салған.

— Башқұрт офицерi дейсiз  бе?

— Иә. Соны кейiннен Досмұхамедовтер: “Бiз  емеспiз, анау болды, мынау болды” деген  әңгiмелердi айтты. Батыс Алаш Орда Кеңес   өкiметiне 1920 жылы ғана қосылды. Батыс Алаш Ордамен келiссөз жүргiзуге Ахмет барған. Сөйтiп барып көндiрген. Осындай нәрселердiң барлығын бiздiң публицистерiмiз, журналистерiмiз бiлмейдi де: “Қазаққа теңдiк келiп едi, бостандыққа жетiп едiк, бiрақ соның бәрiн мынау Кеңестер, оның iшiнде соған қолшоқпар болған Сәкен мен Сәбиттер құртты, бәлен еттi, түген еттi” деп бөседi. Бұл — жалған.

Сөз ауаны қазақтың ауызбiрлiгi мәселесiне келiп тiрелетiн секiлдi.

—Алаш тұсында да, кейiн де қазақтың ауызбiрлiгi болмады. Өңгесiн былай қойғанда мына “Қазақ” газетi мен “Айқап”  журналының бiр қазақ даласына сыймай қойғанында да үлкен мән бар. “Айқап” журналының адам басына 15 десятинадан жер алайық, сөйтiп барып қоныстанайық, ел болайық, мектеп салайық деген идеясына “Қазақ” газетi қарсы шықты. “Жоқ, ол дегенiңiз қазақтың өзiн өзi байлап беруi болады, анау орыстар сырттан келiп тарпа бас салса ешқайда көше алмайсың, одан да көшiп-қонып жүргенiмiз дұрыс” деген ойды “Қазақ” газетiнiң бетiнде жазды. Сиез шақырайық дегенде де осылай болды. Сиез шақыру мәселесiн 1913 жылы Тiлеуғабылов дейтiн бiр адам бастаған едi. 
 
Бүкiл қазақ сиезiн шақырайық дейдi ғой.

— Иә, бүкiл қазақ сиезiн ұйымдастырмақшы  болды. “Қазақ” газетi оған да қарсы  шықты: “Мынадай қиын заманда, мынадай  дүние бұзылып тұрған уақытта  қалай, қай жерге шақырасың, қай  қаражатыңа, не деп шақырасың, қандай мәселе көтересiң” дедi. Ахаң еңбегiнiң айрықша зор екендiгiне күмән жоқ. Бiрақ осындай ұстанымдағы дүниелерге жол беруiне қарап, кейде тiптi, ағаларымыз қалай-қалай сiлтеген деген де ой келедi. Қазiр де бұлтақтап жатырмыз ғой. Мысалы, 1916 жылғы Ұлт азаттық көтерiлiс кезiнде осы ағаларымыз тағы да бұлтақтады. “Әскерге барыңдар, әскерге барсаңдар шаруашылыққа аз зиян келедi. Бармасаңдар мынау орыс әскерi “ит ашуын тырнадан алады” деген сияқты, немiстен жеңiлiп жатқаннан кейiн бiзге де ауыз салып жiберуi ғажап емес” деп соқты. Бiрақ жазалау отрядтары қазақ даласында онсыз толып тұрған едi ғой! Мынау Торғайдағы Амангелдiлердiң қазаға ұшырап жатуы — жай ғана ойыншық нәрселер емес. Мұнда да Алаш отрядының iзi бар. Оның басшыларының бiразы бiздiң тарихымызға белгiлi адамдар. Осы жағынан келген уақытында, қазақ ағайын арасында әртүрлi күрделi нәрселер болғаны және олардың барлығын оп-оңай жолмен шешпегенi белгiлi.

— Жалпы, Нәзiр Төреқұлов, Сәкен Сейфуллин, Сейiтқали Меңдешевтер  секiлдi большевиктер қатарына өткен қайраткерлердi большевик демей, алаш деп бөлмей, жалпы Алаш Орданың контексiнде қарастырса бола ма?

Болады. 1922 жылы наурыз айында өткен III партия конференциясында Мәскеуден келген идеология хатшысы Ярославский “Азия Еропаға” дейтiн өлеңiн негiзге ала отырып Сәкендi ұлтшыл деп айыптады. Осы сөзден кейiн Сәкен  тиышталуы керек қой. Жоқ. Ол онымен қоймай “Қазақты қазақ дейiк, қатенi түзетейiк” деген мақала жариялайды. Оның алдында 28 қаңтар күнi А. Байтұрсыновтың 50 жылдығы болады. Соған облыстық обком: “Қатыспаңдар, қатысқан адамдардың сөзiне С. Сейфуллин жауап берсiн” дейтiн қаулы шығарады. Сөйткенде Сәкен әлгi тойды өзi басқарып, өзi кiрiспе сөз сөйлеп: “Патша заманының өзiнде жападан жалғыз қазақтың жоғын жоқтаған адам осы Ахмет едi. Бұл — шын ұлтшыл. Қазақ үшiн жанын беруге даяр. Басқалар шен-шекпен үшiн жан берiп жүрсе, бұл қазақты ағартамын деп жанын берiп жүрдi. Сондықтан мұндай адамдарды қадiрлеу керек” дейтiн ой айтады. Сәкеннiң осы сөзi 1922 жылы 30 қаңтар күнi “Еңбекшi қазақ” газетiнiң бетiне жарияланғаннан кейiн “Советская степь” дейтiн газеттiң бетiнде Әбдiрахман Әйтиев “Фактические поправки” деген мақала жазып, Сәкен ұлтшылдарды жақтап жатыр деп байбалам салды. Оған “Тағы да Ахмет туралы” Сәкен қазақша жауап берген.

     Нәзiр  Төреқұлов Мәскеудегi Орталық Ұлттар Кiндiк баспасында жүргенде Әлиханды да, Ахметтi де, Мiржақыпты да, барлығын бауырына тартып, аударма бердi, күнкөрiс  үшiн, жалақы алу үшiн. Анау “Жиырма  үш жоқтауды” шығартты, т.б. көптеген дүниелер жасады. Сөйте тұра Сәкенмен екеуi жараспады ғой. Екеуi де коммунист, екеуi де қып-қызыл. Нәзiр Мәскеуде “Темiрқазық” журналында Сәкеннiң “Бақыт жолында” дейтiн пъесасын, “Асау тұлпар” дейтiн жинағын быт-шытын шығарып сынады.  Тiптi, Сәкен “оң аяғы мен сол аяғын айыра алмайтын адам” дейтiн нәрселердi жазды. Ал осының барлығын қазiргi Нәзiрдiң ақтаушылары мен жақтаушылары: “Нәзiрдiң сөзi сөз едi, Сәкен оңбаған едi, пәлен-түген едi” дейтiн нәрселердi айтады. Болмайтын нәрселер.

     Ал  жалпы Алаш партиясының азаматтары да, қазақ коммунистерi да қазақ халқына қастандық ойлаған жоқ. Қалай жеткiземiз, қалай өркендетемiз, қай жолмен жүремiз деген уақытта, зиян келтiрудiң жолын емес, пайда келтiрудiң жолын iздеп екiге айырылды. Алаш екiге бөлiндi. Бiр жағы Алаш партиясын таңдады, бiр жағы  коммунистiк қозғалысқа кеттi. Коммунистке барған адамдар қазақ халқына қиястық жасауға, зорлық жасауға әдейi ниеттенген адамдар емес. Барлық пәле 1925 жылы Қазақстанға келген Голощекиннен басталды. Голощекин қазақ оқығандарын бiрiне бiрiн айдап салды. Соның iшiнде ең белсендi болғандары Сәкендер жағы болды.  

— Оардың қолында билiк  бар ғой?

— Әуелгiде билiк болды. Бiраздан кейiн  Сәкендердi құлатты. Одан кейiн Исаев, Құрамысовтар келдi. Сол кезде Голощекин  гүрiлдеп шыға келдi. Оның ең алғашқы  қиратқаны Смағұл Садуақасов едi. Голощекин Сәдуақасовтың қазақ байлары туралы, меншiк туралы пiкiрiне қарсы шығып, оны ұлтшыл деп кiналады. Осыған қазақтың сол кездегi оқыған-оқымағандарының бәрi жабыса кеттi.  

— Голощекинге жағымпаздық...

—Әсiресе Ораз Исаев пен Құрамысов екеуi ерекше белсенiп шықты. Анау 31 жылғы аштыққа да, тағы басқа нәрселерге де бұл ағайындар қосқан үлес аз емес. Голощекиндi ғана кiнәлаймыз ғой. Жоқ, Голощекин жалғыз өзi iстеген жоқ. Өз азаматтарымыз да атсалысты. Анау Елтай Ерназаров сияқты адамдарды, өзiнiң ойын айтып жеткiзе алмайтын адамдарды әкеп бiр жерге шошитып отырғызып қойды да, қолынан iс келетiн адамдарды жаппай қуғындады. 1937-38 жылғы саяси қуғын-сүргiн кезiнде қазақты қайтсем ел қыламын деген алаш азаматтары — қызыл коммунистер жолына түскендерi де, алаш жолына қосылғандары да түгелге жуық атылып кеттi. Бұл — дүйiм қазақтың трагедиясы. Кәбиса жыл. Мирзоянның тұсында ғана қазақ бiрқыдыру көтерiлдi.  Мәскеудегi декада кезiнде қазақ өзге ел-жұрт алдында жарқырап көрiндi. Әйтпесе, оған дейiн Голощекин лақтырған  кiшкентай портфельге таласып жатқанбыз. Сөйтiп ырылдасқан кезiмiз өте көп болды.

    1. Ұлтшылдықпен күрес басталды...

— Бiзге Ленин әкелген большевизмнiң  бiр жақ бетi интернационализм, екiншi жақ бетi шовинизм болды. Соның бiз  шовинистiк жолымен кеттiк. Қазақтың тiлiнен айрылғаны, я болмаса анау шығыстағы ұлттардың жұтылып кетуi осы большевизмнiң нәтижесi. Сондай қиямпұрысқа барған Кеңес өкiметi бiр оқ атылмай жалп ете түсу жетiскендiктiң белгiсi емес.

Алаш Орданы қазiргi зерттеу бағытына қалай қарайсыз?

— Өкiнiшке қарай, ғалым деп жүргендерiмiздiң  көпшiлiгi архив дегендi бiлмейдi. Қазiр  мынау тарихшылардың iшiнде дұрысы Кеңес Нұрпейiсов, Мәмбет Қойгелдиев, Талас Омарбеков... Осы үшеуiнен  басқа дұрыс тарихшыны бiлмеймiн. Көпшiлiгi архивтiң тек бетiнен қалқиды және әлi күнге көбiне Мәскеуде не айтылады, соны қайталаумен келедi. Архивтен табатын материалы соған ыңғайлы болуы керек. Басқаша сөйлеп жатқан деректердi пайдалануға мұршасы жоқ. Бiздiң өкiметiмiздiң әуел бастан: “Достық керек, тыныштық керек, Қазақстандағы орысты да, шүршiттi де жүдетпеуiмiз керек” дейтiн саясатының ар жағында бiз Ресейден кетемiз деген, я болмаса Ресейден басқаша ойлаймыз деген пиғыл жоқ. Осыған сенесiң бе?

— Бұл да сол орыс әйелдi, орыс ойлы аға  буын салған  дәстүрдiң жалғасы емес пе?

— Сол дәстүр. Тiптi мен “Бөкейхановтың батысшылдығы” деген мақала да жазғым келген. Бiрақ 60 жыл бойы даттаған, 60 жыл бойы қаралап келген қозғалыстың  басшысын қазiр қазақ көсем деп  түсiнедi ғой. Әлихан шынында да көсем, бiрақ сол кiсiнiң әлгiндей ой-пiкiрлерiн, “өлсек көрiмiз бiр болсын” деген сөзiнiң мағынасын қазақ түсiне ме, түсiнбей ме? Ал сол ниет бiзден әлi кете қойған жоқ! Өйткенi еуропаланғанның iшiндегi орысшыланған халықпыз. Ал керек болса!

—  Әңгiменiң тоқ етерi “қазақта ауызбiрлiк болған жоқ” дегенге саятын сияқты?

— Ауызбiрлiк болған жоқ! Абайдың жылап  кетуi тегiн емес қой. Негiзi бiздiң  менталитетiмiз онша бiр... дұрыс емес-ау деп ойлаймын кейде. Ұлттық санамыз  жетiлiп болмаған. Нұрымбек Жандiлдин деген Орталық Партия комитетiнiң хатшысы болған. Сол “қазақ — ұлт болып қалыптаспаған халық” дегенi үшiн бiз атып тастауға дайын болдық. Көрiнген жерде әлгi байғұсты түртпектедiк. Сөйтсек бiздiң түсiнiгiмiз әлi жүзшiлдiктен шықпаған екен ғой. Қазiрдiң өзiнде жүздiк насихат, жүздiк идеология қатты жүрiп жатыр да, қазақтық идеология, ұлттық идеология дейтiн идеологияны мен бiлмеймiн. Қазақта намыс жоқ! Рух жоқ!

— Бiрақ, сол Жандiлдиннiң  әңгiмесiн марқұм Нұрболат Масанов  та қайталады. Оны  да “ағаш атқа”  мiнгiзген жоқпыз ба?

— Нұрболат Масанов тым орысшыл  едi. “Барлығын Ресейден алу керек, соның үлгiсiмен жүру керек” дедi. Мынау Олжас та сондай. Әлгi, Кеңес  құлап жатқан кезде “орыспен бiрлесiп  конфедерация құрайық” дегенi орысқа қимастығы, етi өлiп кеткендiгi ғой.

— Бүгiнгi қазақта ауызбiрлiк бар ма, аға?

Жоқ! Қазiр тек өтiрiк мақтану бар. Өтiрiк айту бар. Тiптi, рабайсыз өтiрiктерге барып жатырмыз. Ол болмайтын нәрсе. Жақсы жағымызды ешкiм тартып алып кетпейдi, өткенiмiзге де, бүгiнгiмiзге  де сын көз 1905 ж. 9 қаңтарда “Қанды жексенбiден” басталған бiрiншi орыс төңкерiсiнен Қазақстан да сырт қалмады. Ақпан айында Түркiстанда, Перовскiде, Жосалыда, Шалқарда демонстрациялар, мамыр айында Верный, Қостанайда жұмысшы толқулары өттi. 1905 ж. жазда қазақ халқының үкiметке наразылығы ұйымдасқан әрi саяси сипат алды. Қозғалыстың басында ұлттық интеллигенция тұрды. 1905 ж. жазда Қоянды жәрмеңкесiнде 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын дайындаушылар қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев, т.б. зиялылары тұрды. Петицияда қазақ халқының өмiрлiк маңызды мұқтаждары, саяси агр., дiни мәселелер қойылды. 18 — 19 қазанда Орынборда жаппай саяси ереуiлдер, 25 қазанда Омбыда саяси демонстрация, 16 — 28 қарашада Семейде почта-телеграф қызметшiлерiнiң ереуiлдерi өттi. Жұмысшы, шаруа қозғалысына, 6 — 7 қарашада Бат. Сiбiр полкiнiң солдаттары, ал 21 қарашада Жаркент гарнизонының солдаттары қосылды. Қазақ және орыс жұмысшыларының ең iрi бас көтерулерi Успенск кенiшiнде болды. Оны “Капиталға қарсы орыс-қазақ одағы” басқарды. 1906 ж. ақпанда Семейде қазақтардың съезi өтiп, онда қоныс аударуды тоқтату, жердi қазақ халқының меншiгi етiп тану, тiл, дiн тұту еркiндiгi, ана тiлiнде бiлiм алуды дамыту, т.б. талаптар айтылды. Рев. қозғалыс Ресейде екi жарым жылға созылды. 1905 ж. 17 қазандағы манифест бойынша Ресейде Мемл. Дума сайланды. 1906 жылғы 27 сәуiрден 8 шiлдеге дейiн өмiр сүрген I-Мемл. Думаға Қазақстаннан 9 депутат сайланды. Думада үлкен айтыс тудырған агр. мәселе Думаның таратылуына себеп болды. 1907 ж. 20 ақпанда өз жұмысын бастаған 2-Мемл. Думада да агр. мәселе баса айтылды. Қазақстаннан оған 13 депутат қатысты. Рев. толқу әлсiреп, 1907 ж. 3 маусымда патшаның 2-Думаны таратып жiберуiне, қазақтарды сайлау құқынан айыруға мүмкiндiгi артты. 1914 ж. 1-тамызда Ресейдiң 1-дүниежүз. соғысқа тартылуы Қазақстан халқына ауыр соққы болып тидi. Қазақ халқына “өз ерiктерiмен қаржы жинау”, мемл. заемдарды зорлап жаздыру, соғыс салығы түрiндегi барлығы 10-ға жуық түрлi салықтар мен баж салығын төлеу мiндеттелдi. Қазақтарды тонау одан әрi жалғасты, соғыс жүктерiн (астықты) т.ж. ст-ларына жеткiзу үшiн олардың көлiктерi зорлықпен пайдаланылды. Соғыс уақытында Түркiстан өлкесiнен 300 мың пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мың бас түйе әкетiлдi. 1914 ж. тек Жетiсудан ғана 34 млн. сомның малы мен мал ш. өнiмдерi жөнелтiлдi. Әскерге алынғандардың отбастарына көмек көрсету желеуiмен еңбек ету мiндетi енгiзiлдi, қазақтар жұмыс күшi ретiнде қоныс аударып келгендер деревняларының жерiн жыртып, тұқымын сеуiп, өнiмiн жинап беруге тиiстi болды. Қаладағы еңбекшiлердiң, өнеркәсiп орындарындағы жұмысшылардың жағдайы күрт нашарлап кеттi. Үкiметтiң Қазақстанның барлық облыстарына төтенше соғыс жағдайын енгiзуi де халықтың соғысқа наразылығын күшейтiп жiбердi. 1915 ж. маусымда Екiбастұз бен Қарағанды көмiр кендерiнiң, Қазақ (киргиз) тау-кен қазу өнеркәсiбi акцион. қоғамының, Спасск мыс қорыту з-тының қазақ жұмысшылары ереуiл жасады. 1916 жылдың жазында жұмысшы қозғалысы Риддер кенiштерiн, Ембi мұнай кәсiпшiлiктерiн, Екiбастұз, Байкоңыр көмiр кендерiн, Орынбор — Ташкент т. жолын қамтыды. Осындай жаппай наразылықтар нәтижесiнде 1916 жылғы көтерiлiс шықты. Көтерiлiстiң басталуына патшаның 1916 жылғы 25-маусымдағы майдандағы қара жұмысқа Қазақ және Түркiстан өлкелерiнiң және iшiнара Сiбiрдiң 19-дан 43 жас аралығындағы ер-азаматтарын шақыру жөнiндегi жарлығы түрткi болды.

Информация о работе 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт азаттық көтеріліс