Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 14:58, реферат
Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. маусымдың 25 армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
Кеңестік тарихтану 1916 жылғы көтеріліске байланысты оқиғаларды баяндауда, тарихи шындықты ашуды мұрат тұтпай, қалай болғанда да көтеріліске қатысушыларды реакциялық бағыт ұстанған күш ретінде көрсетуді көздеді. Шын мәнінде мәселе анағұрлым күрделірек болатын. Бұрын азды-көп мәлім, сондай-ақ зеттеу жұмыстарына әлі тартылып үлгермеген тың деректік материалдарға сүйене отырып, көтеріліс қарсаңындағы және барысындағы жағдайлар шынайы түрде жазыла бастады. Әрине, Қазақстанның шынайы тарихын жазу- тәуелсіздікке қол жеткізудің жемісі.
Дегенмен де, осы тақырыпқа тікелей қатысы бар жекелеген мәселелер әлі де болса жан-жақты, әрі терең зерттелген жоқ. Солардың бірі, атап айтқанда, осы көтеріліске байланысты кезінде көптеген өлең-жырлар шықты. Олардың көпшілігі уақыт өте фольклорға айналып кетті. Көтеріліске тікелей қатынасушы Көдек Маралбайұлы кезінде 1916 жылға арналған дастан шығарған. Ол қазақстандық оқырмандарға әлі толық таныс емес. Осындай дүниелердің қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны мен олардың көтеріліс тарихнамасына қатысы мен дерек көздері ретіндегі маңызын да ғылыми тұрғыдан қарастырған жөн.
Мен осы ғылыми жұмысты жазуда тың материалдарды пайдалана отырып бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси хал-ахуалын, бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстанға тигізген кері әсерін, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басты себептерін және көтерілістің негізгі ошақтары Жетісу мен Торғай өңіріндегі көтерілістің барысын, Әулиеата уезіндегі Меркі бөлімшесіндегі көтерілістің ерекшеліктерін, ондағы Ақкөз батырдың өмірін ашу және көтерілістің тарихи маңызын атап көрсету міндетін алға қойдым.
Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тарих
толқынында» атты кітабында былай
деп жазған еді: «Тарих бәрін де сыйға
тарта алады, бірақ ішкі еркіндіктің
формасы ретіндегі
1916
жылғы көтеріліс қазақ
1936
жылдан бастап Кеңес Одағында,
әсіресе Қазақстанда, қандай
Тәуелсіздігіміз
бен егемендігіміздің арқасында
гуманитарлық ғылымдардың маңызды
салаларының бірі - тарих ғылымында
да бұрынғы коммунистік
1.
Нүрпейісов К. Алаш һәм
2.
Дулатов М. Шығармалары.
3.
Назарбаев Н. Ә. Тарих
4. Мырзағалиұлы
М. Төрғай кө(Қазақ
ұлтын жандандыру тұжырымдамасы)
Қазақстандағы саяси және әлеуметтік
тұрақтылық, оның бүгіні мен ертеңі мемлекет
құрушы ұлт — қазақтардың даму деңгейіне
тәуелді.
Қазақтардың көпшілігінің әлеуметтік-психологиялық
жағдайының нашарлығы, ана тілінің жай-күйіне,
ұлттық мәдениет пен білім беру деңгейіне
көңілі толмауы, әлеуметтік жағынан азып-тозуы
және осы мәселелерді түрлі саяси күштердің
өз бас пайдаларына жаратып жүруі — осының
бәрі бүгінгі Қазақстанның болашағына
қатер төндіреді.
Осы жағдайда Қазақстан халқының түрлі
этностардан құралуы тұрақсыздық пен
кикілжіңнің себепкері болуы мүмкін. Тек
қазақ миссиясы - қазақтардың жаңа ұлттық
иденттілігі («ерекшеленуі»), бұл қауіптен
құтқара алады.
Тарихи тұрғыдан алып қарағанда «қазақ
миссиясы» ұлттық сана-сезімнің ояну кезеңі
ретінде қарастырылуы керек, ал оның ең
жоғарғы шегі азаматтар ұлтының қалыптастуы
болуы тиіс. Бұл процестің негізгі бағыты
— этникалық бірігуден мәдени және тілдік
бірігу болуы қажет. Әлемнің көптеген
елдері бұл кезеңнен өтіп үлгерген. Қазір
олар азаматтар ұлтының құндылықтарын
түгендеуге кірісті. Сондықтан, ұлттық
ой-сананың қалыптасуы кезеңінен өтпіп
үлгермеген қазақтардың ұлттық өзін-өзі
көтермелеу көріністеріне түсіністікпен
қараған жөн.
Қазақ арманы жайында
Арман ерте ме, кеш пе орындалады. Біртіндеп.
Қазақстан барлық атрибуттары бар толыққанды
егемен мемлекет ретінде қалыптасып келеді.
Нарық экономикасы құрылып, экономика
дамуда. Саяси жүйені қайта құру процесі
әлі жүріп жатыр. Бәсекеге қабілетті мемлекет
болуға ұмтылып отырмыз. Сырттай қарағанда
бәрі жақсы көрінеді.
Бірақ, біздің армандағанымыз мүлде басқа
Қазақстан болатын. Біз үркердей ғана
байлар мен ішер ас, киер киімге жарымаған
миллиондаған адамның арасындағы айырма
жер мен көктей елде емес, кедей-кепшігі
жоқ, жемқорлықтан ада, ең басты қажеттіліктері
— жұмыспен, тұрғын үймен қамтамасыз етіліп,
қауіпсіздікте өмір сүріп, бала-шағасының
болашағына алаңдамайтын елді көкседік.
Біз барлық ұлт өкілдерінің өз ана тілдерінде
және мемлекеттік тілде еркін сөйлеп,
бейбіт те тату-тәтті өмір сүретін Қазақстанды
қаладық. Біріккен және жауапты ұлт ретінде
қазақтар басқа ұлттарды төңірегіне топтастыруын
аңсадық. Азаматтық сананың үстемдік етіп,
соның аясында әр-бір қазақстандықтың
этномәдени артықшылықтарын сақтап, дамыта
отырып, бірыңғай азаматтық ұлт ретінде
ұйысуын қаладық.
Біз ғылым мен мәдениеттің көрнекті өкілдері
адамзаттық өркениеттің алдыңғы сапында
ірі жаңалықтар ашып, үлкен жетістіктерге
жетіп жатса деп армандадық. Біз армандаған
Қазақстанда демократия мен әділдік идеялары
салтанат құрып, әділ де жауапкершілігі
мол мемлекеттік қызметкерлер ел мүддесіне
қызмет етіп жүруі тиіс еді.
Алайда бүгінде билік өзінше тірлік етіп
жатыр. Билік пен халық арасындағы ара-жік
ұлғайып барады. Ең негізгі мәселелер
— тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ету
мәселелері әлі күнге дейін шешімін тапқан
жоқ. Бұл күнде билік тұрақтылықтың кепілі
емес. Биліктегі текетірес бір күні тұрақсыздыққа
немесе «түрлі-түсті төңкерістің» кез
келген түріне алып келуі ықтимал. Дегенмен,
ең басты қауіп ол емес. Ең басты қауіп
— біріккен, ұйысқан қазақ ұлтының жоқтығында.
Бұл адам айтқысыз қатерге алып келуі
мүмкін. Тек қазақтарды емес, барлығын!
Қазақ тағдыры
Қазақ мемлекеттігінің тарихы біздің
заманымызға дейінгі І мыңжылдықтың ортасында
атқа мініп көшіп жүрген түркілердің Еуразия
кеңістігіне ойқастап шығуынан бастау
алады. Қазақ хандығы Алтын орданың мұрагері
ретінде XV ғасырда құрылған. Сол кездің
өзінде-ақ түрлі туыстас этникалық топтардың
мемлекеттік идеяның маңайына ұйысуы
басталды. Ол идея көшпенді өмір салты
мен жалпы мәдени рухани кешен негізінде
туыстас халықтарды топтастырды. Қазақтардың
ата-бабалары, жершілдік пен жікшілдіктің
орнына біртұтас мемлекет құруды, бірыңғай
ұлттық сана-сезімді жөн көрді. Сол уақыттың
тезіне салып қарасақ, бұл біріккен азаматтық
ұлт қалыптастыру жолындағы үлкен жетістік
еді. «Қазақ» этнонимі «еркін», «тәуелсіз»
деген ұғымды білдірді.
Қазақ хандығы құрылған 500 жылдан астам
уақыттың ішінде қазақ халқы сандаған
соғысты бастан кешіріп, ғасырлар бойы
отарлық қамытын киді. Ал оның бейбіт өмірі
— қатаң табиғат жағдайында аман қалу
үшін жанталас, қан-жоса соғыс пен басып
алу кезінде қирағанды қалпына келтіру
болды. Ұлттық бірліктің беріктігі сынға
түскенде, қатыгез көршілердің геосаяси
экспансиясы тұсында патриоттық сезім
өшудің орнына, одан сайын лаулап жана
берді. Бұл тауқымет патриоттық сезімді
бұрынғыдан да өршітіп, тек Отаның еркін
болса ғана бақытты өмір сүресің деген
тұжырымды нық бекітіп, жер, өмір салты
деген ұғымды «Отан» сөзінің ажырамас
бөлшегіне айналдырды.
Жоңғармен соғыс қазақтардың шаңырағын
құлатты. Ресей империясы ықпал ету аймағын
кеңейтіп, соның кесірінен қазақтар отарлық
қамытын киді. Жалпыұлттық бірліктің болмауынан,
басшылардың сатылғыштығынан ұлт-азаттық
қозғалысы жеңіліс тапты. Қазақ Рухының
еңсесі ұзақ уақытқа салбырап қалды.
Өз мүддесі мен ережелерін күштеп таңған
әлемдегі алып империялардың бірін соғысып
жеңе алмасын білген қазақ халқының Рухы
стратегиясын өзгертті. ХІХ ғасырдың соңында
қазақ ағартушылары өзге халықтардан,
соның ішінде орыстардан көп нәрсені үйренуге
шақырды, олардағы мәдениеттің ең озық
үлгілерін, ғылым мен тілді меңгеруге
үндеді. Жаңа заман талаптарына сай болуға
шақырды. Қазақтар балаларын сол замандағы
ең озық оқу орындарына оқуға бере бастады.
Бұл стратегияның жемісі — қазақ халқының
тамаша білім алған, дүниетаным ауқымы
кең нағыз патриоттар шоғыры бой көтерді.
Міне, солар 1917 жылы алғашқы ұлттық үкімет
пен республика — «Алашты» құрды. Соның
арқасында алғаш рет қазақ саяси идеясының
негізі қаланды, өкінішке қарай, 1919 жылы
ол идея дамымай жатып, шорт кесілді. Қазақтардың
саяси өресін бірден түсіне қойған коммунистер
«Алашорда» идеясының тонын айналдырып,
«Одақтық» республикадағы Қазақ автономиясы
түрінде қайта ұсынды. Есесіне олар қазақ
халқын саяси қырғынға, геноцидке душар
етті. Миллиондаған адам қаза тапты немесе
Отанынан босып кетуге мәжбүр болды. Қазақ
Рухының еңсесін көтеруге талпыныс жасаған
бас көтерер интеллигенция өкілдері қуғынға
ұшырады. Қазақ ұлтының рухани дамуындағы
сабақтастық осылайша үзіліп қалды.
Қазақ тілінің дәрежесі тұрмыстық тіл
деңгейіне дейін төмендетілді. Қазақстан
халқы түрлі ядролық және бактериологиялық
сынақтардың зардабын шекті. Қазақ елінде
ірі индустриялық қалалар пайда болды.
Бірақ бұл қалалар қазаққа жат, орыстық-кеңестік
мәдениеттің ошағына айналды және көбіне
қазақылыққа қарсы қойылды. Қалаларда
қазақтардың үлес салмағы өте аз болғандықтан,
ұлттық мәдениет заман ерекшеліктеріне
сай жаңғырып, түрлене алмады. Тек қазақ
ауылдары ғана ұлттық мәдениетті жаңғыртушы
бірден-бір бастау болып қала берді. Соның
кесірінен қазақтардың ұлт болып қалыптасардан
бұрынғы архаикалық ерекшеліктері мен
ескінің қалдықтары қатып-семіп қалды,
ал заманауи индустриалды ұлтқа тән ерекшеліктер
кенже дамыды.
Екіұдай сезім халықтың жүрегін тілгіледі:
бір жағынан халық социализмнің алып құрылыстарына,
Екінші дүниежүзілік соғысына қатысып,
өзін әлемдік супердержаваның бір бөлшегі
ретіне сезініп, қомақты болмаса да, тұрақты
әлеуметтік игіліктерге қол жеткізіп,
алданса, екінші жағынан қоғамдық және
саяси өмірде ұлттық рухты бодандықтан
құтқаруды көкседі. Ұлттық рух ұлттық
шығармашылық, мәдениет пен ғылым арқылы
еңсесін тіктеуге тырмысты. Көрнекті қазақ
ғалымдары мен мәдениет қайраткерлерінің
азаттық сүйгіш қазақ халқының өрлігін
паш еткен шығармашылық еңбегі тәуелсіз
қазақ мемлекетінің іргетасы болып қаланды.
Сан жағынан және интеллектуалдық тұрғыдан
бас көтерер көпшіліктің болмауынан ұлттың
саяси бұлқынысы толық сыртқа шықпады.
Оның үстіне, рухани дамудағы идеялық
сабақтастық үзіліп қалған болатын. Қазақ
ұлтының тарихи өткені мен бүгініне, ертеңіне
сәт сайын қайта көз жүгіртіп, оның мән-мағынасын
қайта таразылап отыруға тура келеді.
Қазақ рухының асқақтаған тұсы – қылышынан
қан тамған қызыл империяға қарсы қазақ
жастары ерлікпен қарсы тұрған 1986 жылғы
желтоқсандағы көтеріліс кезі. Бұл коммунистік
режимге осы іспетті саяси бас көтерулерге
жол ашып берді. Жастардың қаһарман бейнесі
арқылы қазақ халқы өзінің тарихи тағдырын
өзі анықтай алатынын паш етіп, ұлттық
ар-намысының туын желбіретті.
«Совет одағының» тарауы, тәуелсіздік
тізгінінің қолға тиюі ХХ ғасырдың соңындағы
жаңа жағдайда мемлекет құру мүмкіндігін
сыйлады. Бұл уақытта қазақ халқын құру
процесі әлі бітпеген еді. Қазақтарда
ұлттық мемлекет құрып, онда өмір сүру
тәжірибесі мүлде ескерілмеді, дәлірек
айтсақ, мұндай тәжірибе болған, бірақ
ұмыттырып жіберілген. Сөйтіп, күн тәртібіне
Қазақстанның жаңа болмысын жасау, ұлтты
жұмылдыру, әлемдегі өз орнын табу мәселелері
шықты. Осы бір онсыз да күрмеулі мәселелердің
шешімін іздеу қоғамды қайта құру, нарықтық
экономикаға, демократиялық саяси жүйеге
өту процестерімен қатар өрбіді.
Қазақ шындығы
Қазақтың ұлттық сана-сезімі өсіп, көптен
күткен ұлттық жобалар жүзеге аса бастағанымен,
қазақтардың көпшілігінің материалдық
жағдайы оңалмады. Көпшілігі ауылда тұратын
қазақ халқы бұрын-соңды болмаған әлеуметтік
дағдарысты бастан кешірді. Ауыл шаруашылығының
күйреуі салдарынан ауыл қазақтары жақсы
өмір сүру үшін, тіршілікке нәпақа табу
үшін қалаларға үдере көшті. «Өз өкіметіміз
өлтірмейді» деп көп үміт күткен халықтың
үміті күдікке ұласып, оның соңы халықтың
билікке деген сенімсіздігіне, түңілу
мен қапалануға әкеліп соқты.
Тәуелсіздік алған соң бай табиғат қазынасын
өз қажетіне жұмсап, жинақталған адами
капиталды Қазақстанның барша халқының
игілігіне жаратудың ерекше мүмкіндігі
туды. Бірақ қазақтар толыққанды, бәсекеге
қабілетті ұлт ретінде қалыптасу мүмкіндігін
уысынан шығарып алды, қысқа мерзім ішінде
үлкен секіріс жасай алмады. Мұнда басты
кінә билікте екені қазір түсінікті бола
бастады. Ересен табиғат байлығының қомақты
бөлігі биліктің қомағай пәндәуи материалдық
қажеттілігін қанағаттандыруға ысырап
болып жатыр. Көпшілігі қалың көпшіліктің
ортасынан шыққан бұл «элита» аяқ астынан
көктен түскен шетсіз-шексіз байлыққа
басы айналып, қолға түскен жылтырақ атаулыны
мақтан үшін қарпып қалуға тырысуда. Олардікі
– көрсеқызарлық пен хайуани көрсоқырлық.
Бірақ мәселе тек биліктің пасықтығында
емес, халықтың өзіндеде кінә бар. Биліктегі
«таңдаулыларға» имандай сенемін деп,
қазақтар өздерін қаншалық дәрежеде төмендетіп
жібергенін байқамай қалды. Қазіргі қазақтар
– жоңғарлардың жойқын шабуылына төтеп
беріп, жерін қорғап, отаршыл империяның
тырнағының астында езіліп қалмай, ұлттық
болмысын сақтай білген өр халықтың ұрпағы
дегенге сену қиын. Ұлы Абай өз замандастарының
бойынан көрген кемшіліктер бүгінгі қазақтардың
бойындағы кемшіліктермен салыстырғанда
әншейін майда-шүйде болып қалған!
Бүгінгі қазақ жақсылық пен зұлымдықтың
айырмасын білмей қалды, жақыныңды да,
алысыңды да алдап кетуге болады, олардың
қайғысына ортақтаспауға да болады деп
есептейді. Тіпті біреудің қанын жүктесең
де сот жоқ, бұл өмірде бәрін сатып аласың,
ондай жағдайда ештеңенің де, еш әрекетіңнің
де сұрауы болмайды, еш жазаға кесілмейсің
деп ойлайды! Қазақ халқының түрлі әлеуметтік
топтары өзгерген әлеуметтік-экономикалық
кеңістікте өздерінің әлеуметтік рөлі
қандай екенін бажайлай алмай, аңырайып
қалды. Қазақтар құндылықсыз бос кеңістікте
отыр. Соның салдарынан нарықтық кезеңнің
қатаң талаптарының алдында еш дәрмені
жоқ. Қызғаншақтық, пасықтық және эгоизм
сияқты жаңа «құндылықтар» орнығып келеді.
Мұның соңы моральдық азғындаудың үдемелі
түріне алып барады.
Сыртқы қап-қатты болып қатып қалған бітеу
жара – мемлекет десек, оның ішінде құр
сүлдері қалған әлжуаз қазақ қоғамы қалып
қойған. Мемлекет-жараның беті ішіндегі
ірің – қоғамның тағдырын айқындамақ.
Ұлттық-этникалық материя автократиялық
қоғам заңдылықтарына сәйкес дамып келеді:
саяси режим құрған әлеуметтік ортада
экономикадан тыс жершілдік, туыстық-отбасылық
«жәрдем», кландар мен жемқорлық сияқты
өзіне тән құбылыстар қанат жайып келеді.
Тәуелсіз мемлекет құрылып, нарықтық түлеу
басталғанда, рулық ұжымдар, ру ішіндегі
тармақтар қарым-қатынастың ерекше, жаңа
жүйесіне бейімделді.
Өзекті өртеген өкініш сол, тәуелсіздік
алғалы 16 жыл өтсе де біз тәуелсіз мемлекеттің
тек сыртқы сипаттары мен нышандарына
ғана ие болып отырмыз. Біздің мемлекеттік
болмысымызға сәйкес азаматтық қоғамды
құра алмадық.
Қазақ зиялысы жайында
Қоғамның рухани және интеллектуалдық
ұйытқысы болғандықтан, зиялы қауым қай
заманда да өз халқының тағдырына қатты
алаңдайтын тұлғалардан құралған. Олардың
билікке деген ерекше өзіндік көзқарасы
болған. Бірақ, бүгінгі таңда интеллигенция
арасында нарықтық қоғамның қатаң заңдарына
бейімделудің бір түрі ретінде утилитарлық
құндылықтарға арқа сүйеу белең алып келеді.
Соның салдарынан мәдени элитаның үлкен
бөлігі бір жағынан бизнес құрылымдарымен
біте қайнасқан коррупцияға батқан мемлекеттік
бюрократияның есігіндегі қызметшісіне
айналса, екінші жағынан сол бюрократияға
жапсырылған оның өз бөлшегіне айналды.
Интеллигенция бұрынғы тоталитарлық билік
бұғауынан босап, ескі заңдар мен құндылықтарға
қатысты қағидалар жойылса да, интеллектуалдық
және рухани өмірде күткендегідей үлкен
серпіліс бола қойған жоқ.
Қазақтың зиялы қауымы ұлттың рухани тағдырына,
темірқазық болар құндылықтарын анықтауға
байланысты басты міндеттерін орындап
отырған жоқ, демек, олар ұлттың Ар-намысы
деген атқа да лайық емес деп айтуға мәжбүрміз.
Қазақтардың көпшілігі тек ана тіліне
деген сүйіспеншілігін шексіз жырлап,
оған қарсы тұрған жауларды іздейтін көзбояушылықты
қажет етпейді. Тек қазір ғана қазақтар
«қазақ ұлттық идеясы» деп ұсынған идеялардың
шын мәнісінде билік элитасының қарнын
тойдыратын құралға айналып кеткенін
түсіне бастады, ондай элитаның мүддесі
халықтың шын мүддесімен қабыспайтынын
енді аңғарды. Өз көшбасшыларының демагогияға
толы ұрандарына алданған халық қазақтар
мен қазақстандықтардың мүддесіне емес,
сол «элитаның» мүддесіне жұмыс істейтін
тәртіпке бағынуға мәжбүр. Халық жан-жақты
дамуға мүмкіндік алған жоқ, оның орнына
биліктегі үркердей топ билік, табиғат
және экономика ресурстарын оңды-солды
пайдалануға шексіз мүмкіндік алды. Соның
салдарынан біз тіпті біреулер ойлап жүргендей
этнократиялық мемлекетке емес, бүкіл
қоғамның, соның ішінде қазақ халқының
да мүдделерімен қабыспайтын, өзінің топтық
мүдделерімен ғана шектеліп қалған «этникалық
корпорацияға» айналдық. Ұлт пен мемлекетті
құру арқылы элита мемлекетті оп-оңай
жекешелендіріп алды да, оны өзінің ас
ішіп, аяқ босатар орнына айналдырды.
Қазақ қауіпі
Бүгінгі қазақта бірлік жоқ, әсіресе туған
тілі мен мәдениетіне қатысты мәселеде
қазақ арасында бірауыздылық болмай отыр.
Мұның зардабы ұлтаралық қарым-қатынаста
да, билік пен қазақ ұлтының қарым-қатынасынан
да көрінеді. Қасиеттейтін құндылығы мен
ұстанған бағдары жөнінен қазақтың бөлінуіне
себеп болатын басты нәрсе – біртұтас
социомәдени ұлттық иденттіліктің қалыптаспауы.
Салдары – ортақ мақсат-мүдденің болмауы,
қоғамның биліктен жерінуі. «Кімсің» деген
сұраққа қатысты баршаға ортақ жауаптың
жоқтығынан, яғни өзінің қандай бүтінге
жататынын білмегендіктен, қазақстандықтар
өздерін біртұтас халықтың емес, белгілі
бір топтың бөлшегі ретінде сезінеді.
Мемлекеттің ұлттық саясатында нақтылық
жоқ, өйткені, ұлттық процестердің басты
субъектісі – қазақ халқы, көрсетілмеген.
Мұның себебі – республикада негізгі
бағыттары келісіліп, айқындалған, мұқият
дайындалып, бүкпесіз нақтыланған ұлттық
саясаттың жоқтығы.
Қазақ ұлт болып қалыптасу жолын аяқтап
үлгермей жатып, елде саяси және экономикалық
модернизация басталып кетті. Бүгінгідей
қазақтың ұлттық сана-сезімі қайта ояна
бастаған кезде қазақ халқының бірлігі
мен ынтымағы мәселесі әлі шешілмеген
күйінде қалып отыр. Ұлттық сана-сезімі
толық жетілмей тұрғанда, қазақ күйзеліске
ұшырап, азып-тозу қаупінен құтылмақ емес.
Сексенінші жылдардың аяғында қазақ тілі
кемеліне келіп, лайықты орнын иеленеді
деген үлкен үміт пайда болды. Бүгінде
сол үміт пен мемлекеттік тілдің шынайы
дәрежесі арасындағы айырмашылық орасан.
Қазақ тілін үйрену қажеттігін түсінетіндер
артып келе жатқанымен, туған тілін білмейтін
қазақтар әлі де көп.
Рас, қазақ тілінің қоғамдағы ролі мен
маңызы арта бастады. Тілі тірі тұрғанда
ұлт ұлылығынан айырылмайды. Тіл – тарихи
ұрпақ жалғасуда, географиялық және әлеуметтік
кеңістікте ұлттың бірлігін сақтап қалатын
нәрсе.
Тілге қатысты қазақтың өзінде де, тұтас
қоғамда да бірауыздылықтың болмауынан
елде социомәдени қақтығыс басталып келеді.
Бұл мысалы, қазақтілді және орыстілді
БАҚ-тың өзара қарама-қайшы құндылықтарды
насихаттауынан көрінеді. Осының кесірінен
қазақтың бір жартысы екіншісіе сенімсіздікпен
қарайды.
Қазақ ұлтының дамуындағы өзіне тән ерекшеліктің
бірі – әрүрлі құндылықтар негізінде
қалыптасқан алуан-алуан социомәдени
құрылымдардың қатар жасауы және олардың
әрқайсысына сәйкес қоғамдық сана мен
мінез-құлық үлгісінің пайда болуы. Социомәдени
алшақтық негізінде этностар ішіндегі
бөлінушіліктің себебі – кеңес дәуірінде
жедел әрі күштеп жүргізілген тілдік ассимиляция
мен ұлттық мәдениет элементтерінің аккультурациялануы.
Социомәдени қауым ретінде қазақтың телім-телім
болуының, кіріге алмауының бір себебі
осы. Бұл этнолингвистикалық социализациядағы
айырмашылықтан ғана емес, одан да тереңнен
– құндылықтар ерекшелігінен де көрінеді.
Қазақтың екіге жарылғаны әсіре айқын
байқалатын жер – мемлекеттік тілді пайдалану,
мемлекеттің формасын және саяси басымдықтарды
анықтау сияқты мәселелер. Осының салдарынан
қазақ ішінде әрқайсысының өзіне тән социомәдени,
әлеуметтік-психологиялық және өзге де
белгілері бар топтар пайда болды. Қазақтың
социомәдени тұрғыдан бөлінуі кейде тіпті
бүкілұлттық бірлік сезімінен де басым
шықты.
Қазақтың іштен жарылуы және де саяси
мәдениеттің төмендігі, бай мен кедейдің
арасындағы жарық пен түнектей айырмашылық,
осының барлығы қосылып проблемаларды
күшпен шешуге негіз болады. Қазақстанның
әрбір қаласын қайыршылық белдеуі қоршап
жатыр. Алматы маңында 300 үйдің қиратылуы
көп нәрсенің бетін ашты.
Ең қиыны, қазақ ішіндегі дағдарыс сыртқа
шықпай қоймайды, сөйтіп ол ұлтаралық
қақтығысқа ұласуы мүмкін. Маловодное
мен Шелекте болған оқиғалар – ұлттың
әлсіздігінен белгі беретін сипаттар.
Жағдайдың осылайша қақтығысқа ұласуы
ақыр соңында қазақтың елдегі өзге ұлыстардан
алшақтап, жалғыз қалуына апарып соғады.
Қазақ халқы жүйелік қауіп-қатерге тап
болады, бұл елдің тұтастығына қатер төндіреді.
Мұндай жағдайдың Қазақстанда ешкімге
ұнамайтыны анық. Ең жаман болжам расқа
айналмасы үшін мемлекеттің саясатында
ғана емес, Қазақстандағы этникалық топтардың
санасында да өзгеріс жасалуы керек.
Ең негізгісі – қазақ халқының ішкі дағдарысына
мән бермеу ақыр аяғы елдегі тұрақтылықтың
бұзылуына ұшыратып тынатынын түсіну.
Элита ұсынған «Қазақстан 2030» және басқада
идеологиялық ұрандар халыққа беретін
еш нәрсесі жоқтығын, бұл екеуінің жолы
қиыспайтын екі бөтен әлем екенін мойындайтын
кез жетті.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәселесі және
ұлттық диаспораларды қазақтың қазіргі
мәдени және тілдік ортасына сіңіру проблемасы
объективті және субъективті себептерден
саяси, идеологиялық және әлеуметтік өмірге
жолатылмай келеді. Жалпы алғанда ұлттық
интеграция мәселесі назардан тыс қалды.
Туған тіл мен мәдениетті сақтау, билікке
араласу сияқты маңызды мәселелер көбіне
жергілікті биліктің ерік жігері мен қалауына
тәуелді болып қалды. Әр қазақстандық
мойындап, мүше болатындай бірыңғай иденттіліктің
жоқтығы әр ұлыстың этникалық тұрғыдан
оқшаулануынан көрініп отыр.
Дағдарыстың пайда болып, ушыға түсуінің
барлық алғышарттарын өзі жасап бергенін
билік мойындауы тиіс. Билік қоғамындағы
тұрақтылық сияқты иллюзиямен өзін де,
өзгені жұбатуды доғаруы керек, өйткені
үстіне шығып билесең де қыңқ демейтін
қоғам жасаған биліктің өзі. Мұндай халық
неше жылдан бері жиналған проблемаларды
мәдениетті түрде шешеді деп үміт ету
қиын.
Ең өкініштісі, биліктің қолымен істелген
қате күллі Қазақстан халқының мойнына
артылмақ. Бұл қателік елдің бүгіні мен
болашағына балта шабады.
Ауылдан қалаға қоныс аударушылар көбейген
үстіне көбейіп келеді. Бұл да ештеңе емес,
ең бастысы, қазақ ішіндегі және ұлтаралық
қарым-қатынастағы психологиялық ахуал
қиындап барады. Жағдай шиеленісе берсе,
жақын болашақта қоғамның ең кедей бөлігінің
шыдамы ұзаққа бармайды, оның шарт үзілуі
мүмкін.
Мемлекет бақылауынан тыс жүріп жатқан
урбанизацияның салдарынан жүздеген мың
адам өз Отанында өгей баланың күнін кешіп
отыр. Мұның әлеуметтік зардабы тым таяу
арада көрінуі ықтимал. Ең басты қауіп,
мұндай жағдайда этникалық ынтымақ пайда
болатындықтан, қазақтардың лақ етіп төгілген
ашу-ызасы ессіз тобыр түрінде ең алдымен
басқа ұлттардың өкілдеріне соққы беруі
мүмкін.
Жақын болашақта қоғамның ең кедей бөлігінің
төзімі таусылады және оның соңы жарылысқа
апарып соғады. Үміті кесіліп, ыза кернеген
адамдарды элита өз ішіндегі басталып,
артынша ұлтаралық қарым-қатынасқа ауысатын
қақтығыстарды шешуге пайдалану қаупі
туады.
Игіліктен мақұрым қалған қазақ бұқарасының
проблемаларын шешу тез арада әрі батыл
түрде қолға алынбаса, сан түрлі ұлтаралық
жанжалдардан көз аша алмай қалатынымыз
анық. Әлгінде бүкіл бұқараның да, элитаның
да саяси мәдениеті төмен әрі олардың
арасындағы экономикалық айырмашылық
жер мен көктей болып тұрғанда проблеманың
тең күшпен шешілетінін айттық. Мұндай
жағдайда наразы адамдардың саны күрт
көбейеді және олар қалайда қақтығысқа
қатысушылардың қатарына қосылады, сөйтіп,
оның көлемін ұлғайтады, тамырын тереңдете
түседі. Халықтар достығы деген жайына
қалады. Мұның бәрі бекерге айтылған сөз
емес.
Қазақтың маңдайына көпэтникалық елде
өмір сүруді тағдыр жазғанын түсіну қажет.
Қан төгілгенін ешкімнің, тіпті радикалдардың
да қаламайтыны және түсінікті. Қайсыбір
ұлтшыл патриоттардың бір ұлтты, тек қазақтар
тұратын Қазақстанда керемет заман орнай
қалар еді деген арманының да болашағы
жоқ. Өйткені, бар қауіп қазақтың ішкі
проблемаларынан туындап отыр.
Түптің түбінде қазақтың проблемасы сыртқа
тебеді, сөйтіп жалпыхалықтық сипат алады.
Өйткені, бүгінде қазақтар демографиялық
көпшілікке айналды, ал биліктің саясаты
халыққа қарсы жүріп жатыр. Бәлендей қауіп
жоқ, бәрі өздігінен шешіліп, орнына келеді
деп ойлайтын адам қатты қателеседі. Ертең
бәрі кеш болады.
II бөлім
Қазір Қазақстандағы халықтар арасында
ынтымақ және қазақстандық айрықша бір
менталитет қалыптасып үлгерді. Біртұтас
қоғамдастықты сақтап, бекіте түсу, жаңа
мемлекеттілік құру жолындағы күрес пен
қиындықтар халықты бір-біріне жақындастыра
түсті.
Қазақтың алдынан шығуы мүмкін ұлттық
дағдарысты жеңу үшін мемлекетшілдік
идеологиясына негізделген жаңа иденттілікті
қалыптастыру қажет. Бұл – жаңа сападағы
қазақтың бейнесі мен іс-әрекет үлгісін
анықтайтын қалыпты өлшем. Ол үшін біріншіден,
мемлекет құрушы халық – қазақтардың
социомәдени ынтымағы керек. Екіншіден,
қазақтар жаңа жағдайдағы өзінің миссиясын,
нақтылап айтсақ, Қазақстанның тұрақтылығы
мен гүлденуі жолындағы жауапкершілігін
сезінуі қажет. Олар мемлекетшіл болуы
керек, жауапкершілікті басқарушы билікке,
«элитаға» аудармауы тиіс. Бұл топ қаншалық
«мемлекетшіл» екенін істе көрсетіп болды.
Өткенді аңызға айналдыруды, қазақтың
қазіргі қиындығына кінәліні сырттан
іздеуді доғаратын уақыт келді. Қазақстандағы
барша халықтың жақсы тұруына мұрындық
болатын және қоғамды түрлі қақтығыстарға,
әсіресе этносаралық жанжалдарға жібермейтін
қазақтың өзі болуы тиіс. Бұған өзге этностар
да түсіністікпен қарар еді, өйткені, бұл
– бір мемлекетте тұрудың және қарым-қатынас
жасаудың табиғи әрі тарихи қалыптасқан
жүйесі.
Қазақтың жаңа иденттілігі бүкіл Қазақстан
қоғамын өзіне тартатын тұтас мәдени жүйеге
айналуы керек. Бұл біз үшін жалпыұлттық
жобаға айналуы қажет. Әрине, егер болашағы
айқын мемлекетте, тұрақты қоғамда өмір
сүргіміз келсе.
Бүгінде «қазақ мәселесі» туралы сөз қозғау
сәнге айналды. Қазақтың дамуының өткір
проблемаларын көтеретін ғалымдар мен
жазушылар көбейді. Өкініштісі, шынтуайтында
олар көбіне қазақтың жанды жеріне ши
жүгіртіп, өткен үшін қарымта қайтаруға
шақырумен, сөйтіп қазақтың бойында әлеуметтік-мәдени
және психологиялық дағдыны қалыптастырумен
айналысып жүр. Көпшілікті азшылықтан
қорғайтын әлдебір институционалды шарттар
жасау – елдегі этносаяси ахуалды түзеп,
қазақтың психологиялық сана-сезімін
сауықтыра алмайды. Оның емі – қоғамның
ұлттық жақындасуы ісіндегі қазақтардың
шынайы ролі туралы түсінігін қалыптастыру.
Жаңа ұлттық иденттіліктің негізі боларлық
нәрселердің бірі – Қазақстанның барша
азаматтарының қазақ тілін білуі. Елдің
тұрақтылығы мен гүлденуінің кепілі –
қазақстандықтардың тілдік бірлігі, қазақ
тілі мен орыс тілінің өзара түсіністік
пен құрмет үлгісіне айналуы.
Бүкіл қазақ халқы орыс тілін меңгерді,
бұл – біздің зор байлығымыз, біз мұнымен
мақтанамыз. Негізінен орыс тілі арқылы
біз адам рухының ғаламат көкжиегін таныдық,
өзге халықтардың мәдениеті мен өмір сүру
салтын оқып білдік. Бірақ өкінішті нәрсе,
еліміздегі тұрғындардың орыстілді бөлігін
қазақ тілін үйренуге итермелейтін нәрсе
әлсіз болып отыр. Бұл мәселеде сезімге
әсер ету үшін айтылатын немесе патриоттық
тұрғыдағы сөздерден қайыр жоқ. Қазақ
тілін күштеп үйрету қолға алынса, орыстілділердің
белсенді бөлігі Қазақстаннан кетуге
жинала бастайды.
Қазақстанда ұлттық интеграцияны кезең-кезеңмен
жүргізу үшін қазақ еместерді қазақи мәдени
ортаға бейімдеудің, елдің қазақ емес
азаматтарын заң шығарушы және атқарушы
билік құрылымдарына белсенді түрде тартудың
механизмдері жасалуы керек. Қазақ тілінің
таралуын кеңейту стратегиясын жасап,
оның негізгі кезеңдері мен уақытын белгілеу
қажет. Оның ішінде орыстілді азаматтарды
қазақ тіліне әртүрлі жастқа байланысты
және әлеуметтік топтарына қарай тартудың
ғылыми тұжырымдамасы мен әдістемесі
жасалуы тиіс. Сонымен қатар әсіресе аға
буынды қазақ тілін меңгеруге мәжбүрлеудің
тиімсіздігін мойындаған дұрыс. Бірақ
олар жалпыұлттық интеграция үшін балалары
мен немерелерінің мемлекеттік тілді
меңгеруін қолдауы керек.
Әр қазақстандықтың кемінде екі тілді
– қазақ және орыс тілдерін жетік меңгергені
маңызды. Қазақ тілін білу бүкіл қазақстандықтарды
өзара жақындастырады, Қазақ әлемін, қазақтың
арманы мен өкінішін түсінуге мүмкіндік
береді.
Басты басымдылықты атап көрсету керек.
Ол – кез келген жаңа құндылықты, соның
ішінде тілді тез меңгеруге бейім мектепке
дейінгі жаста қазақ тілін үйрету. Мемлекет
арнайы педагогикалық білімі бар, билингвистік
білім берудің әдістемесін меңгерген,
жоғары жалақымен қамтылған білікті тәрбиешілер
мен мұғалімдерді көптеп дайындауға, балаларға
арналған сапалы телехабарларды жасап,
жарыққа шығару ісін үйлестіріп отыратын
институттар құруға міндетті.
Екінші жағынан қоғамның қазақ емес бөлігі
тарихты қайта қарау мен көше, елді мекен
аттарын өзгертуді орысқа қарсы жасалып
отырған әрекет деп қабылдамағаны жөн.
Бұл процесс – бір кезде өзін танып, өткенін
зерттемек болғаны үшін қатаң жазаға ұшыраған
қазақтың өзіндік «менін» қайта қалыптастыру
жолындағы табиғи іс-әрекеті. Сондықтан
да бұл арада орынсыз сөгу емес, өзара
түсінісу қажет.
Орыстілді қазақтардың ролін айтпай кетуге
болмайды. Олар кеңес мәдениетінің де,
қазақ мәдениетінің де дамуына үлкен үлес
қосты. Еңселі ғимараттар, жолдар мен көпірлер
салды, ғылымдарды, әсіресе техникалық
ғылымдарды дамытты, әлемдік мәдениеттің
биігіне жетті. Орыстілді қазақтардың
бәсекеге қабілетті ұлт құрудағы ролін
кем бағалауға болмайды. Олар қазір өздерінің
мәдени-тарихи тұрғыдан кім екенін анықтау
үстінде, яғни олар бастауына қайта оралып
жатыр.
Белді бекем буатын шақ келді. Бүкіл ұлт
бар күш-жігерін жаңа сападағы иденттілікті
қалыптастыруға жұмсауы керек. Бұл әр
қазақтың ұранына айналуы тиіс.
Әр қазақтың туған тілін білуі қазақты
құтқарып қалатын нәрсе екенін іштей сезіне
білетін қазақтардың саны өскен үстіне
өсіп келеді.
Мемлекеттік саясаттың іргетасын қалаушы
мәселелердің бірі – дін мәселесі. Қазақтар
ешуақытта дін мәселесінде фанатизмге
барған емес. Қазақтағы ислам да тұтастығымен
ерекшеленді, онда ішкі ағымдарға бөліну
болған жоқ. Әлемдегі ұлы үш діннің біріне
кіретіні қазақ халқының бүкіл адамзаттың
мәдени байлығынан нәр алуына мүмкіндік
береді.
Құндылықтар мен нормативтер кешені ретіндегі
жаңа қазақ иденттілік қазақ патриотизмі
сезімін де қамтиды. Қазақстан патриотизмінің
қалыптасуындағы проблема – билік оны
қазақтан тыс нәрсе сияқты «жоғарыдан»
сіңіргісі келеді. Қазақстан патриотизмі
қазақ патриотизміне негізделуі тиіс.
Отансүйгіштікте, мемлекетті сыйлауда,
дәстүрін, мәдениеті мен тілін құрметтеуде
қазақтардың өзі өзге ұлыстарға үлгі көрсетпей
тұрып, мұны басқа этностардан күту қиын,
ал оны талап етуге тіпті болмайды.
Қазақ патриотизмі қазақ тарихын және
мәдениетінің ерекше мәдениет екенін
мақтан ету негізінде, сонымен қатар болашақта
қазақ ұлтының дәуірлейтініне, Қазақстанның
гүлденетініне сенім негізінде қалыптасуы
керек. Қазақ патриотизмінің бөлінбейтін
бөлшегінің бірі – елдің рухани және материалдық
дамуына Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерінің
орасан үлес қосқанын мақтан ету және
бұл үшін оларға алғыс сезімімен қарау.
Олардың ортақ үйімізде жақсы да жайлы
тұруы Қазақстанның гүлденуінің шарты
болмақ.
Өзге ұлыстардың алдында қазақтың беделі
биіктесе ғана олар қазақтың тарихын,
тілін білуге ниет білдіріп, Қазақстанда
өмір сүріп жатқанына мақтанатын болады.
Қазақтың жаңа иденттілігі үшін қажет
нәрсенің бірі – ұлттық ерік-жігер, өзінің
ұлттық-мәдени, саяси-мемлекеттік тұрғыдан
бекуі үшін қажет ерік-жігер қалыптастыру.
Мемлекеттің күш-қуатына тірек болатын
нәрсе осы – өзіне, өзінің болашағына
деген сенім. Әлемдегі ұлы халықтар өзін
сыйлаудың, өзінің бір тәңірісі, тарихи
миссиясы бар екеніне қалтқысыз сенудің
арқасында әлем халықтарының арасынан
құрметті орынға ие болды.
Өз ұлтын аяусыз тілдеп-сөгу, өзгеден төмен
көру – қазақ ішінде кең таралған «қасиет».
Жағымды көтермелеудің кемдігінен қазақта
кембағалдық тұрпат қалыптасты, өз бағасын
білуден, өзін сыйлаудан, ұлтының ар-намысын
құрметтеуден қалды. Мұның барлығын ұлт
ретінде толысу арқылы жою қажет.
Қазақтар еліміздегі болып жатқан үрдістер
үшін жауапкершілікті өз мойнына алудан
қашпауы қажет. Бұл бүгінгі Қазақстанда
ашық саяси жүйе құруға және жаппай белең
алған сыбайластық пен алдау-арбаудан,
үрей мен зорлық-зомбылықтан құтқарады.
Мемлекеттік органдар мен қоғамдық-саяси
күштер Ұлттық интеграция стратегиясын
жасауы керек, оның орталық пункті жаңа
қазақи иденттілік пен қазақстан патриотизмін
қалыптастыру идеясы болуы тиіс.
Егер біз азаматтық қоғамның қалыптасуы
либералдық құндылықтардың салтанат құруына,
заң алдында баршаның тең болуына жеткізеді,
осының негізінде өзгеден басым қазақ
мәдениетінің аясында ұлттық диаспоралар
субмәдениеттер түрінде органикалық даму
жолына түседі деп сенсек, сөйтіп, жоғарыда
аталған поблемаларды бұдан былай да назардан
тыс қалдыра берсек, онда ұлтаралық қарама-қайшылықтар
мен қақтығыстарға қалайда ұрынатын боламыз.
Ұлттық саясатты сәтті жүргізудің арқасында,
елдің этникалық саналуандығын орнықтыра
отырып, қазақты тез арада ынтымаққа жеткізуге,
өзге этникалық топтарды біріктіруге
болады.
* * *
Жаңа қазақи иденттілікті қалыптастыру
үшін әлеуметтік жауапкершілікті көтере
алатын жаңа элита, зиялы қауым керек.
Бұл элита Қазақстанның демократиялық
жолмен дамуын жеке адамгершілік тұрғыдан
таңдауға пейілділігін таныту тиіс. Бүгінде
қазақтардың үлес салмағы жылдам өсу үстінде,
мұнымен бірге қоғамның барлық саласында
қазақтың өзіндік орнының маңызы да артып
келеді. Қазақ ұлтының жаны мен тәнінде
жүріп жатқан саяси ішкі процестер «қазақ
миссиясының» негізгі детерминанты болады.
Бұл ескерілмеген жағдайда ұлт, ұлттың
Рухы азып-тозады, нәтижеде Қазақстан
қоғамының басым бөлігі моральдық күйзеліске
ұшырайды.
Осының бәрі жаңа қазақ зиялысына қосымша
жауапкершілік жүктейді. Ол – парасаттылық
пен ерліктің үлгісін көрсету, биік идеалдың
эталоны болу, халық мүддесі үшін қалтқысыз
қызмет ету, нағыз мемлекетшілдіктің идеологы
болу, бір сөзбен айтқанда, билік үшін
емес, мемлекеттің ұлылығы үшін қызмет
қылу.
Бұлай түсіну қазақ менталитетіне жат
нәрсе емес. Еркін қазақ ұланы билікте
жүргенін емес, биліктен бостан жүргенін
мақтан еткен. Билер мен батырлардың хан
алдында өзін еркін ұстап, еркін сөйлеуі,
ел ақсақалдары мен хандардың сайлануы,
1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісі, «Алаш
Орда» интеллектуалды оппозициясы, 1986
жылғы желтоқсан көтерілісі, бүгінгі оппозициядағы
саяси партиялардың іс-қимылы – осының
бәрі биліктен тәуелсіз болудың тарихи
көріністері.
Қазақ 300 жыл Ресей империясының отарлық
езгісін көрді, кеңес уақытында геноцид
пен қуғын-сүргінді бастан кешті, өз Отанында
азшылыққа айналды, туған тілін жоғалтуға
шақ қалды. Бірақ қазақ рухани бостандыққа
деген құштарлық қасиетінен айырылған
емес.
Ғасырлар бойы қазаққа ұлттық тәуелсіздік
идеясы – бабалардың рухани өсиетін орындап,
тарихи тағдырын өз қолында ұстау арманы
дем беріп келді. Біз – Ұлы халықпыз, мұны
ашық айтудан ешкім ұялмауы керек! Әлемде
көлемі жөнінен тоғызыншы жер аумағын
иеленіп отырған, ешкімге ұқсамайтын мәдениеті
мен бай тарихы бар халықтың ұлы болмауы
мүмкін емес. Қазақ – Еуразияны жаулаған
ержүрек көшпенділердің, Ұлы даланың дана
билеушілерінің ұрпағы, бабадан қалған
рухани байлықтың мұрагерлері. Оған бүгін
керемет мүмкіндік – азаттықтың арқасында
өзге ұлыстармен бірге алдыңғы қатарлы
мемлекет құру мүмкіндігі беріліп отыр.
Бүгінде әлем жаһандық сипатқа ие болды.
Бұл әлемде ең жаңа технологияларды меңгеріп,
адамның жан-жақты дамуы үшін ештеңе аямайтын
ұлттар ғана бәсекеге батыл түспек. Егер
қазіргі заманның жаңа талабына дайын
болғымыз келсе, егер елдің гүлденуін
қаласақ, біз ұлтты модернизациялауды,
оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды
қолға алуымыз керек. Болашақ иек астында
тұр. Оның талаптарына дайындығы жоқ болса,
Қазақстан әлемдік қауымдастықтың шаңын
жұтып қалмақ.
Азат көшпендінің өр ұланы! Қазақ рухының
көгінен саған қазақ халқының ұлы перзенттері
– Абылай мен Кенесары, Бөгенбай мен Қабанбай,
Махамбет пен Абай, Әлихан Бөкейханов
пен Мұхтар Әуезов көз салып тұр.
Ар-намысыңды таптатпа, әруақтар мирас
еткен абыройыңды құлатпа, Тарихыңды өзің
жаса! Сен өз жеріңдесің, демек тағдыр
да өз қолыңда!
Информация о работе 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт азаттық көтеріліс