1916 жылғы Қазақстандағы ұлт азаттық көтеріліс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 14:58, реферат

Описание

Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. маусымдың 25 армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.

Работа состоит из  1 файл

1916 жылғы Қазақстандағы ұлт.doc

— 426.00 Кб (Скачать документ)

Шiлденiң басында  қазақ даласында көп кешiкпей қарулы көтерiлiске айналған стихиялық  бас көтерулер басталды. Қазақ  қоғамында патша жарлығы мен  көтерiлiске деген көзқарас бiр  мәндi болған жоқ. Интеллигенцияның кейбiр  өкiлдерi (Бокин, Ниязбеков, Жүнiсов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, “Қазақ” газетi төңiрегiндегi зиялылар (Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов, т.б.) күшi басым үкiметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшырататынын ескертiп, сабыр сақтауға шақырды. Көтерiлiстiң аса iрi ошақтары Жетiсу мен Торғайда болды. Жетiсу облысында қарулы қарсылық шiлде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. 17 шiлдеде Түркiстан өлкесiнде соғыс жағдайы жарияланды. Патша үкiметi Жетiсуға iрi әскери күштердi жiбере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетiсулық көтерiлiсшiлер шегiнiп, Бат. Қытайға өтiп кетуге мәжбүр болды (қ. Қарқара көтерiлiсi). Торғай көтерiлiсi (басшылары Ә.Жанбосынұлы, А.Иманов, Ә.Жангелдин) 50 мыңдай адамды қамтыды. 1916 ж. 21 қарашада Торғайда 13 болыс ел өкiлдерi Әбдiғапарды хан, Амангелдi Имановты сардарбегi (қолбасы) етiп сайлады. А.Иманов көтерiлiсшiлердi ондыққа, елулiкке, жүздiкке, мыңдыққа бөлдi. Арнайы мергендер отряды құрылды. Көтерiлiс штабында әскери кеңес жұмыс iстедi. Торғай облысындағы көтерiлiс патша үкiметi құлатылғаннан кейiн ғана тоқтады. 1916 жылғы көтерiлiс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алады. Ол отарлауға және империалистiк саясатқа қарсы өрбiдi.

1917 ж. патшаны  тақтан құлатқан Ақпан революциясының оқиғалары көп ұзамай Қазақстанға да жетiп, наурыз айының басында iрi қалаларда төңкерiстi қолдаған митингiлер, демонстрациялар өттi. Ресейде қос өкiмет билiгi (Уақытша үкiмет пен Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерi) орнады. Қазақстан көп өкiметтi қоғамға айналды. Өлкеде ұлыдержавалық саясат жалғаса бердi. 1917 ж. көктем, жаз айларында жұмысшы, рев.-демокр. жастар ұйымдары, саяси партиялар құрылды. Омбыдағы оқушы жастардың 1914 ж. ашылған “Бiрлiк” мәдени-ағарту ұйымы жұмысын жаңа саяси ахуалға орай жандандырды. С.Сейфуллин Ақмолада “Жас қазақ”, Т.Рысқұлов Меркеде “Қазақ жастарының революциялық одағы” ұйымдарын құрды. Спасск мыс қорыту з-тында “Жас жүрек”, Петропавлда “Талап”, Семейде “Жанар” т.б. ұйымдар жұмыс iстей бастады.

1917 ж. 21 — 28 шiлдеде Орынборда 1-Бүкiлқазақ съезi өттi. Делегаттар ұлттық автономия, жер-су, т.б. мәселелердiң шешiлуiне, Құрылтай жиналысына әзiрлiк және қазақ саяси партиясын құру мәселелерiне баса назар аударды. Съезд, шын мәнiнде, қазақтың ұлттық саяси партиясы — “Алаштың” съезi болып айқындалды. Ә.Бөкейхан, М.Тынышбаев, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж.Досмұхамедұлы және Х.Досмұхамедұлы, М.Жұмабаев т.б. Алаш партиясына кiрдi. Дегенмен көпшiлiк қазақ қоғамы сол кезеңде дайын болмағандықтан әлеум. бағдарлама қабылдаған жоқ. Олар Қазақ халқын отарлық езгiден азат ету ұраны төңiрегiне топтасты. 1917 жылдың күзiнде тағы бiр ұлттық-саяси ұйым — Қазақтың соц. партиясы болып саналған “Үш жүз” партиясы пайда болды. Көлбай Тоғысов басқарған бұл партия солшыл бағыт ұстап, Алаш партиясына, Алашорда үкiметiнiң құрылуына қарсы шығып, большевиктердi жақтады. 1917 ж. жаз, күз айларының басында елде халықтың большевиктер жағына шығуына әлеум. жағдайдың төмендеуi, аштық, Уақытша үкiметтiң шарасыздығы себеп болды.

1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтерiлiс басталды. Ертеңiне көтерiлiсшi жұмысшы, солдат, матростар астананың аса маңызды орындарын басып алды. 25 қазанда (7 қарашада) таңертең Әскери-рев. к-т Уақытша үкiметтiң құлатылғанын хабарлады (қ. Қазан революциясы). 1917 ж. 2 қарашада Бүкiлтүркiстандық IV Төтенше съезi өз жұмысын бастады. Оны М.Шоқай ашты. Съезд Түркiстан автономиясын (Түркистон мухтарияты) (төрағасы М.Тынышбаев, кейiн М.Шоқай) жариялады. Автономияны 1918 ж. ақпанда большевиктер қарулы күшпен қуып таратты.

Қазан төңкерiсiнен  кейiн қалыптасқан саяси ауыр жағдайда өздерiнiң iс-әрекеттерiн айқындап алу үшiн ұлттық интеллигенция  бастаған қазақ қоғамы Орынборда (1917 ж. 5 — 13 желтоқсанда) 2-Бүкiлқазақ съезiн  өткiздi. Оған Ресейдiң қазақтар тұратын  барлық облыстарынан дерлiк өкiлдер қатысты. Съездi Бөкейхан, Байтұрсынов, Дулатов, И.Омаров ұйымдастырды. Б.Құлманов төрағалық еттi. Съезде алдымен тез өзгерiп жатқан саяси жағдайда партия тактикасын нақтылау, қазақ автономиясын құру және оның үкiметiн қалыптастыру мәселелерi талқыланды. Съезд делегаттары Уақытша үкiмет құлатылғаннан кейiн қазақтар өмiрiн қиындатып жiберген аласапыран жағдайда елдi сақтап қалу үшiн, Уақытша халық кеңесi түрiндегi билiк орнату, оған Алашорда деген ат беру (төрағасы Бөкейхан, Атқару кеңесi құрамына 25 адам кiрдi), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Қазақ автономиясының астанасына Семей (Жаңа Семей) қ. белгiленiп, оған Алаш қ. деген ат берiлдi. Алашорда жетекшiлерi Кеңес үкiметiмен байланыс жасауға тырысты. 1918 ж. наурызда Ж.Досмұхамедұлы және Х.Досмұхамедұлы Мәскеуге барып, В.И. Ленин мен И.В. Сталинмен келiссөз жүргiздi. Сондай-ақ, 1918 ж. сәуiрдiң басында Х.Ғаббасов Семейден төте желi арқылы ұлт iсi жөнiндегi халық комиссары Сталинмен байланысқа шықты. Келiссөз барысында Кеңес тарапынан 2-Жалпықазақ съезi шешiмдерiнiң мойындалуы, Алашорданың кеңес өкiметiн тануы, автономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегi, бүкiлқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бiтiмге келу мәселелерi қозғалды. Автономияны кеңес тұғырына аудару жайында құрғақ уәделер болды. Ұзамай, кеңестiк билiк автономияның тек депутаттар кеңесi арқылы таптық негiзде берiлетiнi жайындағы қағидасын алға тартты. Сонда Алашорда мемл. құрылымын өз бетiнше жасауға мәжбүр болды, сонымен бiрге 1918 жылдың күзi мен қысында атаман А.И. Дутовпен, Самарадағы құрылтайшы жиналыс мүшелерi к-тiмен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сiбiр (Колчак) үкiметiмен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы алашорданың ұстанар бағытын айқындауды қажет еттi. Қазақ автономиясы өлкеде әлеум.-саяси негiзi жоқ кеңес өкiметiне қарсы ақтармен бiрге күреске шықты.

Большевиктiк  ұйымдар, Қазақстан мен Түркiстан кеңестерi өздерiнiң бүкiлқазақтық  және бүкiлтүркiстандық съездерiн  шақыруға әзiрлене бастады. Бұл жұмыстарды өлкеде кеңес өкiметiн нығайту жолындағы күрес әрi кеңестiк мемлекеттiлiктiң қалыптасу кезеңi де болды деуге болатын. Мұнымен Қазан төңкерiсiн және Қазақ мемлекеттiлiгiн кеңестiк негiзде құру идеясын қабылдамаған Алаш партиясы мен оның көсемдерi келiсе алмады. Ұлттық мәселелер, ұлттық-мемл. құрылыс мәселелерi талқылана бастады. Кеңес өкiметi ұлт саясатының негiзгi принциптерi екi құжатта — Ресей халықтары құқықтарының Декларациясы (1917 ж. 2 қараша) және Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшiлерiне үндеуiнде (1917 ж. 20 қараша) жарияланған-ды.  

    ӘУЛИЕАТА  УЕЗІНДЕГІ 1916 ЖЫЛҒЫ  ҰЛТ – АЗАТТЫҚ  КӨТЕРІЛІС 

    А.Б. Оразымбетова

    А. Ясауи атындағы Халықаралық  Қазақ-Түрік университеті Тараз институты, Тараз қ. 

    Азаттық деген сөзді тілге тиек етсек  өз отанымыздың жылы күнге күйіп жатқан дархан кең даласы көз алдымызға тізіле кетеді. Осы дархан кең дала халқымыздың басынан өткерген сан қилы тарихының куәсі. Өткен тарихымызға көз жүгіртсек осы азаттық туын көк аспанда желбіретемін дегенше қаншама теңдік үшін күрестер жүргізді. Сол күрестердің ішінде тарих бетінен ойып тұрып орын алған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске де 90 жыл толды.  90 жыл тарихы бар бұл көтеріліс стихиялы түрде болса да қоғамға өзгеріс енгізе білуге бастау болған еді.

    Көтерілістің  басты себептері әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар: отаршылдық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың шамадан тыс ұлғайтылуы, қазақ халқы мен аймақтың басқа байырғы халықтары жөнінде патша үкіметі жүргізген орыстандыру саясаты, қалың бұқара жағдайының күрт нашарлауы, ұлттық және әлеуметтік езгінің халықтың кегін қайнататын деңгейге жетуінен болды. Отаршылдық болмысқа, туған елдің талануына, кіндік қаны тамған жерден айырылуға шыдамаған халық бұқарасы патша үкіметінің қарсы жаппай күреске шықты. Қазақтан қара жұмысқа жігіт алу- көтеріліске желеу болған негізгі себепші фактор еді.

    Патша жарлығына жауап ретінде орасан ауқымды өңірдің – Қазақстан  мен Түркістанның халқы стихиялы түрде бір мезгілде көтеріліске  шықты. Жер жерде көтерілісші  жасақтары құрылып, олар қара жұмысқа шақырылушы жастардың тізімін тартып алып жойып жіберді, байлардың ауылдардың шабуыл жасады,борышқорлық және салық тіл хаттарын жойды, жерді сатып басқармаларын, болыстардың ауылдарын талқандады. Көтерісшлердің патша әскерімен қақтығыстары жиілей түсті.

    Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс проблемаларының  географиялық ауқымы бұған дейін, Торғай, Жетісу ошақтарына баса назар аударылды. Сонымен қатар батыс Қазақстан  аймақтары бойынша да біршама  зерттеу мәліметтер бар. Ал Әулиеата уезіндегі көтеріліс негізінен Мерке, Шу өңірлерінде барынша өткір болды. Алғашында зерттеушілер 90- шы жылдарға дейін ұлт – азаттық қозғалыстың негізгі ошағы Торғай даласы деп есептеп келді. Кейіннен патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы 1916 жылы алғаш көтеріліске шыққан және оның орталығы Жетісу болғандығы дәлелденді. Көтеріліс проблемаларын одан әрі тереңірек талдағанда оның орталығы 1916 жылы тамыз айында біртіндеп Шу өңіріне ауысты деуге негіз бар. Бұл жөнінде Әулиеата уезінің начальнигі полковник С.Н. Катальский былай деп мойындайды, көтеріліс ошағы бүкіл Шу даласын түгел қамтыды дейді. Сөзіміз жалаң болмас үшін төмендегі дерек көздеріне тоқталайық. Онда Меркедегі және өзге де елді мекендердегі тыныштық пен қауіпсіздікті сақтау үшін Әулиеата уезінің начальнигіне көмек бере отырып, төмендегі шараларды іске асыру үстіндеміз деп хабарлайды әскери губернатор:

  1. августің 29-ы күні сағат 8-ден 30 минут кеткенде Меркеге жарты рота солдат жіберілді. Оның ізінше төменгі шенді 25 атты әскер жасағы жіберілді. Тағы да жарты рота солдатты дайындап жіберейін деп жатырмыз.
  2. әскери начальниктің қатысуымен Шу учаскесіндегі поселкалардан қорғау күзеті барынша күшейтілген.
  3. 30-ы күні таңертең Меркеге тағы да жарты рота солдат екі пулеметімен жібермекпіз. Бұл солдаттарды Головачевкада түнеуге тоқтаған 243 дружинаның батальенын алды. Соның артынан тағы екі рота солдат көмекке жіберуге дайындап отырмыз. Оны да сол 243 дружинадан аламыз.
  4. Уезд начальнигі телеграф арқылы Мерке ариставы мен Жетісу губернаторына жіберілген осы айтылған қосымша күштер жайында хабар жіберіп үлгерді.
  5. Осы жіберілген күштердің ізінше Меркеге уезд начальнигі барады. Осы Мерке участігі мен Әулиеата уезіндегі және де Черняев уезіндегі толқулардың алдын алу үшін шұғыл түрде әскери горнизондарды тағы да күшейту қажет.

    Август 30. 1916ж. 11 сағат 45 минут.

    Ташкент.Генерал–майор:Геппенер[1].                                                                                                     Осыған орай Әулиеата уезінде болған көтерілістің болу сипатына қарай бұл өңірді де негізге алуымыз керек. Әулиеата жерінде болған көтеріліс негізіне тоқталсақ.

    Түркістан генерал–губернаторы Н.А. Курапаткин патша жарлығына сәйкес адам санын  облыстар бойынша былай етіп бөлді: Сырдария облысынан - 60 мың, Самарқанд - 32407, Ферғана 51233, Жетісу 43 мың, Закаспии 13830. Бірақ артынан Самарқанд пен Сырдария облыстарынан алынатын адам санын 40 мыңға қысқартып жіберді. Себебі, бұл адамдардың орнын мақта өсірумен шұғылданбайтын көшпелі халық мекендейтін жерлердің есебінен қосымша алынуға тиіс деп белгіленді [2].

    Бұйрық  бойынша Әулиеата уезінен 22675 жұмысшы  алынуға тиіс еді, бірақ августтың  аяғына дейін алыңған адам саны бар  болғаны 3000-ақ адам болды. Уезд халқы  қалғанын беруге келіспеді [2 51-б]. Т.Рысқұлов Меркеге оралған кезде жер жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын. Өлкеде Түркістан генерал-губернатор бұйрығымен әскери жағдай енгізілді.

    Осыған  байланысты 1916 ж. Сыр-Дария облысында  ұлт-азаттық қозғалысы басталды онда еңбекші шаруалар мен қаланың  кедейлерә кеңінен осы қозғалысқа қатысты. Әулиеатада, Меркеде және басқа да уездің тұрғылықты жерлерінде қарулы көтерілістер болып тұрды. Бірақ осы көтерілістердің ұйымдаспағандығынан, халық көп жиналмағандықтан және большевиктік басшылықтың болмағандығының жеңіліске ұшырап жатты.

    Ұлт-азаттық күресті жүргізу барысында қазақ еңбеккерлері өз дегендеріне, әлеуметтік және ұлттық азаттыққа олар тек орыс еңбеккерлерімен біріккенде ғана және революциялық күресте жеңетіндіктеріне көз жеткізді [3].

    Сөзіміз нақты болу үшін уезде болған көтеріліс  қимылдарына біршама тоқтала кетейік. Бұл уезде көтеріліс Күшеней болысынан басталды... Сол кезде Ташкеннен Әулиеата, Пішпек арасынан едәуір әскер жіберілді. Начальниктің бұйрығымен орыс мұжықтарына құрал берілді. Бас көтерген қазақтар Шелдауыр мен Мөңке арасындағы телеграфтар үзіп біршама орыс аудандарын киратады. Бірнеше мың адам Мерке қаласына шабуыл жасайды. Бұлардың арасында әсіресе бас болып шыққан Тоқан «Ақ кез» деген шабуылды ... Августтың 29-30 ында найзалы ішінара мылтығы бар бір жарым екі мың қазақты, Меркедегі бір рота әскер бірнеше рет жапа тармағай атып бетін қайтарған. Бұл шабуылда қазақтан көп адам өлген. Келген әскер әсіресе Ново-Тройцк ауданында аса қатаңдық жасаған. Бұл ауданға жіберілген әскердің бастығы прапорщик Бундиров еді. Бундировтың отрядымен қазақтар арасында болған соғыста Бундировтың әскері 150 қазақты ұстап алып, бәрінде жолшыбай атып өлтірген. Сол кезде Мерке қазақтарына Шу қазақтарыда қосылды. Шу қазақтарын басушы Виноградов пристав болды [4]. Көтерісшлердің нашар қарулануы, жүйелі де ұйымдасқан іс-қимыл көрсете алмауы олардың мүмкіндігін шектеп, көтеріліс кезінде орасан зор шығындарға әкеліп соқты [5].

Информация о работе 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт азаттық көтеріліс