Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 20:39, курсовая работа
Таяудағы кездің өзінде жібектің ойлап табылуы және онымен сауда жасау б. з. б. I мыңжылдық кезіне жатады деп саналып келген еді. Алайда Тайху көліне жақын жерде, Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргізген қытай археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдік пен тота тапты. Матаның мезгілі — б. з. б. 2750 100 жж. Отан жасалғтан талдау сол кезге қарай-ақ, яғни осыдан бес мың жылдай бұрын жібек тоқу қарапайым сатыдан шықанын дәлелдейді. Б. з. б. VI — V ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге, соның ішінде Батысқа да шығарыла бастаған. Алтайдаты Пазырық «патшалық» обаларының б. з. б. V ғасырдағы деп саналатын біреуін қазған кезде феникс кестеленген жібек көрпе табылды. Оңтүстік және Батыс Еуропа аудандарында б. з. б. VI—V ғасырлардаты қабірлерден жүннен жасалтан бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар шықты.
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек Жолы. Мәдениеттер тоғысы
Ұлы Жібек Жолының Қазақстандағы сілемі
«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасыры ұсынған.
Таяудағы кездің өзінде жібектің ойлап табылуы және онымен сауда жасау б. з. б. I мыңжылдық кезіне жатады деп саналып келген еді. Алайда Тайху көліне жақын жерде, Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргізген қытай археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдік пен тота тапты. Матаның мезгілі — б. з. б. 2750 100 жж. Отан жасалғтан талдау сол кезге қарай-ақ, яғни осыдан бес мың жылдай бұрын жібек тоқу қарапайым сатыдан шықанын дәлелдейді. Б. з. б. VI — V ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге, соның ішінде Батысқа да шығарыла бастаған. Алтайдаты Пазырық «патшалық» обаларының б. з. б. V ғасырдағы деп саналатын біреуін қазған кезде феникс кестеленген жібек көрпе табылды. Оңтүстік және Батыс Еуропа аудандарында б. з. б. VI—V ғасырлардаты қабірлерден жүннен жасалтан бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар шықты.
Қымбат тұратын жібектердің таралуына сақтар мен скифтердің көошпелі тайпалары қатысқан, сол кездегі ғажайып тауар Орталық Азиямен Жерорта теңізі өңіріне солар арқылы жеткен. Алайда VI—IV ғасырлардағы Жібек жолы туралы айтуға бола қоймас, қымбат тауарлар дала өңірі арқылы жеткізілген, ол 40-параллель маңынан өткен және Хуанхэ өзенінің үлкен иіндерінен басталып, Алтайдың шығыс және солтүстік сілемдерін, Қазақстан мен Қара теңіз өңірі далаларын кесіп өткен де, гректер мен этрускілер жеріне жеткен деп шамалау дұрысырақ болады.
Жібек Үндістанға сол кезде барған, «сина патто» — «кытай жібегі» деген сөз дәлелдейді. Б. з. б. I ғасырдың ортасында ғана «Жібек жолы» тұрақты дишгоматиялық және сауда жолы ретінде пайдаланыла бастайды. Ал бәрі 138 жылы, император Уди Батыстың беймәлім елдеріне жіберген Чжан-Цзянға ерген елші керуені Хань астанасынан шыққан кезде басталтан еді. Чжан-Цзян 13 жылдан кейін қайтып оралды. Ол қазіргі Ауғанстан аудандарына дейін жетіп, Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға бірінші болып тура жолмен жүріп өтті. Осының ізінше Батысқа — жібек артқан керуендер аттанып, ал Қытайта Жерорта теңізі жағасынан, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар әкеліне бастады.
Көп кешікпей халықаралық
сауда Орта Азиядаты Зеравшан және Қашқада
VI—VII ғасырларда, Ферғана арқылы
өтетін бұрынғы жол төте және
қолайлы болғанымен, Қытайдан батысқа
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
арқылы өтетін жол мейлінше
жандана түседі. Жолдың ауыстырылуын
мынадай себептермен
Б. з. дейінгі І-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген агрипейлер еліне келетін Дала жолы жұмыс істей бастаған еді. Осынау жолмен жиек, ұлпандар мен терілер, иран кілемдері, асыл металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын.
VI-XII ғасырда Орта Азия
мен Қазақстанда қалалар тез
өсті. Олар сауда мен қолөнердің,
дін мен мәдениеттің тірегіне
айналды. Батыс Түркістан
Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді. Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды.
Оның толық сипаттамсын Әл-Макдиси берген. «Испиджаб ірі қала,-деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы,Шахраны қақпасы, Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар».
VI-XII ғасырларда тікелей
орталығы ретінде мәлім болған
Испиджабта тауарлардың
Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Испиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.
Қымбат бағалы жібек түрлерін таратуға сақтар мен скифтердің көшпелі тайпалары да қатысқан, осылардың дәнекерлік демеуі арқасында сол кез үшін тансық болған бұл тауар Орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жеткен.
Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастаған. Міне сонау ықылым замандарда адамзаттың араласуына, етене танысуына көп септігі тиген ұлы сүрлеу әлі де ұмытыла қойған жоқ. Тіпті осы жолдың бойындағы кез келген елде Жібек жолы деген атауларды кездестіретініңіз айқын.
Ұлы Жібек жолының тарихын біліп, тағылым алу біздер үшін маңызы зор іс.
Сауда және тауар алмасу
Жібек жолы бастапқыда қытай
жібегін Батыс елдеріне шытаруға
қызмет етті. Өз кезегінде, онымен Римнен, Византиядан, Үн
Отырар алқабындағы Мардан қорымын қазған кезде қабірлердің біреуінен қытайдың біздің заманымыздағы I — IV ғасырларға жататын жеті «У- шу» теңгесі шықты. Бұл теңгелердің князь Чжан-Цзянның жолымен Батысқа, соның ішінде Кангюй мемлекетінің орталығы орналасқан Сырда- рияның орта тұсына бет алған сауда керуендерімен байланысы болғанына дау жоқ. Қытай деректемелерінде ол кездер туралы былай делінген:«.. .жуырдаты кездің өзінде шетелдік иеленушілермен қатынастар орнатуды күткен және бәрінен бұрын алыс шет аймақтарда белгілі болу даңқын қымбат тұтқан Қытай сарайы Кангюймен байланысын үзбеді».
Батыспен байланысты қымбат
түратын заттар арасынан Жетісудан
табылтан күміс құмыраларды атап
өту керек, онда византиялық үлгіге
еліктеп крестер түрінде
Жібек жолы әуелгі кезде қытай жібегін шетелдерге шығаруға қызмет еткен. Сосын реті келген кезде Рим мен Византиядан, Үндістан мен Ираннан, Араб халифатынан, кейінірек Еуропа мен Русьтен осынау күре жолмен мирра мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мускат жаңғағы, жень-шень мен питонның өті, кілемдер мен маталар, бояулар мен минералдық шикізат, гауһар мен яшма, янтарь мен кораллдар, піл сүйегі мен «балық сояулары», құйма күміс пен алтын, ұлпандар мен теңгелер, садақ пен жебелер, семсер мен сүңгілер т.б. көптеген заттар әрлі-берлі тасылып жатқан. Жібек жолымен саудаға салу үшін Ферғананың атақты «тері қан боп шығатын» сәйгүліктері мен араб арғымақтарын, түйелер мен пілдерін, мүйізтұмсықтар мен арыстандарды, ілбіс пен жайранды, қаршығалар мен тауықтарды, тоты құстар мен түйеқұстарды алып жүрген.
Жібек жолы арқылы жүзім, шабдалы мен қауындар, бұрыш, қалампырлар, қант, көкөніс пен жемістер, әртүрлі көктер әлемге таратылған.
Дегенмен сауданың ең басты жиһазы жібек екен. Алтынмен бірге ол халықаралық валюта болған, оны хандар мен елшілерге тарту еткен, жалдамалы әскерге жалақы етіп берген, мемлекеттік қарызды сонымен төлеген.
Керуен жолымен тасылатын
Сондай сирек кездесетін және халықаралық сауданы зерттеуге аса қажет олжаның қатарына Отырардың күміс көмбесі жатады. Ол өзінің құрамы жағынан ақшалы-заттық олжа екен. Осынау теңгелер қоймасы шартараптан жиналыпты. Оның ішінде: Шығыс Түркістандағы Алмалық, Пулад, Емил (Омыл) Орда әл-Азам теңге сарайлары, еуропалықтан — Қырымның, кіші азиялықтан — Сиваси, Кония, Тебриздік, Қазақстаннан — Жент теңге сарайларының өнімдері бар. Теңгелерді шекіген кез —XIII ғ. 60-жж. екінші жартысының шамасы. Көмбеде Жібек жолы үстінде тұрған қалалардың «өзіндік карточкалары» бар.
Жібек жолымен тек бұйымдар ғана емес, әртүрлі көркемдік стиль модалары да таратылатын болған, әрине егер олардың әлеуметтік заказы болса, олар белгілі бір этникалық мәдени ортадағы күнілгері әзірленген жерге тап бола қалса, кеңінен тарап кетеді екен.
Мәдениеттердің өзара әсері
Орта ғасырлардың бас
кезінде Азияда дүниенің кең-байтақ
аймақтары мен елдерді
Бұл тұжырымдаманың көрінісі Самарқанға жақын жердегі Кушан қонысындағы үйдің қабырталарына салынтан әшекей суреттер болып табылады; онда біреуінде — қытай императорлары, екіншісінде — түрік хандары мен үнді брахмандары, үшіншісінде парсы патшалары мен рим императорлары бейнеленген.
Әрбір халықтын бір нәрсесімен атақты да даңкты екенін ақындар былайша суреттейді: Біліп қойғын, арабтардан өленде ешкім озбайды, Ал ежелгі гректердің ұлдарына көрінсең, Емдомымен жан-дүниенді козғайды. Сауық-сайран үнділердің мекені, Есеп-қисап, ән-әуенде Римнен кім өтеді, Сурет салса Қытай өзар өрнегімен, әрімен, Ал жалғанда хас шебері Бағдаттың Қашан да артық бәрінен.
Талас аңғарындағы Жамукат деп саналатын Қостөбе қала жұртынан аршылған VIII — IX ғасырлардағы ғибадатхана қабырғаларының қалың сылақ қабатының оймыштап безендірілуін нақ осымен түсіндіруге болады. Қабырғалық беттерге піскен жемістер шоғы, салбырап тұрған жүзім сабақтары, қызғалдақтар, жапырақтар, пальметталар, ромб белдеулері, меандрлардың көмкермелері, өсімдік бумалары бейнеленген. Оймыш- тау сарындарында, өрнектердің жеке элементтерінде, стильде Афрасиаб пен Варахша, сондай-ақ Саммара мен Фустат сарайларының қабырғалары сәнделген оймыштарға мейлінше жақын ұқсастық бар. Мұның өзі Бағдат шеберлері талғамдары мен халифат астанасының астаналық стиль сәнінің қалалық мұсылман ойкуменінің шетін қамтып, Жібек жолымен қалай таралғанын айқын көрсетеді.
Информация о работе Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек Жолы, мәдениеттер тоғысы