Гитлердің канцлер болып тағайындалуы, Германияда фашистердің үкімет басына келуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 13:28, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне қол жеткізуі нәтижесінде әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында қалыптасқан тарих ғылымы көптеген жағдайларда ақиқатты бір жақты көрсетіп, бұрмалап, ұшқары пікірлерден құрылған теориялық қорытындылардың, қайта қарайтын тұжырымдардың өмірге келуіне ықпал еткен болатын.

Содержание

Кіріспе 2
1-тарау. Фашистердің 1933-1934 жж. қабылдаған негізгі заңдары 5
1.1 Фашистердің үкімет басына келуі: “Герман халқын қорғау туралы” декрет 5
1.2 Гитлер және оның «Майн кампф» атты кітабы 8
1.3 "Рейхтің жаңа құрылысы" туралы заңы және фашистердің идеологиясы 11
1.4 Үшінші рейхтың соғысқа әзірленуі 12
2-тарау. Антифашистік коалиацияның құрылуы.Екінші дүние жүзілік соғыс барысындағы түбірлі өзгеріс 13
2.1 Фашизмге қарсы халықтардың біртұтас майданы 17
2.2Жапонияның Англия мен АҚШ қа бс салуына орай Германияның әрекеті 19
2.3Волгадағы ұлы шайқас және Қарсыласу қозғалысының өрлеуі 21
3-тарау. Фашистік Германияның талқандалуы және тізе бүгуі 23
3.1 Екінші майданның ашылуы.Францияны және Польшаны азат етуі 23
3.2 Гитлерлік блоктың ыдырауы.Оңтүстік Шығыс Европаны азат ету 24
3.3 Немістердің Арденныдағы шабылуы
3.4Үшінші рейхтің күйреуі
3.5Үшінші рейх басшыларының сотталуы.Екінші дүние жүзілік соғыстың негізгі қорытындылары 25
Қорытынды 34
Пайдаланылған деректер тізімі 35

Работа состоит из  1 файл

ТАРИХ КУРСОВОЙ.docx

— 55.63 Кб (Скачать документ)

Құлап бара жатқанды итеріп жібер…

Ф. Ницше. Антихристианин 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан  Республикасы  өз  тәуелсіздігіне  қол  жеткізуі  нәтижесінде  әкімшіл-әміршіл жүйе  жағдайында  қалыптасқан  тарих ғылымы көптеген жағдайларда ақиқатты бір жақты көрсетіп, бұрмалап, ұшқары пікірлерден құрылған теориялық қорытындылардың, қайта қарайтын тұжырымдардың өмірге келуіне ықпал еткен болатын. Кеңестік кезеңде тарихтың көп мәселелері бір жақты зерттеліп келген болатын, ал кейбіреулері жабулы қазан күйінде қалып идеологиялық кертартпалықтың кесірінен мүлде атүсті қаралатын. Сондай мәселелердің бірі Германия фашизмінің тарихы мәселесі  еді. Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап тақырыптың ауқымы мен көлемі ұлғайып, қарастырылатын мәселелер қатары көбейе түсті.

Курстық  жұмыста  қарастырылып  отырған  XX-ғасырдың  30-шы жылдардың  басынан 1945 жылға дейін билік  құрған «үшінші рейх» (нем. Drittes Reich - үшінші империя, үшінші патшалық) кезеңі Германия тарихында ғана емес сонымен  қатар бүкіл әлем тарихында көптеген  қасіреттер  әкелген  өте  қиын да  ауыр  кезең  болып  табылады. Үшінші рейх термині орта ғасырлардағы мистикалық ілімдердегі үшінші патшалықтан бейімделіп алынған болатын. Алғашқы екі рейхке нацистер «Қасиетті Рим империясын» және 1871-1918 жж. Германия империясын жатқызды. Ал осы екеуінің жалғасы әрі соңғы әлеуметтік дамуы «мыңжылдық үшінші рейхпен» аяқталуы тиіс болатын, бірақ мыңжылдық рейх 12 жылда күйреді.  Бұл кезең Германияда тоталитарлық жүйенің барлық салада берік орнауымен сипатталады.

Тақырыптың деректік көздеріне шолу: Тақырыптың деректік көздеріне келер болсақ арнайы Германияның екінші дүнижүзілік соғыс кезеңіне арналған деректемелер өте көп, бірақ оның көпшілігі соғыс театрының шайқастарына көп маңыз бере тоқталады. Ал Гитлер мен оның ізбасарларының өмірбаяны мен олардың жазған мемуарлары, тағы басқа қалдырған жазба материалдары саяси идеологияға байланысты КСРО кезіннің өзінде аз жазылатын, бірақ мұның бәрі ашылмай жатқан бұлақ тәрізді КСРО құлағаннан кейін сарқырама суындай тасқындап ақты. Бірақ бұл әдебиеттің бәрі орыс тілінде болып отыр.  

Германияның Европаны жаулап алуы, түрлі ауқымды әдебиеттерді өмірге келтірді. Солардың қатарына У.Черчилльдің «Екінші дүниежүзілік соғыс» атты туындысы да жатады.

Бiздiң тақырыпқа септiгiн тигiзетiн  деректiң қатарына сол кездегі нацистердің қатарында қызмет атқарған саяси және әскери қайраткерлердің естеліктері де жатады.

КСРО ыдырағаннан кейін Германия бастаған екінші дүниежүзілік соғыстың тарихына жаңаша көзқараспен қарау  қажеттігі пайда болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары, соғыстың басталуы, оған қарсы антигитлерлік коалицияның  құрылуы, т.б. мәселелер де жан-жақты, бүгінгі заман талабы тұрғысынан қарауды талап етеді. Бұл ретте  соңғы жылдардағы ашылған мұрағаттық құжаттар мен жаңадан, соны көзқараспен  жазылған әдебиеттерді қарастыру, оларға шолу жасап, талдап-таразылау айрықша  өзекті.

Жұмыста В.М. Бережковтың, В.Т. Фоминнің, Н. Вознесенскийдің, Д.А. Волкогоновтың тағы басқа да тарихшылар мен әскери қолбасшылардың күнделіктері мен мемуарлары қаралды1.

Курстық жұмыста мынадай міндеттер қарастырылады:

1. Герман  фашизмінің билік басына келуі; 

2. «Мыңжылдық  үшінші рейхтың» идеясының неміс халқының идеясына айналуы.

3. ІІІ  рейхтың екінші дүниежүзілік  соғысты бастауы;

4. Екінші  дүниежүзілік соғыстың қорытындылары  және соғыстан кейінгі Германияның  саяси ахуалы. 

Осы тақырыпқа  бойлап ене түсудің өзектілігі өз мәнін жоғалта қоймайды.  Өйткені  мұндай қырғынды адамзат басына байта  келтірмеуін әрқайсысымыз тілейміз және сондықтанда он егжей-тегжейлі білудің өзі де біршама сол  мақсатқа жақындата түседі деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тарау. Фашистердің 1933-1934 жж. қабылдаған негізгі заңдары

1.1 Фашистердің үкімет  басына келуі: “Герман халқын  қорғау туралы” декрет

1932 жылғы  март-апрельдегі президент сайлауында  гитлершілдер 13  млн.-нан астам  дауыс алды, бірақ оңшыл социал-демократтар  қолдаған Гинденбург қайтадан  президент болып сайланды. 1932 ж.  июньде Гинденбург Ф. фон Папенге  реакциялық үкімет құрғызды; ол  фашистермен ашықтан-ашық сөз  байласу жолына түсті. Жұмысшы  табының фашизмге қарсы күресі  күшейді. 1932 ж. авг. — ноябрьде  ГКП-нің басшылығымен жұмысшылардың  1100-ге тарта ереуілі болды. 1932 ж. ноябрьде болған рейхстаг  сайлауы кезінде фашистер осының  алдында өткізілген президент  сайлауымен салыстырғанда (13,7 млн.  дауыс) 2 млн.-нан астам дауысты  кем алды, ал ГКП 6 млн-ға тарта  дауыс алып, зор жеңіске жетті.  Гитлершілдер ықпалының кемуі,  революцияшыл күштерден зәресі  ұшып қорқу монополистік буржуазияны  өкімет билігін фашистерге беруге  асықтырды. 1933 ж. 30 январьда Гинденбург  Гитлерді рейхсканцлер етіп тағайындады. 

Гитлерге  фюрер ретінде жаңа (төтенше) құқықтар берген. 1934 жылғы 30 қаңтардағы "Рейхтің жаңа құрылысы" туралы заң, оны империялық, үкіметтің басшысы ретінде, жаңа конституциялық құқық шығаруға міндеттеді. Германия билік бөлу, құқықтық мемлекет принципін қолданбайтын болды,

Фашистер  билікке келген соң, ең алдымен, буржуазиялық-демократиялық  бостандықтарды жоя бастады. 1933 жылғы  ақпанда сөз, басылым, жиналыс бостандықтарын жойған “Герман халқы мен мемлекетін қорғау туралы” декрет қабылданды. Сол айда полицияға шексіз өкілеттіктерді берген “Герман халқын қорғау туралы” декрет қабылданды. Басқа барлық партиялардың қызметіне де тыйым салынды. Кәсіподақтар таратылып, мәжбүрлі мүшелікпен байланысты өздерінің кәсіподақтары құрылды.

1933 жылғы 24 наурыздағы  заң империялық үкіметке парламентті  айналып өтіп, актілер қабылдауға  рұқсат етті. 1934 жылғы тамыздағы  заңмен президенттің лауазымы  жойылды. Барлық билік фюрерге  берілді, ол үкіметтің басшысы  болып қалды. Фюрердің лауазымы  өмір бойлық сипатты иеленді,  және ол өз мирасқорын тағайындай  алатын.

Германияда  фашистік диктатура — монополистік капиталдың ең реакцияшыл, шовинистік элементтерінің диктатурасы орнады2.

Нацистер  өкімет басына келісімен «коммунизмге қарсы күресеміз» дегенді бетке  ұстап, демократияшыл күштерді, ең алдымен  коммунистерді қуғындай бастады3. 1933 ж. 27 февральда фашистер рейхстагты өртеп, бұған коммунистер кінәлы деп жариялады. Жаппай қуғындау басталды. ГКП, кәсіподақтар таратылды, елде нацистерден басқа бірде-бір партия қалмады.

Сөйтіп, көппартиялық жүйе жойылған еді. Жаңа партияларды ұйымдастыруға тыйым  салынды. Мемлекеттік аппарат пен фашистік партия қосылып, мемлекетте үстемдік жағдайын нығайтқан еді. Партия шешімдері мемлекеттік заң күшіне ие болды, өйткені, фашистік ұйымдар мемлекеттік функцияларды атқаратыи. Партия мүшесі болмаған азаматтар мемлекеттік аппаратқа кіре алған жоқ. Бұл жағдайдың құқықтық негізін дәйектеген 1933 жылы 1 желтоқсанда қабылданған "Партия мен мемлекеттің бірлестігін жүзеге асыру туралы" заң.

Гитлердің мемлекеттік аппаратының экономикалық процестерді белсенді реттегені  мәлім. Ол үшін 1933 жылы "Герман шаруашылығының бас Кеңесі" құрылған болатын. Ол Гитлердің жанындағы кеңесші орган. Бұл кеңеске герман экономикасының ең бай және абыройлы адамдары кіретін. Мемлекеттің экономикалық саясатын дәйектеген 1934 жылы алынған "Герман шаруашылығының органикалық құрылысы туралы" заң. Бұл заң бойынша 6 экономикалық топ қалыптасты, олар: өнеркәсіп, энергетика, сауда, сақтандыру, қолөнер және шаруашылық топтары. Оларға 44 шаруашылық тобы қарайтын. Германия 18 экономикалық округке бөлінді де, әрқайсысын округтік экономикалық, палата басқарды. Топтар мен палаталардың басшыларын үкімет тағайындады. Олардың қолында толық экономикалық, билік болғандықтан, экономикалық, басқару бір орталықтан жүргізілетін. Өнеркәсіп пен ауылшаруашылықты жұмыс күшімен қамтамасыз ету үшін мәжбүр ету еңбегі енгізілді. Бүкіл жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек майданына кіруі шарт болатын.

Фашистік  диктатура аса ірі капиталистік монополиялардың күш-қуатын өлшеусіз арттырды. Мемлекет монополистік капитализмнің дамуы жөнінен Германия капиталистік дүниеде 1-орынға шықты. Бүкіл халық шаруашылығы соғысқа бейімделіп қайта құрылды. 1937 жылға қарай Германияда 300 әскери авиация, танк, кеме жасайтын т.б. соғыс кәсіпорындары жұмыс істеді. Қаржыландыру, жұмыс күшімен, шикізатпен, электр энергиясымен жабдықтау жөнінде оларға жеңілдіктер берілді. 1937 ж. Германия. 184,5 млн. т көмір шығарды, 19,4 млн. т болат қорытты. Алюминий өндіру жөнінде дүние жүзінде 1-орынға шықты (127,6 мың т). Металл өңдеу, машина жасау, химия, электротехника және оптико-механика өнеркәсібі мықтап дамып, соғысқа бейімделді. Рур ауданы герман милитаризмінің басты соғыс өнеркәсібінің базасына айналды.

Аса үлкен  соғыс өнеркәсіп концерндері  елдің экономикасы мен саясатында шешуші роль атқарды. «И. Г. Фарбениндустри»  концерні негізгі химикаттар өндірісінің  едәуір бөлігіне, соның ішінде стратегиялық маңызы зор синтетикалық каучук өндірісінің 100%іне, оқ-дәрі өндірісіне негізделген  азот қоспаларының 72%-іне бақылау  жасады. Рурдың көмір-металлургия концерндерінің — Тиссен басқарған «Ферайнигте  штальверке» («Болат тресі») концернінің, Крупп, Маннесман, Хеш, Клекнер, Ханиель  және Флик концерндерінің үлесіне шойын  қорытудың 80%-і, болат балқытудың 95%-і  тиді. Батыс мемлекеттерінің, ең алдымен АҚШ пен Ұлыбританияның финанс жөнінен кеңінен қолдауы, сондай-ақ, шетелдік жеке меншік, капиталдың, көбінесе американ капиталының бойлап енуі Германияның экономикалық және соғыс қуатының мықтап артуына себепші болды.

1936 жылы  Нюренбергте өткен фашисттер  партиясының кезекті съезінде  Гитлер «4 жылдық жоспарды»  жария етті, онда соғыс бола  қалған жағдайда азық-түлікпен  және ауыл шаруашылық шикізатымен  өзін-өзі қамтамасыз ету, фашизмнің  деревнядағы әлеуметтік базасын  нығайту мақсатымен кулак шаруашылықтарының  көпшілігі (85%-і), орта (шаруа шаруашылықтарының  бір бөлігі (35%-і) және көптеген  юнкерлік шаруашылықтар бөлінуге  жатпайтын «мұрагерлік мекен  жайлар» деп жарияланды. Және  осы жоспарды жүзеге асыруды  Герингке тапсырды. Бірақ бір  жылдан кейін-ақ кейбір өнімдер  бойынша автаркияның мүмкін еместігін  Гитлердің өзі де мойындады. 

Фашистік  диктатураның механизмінде террорлық  ұйымдар: гитлершіл партияның қорғаушы отрядтары — СС пен мемлекеттік  құпия полиция — гестапо маңызды роль атқарды. Германияның қарулы күштері жылдан жылға көбейіп, 1938 ж. 51 дивизияға жетті (1932 ж. 10 дивизия болатын). 1933 ж. октябрьде Германия Ұлттар лигасынан шықты. Батыс мемлекеттерінің дем беріп, қолдайтынын сезген фашистік Германия ашық агрессияға көшті. 1936—39 ж. Германия Италиямен бірге Испанияға қарулы интервенция жасады4.

 

 

                   1.2 Гитлер және оның «Майн кампф» атты кітабы

       А. Гитлер 1925 ж. «Mein Kampf» («Менің күресім») деген кітабы жариялады. Гитлер және оның сыбайластары Версаль шартына қарсы күресті желеу етіп, елдегі шовинизм отына май құйып, өршіте түсті. Гитлер жазған нацизмнің бұл інжілі рейхта ешқандай шүбә тудырмады. Мұқабасында Гитлердің суреті бар «Mein Kampf» кітабы барлық магазиндердің витриналарында тұрды және Гитлерге миллиондаған марка қаламақы келтіріп, жыл сайын орасан көп тиражбен басылды. Енді Ұлы Германияның түпкілікті жоспары туралы пайымдағанда нацистік насихатшылар бұған жиі-жиі орала бастады.

Гитлердің агрессиялық мақсаттары мен жоспарлары «Mein Kampf»-та мейлінше ашық та анық баяндалған. Мұнда Германияның 1914 жылғы шекараларын  қалпына келтіру талабымен ғана шектелмеуге тиіс, деп көрсетілген. Оған әлдеқайда мол өмірлік кеңістік («Лебенсраум») керек. Гитлер өзінің кітабында  Европа да 80 миллион неміс бар  деп көрсетті5. Жүз жылға жетер-жетпесте-ақ бұл континентте олар 250 миллион болады, деп мәлімдеді ол. Сондықтан да басқа халықтар немістерге орын беруі үшін, ығысуға тиіс. Гитлер «Mein Kampf»-та айдан-анық былай деп жазды: «Біздің планетамызда қандай да болсын ұлттың еркін тіршілік етуі үшін, тек оны жердің кеңдігі ғана қамтамасыз ете алады. Сондықтан да ұлттық-социалистік қозғалыс «дәстүр» мен соқыр сенімге назар аудармай, бізді осы ұлттың қазіргі шектеулі тіршілік кеңістігінен жаңа жерлерге шығаратын, басқаларға қызмет етуге тиісті болатын құлдар ұлтына айналу қаупінен мүлде құтылу мақсатымен жорық жасау үшін, біздің ұлтымыз бен оның күшін жұмылдыруға өз бойымыздан қажыр-қайрат табуға тиіспіз. Ұлттық-социалистік козғалыс біздің ұлтымыздың саны мең біздің территориямыздың көлемі арасындағы кереғарлықты жоюға тиіс. Біз өзіміздің сыртқы саясаттың мақсатымызды, атап айтқанда, неміс ұлтына осы планетада өзіне тиісінше жерді қамтамасыз етуді қажымай-талмай мақсат етіп қоюымыз керек»6.

Гитлердің жалпы приципті нұсқауы — міне, осындай еді. Бұл «сыртқы саясаттың» мақсатқа жетуге деген практикалық қадамдары да бұл кітапта одан кем айтылмаған. Өзінің кітабында Гитлер Францияны «неміс ұлтының нағыз жауы» деп атады. Бірақ оны құртуды ол алыс мақсатқа жетудегі тек бір ғана алғы шарт деп есептеді. Ол егер «Германия Францияны құртудан, соның көмегі арқылы ақырында біздің ұлтымызға басқа бағытта кең құлаш жаюға нақтылы мүмкіндік беретін құралдардың бірін ғана көретін жағдай болғанда, Франциямен «шешуші айқас» болатындығы туралы жазды.

Нақтылысы қандай еді? Бұған да «Mein Kampf»-та айқын  жауап берілген. Әуелі,— деп жазды  Гитлер.— Шығыстағы неміс халқы  басым болып келетін аудандар — Австрия, Судеттер, Данцигті қоса алғанда Польшаның батыс провинциялары  басып алынуға тиіс...

Бұл басып  алу жоспарларының барлығы, біраз  басқаша жүйемен жүргізілгені болмаса, бірақ оның есесіне, 1941 жылдың басына қарай-ақ үлкен көлемде жүзеге асырылды. Бұдан кейін не күтуге болатын  еді? «Майн кампф» сандырақ болғанына  қарамастан, бүкпесіз: бұл — Совет  Одағына шабуыл! — деп жауап  берді.

«Егер біз  Европада жаңа жерлерге ие болғымыз келсе,— деп жазды өз кітабында Гитлер,— онда бұларды тек Россияның есебінен ғана кеңейтіп алуға болады. Сондықтан жаңа рейх Герман семсерімен өз ұлтына —-күнделікті керек астықты, Герман соқасына жер — жаулап алу үшін, орден рыцарлары жүрген жолға тағы да түсуге тиіс!» Және бұдан әрі: «Біз, ұлтшыл-социалистер, қозғалысты осыдан алты жүз жыл бұрын аяқталған пункттен бастаймыз. Біз германдықтардың оңтүстік-батыс Европаға қарай баяғыдан бергі қозғалысын тоқтатамыз да, өзіміздің назарымызды Шығыстағы жерге қарай аударамыз... Сөйтіп, егер біз бүгін Европада жаңа жерлер туралы сөйлесек, онда біз ең алдымен, Россия туралы және оның билігіндегі шет аймақтардағы мемлекеттер туралы ойлай аламыз...»7.

Информация о работе Гитлердің канцлер болып тағайындалуы, Германияда фашистердің үкімет басына келуі