Гитлердің канцлер болып тағайындалуы, Германияда фашистердің үкімет басына келуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 13:28, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне қол жеткізуі нәтижесінде әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында қалыптасқан тарих ғылымы көптеген жағдайларда ақиқатты бір жақты көрсетіп, бұрмалап, ұшқары пікірлерден құрылған теориялық қорытындылардың, қайта қарайтын тұжырымдардың өмірге келуіне ықпал еткен болатын.

Содержание

Кіріспе 2
1-тарау. Фашистердің 1933-1934 жж. қабылдаған негізгі заңдары 5
1.1 Фашистердің үкімет басына келуі: “Герман халқын қорғау туралы” декрет 5
1.2 Гитлер және оның «Майн кампф» атты кітабы 8
1.3 "Рейхтің жаңа құрылысы" туралы заңы және фашистердің идеологиясы 11
1.4 Үшінші рейхтың соғысқа әзірленуі 12
2-тарау. Антифашистік коалиацияның құрылуы.Екінші дүние жүзілік соғыс барысындағы түбірлі өзгеріс 13
2.1 Фашизмге қарсы халықтардың біртұтас майданы 17
2.2Жапонияның Англия мен АҚШ қа бс салуына орай Германияның әрекеті 19
2.3Волгадағы ұлы шайқас және Қарсыласу қозғалысының өрлеуі 21
3-тарау. Фашистік Германияның талқандалуы және тізе бүгуі 23
3.1 Екінші майданның ашылуы.Францияны және Польшаны азат етуі 23
3.2 Гитлерлік блоктың ыдырауы.Оңтүстік Шығыс Европаны азат ету 24
3.3 Немістердің Арденныдағы шабылуы
3.4Үшінші рейхтің күйреуі
3.5Үшінші рейх басшыларының сотталуы.Екінші дүние жүзілік соғыстың негізгі қорытындылары 25
Қорытынды 34
Пайдаланылған деректер тізімі 35

Работа состоит из  1 файл

ТАРИХ КУРСОВОЙ.docx

— 55.63 Кб (Скачать документ)

Бұл пайымдауларының  бір де бірі жоққа шығарылып, өзгертілмеді. «Mein Kampf»-та белгіленген қарақшылық мақсаттар күшінде қала берді. Әрі оларды, әрине, 1933 жылдан басталған насихат гитлерлік інжілді жаппай мадақтап оны неміс халқының программасы ретінде ұсынды.

Міне  осыдан бастап сонау бірінші дүниежүзілік соғыста ұтылғандығына байланысты кек қайтару үшін де соғыс бүкіл  мемлекет үшін қажет деп табылған болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        1.3 "Рейхтің жаңа құрылысы" туралы заңы және фашистердің идеологиясы

Гитлерге  фюрер ретінде жаңа (төтенше) құқықтар берген. 1934 жылғы 30 қаңтардағы "Рейхтің жаңа құрылысы" туралы заң, оны империялық, үкіметтің басшысы ретінде, жаңа конституциялық құқық шығаруға міндеттеді.

Гитлердің идеологиясы қарапайым әрі сорақы болатын. Оның идальды әлемге деген көзқарасы жоғарыда атап көрсеткен еңбегі «Майн кампфте» көрсетіліп, ал нацистердің гимнінде нақты келтірілген еді. Онда мынадай сөздер бар:

Мейлі әлемнің күл талқаны шығып  қирасын,

Біз оған пысқырып та қарамаймыз.

Бүгін біздер Германияны билеп отырмыз,

Ал ертең табанымыздың астында  әлем жатады…

Бір қызығы кеңестік большевизмнің  де сарыны осыған жақын екенін байқаймыз. Әлемді қирату, сөйтіп жаңа әлем орнату идеясы сонау Бисмарктың кезеңінен  бастау алады. Күш оның басты аргументі  болды,  күште  ол  «әрбір дипломатиялық және саяси жеңістің альфа мен омегасын» көрді. Сол кезде-ақ ол «Герман мәселесі парламенттерде шешілмейді, дипломатия мен ұрыс алаңында ғана шешіледі» деген сөз айтқан еді.

Дегенмен үшінші рейх идеологиясының ерекшелігі де бар. Ол ұлтшыл-социалистік  қозғалыс басында тұрғандардың наным-сенімдері  мен К.Хаусхофер секілді геополитиктердің идеяларының қойыртпағы еді. К.Хаусхофер  Германияның «жерді жаулап алуының  тарихи заңдылығын» негіздесе, Ф.М. Мюллер «арийлік филология» теориясын  алға тартты, ал СС-тың Бас басқармасының  басшысы болған Р.В. Дарре расистік көзқарастарымен нацизм идеологиясының диірменіне су құйды дес де болады8.

Үшінші  рейх идеологтарының қатарына кімдер кіреді дер болсақ, онда тізім басын  сол Гитлерден бастаймыз. Оның саяси  манифесті - Mein Kampf (Менің күресім ұлтшыл-социализм идеологиясының негізін құрады. Нацистік партияның мүшелерін «рухани және иедеологиялық дайындық» мәселесі жөніндегі Гитлердің орынбасары болған Альфред Розенберг «Германдық сыртқы саясаттың келешектегі жолы» (1927) және «ХХ ғасыр аңызы» (1929) атты атышулы кітаптар жазды.

Насихат министрі болған Йозеф Геббельс Үшінші рейхтың баспасөзін, ғылымы мен мәдениетін басқара отырып германдық «арийлендіру» барысына назар аударды. Оның басшылығының арқасында еврей ұлтының өкілдерін жан-жақты қуғындау жүзеге асырылды. Сонымен қатар халықты соғысқа психологиялық тұрғыдан дайындауды жүргізді. СС рейхсфюрері Генрих Гиммлер «герман ұлтының жауларымен» күресті, оның қол астына қараған концентрациялық лагерьлерде миллиондаған адамдар мерт болды.

Осы төртеуімен қатар ресми идеологияны әзірлеуде  Ю. Штрейхер, П. Трейчике және басқалар ат салысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        1.4 Үшінші рейхтың соғысқа әзірленуі

935 жылдың 16 наурызында Гитлер әскер қатарына 500 мың адам алу керектігі туралы  жарлыққа қол қойды. Бұл Версаль  шарттарын бұзу болып табылатын. 1936 жылдың көктемінде Германия  қарусыздандырылған Рейн аймағына  өз әскерлерін кіргізді. Мұнымен  қатар Эфиопиядағы италияндық  агрессияға әлем елдерінің қол  қусырып қарап отырғанын көрген  Гитлер енді соғысқа туралай  кірісуге болатынын түсінді.  

Соғысқа кірісудің алдында Германия әскери-саяси  блок жасауды көздеді. 1936 жылдың октябрінде «Рим-Берлин осі» ресми рәсімделді, ал сол жылы ноябрьде Германия мен  Жапониямен антикоминтерндік пакт жасасты. Бұл пакттың мәні большевизмге қарсы  күресу болып табылатын. Сонымен  қатар мұнда АҚШ, Англия және Францияға  да қарсы тұру көзделген еді.

Сөйтіп  дипломатиялық тұрғыдан әзірлене отырып Германия  Италиямен және Жапониямен агрессияшыл одақ жасасты. 1938 ж. мартта фашистік Германия Австрияны, ал 1939 ж. мартта бүкіл Чехословакияны басып  алды.

1939 ж.  августа Германия шабуыл жасаспау  туралы шарт жасасу жөнінде  СССР-ге ұсыныс жасады. Совет Одағы  империалистік державалардың Совет  еліне қарсы бағытталған бір  тұтас майданының құрылуына жол  бермеуге ұмтылып, ұсынысты қабылдауға  мәжбүр болды; ал Совет Одағының  агрессияға қарсы коллективтік  қауіпсіздік жүйесін құруды көздеген  ұсыныстарының бәрін дәл осының  алдында ғана Англия мен Франция  үкіметтері қабылдамай тастаған  болатын.1932 жылғы сайлауда Германияда фашистік партияға 13 миллион, коммунистерге 6 миллион дауыс берілді. Германияның банкирлері мен ірі кәсіпорын иелері Гинденбургке Гитлерді рейхсканцлер етіп койсын деп петиция бергеннен соң, Германияның президенті Гинденбург Гитлерді канцлер етіп қойған болатын. Билік фашистердің қолына берілді. Олар ең реакциялық, шовинистік және агрессиялық қаржы олигархиялық топтардың мүддесін қорғады. Гитлердің билікті қолына алғаны мемлекеттік төңкеріске ұқсас. Бұл жағдай буржуазияның және коммунистердің әлсіздігін көрсетті. Коммунистер оған қарсы шықса да, оларды ешкім жақтаған жоқ. Фашистік режимнің құрылуы келесі себептерге әкеліп соқты: монополистік буржуазия фашистік әдістерді терец дағдарыстан шығу үшін пайдаланғысы келді; шаруалар мен ұсақ буржуазия фашистердің демагогиялық әлеуметтік бағдарламасына сеніп, мемлекеттен әлеуметтік көмек күтті. Германияның пролетариаты ыдырап, фашизмге қарсы шыға алған жоқ.

Германияның фашистік режимі классикалық режимге  жатады. Фашистік үкімет Веймар Конституциясында жазылған демократиялық құқықтар мен бостандықтарды жоюдан бастады. Фашистік режим қоғамдық және саяси қарымқатынастардың бәрін бақылады. Бір жағынан террор аппаратының күші (СС, СА, халық трибуналдары), ал екінші жағынан қоғамдық өмірді бақылайтын ұйымдар (Ұлттықсоциалистік партия, Ұлттықсоциалистік әйелдердің одағы, Гитлер жастарының ұйымы, еңбек майданы және басқалары) қоғамдық өмірді бакылады. Бірақ Гитлердің насихат аппараты да күшті болды. Коммунистік әдебиеттер, сонымен қатар Гейне кітаптары ортелді. Фашистердің идеологиялық, тәрбие жұмыстары өте жақсы ұйымдастырылған болатын. Мектептен бастап фашистік партия, мемлекеггік аппарат арийлердің басқа адамнан жоғары екенін, олардың дүниежүзілік үстемдік миссиясы бар екенін иасихаттаумен болды. Ол үшін мерекелер, ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар қолданылды. Гитлер насихатында маңызды рөл атқарған "Жалғыз халық, жалғыз мемлекет, жалғыз фюрер" деген ұран. Гитлердің "Менің күресім" деген кітабын немістердің бөрі оқып, бір-бірімен "Хайль Гитлер" деп амандасуға тиісті болды.

Гитлерге  фюрер ретінде жаңа (төтенше) құқықтар бергеп. 1934 жылғы 30 қаңтардағы "Рейхтің жаңа құрылысы" туралы заң, оны империялық, үкіметтің басшысы ретінде, жаңа конституциялық құқық шығаруға міндеттеді. Германия билік болу, құқықтық мемлекет принципін қолданбайтын болды, 1933 жылғы 4 ақпанда "Неміс халқын қорғау" туралы заң қабылданды. Бұл заң полицияның құқықтарын күшейтіп жіберді. Саяси жиналыстарда қоғамдық тыныштықты бүзатын немесе мемлекеттік тұлғаларды сынайтып сөздер айтылса, ол ондай жиналыстарды таратып жібере алатын. Рейхстагтың ертелуінен Коммунистік партияға қарсы істелген арандаіу басталды, ең бірінші болып құрбан етілген Коммунистік партия. Гитлер коммуиистсрді "рейхстаіты ертедіндер" деп айыптап, 1933 жылы Коммунистік партияны жойды. Оның ақпараты жабылып, коммунист депутаттардың мандаттары да жойылды. Коммунистерді түрмелерге, концлагерлерге қамап, қырыпжойды. Келесі шара басқа партияларға тиісу арқылы, біртебірте қоғамда тек фашистік партия гана қызметін жүргізе алды.

Сөйтіп, көппартиялық жүйе жойылған еді. Жаңа партияларды ұйымдастыруға тыйым  салынды. Мемлекетгік аппарат пен фашистік партия қосылып, мемлекетте үстемдік жағдайын нығайтқан еді. Партия шешімдері мемлекеггік заң күшіне ие болды, ойткені, фашистік ұйымДар мемлекеттік функцияларды атқаратыи. Партия мүшесі болмаған азаматтар мемлекеттік аппаратқа кіре алған жоқ. Бұл жағдайдың құқықтық негізін дөйектеген 1933 жылы 1 желтоқсанда қабылданған "Партия мен мемлекеттің бірлестігін жүзеге асыру туралы" заң.

Фашистік  партия мен оның ұйымдары фашистік мемлекеттщ негізгі күші деп белгіленді. Гитлердің партиядағы орынбасары үкімет құрамына кірді. Партияның жергілікті басшылары (гаулейтерлер) империяның өкілдері деп саналды. Партиядагы билік фюрердің қолына жиналды. Үкімет 1933 жылдан бастап төтенше құқықтарға ие болып, заң шығаратын құқықты қолына алуы.

1933 жылы Гитлер төтенше бірнеше заң қабылдады. 1934 жылы Гинденбург қайтыс болғаннан кейін президенттің сайлауын өткізбей, канцлер өз қолына бұл екі функцияны бірдей жинақтады. Гитлердің "фюрер және рейхсканцлер" деп аталу себебі осында жатыр. Фюрердің құқықтық жағдайы конституцияда бекітілген жоқ. Фюрер партияны, үкіметті және мемлекетті басқара беретін болды, ол қызметін өмір бойы істейтін және өзінен кейін қалатын адамды белгілеу құқығына да ие. Мемлекеттің ең ықпалды тұлғаларын өзінің партиясының өкілдерінен қойып отырды, олар тікелей өзіне ант беретін. Мемлекеттік аппаратта қызмет ететіндер тек "арийлер" ғана. Оның қызметкерлерінің саны екі есе көбейді. Имперлік үкімет Конституцияға сәйкес келмейтін зандарды өзі қабылдай беретін болды.

Германияда  тоталитарлық, фашистік диктатураның құрылу жолы қысқаша осындай. Формальдық түрде Веймар Конституциясын ешкім жойған жоқ, бірақ рейхстаг негізгі қызметін атқара алмады да, оны тек демагогиялық саясаты үшін пайдаланды. Жергілікті өзінөзі басқару жойылды да, Германия жалпы мемлекетке айналды. 1934 жылы Рейхсрат мемлекеттік федеративтік неміс жерлерінің өкілдерінен құрылған орган жойылды. Жерлердегі билік фюрердің тағайыңдаған штатгальтерге берілді. Гитлердің мемлекеттік аппаратының экономикалық процестерді белсенді реттегені мәлім. Ол үшін 1933 жылы "Герман шаруашылығының бас Кеңесі" құрьшған болатын. Ол Гитлердің жанындағы кеңесші орган. Бұл кеңеске герман экономикасының ең бай және абыройлы адамдары кіретін. Мемлекеттің экономикалық саясатын дәйектеген 1934 жылы алынған "Герман шаруашылығының органикалық құрылысы туралы" зац. Бұл заң бойыиша 6 экономикалық топ қалыптасты, олар: өнеркәсіп, энергетика, сауда, сақтандыру, қолөнер және шаруашылық топтары. Оларға 44 шаруашылық тобы қарайтын. Германия 18 экономикалық округке бөлінді де, эрқайсысын округтік экономикалық, палата басқарды.

2-тарау. Антифашистік коалицияның құрылуы. Екінші дүние жүзілік   соғыс барысындағы түбірлі өзгеріс

2.1 Фашизмге қарсы халықтардың біртұтас майданы

1941 жылы 22 июньде таң сәріде гитлершілдер  СССР-ге зұлымдықпен шабуыл жасады. Совет халқының Ұлы Отан соғысы  басталды.

Екінші  дүние жүзілік соғыстың адамзаттың қас жауына — фашизмге — қарсы  азаттық,  әділетті  соғысқа ұласу  процесі аяқталды.

Соғыстың  бірінші күнінен бастап-ақ бүкіл  әлем халқы Совет Одағын жақтап шықты. Гитлерлік Германия СССР-ге шабуыл жасағаннан кейін антифашистік коалиция құрыла бастады.

АҚШ пен  Англияның билеп-төстеуші топтары  СССР-дің қатысуымен антифашистік коалиция құруға мүдделі болды, оның себебі, біріншіден, Совет Одағына қарсы  соғыс неміс-фашист армияларының батыстан бетін аударды да, олардың Британ аралдарына баса-көктеп кіру қаупін жойды; екіншіден, СССР-ді қолдау өз халқының алдында АҚШ пен Англия үкіметтерінің  беделін арттырды; үшіншіден, совет  халқының фашизмге қарсы қарсыласуы әлемге үстемдік орнату жолындағы күресте Англия мен АҚШ-тың басты бәсекелесін — Германияны — әлсіретті. Осы себептерге байланысты Англияның премьер-министрі Черчилль өзінің Совет Одағына ынтымақтастығын білдірді, ал АҚШ президенті Рузвельт СССР-ге жан-жақты көмек көрсетуге уәде берді.

1941 жылы  июльде «Германияға қарсы соғыста  бірлесіп қимыл жасау туралы»  ағылшын-совет келісіміне қол  қойылды. Сонан соң ағылшын-совет  келісіміне басқа мемлекеттер  қосылды. АҚШ үкіметі ленд-лиз  туралы заң күшін СССР-ге де  таратты. 1942 жылы май — июньде өз ара көмекті реттейтін ағылшын-совет шарты мен совет-американ келісіміне қол қойылды.

Сөйтіп, антифашистік коалиция — гитлерлік  Германия мен оның одақтастарына  қарсы мемлекеттер мен халықтардың  жауынгерлік одағы — құрылды. Соғыстың аяғы қарсаңында антифашистік коалицияға 50-ден астам мемлекет, оның ішінде бес ұлы держава (СССР, АҚШ, Англия, Франция, Қытай) кірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Жапонияның Англия мен АҚШ-қа бас салуына орай Германияның әрекеті

1941 жылы  декабрьде Совет Армиясы қарсы  шабуылға шығып,  фашистерді Москвадан  қуып тастады. Гитлерлік Германияның  тұңғыш рет

мұндай  қатты жеңіліске ұшырауының халықаралық  үлкен маңызы болды. Бұл жеңіс  фашистер оккупациялаған елдер халықтарының жауынгерлік рухын көтерді, азаттық  күресінің құлашын кең сермеуіне  және антифашистік коалицияның нығаюына себепкер болды.

Германияның «қауырт соғыс» жоспарының күйрегеніне, гитлершілдердің Москваны алуға  шамасы келмейтініне, ал СССР-дің өзінің шығыс шекарасын әлсіретпейтініне көзі жеткен жапон милитаристері  Англия мен Американың Қиыр Шығыстағы  иеліктеріне бас салуға әзірленді.

Жапон-американ қайшылықтарын бейбіт жолмен реттеу туралы Вашингтонда келіссөз жүріп  жатқан кезде, Жапонияның соғыс-теңіз  флоты Америка мен Англияның  маңызды базаларына елеусіз келді  де, тұтқиылдан соғыс қимылдарын бастады. АҚШ-тың Тынық мұхиттағы негізгі  соғыс-теңіз базасы Перл-Харборға (Гавай  аралдары) жүздеген самолеттер шүйілді. 1941 жылы 7 декабрьде бірнеше сағат  ішінде АҚШ-тың Тынық мұхит флоты  — 8 линкор және басқа көптеген корабльдері— түгел дерлік жойылды немесе зақымдалды. Мұнымен қатар жапондар Сингапурға бас салды, ағылшынның көптеген кемелерін  суға батырды және әр түрлі аудандарға десант түсірді.

Информация о работе Гитлердің канцлер болып тағайындалуы, Германияда фашистердің үкімет басына келуі