История создания университетов Казахстана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 18:54, реферат

Описание

Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының бірі. Астанада орналасқан. Ректоры - Сыдықов Ерлан Бәтташұлы. Қазақстан Президентінің Жарлығымен 1996 ж. мамырда бұрынғы Ақмола университетінің негізінде құрылған. Е. у. құрамына Дипломатиялық академия және әр саладан білім берумен шұғылданатын 5 институт (жаратылыстану технология, гуманитарлық, құқық, экономика, білім беру), сондай-ақ «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми-зертхана орталығы, Жоғары мектеп проблемаларының ғылыми-зертхана орталығы, Дүниежүзүлік экономика және конъюнктура ғылыми-зертхана институты, Геотехнологиялық ғылыми-зертхана институты, ҚР Ұлттық ядролық орталығы ядролық физика институтының бөлімшесі, Ақпараттық-есептеу орталығы, т.б. енеді. Ресей, Беларусь, Испания, Германия, т.б. елдер оқу орындары ғылыми орталықтарымен тығыз байланыс орнатылған. Күндізгі бөлімде 85 мамандық, ал сырттай бөлімде 25 мамандық бойынша білім алады (2001).

Работа состоит из  1 файл

университет.doc

— 117.00 Кб (Скачать документ)

     Лев Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университет

     Қазақстанның  жоғарғы оқу орындарының бірі. Астанада орналасқан. Ректоры - Сыдықов Ерлан Бәтташұлы. Қазақстан Президентінің Жарлығымен 1996 ж. мамырда бұрынғы Ақмола университетінің негізінде құрылған. Е. у. құрамына Дипломатиялық академия және әр саладан білім берумен шұғылданатын 5 институт (жаратылыстану технология, гуманитарлық, құқық, экономика, білім беру), сондай-ақ «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми-зертхана орталығы, Жоғары мектеп проблемаларының ғылыми-зертхана орталығы, Дүниежүзүлік экономика және конъюнктура ғылыми-зертхана институты, Геотехнологиялық ғылыми-зертхана институты, ҚР Ұлттық ядролық орталығы ядролық физика институтының бөлімшесі, Ақпараттық-есептеу орталығы, т.б. енеді. Ресей, Беларусь, Испания, Германия, т.б. елдер оқу орындары ғылыми орталықтарымен тығыз байланыс орнатылған. Күндізгі бөлімде 85 мамандық, ал сырттай бөлімде 25 мамандық бойынша білім алады (2001). Университетте 669 білікті маман дәріс береді. Оның ішінде 70 ғылыми доктор, професор, 214 ғылыми кандидат, доцент бар. Канддат және доктор дисс. қорғайтын 9 ғылыми кеңес және 20 мамандық бойынша аспирантура жұмыс істейді. Университеттің 5 оқу ғимараты, 12 лингафондық кабинеті, 1.250000 қоры бар кітапханасы мен 500 орындық компьютерлік оқу орт.алықтары бар. Е.у. базасында 2000 жылы Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеу Мемлекеттік Университеті) Қазақстандық филиалы құрылған. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ құрамында жалпы саны 26 ғылыми мекемені құрайтын ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, зертханалар, 12 факультет, Қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институты, әскери кафедра, түрлі мемлекеттердің мәдени білім беру орталықтары бар.

       Еуразия ұлттық университетінде  мамандарды даярлау жүйесі 3 білім  беру баспалдағы бойынша жүзеге асырылады: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және Ph.D докторантура. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады. Оқу орны құрамында бакалавриатта - 61 мамандық, магистратурада - 64 мамандық, Ph.D докторантураcында - 29 мамандық бойынша мамандар даярлануда. Еуразия ұлттық университетінде 2011-2012 оқу жылында студенттер саны – 11 300-ді құрады.

       Факультеттер мен ғылыми-зерттеу  бөлімшелерінде 1678 оқытушы бар, мұнда  61,3 пайыз ғылым докторлары, профессорлар, түрлі академиялардың мүшелері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегерлері, ғылым кандидаттары, доценттер жұмыс істейді. Университеттің көптеген ғалымдары тек Қазақстанға ғана емес, сондай-ақ, шетелге де танымал тұлғалар.

       2011 жылдың шілдесінен бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі Ерлан Батташұлы Сыдықов. 

     Қазақ ұлттық аграрлық университеті

     Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті (ҚазҰАУ) – ауыл шаруашылық жоғары оқу орыны. 1929 жылы шаңырақ көтерген Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты мен 1930 жылы ашылған Қазақ ауыл шаруашылық институты негізінде 1996 жылы сәуірде құрылды. 2001 жылы 11 шілдеде оған Ұлттық мәртебе берілді. Ол агроөндірістік кешен үшін білікті мамандар, аграрлы жоғары оқу орындары үшін ғалым-педагог кадрлар даярлайды. Университеттің 42 кафедрасында 666 оқытушы сабақ береді, 140 аспирант, 29 магистрант бар. 5 оқу институтында (агробиология және экономика, ветеринария және мал шаруашылығы, ауыл, орман және су шаруашылығы инженерлері, гуманитарлық білім беру, біліктілікті көтеру) күндізгі және сырттай оқыту бөлімінде 6 мыңнан астам студент оқиды. Олардың арасында 16 ұлт өкілдері, Жапония, Қытай, Моңғолия, Израиль, Иордания жастары да бар. Фермерлердің Жоғары мектебі жұмыс істейді. 2000 жылы университет жанынан 3 ғылыми-зертханалық институты (Ғылыми-зертханалық және агробизнес консалтингтік институты, Агробиология және экология ғылыми-зертханалық институты, Анимология мәселелерінің ғылыми-зертханалық институты) және 2 ғылыми орталық (Орман биоценолологиясы және Жаңа технологиялар ғылыми орталықтары) құрылды. Университет ғалымдары ауыл шаруашылығының дақылдары мен өсімдіктердің 47 сортын, жануарлардың 15 жаңа тұқымын, вакциналардың, тағамдық және емдік өнімдердің 30 түрін шығарды, 500-ден астам доктор және кандидат диссертация қорғалып, 200 авторлық патент пен куәлік алынды, 800-ден астам өндірістік ұсыныс жасалды, 10 мыңнан астам ғылыми еңбек жарияланған. Университет 30-дан астам таяу және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зертханалық институттарымен тығыз байланыс орнатқан, 200 аграрлық жоғары оқу орнын біріктіретін Әлемдік Консорциумға мүше. 

     Т. Жүргенов атындағы Қазақ  ұлттық өнер академиясы

     Темірбек  Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы аты Алматы театр  және кино институты) — театр және кино мамандарын даярлайтын мемлекеттік  жоғары оқу орны.

     1978 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының актерлік факультетінің (консерваторияға 1953 жылы Алматы көркемсурет училищесінен келіп қосылған актерлік бөлім) негізінде Алматы театр және көркемсурет институты болып ашылған.

     Институт  театр, кино, көркемсурет және хореография  бөлімдері бойынша он бір салада маман даярлайды. Оқу мерзімі 4 жыл. Күндізгі және ақылы сырттай бөлімдер жұмыс істейді. Құрамында 6 факультет, 23 кафедра бар. Оқу 12 мамандық және 39 арнаулы мамандық бойынша жүргізіледі. 1062 студент оқиды. 322 оқытушы сабақ береді. Олардың арасында 16 халық артисі мен халық суретшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының 24 лауреаты, 34 халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдардың лауреаттары, 23 ғылым докторы, 52 ғылым кандидаты, 30-дан астам ҚР-ның білім беру ісінің үздігі бар.[1]

     1987 жылы институтқа Т.Жүргенов есімі берілді [2].

     2008 жылдан бері Академияның ректоры қызметін Арыстанбек Мұхамедиұлы атқарып келеді. 
 

     Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті

     Қазақ ұлттық техникалық университеті - Қазақстан  Республикасының алдыңғы қатарлы техникалық білім беретін жоғары оқу орны. Кеңес Одағы кезінде Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институты деп аталды. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін институт университет мәртебесін алды және оған қазақтың ұлы перзенті геолог ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев есімі берілді. Университет Алматы қаласында орналасқан.

     1933 жылы 20 қазанда КСРО Халық комиссариаты Алматы қаласында құрамында тау-кен және түсті металлдар факультеттері бар Қазақ тау-кен металлургия институтын құру жөнінде қаулы қабылдады.

     1934 жылы 19-қыркүйекте бірінші оқу жылы басталды. Бірінші оқу жылының басында институтта 146 студент және 16 оқытушы болды. Институтта 2 мамандық бойынша сабақ жүргізілді: гидрогеология және кен орындарын барлау.

     1935-1936 жылдары қосымша 2 мамандық ашылды: жер қойнауын барлау және түсті металдар мен ауыр металдар.1934 жылдан 1938 жылға дейін бірінші курсқа студенттер қабылдау 559 адамға өсті, оның 66-сы қазақ. Профессорлық-оқытушылар құрамының саны – 163 адам, оның ішінде 12 профессор мен 30 доцент болды.

     1939 жылы институтты 56 адам бітірді, олардың 32-сі тау-кен инженері, арасында алғашқы қазақ қызы Р.М.Мұхамеджанова бар.

     1940 жылы 80 адам диплом алды: олардың 25-і металлург, 28-і геологиялық барлау, 35-і тау-кен инженерлері. Осы жылдың тамызы мен қарашасында Алматыға Мәскеу түсті металлдар мен алтын институтының профессорлары мен оқытушыларын, сондай-ақ зертханалық құрал-жабдықтарын жеткізген 2 эшалон келді. Екі жоғары техникалық оқу орнының бірігуі жүзеге асты. Эвакуацияланған 200 студент, сонымен бірге еліміздің батыс аудандарының осы тектес жоғары техникалық оқу орындарынан өз бетімен келген 100-дей студент оқуға қабылданды. Осыған орай ҚазТКМИ-дің профессор-оқытушылар құрамы белгілі ғалымдармен, педагогтармен толықтырылды.Ұлы Отан соғысы жылдары институт студенттері мен оқытушылары жауды жеңуге өздерінің үлестерін қосты. Институт кафедраларында 65 ірі ғылыми-зерттеу және 6 ізденушілік топографиялық және маркшейдерлік жұмыс орындалып, олардың басым көпшілігі өндірісте, сондай-ақ жаңа зауыттар, цехтар, шахталар жобасын жасауда қолданылды. Ұлы Отан Соғысы жылдары институттан 200 студент және оқытушылар соғысқа аттандырылды. Ұлы Отан Соғысының Батырлары атағын алғандар: Мұса Баймұханов, Максим Герасимович Губанов, Владимир Алексеевич Засядко, Николай Данилович Маркелов, Алексей Георгиевич Торопкин, Николай Иванович Ященко. Екі дүркін Совет Одағының батыры Талғат Жақыпұлы Бигелдинов.

     1942-1943 оқу жылында Қазақ тау кен-металлургия институтында мұнай кен орындарын барлау, іздестіру және мұнай өндіру ісі мамандықтары бойынша мұнай факультеті ашылды. Ол соғыс жағдайына байланысты мұнайға деген қажеттіліктен, автокөліктер мен соғыс техникаларына мұнай өнімдерін молынан өндірудің маңызының артуына орай мамандар қажеттілігінен туындады.

     1945 жылдың қыркүйегінде бейбіт заманның бірінші оқу жылы басталды. Осы жылы институттың бірінші курсына 248 адам, оның ішінде 52-сі қазақ, 1946 жылы 300-ден 58, 1947 жылы 225-тен 98, 1948 жылы 350-ден 99, 1949 жылы оқуға қабылданған 411-студенттің 143-і қазақ жастары болды.

     1945-49 жылы студенттер ауқымы негізінен орта мектеп, техникум, кешкі мектеп, рабфак және дайындық бөлімдерін бітіргендерден құралды. Соғыстан кейінгі жылдары студенттер қатары жылдан жылға Ұлы Отан соғысынан оралғандармен толыға түсті.

     1952-1953 оқу жылында институттың кафедралары өндірістік кәсіпорындардың тапсырмасымен келісім-шарт негізінде 19 ірі тақырып бойынша жоспарланған 550 мың сомның орнына жалпы құны 617,4 мың сомның жұмысын атқарды. Институт Қарағанды көмір бассейні, Текелі қорғасын-мырыш комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, «Алтайсвинцехшахстрой» тресі, Өскемен, Лениногор және Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс зауыты, Алматы мехникалық зауыты, «Средазгеофизтрест», Қазақ геологиялық барлау басқармасы сияқты кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатты.

     1953-57 жылы институттың ғылыми-зерттеу жұмысы жылдан-жылға жандана түсті. Бірнеше жаңа зертханалардың құрылуына, оларды ең жаңа құрал-саймандармен жабдықтауға мүмкіндік берді. Осы жылдары металл процесстерін, кен көлігін автоматтандыру және бақылау, спектрлік және рентгенді құрылымдық талдау, электро-химия, инженерлік геология зертханалары ашылды. Геологиялық мұражай ұйымдастырылды.

     1954 жылы Қазақ тау кен-металлургия өзінің құрылғанына 20 жылдық мерекесін атап өтті. Сол кездің өзінде 2500 тау-кен инженері, геологтар, гидрогеологтар даярланды. Ал, 1956 жылы ҚазТКМИ-ді бітіруші мамандар саны 3000-ға жетті.

     1956 жылы институт ғимаратының жаңа кешенінің құрылыс жұмыстары басталды.

     1957 жылдың 20 тамызында КСРО Жоғарғы оқу министрлігінің осы жылдың 1 қыркүйегінде ҚазТКМИ-дің тау-кен факультетінен «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандарын әзірлеу жөнінде бұйрығы шықты.

     1958 жылдың қыркүйек, қазан айларында мыңға жуық студенттер мен 107 оқытушы және зертханашы Алматы облысының Ленин атындағы кеңшарда, Павлодар облысының жеті кеңшары мен екі астық қабылдау пунктінде астық жинау жұмысында болды. Ол жақтан студенттер мен оқытушылар еселі еңбегі үшін институтқа екі Қызыл ТУ, Қазақстан Коммунистік партиясы Куйбышев аудандық комитетінің және БЛКЖО Павлодар облыстық комитетінің наградаларын алып қайтты. Сегіз студент «Тың жерлерді игергені үшін» медаліне ие болды.

     1958-59 оқу жылында геологиялық-барлау факультетінде «пайдалы қазба кен орындарын барлау техникасы» мен «пайдалы қазба кен орындарын геологиялық барлау және суретке түсіру» мамандарын әзірлеу басталды.

     1959-60 оқу жылында студенттер ауқымы 1800 адам болды.

     1960 жылғы 8 шілдедегі КСРО Министрлер Кеңесінің №2006-р Өкімімен Қазақ тау кен-металлургия институты Қазақ политехникалық институты болып қайта құрылды. Жаңа факультеттер: инженерлік құрылыс, энергетика, автоматика және есептеу техникалары факультеттері ашылды. Осы жылы тау кен-металлургия өнеркәсібінің және құрылыс ісінің жетекші 12 мамандығы бойынша инженерлер даярланды. Сол жылдары 30 кафедрада 160 профессор мен оқытушы жұмыс істеді. Оның ішінде 2 академик, 6 профессор, ғылым докторы болды. Осы жылдардың аяғында ҚазПТИ оқу, ғылыми және тәрбие жұмысында бірталай жетістіктерге жетті. Студенттер контингенті 18 мыңға, аспиранттар саны 300 адамға өсті. 1970 жылы В.И. Лениннің 100 жылдығына арналған Одақтағы 378 техникалық жоғары оқу орындары арасындағы Бүкілодақтық жарыстың жеңімпазы ретінде институт КСРО Жоғары білім беру Министрлігі мен Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Құрмет дипломымен марапатталды және В.И.Ленин есімімен аталу мәртебесін иеленді.

     1961-1962 жылы институт политехникалық болып құрылғаннан кейінгі екінші оқу жылы – институт ірі оқу және ғылыми орталыққа айналды. Институт құрылымында 6 факультет, 38 кафедра, ғылыми-зерттеу секторы, аспирантура бөлімі жұмыс істеді. Институтта жаңа кафедралар мен мамандықтардың ашылуына байланысты профессор-оқытушылар құрамы да өсті. 1960-61 оқу жылы 201 профессор мен оқытушы жұмыс істесе, 1961-62 оқу жылында олардың саны 266-ға көбейді.

     1962 жылы институт алғашқы 55 құрылысшы-инженер мамандарын әзірлеп шығарды.

     1963 жылы институттың мұнай және газ факультетін бітіруші түлектері Маңғыстаудың, Оралдың, Ембі ауданының, Солтүстік Кавказ бен Жайық жағалауының, Бакудың екінші ауданында және Солтүстік Түмен облысында мұнай мен газ кендерін іздестіруге белсене қатысты.

     1964 жылы Лениногор және Қаратау қалаларында филиалдар, 1965 жылы Өскемен қаласында жалпы техникалық факультет ашылды.

     1965 жыл. Осы жылы «ҚазҰТУ көктемі» фестивалі дүниеге келді.

     1966 жылы филиалдарды есепке алмағанда 7 факультет пен 40 кафедра жұмыс істеді.

Информация о работе История создания университетов Казахстана