История создания университетов Казахстана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 18:54, реферат

Описание

Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының бірі. Астанада орналасқан. Ректоры - Сыдықов Ерлан Бәтташұлы. Қазақстан Президентінің Жарлығымен 1996 ж. мамырда бұрынғы Ақмола университетінің негізінде құрылған. Е. у. құрамына Дипломатиялық академия және әр саладан білім берумен шұғылданатын 5 институт (жаратылыстану технология, гуманитарлық, құқық, экономика, білім беру), сондай-ақ «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми-зертхана орталығы, Жоғары мектеп проблемаларының ғылыми-зертхана орталығы, Дүниежүзүлік экономика және конъюнктура ғылыми-зертхана институты, Геотехнологиялық ғылыми-зертхана институты, ҚР Ұлттық ядролық орталығы ядролық физика институтының бөлімшесі, Ақпараттық-есептеу орталығы, т.б. енеді. Ресей, Беларусь, Испания, Германия, т.б. елдер оқу орындары ғылыми орталықтарымен тығыз байланыс орнатылған. Күндізгі бөлімде 85 мамандық, ал сырттай бөлімде 25 мамандық бойынша білім алады (2001).

Работа состоит из  1 файл

университет.doc

— 117.00 Кб (Скачать документ)

     Бүгінгі жағдайы

     Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша  кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам  жоғары білікті оқытушы жұмыс  істейді, соның ішінде мыңнан астам  ғылым докторы мен кандидаты, жүз академик пен елу философия докторы бар. Олардың әрқайсысы туралы шын мәнінде бірегей интелектуалдық әлеуетке ие элиталық маман деп айтуға болады. ҚазҰУ ұжымының жаңа және шешуші мәні бар реформаларды жаппай қабылдап, белсенді түрде қолдауы – оларды табысты жүзеге асырудың кепілі. Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылды. Ол арқылы оқуға ықыластық пен алғырлықты арттыруда зор қызмет атқаратындай әдіспен студентердің жұмысын үздіксіз бақылау орын алады. Біз магистранттар мен докторанттардың жұмыстарына бір-бірден отандық және шетелдік ғылым жетекшілік жасайтын тәжірибені кеңінен игерудеміз. Бұл алдынғы қатарлы ғылыми және әдістемелік жетістіктерді ұтымды меңгеруге мүмкіндік береді. Білім берудің он бағдарламасын аккредитациядан өткізу аяқталып қалды және олардың ауқымдылығы университетіміздің осы аталған көрсеткіш бойынша сенімді көшбасшы болуын қамтамасыз етеді. ҚазҰУ-дың дипломдарының әлемде танылуына кепілдік береді. Түбегейлі жаңа кезеңге өткен студенттік өзін–өзі басқару дәстүрінің жетіле түсуі де ерекше назар аудартады. Он сегіз мыңнан астам студент, магистрант пен докторант, оның ішінде 1000-нан астам шетелдік жас оқитын ҚазҰУ-дың білім алушылар қатары – орасан зор күш, ең алдыңғы қатарлы, талантты қауым – еліміздің болашақ элитасы. Біз осы жылдар ішіндегі 120 мыңнан аса барлық түлектерімізді мақтан тұтамыз. Әл-Фараби атындағы КазҰУ- і нағыз элиталық жоғары оқу орнына айналды, университет кабырғасында қазақстандык зиялы және саяси, экономикалық ортаның ең таңдаулы өкілдері дайындалып шықты.Тарих бізге тыңнан түрен салушының абыройлы да машақатты жолын сыйлаған. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың атап өткендей, «КазҰУ – бұл Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің іргетасы». Бізде нақты даму стратегиясы, табысқа жетуге ұмтылыс пен 75 жылдық жұмыс тәжірбиесі бар. Оған баға жетпейді. Бұл әл-Фараби атындағы КазҰУ-дың халықаралық көрсеткіштер деңгейіне көтеріле беретініне және әдеттегідей әлемдік қауымдастыққа ҚР жоғары білім беру ісінің бетке ұстар айнасы бола алатындығына кепіл. 

     Ш.Есенов атындағы Ақтау Университеті

     Жоғары  политехникалық білім беретін мемлекеттік  оқу орны.ҚР үкіметінің қаулысымен Ақтау политехникалық институты (1976 жылдан Қазақ политехникалық институтының Маңғыстау бөлімшесі, 1993 жылдан Ақтау политехникалық институты) мен Атырау университетінің осындағы филиалы негізінде құрылды (1996). Университеттің бес факультетінде төрт мыңнан астам студент 22 мамандық бойынша білім алады. Олардың үштен екісі күндізгі бөлімдерде оқиды. Мұнай-химия; инженерлік; тарих-филология; физика-математика; атом-энергетикасы факультеттері жұмыс істейді. Студенттерге Қазақстан ҒА-ның бес толық мүшесі мен мүше-корр., 10 профессор, елуден астам ғылыми кандидат, бес жүзге жуық оқытушы дәріс береді. Университеттің бес оқу корпусы, шеберханасы, жатақханасы, оқу залдары мен екі спорт кешені бар. 

     Қ. Жұбанов атындағыАқтөбе мемлекеттік университеті

     Негізі 1935 жылы қыздар мұғалімдер институты ретінде қаланды. 1954 жылы ол Н. Байғанин атындағы Ақтөбе педагогика институты деп аталды. 1958 жылы институт таратылып, 1966 жылы қайта ашылды. 1996 жылдан бастап қазіргі атауы берілді. ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 7-мамырдағы қаулысымен Ақтөбе педагогикалық институты (1958) негізінде құрылды.

     Құрылысы

     Университеттің  білім, мәдениет, әлеуметтік өмір салалары, экономика, құқықтану, техника, металлургия  факультеттерінде 6000 студент оқиды (4000-ы күндізгі оқу бөлімінде), 28 кафедрада 420 оқытушы дәріс береді, оның 11-і ғылыми докток, профессорлар. Негізі қаланғаннан бері университетті 16000-ға жуық маман бітіріп шықты (1997). Ғылыми-зерттеу және инновациялық әдістемелік, бағдарламалық орталықтар, редакция, баспа бөлімі бар. 300 орындық студенттер жатақханасы, 4 спорт залы, лабораториялар, оқу залдары, 400 мың дана кітап қоры бар кітапхана жұмыс істейді.

     Әуезов  бұл оқу орны туралы арнайы пікір  айтпағанмен, ойшыл-философ, ұлы суреткер, ғалым-ұстаздың ғылым мен білім, оқу мен тәрбие, қоғамнын дамуы мен жас ұрпақ тәрбиесі туралы ой-толғамдарының мән-маңызы зор. Сондықтан данышпан жазушыны насихаттау жолында біршама істер атқарылды. Университет ұстазы белгілі философ әрі әдебиеттанушы-ғалым А. Тайжанов Әуезовтің шығармашылығы жөнінде іргелі зерттеулер жазып, «Абайтану» және «Мүхтартану» атты курстарды жургізеді. Сөйтіп жазушы шығармашылығының сан қырын жай насихаттап қана қоймай оны іс жүзінде практикамен ұштастырып келеді Ал арнаулы курстар болашақ тіл мамандары мен әдебиетшілердің білім көкжиегін кеңейтіп, рухани танымын тереңдете тусуге зор эсер етеді. Әуезовтің 100 жылдық мерейтойына байланысты республика Ғылым академиясының мерекелік сессиясына, ҚазМУ-да өткен ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, баяндамалар жасады. Халқына мәңгілік рухани азық қалдырып кеткен Әуезовтің мұрасын тану, зерттеп-зерделеу болашақта жалғасын таба береді. 

     М. Өтемісов атындағы Батыс  Қазақстан мемлекеттік  университеті

     Жоғары  оқу орны әрі ірі ғылыми-оқу  орталығы. Ол 2000 ж. Орал қаласындағы  бұрынғы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін, Батыс Қазақстан  агротехника академиясын және мәдениет институтын біріктіру негізінде қайта құрылды. Осы оқу орнының құрамында 4 ин-т (гуманит., экон., инж.-тех. және өнер), жетпіс мамандық бойынша мамандар даярлайтын кафедралар бар. Университетте 20 мамандық бойынша аспирантура, екі канд. дисс. қорғау жөніндегі ғыл. кеңес бар. Сондай-ақ университеттің редакциялық-баспагерлік бөлімі дербес баспаханамен жарақтандырылған, мұнда «Вестник ЗКГУ» жинағы шығады. Университет кітапханасында 1 млн-нан астам кітап қоры жинақталған, онда электронды каталог пен жергілікті компьютерлік желі іске қосылған.

Информация о работе История создания университетов Казахстана