Казақстан тарихының кезеңделуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 22:20, реферат

Описание

Тарих – үнемі даму үстіндегі ғылым. Тарих алдымен адамзатты, әлемді тану, оның өткенін зерделеу болып табылады. Тарихтың көмегімен біз адамзаттың өткен өміріне кеңістік пен уақыт аралығында серуен құрамыз. Ата тарихымызды білу бәріміз үшін қасиетті парыз. Тарихи біліміміз уақыт ағымына қарай кемелденіп отырады. Тарих туралы түсінік ғылымны жетілуі, қандай да бір қоғамдағы тарихтың бағыт-бағдары идеологиямен тығыз байланысты.

Работа состоит из  1 файл

тарихтың срс ы.doc

— 103.50 Кб (Скачать документ)

Тарих – үнемі  даму үстіндегі ғылым. Тарих алдымен адамзатты, әлемді тану, оның өткенін зерделеу болып табылады. Тарихтың көмегімен біз адамзаттың өткен өміріне кеңістік пен уақыт аралығында серуен құрамыз. Ата тарихымызды білу бәріміз үшін қасиетті парыз. Тарихи біліміміз уақыт ағымына қарай кемелденіп отырады. Тарих туралы түсінік ғылымны жетілуі, қандай да бір қоғамдағы тарихтың бағыт-бағдары идеологиямен тығыз байланысты. Әлі күнге дейін тарих ғылымында қазақ қоғамының бірқатар тарихи мәселелерін  «көшпелілердің әлеуметтік-мәдени өмірінің дамығандығы туралы» еуроцентристік көзқарас тұрғысынан қарастыру кездеседі. ХIХ ғасырдан бастап Дүниежүзілік тарих тек Батыс елдерінің тарихы ретінде қарастырылды, ал «басқаның» бәрі нақты тарих шеңберінен тысқары жатқызылған еді. Бұл үлгі әлі күнге дейін басым. ХХ ғасырдың 20-жылдарынан Қазақстан тарихы маркстік таптық теория тұрғысынан баяндалды. Осылайша біз ұзақ уақыт бойы осы екі бағыттың ықпалында жүрдік.

    Соңғы  бірнеше жылдар ішінде Қазақстан  тарихын  белсенді түрде жаңғырту үрдісі жүріп жатыр, алайда өкінішке орай, өзгерістер сол дәстүрлі әдістер арқылы жүруде немесе тарих бұрынғыға қарама-қарсы түрде пайымдалуда. Осының ықпалымен трайбалистік немесе этноцентристік сипатағы біршама шығармалар да пайда болып жатыр.

  Бүгінгі  тарихымыз әлі де толық айқындалмаған күйінде қалып отыр. Оның негізгі себебі – қазақ халқы тарихының, Еуразияның ежелгі және орта ғасырлардағы көшпелі қоғамдары тарихи-мәдени мәселелерінің терең зерттелмеуінде. Жалпы алғанда, білімсіздіктің деңгейі тарих ғылымының әлсіз дамуына әкелді.

  Тарих –  тек өткен заман туралы білімдердің  жиынтығы ғана емес. Ол сондай-ақ  әр халықтың бүгінгі дүниедегі  өзінің жағдайын айқын сезінуге  және болып жатқан оқиғалар  мен құбылыстарға қатынасын нақты  анықтауға, олардың мәні мен бағытын жете түсінуге мүмкіндік беретін ойлау жүйесі.

 Тарих –  ұлтты мақтан тұту мен патриотизмге  тәрбиелейді.  Сондықтан елдің  саналы, белсенді азаматы болу  үшін Отан тарихын жақсы білу  қажет.

  Тарихтың күрделі белестерінде өткен заман оқиғалары жаңғыра түседі және оны біз бүгінгі күннің  ауқымды мәселелерін шешудің белділі бір кілті ретінде қабылдаймыз. Халық алдында тарихи таңдау мәселесі пайда болған кезде өткенге жүгіну, тарих арқылы халықтың өзін-өзі тануы қалыпты табиғи жағдайға айналады.

      Қазір бізде және көрші елдерде жазылып жатқан тарихи егеменді республикалар халықтарының өзіндік тарихи бейнесі мен дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін анықтауға бағытталған. Бұл жағдайдағы тарихтың рөлі дәрігердің қызметін еске түсіреді. Жүрегінің түкпірінде әрбір халық дәрігердің білікті маман болуын қалайды, ал сауатсыз дүмше-балгер емдеп жатқан халық қайғыға ұшырайды. Жақсы тарихшы ел руханиятына қажетті нәрді тарихтан тауып береді. Ол үшін өзгені жамандап, өзінді асыра көрсетідің де қажеті жоқ.

Жер шарында  тарихы жоқ халық болмайды. Адамдар  өмір сүрген жерде тарих та бар. Өткенді  білсең заманды игеру оңайырақ, ал болашақты бағдарлау одан да жеңіл.

  Бүгінде  әлемдегі әрбір халықтың тарихи  өткен шағы саяси тартыстардағы  айқындаушы фактор іспетті, ұлттардың және мәдениеттер мен мемлекеттердің мүдделері қақтығысып қалған жағдайда соған жүгінетініміз анық. өз тарихын білмеген ел қоршаған біркелкіліктің арасында жоғалып кете барады. Тарихты жаңсақ түсіндіріп, оған деген мүлдем сенімсіздікті де қалыптастыруға да болады.

  Тарих пәнінің  негізгі ұстанымы адамның, елдің  рухын жетілдіруге арналуы керек.  Тарихты оқытудың мақсаты тек  тарихи оқиғалармен, фактілермен танысу ғана емес, мыңдаған жылдық ата тарихымыз арқылы жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу болып табылады. Самақау баяндалған, түрлі ойдан шығарылған қағидаларға толы, жүйесі мен құрылымы жоқ тарих білімсіздікке жеткізеді. Тарих ғылымы адамзат өмірін терең саралап, түрлі тарихи құбылыстарды ғылыми тұрғыда зерделеуі, ұлттың мүддесіне қайшы келетін қағидалардан бас тартуы қажет.

   Кез келген  қоғамның басты ұстанымы –   адамзат факторы. Қоғамдық және  этникалық құрылымындағы ерекшеліктеріне  қарамастан, әрбір халық тарихи  желінің бір жүйесі, бөлшегі болып табылады. Осы сапада ол жалпы адамзаттық қатынастар ауқымына және дүниежүзілік тарихқа енеді. Дербес ұлттық құрылымы жоқ халық дүниежүзілік тарихи үрдісте өзіндік рөл атқара алмайды. Тарихты зерттеп-білу үшін этностың өмір сүруінің ішкі заңдылығын анықтау қажет. Бұған тарихтың басты субъектісі болып табылатын адамзаттың басынан өткен оқиғаларға және қоғамдық жүйенің құрылымына талдау жасау арқылы қол жеткізуге болады.

  Тарихты  біз қалай біле аламыз? Көптеген жылдар бұрын өткен оқиғалар бізге қалай жетеді? Осының бәрі әрине қызықты екені сөзсіз. Тарихты жасайтын адам мен қоғам. Ал сол тарих бізге ең алдымен іргелі тарихи зерттеулер арқылы жетеді. Тарихи зерттеулер сол заманнан қалған тарихи деректер негізінде жүргізіледі. Тарихи деректер заттай, жазбаша деректер  болып бөлінеді. Сонымен қатар ауызша деректердің тарихи зерттеулер үшін маңызы зор. Жазбаша деректер дегеніміз ежелгі заманнан ескерткіш болып қалған көне жазулар, құлпытастап, бір сөзбен айтқанда, тарихи оқиғалар жайлы жазбаша материалдар. Жазу осыдан 5000 жылдай бұрын пайда болғаын білеміз. Осы кезден бастап адамдар көптеген оқиғаларды жазба белгілері арқылы кейінге қалдырып отырған. Мұны тарихи-лингвист ғалымдар зерттеп оқиды.

 Тарих ғылымы  көп салалы ғылым, оның бірқатар  қосымша салалары бар. Тарихты  зерттеуде осы қосымша тарих  ғылымдарының қосатын үлесі мол.

   Тарих  ғылымының аса күрделі де маңызды салаларының бірі археология. Археология ғылымы адамзаттың өткен тарихын заттай дерек – тарихи мұралар арқылы зерттейтін тарих ғылымының құрамдас бөлігі. Грек тілінен аударғанда  «архео» – көне, «логос» – зерттеу деген мағынаны білдіреді. Археология ежелгі уақыттағы тарихи оқиғалар, қоныстар мен қалалар, кесенелер мен зираттар болған орында қазба жұмыстарын жүргізіп, заттық деректерді жинаумен айналысады. Археология ғылымының  өмірге келуі тарих ғылымының ауқымын кеңейтіп, мазмұнына көптеген өзгерістер енгізді. Тарихтың маңызды бөлігін археологиялық зерттеулер береді. Тарихи зерттеулерде антропология ғылымының атқаратын рөлі зор. Антропология адамның дене бітімін, сүйек қалдықтарын, нәсіл, түрін зерттейді. Ертеде адамдар өз өмірінен кейінге белгілі бір із қалдырып отырған. Мысалы, сүйек қалдықтары, қарулар, еңбек құралдары т.б,. міне бұлар археология мен антропология ғылымдарының зерттеу нысаны болып табылады.

   Тарих  ғылымының аса маңызды бөлігі ретінде қарастырылатын ғылымдардың бірі этнография. Этнография халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрірн, тілін, дінін, шарушылығын зерттейтін ғылым. Мұндағы

«этнос»  –  халық,  «графия» –жазу деген мағына береді. Мәселен, Қазақстанда қазақ этносымен қатар 100-ден астам этнос өкілдері бар. Олардың бәрі Қазақстан халқы құрайды. Этнография ғылымының ауқымы кең. Әлемдегі үш мыңға жуық этностың (халықтың) өмірін, тұрмыс-тіршілігін зерттеумен осы этнография ғылымы айналысады. Этнография ғылымы «этнология», «тарихи этнология», «этнодемография» сияқты салаларға бөлінеді. Этнография ғылымының мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатында алатын орны бар. Әсіресе этносаралық мәселелер, әлеуметтік хал-ахуал, ескі дәстүрлердің сақталуы және жаңғырып отыруы этнография ғылымының назарында ұсталады.

    Белгілі бір әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына адамзат тарихы ұсақ-ұсақ кезеңдерге бөлінеді. Көне тарихтың ұзақ уақытты қамтитын маңызды бөлігі археологоиялық деректер бойынша зерттеледі. Археологияда кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған, оған сәйкес адамзат тарихы тас, қола, темір және ортағасырлар дәуіріне бөлінеді.

 Алғашқы қауымдық  құрылыс адам баласының өсіп  дамуындағы ең алғашқы кезеңі. Ғылыми зерттеулерге қарағанда  алғашқы қауымдық құрылыстың  дамуы барлық жерде бірдей болған. Елімізде жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары өткен өмірдің даму тарихының алғашқы даму кезеңдерін ашып, дүниежүзілік адам қоғамының зерттеулеріне өз үлестерін қосуда. Қазақстан жерінде алғашқы адамдардың тастан жасалған құрал-саймандары, қоныс-жайлары табылып отыр. Бұл археологиялық ескерткіштер Қазақстандағы алғашқы қауымдық құрылыстың болғандығын дәлелдейді.

  Алғашқы  адамдардың өндіргіш күші біріншіден, алғашқы адамнан, екінші – оның тас құралынан тұрды. Археологоия ғылымы зерттеуді осы тас құралдардан бастайды.

 Қазақстандағы  алғашқы қауымдық құрылыс ескерткіштерінің  зерттелуінің азды-көпті өзіндік  тарихнамасы бар. Қазақстан жеріндегі  тас құралдар туралы алғашқы  деректер  ХIХ ғасырдың 50-жылдарынан басталады. 1862 жылы Гурьев облысының Александров портынан пышақ тәріздес тас құралдар табылса, ал 1883 жылы Абайдың досы Е.П.Михаэлистің тілегі бойынша Семей қаласында өлкелік музей ашылып, оның сөрелеріне 80-нен астам тас жебелер, тас найза ұштары, қырғыштар, пышақ тәріздес тас құралдар, тас балталар қойылды. Тастан жасалған құрал-саймандар, әсіресе ХХ ғасыр басында Қазастанның әр жерінен табылып, ол туралы баспасөз беттерінде жазыла бастайды. 1895 жылы академик В.В.Бартольдтың бастамасы бойынша Түркістан әуесқой археологтар қоғамы құрылып, Қазақстан бойынша көне дәуірдің ескерткіштері туралы қамқорлық жасап, олар туралы хабар беріп отырған. Қазақстан алғашқы қауымдық құрылыстың тас құралдарының нағыз ғылыми тұрғыда зерттелуі 1917 жылғы Қазан  төңкерісіннен кейін қолға алына бастады. Кеңес дәуірінің алғашқы кезінде қазақ жеріндегі алғашқы қауымдық  құрылыстың ескерткіштерінің бетін ашуда С.И.Руденконың еңбегі атап айтарлықтай. Оның жазуы бойынша алғаш рет Қостанай облысындағы Қайранкөл маңынан мысты-тас дәуірінің қонысы белгілі болған. Сол сияқты көрнекті археолог ғалым М.П.Грязнов, И.В.Синициндер 30-жылдары Қарағанды, Батыс Қазақстан жерінен жаңа және мысты-тас дәуірінің қонысын тапқан.

  Жерімізде  алғаш  адамдардың құрал-жабдықтарын зерттеуде айтарлықтай еңбек сіңірген академик Ә.Х.Марғұлан болды. Ғалымның жетекшілігімен жүргізілген Орталық Қазақстан экспедициясы Бетпақдаланың орталық бөлігінен бірнеше жерден тас дәуірінің қонысын тапқан. Әсіріесе, ғалымның басты бір көрнекті еңбегі Сарысу бойынан мысты-тас дәуірінің шақпақ тастан құрал жасайтын шеберхананың орнын табуы. Сонымен қатар Ә.Х.Мағұлан алғащқы адамдар мекендеген қоныстар мен үңгірлер тауып, оларға ғылыми сипаттама жазған.

  Елімізде  тас дәуірінің нағыз ғылыми  тұрғыдан зерттелуі  50-жылдардың  2-жартысынан басталады. Қазақ Ұлттық академиясы Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері тас  дәуірінің маманы Х.Алпысбаев жетекшілігімен 1957 жылы құрылған  «Қаратау отрядының» жүргізген жұмыстары орасан зор болды.  20 жылдан астам мерзімнің ішінде ғалым тас дәуіріннің төмегі кезеңнен бастап, оның соңғы кезеңіне дейінгі мезгілдерді дәлелдейтін ескеркіштерді тапты. Бұл жұмыстың нәтиждесі «Оңтүстік Қазақстанның төменгі тас дәуірі» атты монография болып жарыққа шықты.  Сөйтіп, Қазақтсандағы алғашқы адамдардың ерекшеліктері  біршама зерттеліп, игілікті жұмыстар жолға қойылды. ХХ ғасырдың 80- жылдарынаан бастап бүгінгі күнге дейінгі палеолит дәуірін зерттеуді Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты, сонымен қатар ҚазҰУ-дың ғалымдары жүргізіп келеді. Ж.К.Таймағамбетовтың бастамасы және жетекшілігімен 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ТМД елдерінің ішінде алғаш рет палеолит мұражайы ашылды.

    Қазақстан  солтүстік аудандарында алғаш  рет неолит дәуірінің қоныстарын 1926 жылы М.П.Грязнов пен М.Н.Комарова зерттеген. Шығыс Қазақстанда неолит кезеңінің ескерткіштерін тауып және оларға ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуде археолог ғалым С.Черниковтың еңбегі зор. Ол «Кіші Красноярск» және «Усть-Нарым» қоныстарында қазба жұмыстарын жүргізді. Сырдарияның төменгі ағысында Арал жағалауында, Қызылорда облысының жерінде  неолит кезеңінің қоныстарын ерттеуде Хорезм  археологиялық экспедициясының меңгерушісі С.П.Толстовтың сіңірген еңбегін айтарлықтай. Неолит ескерткіштерін зерттеуде академик Ә.Марғұланның, тас дәуірінің маманы Х.А.Алпысбаевтың еңбегі зор.

    Ертедегі  палеолит ірі-ірі үш дәуірге бөлінеді. Олар: олдувай (2,6 млн. - 700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың - 150-120 мың жыл бұрын) және мустье  (150-120 мың - 31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Күллі тас ғасыры бойына еңбек құралын жасау жолындағы басты рөлді тас атқарады.  Сол себепті де біз ежелгі тұрақтардан көбінесе тастан жасалған бұйымдарды табамыз, ал неолиттік тұрақтардан жануарлар  сүйектерінен істелген бұйымдарда кездеседі. Адамзат тас қасиетін  жете білген. Материалды  таңдап алу көп жағдайда құралдардың неге арналатындығына байланысты болған. Түрі мен ерекше сипатына қарай тас құралдар шапқыш, қырғыш, үшкіртас, соққыш,  бұрғы, пышақ, тескір және т.б. бөлінген. Көңірдек поселкесі қасынан табылған, тікбұрышты зілдей кремний сындырғышы ең ескі еңбек құралдары қатарынан орын алады, бұл құрал Қаратау қыратының оңтүстік-батыс жоталарынан өтетін Арыстанды өзенінің алқабының төменгі төрттік дәуіріне жататын ең биік сөресін құрайтын, тұтасып қатып қалған конгломераттар қабатынан табылған. Клектон тұрпаты деп аталатын осынау ең ежелгі құралдардың кейінгі сондай құралдарлдан бір айырмашылығы – оның күллі сындырғыш  тұрқының жартысынан көбін алатын рабайсыз үлкен соққыш дөңесі бар. Бұлармен бірге ол арадан кремнийлік  дөңбектастар: кедір-бұдырлы дөңгелек тастар да табылған, әлгі сындырғыш осы тастардан бөлініп алып жасалған. Ашель дәуірінң тұрағы Бөріқазған мен Тәңірқазған бәрінен де көбірек назар аударады, олар малтатастар, доломиттер мен алевролиттер тәрізді тау жыныстарынан тұратын, үсті тегіс заңғар басында. Осынау олжа табылған жер Жамбыл облысының Талас ауданының Ленин атындағы колхозының оңтүстік-шығыс жағында. Бұл тұрақтарда еңбек құралдарынның таралуы дәл шектелген, белгілі шекарадан басқа жерден өңделген кремний бұйымдар өте сирек кездеседі. Бөріқазған мен Тәңірқазағаннан табылған ежелгі палеолит заттарын Х.А.Алпысбаев төрт топқа: бір жақты, екі жақты шапқыш құралдарға; көне заманның салмақты сындырғышына; ірі-ірі кедір-бұдырлы домалақ тастарға бөледі. Мұның бірінші тобы көбірек. Шапқыш құралдар Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африканың шелль-ашель дәуірінің олжасы табылған жерлердегі дөкір тас мүліктерінен айырмасы шамалы. Олардың түрі әманда дөңбектасқа келеді, бұйымдардың бір ұшын өңдеп-жөндеп үшкірлейді, ал екінші  ұшының малтақабағы сақталып, аздап қана өңделелді.

Информация о работе Казақстан тарихының кезеңделуі