Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 22:20, реферат
Тарих – үнемі даму үстіндегі ғылым. Тарих алдымен адамзатты, әлемді тану, оның өткенін зерделеу болып табылады. Тарихтың көмегімен біз адамзаттың өткен өміріне кеңістік пен уақыт аралығында серуен құрамыз. Ата тарихымызды білу бәріміз үшін қасиетті парыз. Тарихи біліміміз уақыт ағымына қарай кемелденіп отырады. Тарих туралы түсінік ғылымны жетілуі, қандай да бір қоғамдағы тарихтың бағыт-бағдары идеологиямен тығыз байланысты.
Төменгі
палеолит кезінде адам тасты
жару үшін екінші тасты
Ашель дәуірінің
ескерткіштері Орталық
1989 жылғы маусымда табылған Қозыбай атты олжалы жер – Шығыс Қазақстан облысы территориясындағы ең ежелгі ескерткіш болып табылады. Бұл тұрақ Қолғұты өзенінің бойында, Күршім ауданының Қаратоғай ауылында таяу бір үйірде. Алғашқы қауым адамының қолымен жасалған тас бұйымдары, оның ішінде шапқыш құралдар, екі жағы да өңделген құрал және қара түсті кремний жынысынан істелген сындырғыштар бар – осының бәрі Қозыбай өндірістік уческесінің биік сөресінен табылған.
Келесі мустье кезеңінде тас өңдеудің өзге тәсілі пайда болды, бірақ кей жерлерде малтатас техникасы да бұрынғыша тіршілік етіп жатты. Оңтүстік және Орталық Қазақстан жерлерінде мұндай ескерткіштердің көп екені белгілі, олар әртүрлі жарияланымдарда сипатталған.
Осындай ескерткіштердің бірі 1958 жылы Х.А.Алпысбаев тауып, кейін қазақтың ағартушы ғалымы Ш.Уәлихановтың атымен аталған, көп қатпарлы тұрақ. Тұрақта бес мәдени қатпар бар, олардан тас бұйымдары, оттың орныдары, ошақтар, әртүрлі жануарлардың – жылқы мен қодастың, ақбөкен мен бұғының сүйектері табылды. Оңтүстік Қазақстан облысының Алғабас ауданындағы Арыстанды өзенінің жағасындағы осынау тұрақ қатпарлары жердің қазіргі бетінен әртүрлі тереңдікте көлденең жайғасқан. Бұл - әзірше тас бұйымдары мен мәдени-тұрмыстық қалдықтар әу бастағы күйінде, яғни мустье дәуіріндегі адамның тастап кеткен күйінде сақталып қалған Қазақстандағы бірден-бір тұрақ. Оны қазудың бір қиындығы мәдени қатпарлар 2,30 – 7,20 метрге дейінгі тереңдікте жатыр. Алайда бұл қиындыққа қарамастан, алғашқы қауым аңшыларының өмір тіршілігі жайлы жаңа деректер табылды. Еңбек құралдарын жасайтын ісмерхана орнын қазып аршып көргеннен кейін, соның негізінде адамдар бұл тұрақты ұзақ замандар бойы, шын мәнінде мустье дәуірінен жоғары палеолит дәуірінің аяғына дейін үздіксіз мекен еткен деп қорытынды жасалды.
Мустье кезеңінің жаңа ескерткіштері 1984 жылы Жезқазған облысының Ақадыр ауданынан табылды. Олар - Өгізтау І және ІІ, Үлкен Ақмая тұрақтары. Тас бұйымдары бұлақ жағасындағы дөңестер қойнында жатыр. Адамдардың бұл арнаны мекендеуіне шикізат қорлары мен бұлақ суының іргелес жатуы әсер еткен.
Бір жағынан да, екі жағынан да өңделген балталар, қырнауыштар оймалы құралдар мен домалақ тастар жергілікті шикізат – сұр кварциттен дайындалған. Көптеген артефактілер – жасанды тастар көптеген «соны» шұңқырлар мен кетіктер мұның куәсі сияқты.
Дөңгелек
іспетттес нуклеустерге қоса, протопризматикалық
нуклеустердің, сол сияқты шет-
Кейінгі палеолит бұдан бұрынғы 35 – 30 мың жылдан 12 – 10 мың жылға дейінгі уақытты қамтыды. Бұл – адамзаттың жердің барша климаттық зоналарына тарап қоныстанған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың құрылған кезі.
Кейінгі
палеолит дәуірінде саналы
Неолит – тас өңдеу техникасының әбден дамыған кезі. Еңбек құралдарын жасау ісінде уақыт өткен сайын мамандандыру әрекеті күшейе түсті. Қыспа ретушь техникасының жетілуімен бірге, тасты өңдеудің жаңа техникалық тәсілдері: тегістеу, бұрғылау, аралау пайда болған, тастың қиын өңделетін түрлерінің бәрі қажетке асырылып, тас балталар, кетпеншоталар, дән үккіштер, келілер, келмаптар жасалды.
Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы тууы, табиғаттың даяр өнімдерін иемдене қою – жинау, аң аулау орнын өндіруші шаруашылық басты – сол дәурдің аса маңызды белгісі болып табылды. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуы адамзат қоғамының дамуына керемет әсер етіп, адам еңбегінің ауқымы мен көлемі кеңейді де, сонымен бірге оның мінез-құлқын да сапалық жағынан өзгертті. Адам баласының бұдан былайғы экономикалық қал-харекеті дамуының сан мың жылдық тарихы – едәуір дәрежеде шаруашылықтың осы екі түрінің өркендеп жетілуі тарихы. Алғашқы қауым халқының өндіргіш күштерді дамытудағы неолит дәуірі тұсында қолжеткен деңгейі басқа да мәдение-тұрмыстық жаңалықтардың ашылуына ықпалын тигізді. Қазақстанның ежелгі халықының дәуірінде тау-кен ісі мен тоқымашылық ісі қадам жасады, олар керамикалық ыдыстар шығарудың сырын білді. Әлеуметтік сипаты жағынан алғанда, неолит дәуірі рулық қауымдар кезеңі, ұжымдық еңбек пен өндіріс құралдарына қоғамдық меншіктің өктемдік жасап тұрған кезеңі болды. Сонымен бірге ол қоғамды ұйымдастырудың бұрынғыдан да жоғары түрлері: тайпалар мен тайпалық бірлестігі құрылған жемісті кезеңі еді. Рулар, қандас-туыстығына қарай тамырласып, біртекті шаруашылық біріктірген рулық қауымдардан құралған болатын. Қазіргі кезде Қазақстан жерінде ғылымға белгілі 500-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіштер бар, бірақ олардың басым көпшілігі ішінара ғана зерттелген. Неолит тұрақтары жер-жерге орналасу сипатына қарай төрт түрге: бұлақ бойындағы, өзен жағасындағы, көл жиегіндегі және үңгірдегі түрақтар болып бөлінеді. Әдетте, өзен мен көл жағалауындағы тұрақтарда адамның түпкілікті немесе ұзақ уақыт тұрып тірлік еткені анықталған. Олардың негізгі мүмкіндіктері – пышақ түстес қалақтар мен солардан істелінген бұйымдар.
Қараүңгірдегі
неолиттік тұрақ осы аттас
өзен жағалауында; ол –
Аңшылық көзі – құландар, аюлар, бұғылар, қабандар, жылқылар, қасқырлар, бұқалар, кекіліктер мен қырғауылдар, тасбақалар болған. Мұның куәсі – үңгірден табылған сүйек қалдықтары.
Батыс Қазақстанда келтеминар мәдениетінің бір варианты – Бастыс Қазақстандық варианты оқшау көзге түседі, оны С.П. Толстов болжап айтқан. Келтеминар мәдениеті б.з. дейінгі VI мыңыншы жылдардың аяғы мен II мыңыншы жылдың бас кезіеңінде болған және Қазақстан мен Орта Азияның едәуір территориясын қамтыған. Оның тас бұйымдар өндірісі орта көлемді қалақтар мен микроқалақтар, қалақтар сынығы мен сындырғыштар дайындаумен айналысқан.
Шаңдауыл – Құлсары поселкесінің терістік-шығысқа қарай жүргенде 22 шақырым жерде орналасқан. Тас бұйымдар Аққызтоғай ауылының қазіргі қорымына таяу жерден табылған. Олардың ішінен қырғышты қалақтар, екі жақты қырғыштар, сындырғыштар мен керамика ерекше назар аудартады.
Қыземшек олжалы орны – Жантемір теміржол станциясының оңтүстік-шығыс бетінде 37 шақырымдай жердегі Жаманғара тауы маңында орналасқан. Тау басынан призматикалық сипаттағы нуклеустер, сырты ретуштелген пышақ түсті қалақтар мен керамика сынықтары іріктелді. Мұндай артефактілер Қайнар өзенінің Жырлауыт қабағынан да табылды. Жыланқабақ пен Қойқара олжалы орындарына келсек, оларда «шырша» және «тарақша» өрнектері бар керамика көбірек. Тас бұйымдары жоғарыда аталған тұрақтар өндірісімен бірдей.
Сарықамыс пен Шаянды тұрақтары Сарықамыс ауылының түскейіндегі құмдауыт адырлар арасында екен – Атырау облысының Ембі ауданынның жерінде. Бұл арадан әлі ұсталынбаған пышақүсті қалақтар молынан жиналды; сырты ретуштелген бірнеше қалақтар, бетінде ойығы бар қалақ құралдар және сындырғыштар кездеседі. Керамика сынықтарында ыдысқа қиғаш басылған оюлар, көлденең сызықтар мен үшбұрыш тәрізді геометриялық фигуралар бар екен. Сырлы керамикалар жоқ болып шықты.
Неолит дәуіріне жататын заттар жұрт тастап көшіп кеткен Сатшықыз ауылының маңынан көзге түсті, ол – Семей облысы, Белокаменка селосынан 2 шақырымдай қашықтықтағы Қызылсу өзенінің оң жағалауындағы жайылманың жырлауыт сөресінің кремнийлі сланец пен кварц өзегі жарып өтеді. Қызылсу тұрағы дөңес басында, оның етегінде бұлақ ағып жатыр. Сол жерде, өзен жайылмасының тап бүйірінен тікелей терең жырлалы жар өтеді, соның түбіне бүйірлерінің шет-шеті өңделген үшбұрышты, қалақ пен қоңыр кремний жынысты сындырғыш көзге ілігеді. Бұлар тұрақты тауып алуға себепші болды.
Қазақстан
жерінде әзірше бірнеше