Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 22:20, реферат
Тарих – үнемі даму үстіндегі ғылым. Тарих алдымен адамзатты, әлемді тану, оның өткенін зерделеу болып табылады. Тарихтың көмегімен біз адамзаттың өткен өміріне кеңістік пен уақыт аралығында серуен құрамыз. Ата тарихымызды білу бәріміз үшін қасиетті парыз. Тарихи біліміміз уақыт ағымына қарай кемелденіп отырады. Тарих туралы түсінік ғылымны жетілуі, қандай да бір қоғамдағы тарихтың бағыт-бағдары идеологиямен тығыз байланысты.
Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықтың бірінші ширегі біткен кезде Евразия даласында қола қоспасы дайындалды. Ежелгі адамдар жезге қалайыны арқылы металл бұымдардың беріктігін күшейтті. Қоладан ұңғылы балталар мен сүңгілер жасауды үйренді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қола ғасырында андроновтық археологиялық мәдениетке жататын жәдігерлер (мекендер, қорымдар, рудниктер (тастағы суреттер) қалдырған. Сол жердегі қазу жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері – шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі – орасан зор территорияға тарағанын анықтады. Кейінірек андронов ескеркіштері Қазақстанның түскейінен, Жетісу мен Орта Азиядан да табылды.
Андронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселенің бірі хронологиямен, уақыт межесін анықтау ісімен байланысты, зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге бөледі: ерте қола - б.з.дейінгі ХVIII – XVI ғ.ғ., орта қола XV – ХІІ ғ.ғ., кейінгі қола - ХІІ –VIII ғ.ғ. басы. Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес, Федоров, Алакөл, Замараев кезеңдерін көрсетеді деп есептеледі. Бірақ кейін Федоров ескерткіштері ерте қола уақытына емес, орта қола уақытына жататыны даталанды, сөйтіп андронов мәдениеті дамуының сындарлы суреті бұзылды. Мұның үстіне Федоров ескерткіштерінің ерте және кейінгі кезеңдерге бөлініп, ыдырап кеткені анықталды. Оның бірінші тобы б.з. дейінгі XV – XІV ғ.ғ., екінші тобы – ХІІІ – ХІІ ғ.ғ. жатады. Егер бұрын ескерткіштер Орталық Қазақстан мен Оралдан табылса, енді кейінгілері Батыс Сібірден, Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстік-шығысынан, Орта Азиядан табылды. Осыдан келе, Федоров тайпаларының жан-жаққа тараған кіндігі Қазақстан болса керек; оларды бұл арадан тайдырып жібергендер алакөл тайпалары, Орталық Қазақстанға олар белгісіз бір батыс орталықтан келген.
Ертедегі Нұра кезеңі – жерлеу салтына кремация (мәйітті өртеу) басым болған. Мәйітті табытқа салып қою рәсімімен де жерлеу кездеседі. Көлемі шағын, үстіне топырақ үйілген қабырғалар айналасына тақта тастардан дөңгелек немесе үшбұрышты шұңқыр етіп қазылған, жиек-жиегі тақта таспен (циста) көмкерленген моланың өзі, не тас жәшік болған.
Керамика
қатарынан сырты үшбұрыштар
Қоланың
кейінгі кезеңі Орталық
Мәдениетті
дамытуда металл өндіріп
Андроновшылардың
діни түсініктерінің культтік
ырым-жорамалдары мен әртүрлі
жора-жосықтарының мәні мен
Қорыта келгенде, Қазақстандағы дәуірлік кезеңдердің өзіндік мәдениеті болғандығы, олар өз ерекшеліктерін сақтай отырып, Қазақстан аумағында таралып, көптеген даму сатыларынан өткендігін байқаймыз.
Жоспар:
І.Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Қазақстан тас ғасыры дәуірінде
2.2.Әуелгі палеолит
2.3.Кейінгі палеолит
2.4.Неолит
2.5.Қола ғасыры
ІІІ.Қорытынды
Әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы (энциклопедиялық басылым) – Артықбаев.Ж.О., Пірманов.Ә.Б.;Алматы. 2008 ж.
2.Қазақстан тарихы Алматы.2009 ж.
3.Қазақстан көне
заманнан бүгінге дейін (Очерк).Алматы.
1994 ж.